Ф КГМУ 4/3-03/01
ПП КГМУ 4/01
Мейірбике ісі кафедрасы
СИЛЛАБУС
Пән: «Денсаулық жағдайын бағалау» бойынша
Маманды: 5В110100 – «Мейірбике ісі»
Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат (2 кредит)
Курс: ІІІ
Семестр: VI
Қарағанды 2013 ж.
Силлабус ҚР МЖМБС 2006 ж. негізінде, мамандығы 5В110100 – «Мейірбике ісі» (бекіту күні; 1 желтоқсан 2006 жыл, стандарттың кодты нөмірі ҚР МЖМБС 3.08.388-2006) және типтік оқу бағдарлама «Денсаулық жағдайын бағалау» мамандығы» 5В110100 – «Мейірбике ісі» бойынша МБҒИТРО 29.04.2009ж бекітілген.
Силлабус кафедра отырысында қарастырылды «___» __________ 20 __ ж. Хаттама № ____
Мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент С.К.Шуахбаев
-
Оқытушылар туралы мәліметтер:
Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к., доцент: Шуахбаев Серик Кушербайұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, педогогикалық жұмыс стажы - 16 жыл, клиникалық жұмыс стажы 18 жыл. Ғылыми қызығушылықтар: асқорыту ағзалары аурулары кезінде жүйені зерттеу.
Ғылыми мектеп: ҚММИ кезінде ЖШМК курсымен амбулаторлы - поликлиникалық терапия кафедрасының базасында 1994ж-дан 1996ж бойынша клиникалық ординатура. 14.00.05- ішкі аурулар мамандығы бойынша «АМСК жағдайларында 12-елі ішек және асқазанның жаралы ауру бойынша отаны басынан өткізген науқастарды реабилитациялау» тақырыбына медицина ғылымдарының кандидаты оқу дәрежесіне бірге іздестіру диссертациясын қорғау (Қарағанды, 2005ж). Қарағанды Мемлекеттік Медицина академиясы.
Ғылыми жетекшілер: м.ғ.д., профессор К.А. Алиханова, м.ғ.д., профессор С.В. Лохвицкий. Дәрістерді оқу, қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізу, 60 астам басылған жұмыстар, 2 интеллектуалды жеке меншік куәліктер.
Калбеков Жандарбек Абдухалиевич – ассистент, кафедра завучі; мәселелі – бағытталған оқу бойынша ФППК өтті; Білім беру бағдарламаларын дайындаудағы құзіреттлік тәсілдеме бойынша БЖ. 3 астам басылған жұмыстар. Педогогикалық стажы – 1 жылға дейін, клиникалық стажы – 3 жыл. Ғылыми қызығушылықтары - нефрология.
Рахимбекова Жанар Турсыновна – кафедра ассистенті, дәрігер психиатр, 2006ж наркология мамандығын өтті, 2011ж ересектер және балалар невропатология қайта даярлау мамандығын өтті, педагогикалық жұмысы – жылға дейін, клиникалық стажы – 9 жыл.
Смайлов Умирбек Аманович – кафедра ассистенті, алғашқы педогогикалық біліктілік бойынша ФППК, халыққа алғашқы медико-санитарлы көмекті ұйымдастыру бойынша ФПК өтті; 5 астам басылған жұмыстар. Педогогикалық стажы – 1,5 жыл, клиникалық стажы – 2 жыл. Ғылыми қызығушылықтары – пульмонология.
Бейсенаева Анель Рысбековна - ассистент, онкология кафедрасының магистранты; педогогикалық стажы - 2 жыл, клиникалық стажы – 3 жыл. Мәселелі – бағытталған оқу бойынша ФППК, «Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша ФПК өтті. Ғылыми қызығушылықтары: Анық емес ісіктерінің диагностикасын зерттеу. 14.00.14- онкология мамандығы бойынша «Анық емес генез ісіктерінің дифференциалды иммуногистохимиялық диагностикасы» тақырыбына медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне бірге іздестіру диссертациясы дайындалды. (Қарағанды, 2013 ж.) Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті.
Ғылыми жетекші: м.ғ.д., профессор В.Б. Сирота. Дәрістерді оқу, қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізу, 13 астам басылған жұмыстар, ҚР 1 интеллектуалды жеке меншік куәлігін тіркеу.
Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан жері (адрес, корпус, аудитория), телефондар, кафедраның электронды адресі (seriksh67@mail.ru)
Мейірбике ісі кафедрасы Шахтеров к., 78, «№3» 3 қабатының №319, 346 кабинетінде орналасқан. Келу маршруттары: 5,56 автобустар; 02, 05, 011, 014, 23, 29 маршруттар, «№3 Емханасы» аялдамасына дейін.
«Денсаулық жағдайын бағалау» пәнін оқу кезінде теоретикалық материалдарды меңгеруі қажет (эпидемиология, қауіп факторлары, ерте диагностикалау принциптері және әртүрлі жастағы жағдайларды емдеу, асқынуды алдын-алу, ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер, санаторлы-курортты емдеу, дәрігерлік-еңбектік сараптама, тиімді еңбекке орналастыру, реабилитациялау және науқастарды диспансерлік бақылау). Студент жалпы тәжірибелік дәрігермен қабылдауда, үйде, күндізгі стационарда, диспансерлік науқастармен бірлесіп жұмыс жасауы қажет. Студент клиникалық талдауларда, өлім талдауларында, емхана мен стационар арасындағы диагноздардың айырмашылықтарын талқылауда, ауру бойынша есептерді құруда, ДКК отырыстарында, МӘЭК отырыстарында қатысуы керек, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды (медициналық есеп-тіркеу құжаттарын толтыру) және коммуникативтік дағдыларды (науқас пен дәрігер арасында сенімділік атмосферасын құру) меңгерулері қажет, нормативті базаны білген жөн (қызмет көрсету ұйымдары бойынша бұйрықтар).
Пәнді оқыту: «Денсаулық жағдайын бағалау» пәні студенттерге ересектер мен балалар денсаулығын бағалай білу мейірбикелік жоғары білімді мамандарға денсаулықты сақтау мен қолдау мүмкіндіктерін береді.
Пәнді оқу – халық денсаулығын физикалық және психикалық жағынан бағалауды, түрлі жас кезеңіндегі денсаулық жағдайын бағалауда жүйелі білімді қалыптастырады.
Пәннің мақсаты: өмірдің әртүрлі жастық кезеңінде физикалық және психикалық денсаулықты бағалауды, сонымен қатар оны сақтау мен күтуді үйрету.
Пәннің міндеттері:
-
өмірдің әртүрлі кезеңдерінде денсаулық жағдайын бағалау үшін жүйелі білімді қалыптастырады;
-
жеке денсаулық критериін анықтауға және өмір сүру сапасын бағалауға үйрету;
-
жас шамасы әртүрлі топтағы жиі кездесетін аурулардың клиникалық симптомдарын анықтауға үйрету;
-
денсаулықты сақтау және күту үшін қауіп факторларын анықтап, оларды жоюға үйрету.
Білім берудің қорытынды нәтижелері
Студент білуі керек:
-
Қазақстандағы және әлемдегі демографиялық жағдайды;
-
адамның әртүрлі жастық кезеңдеріндегі анатомия – физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін;
-
жаңа туылған нәрестенің денсаулығын сақтау және күту, жас балаларды емізу ерекшеліктері, сонымен қатар егде және кәрі жастағы адамдардың өмір сүру салты мен тамақтануындағы орта білімді медицина қызметкерлерінің ролін;
-
репродуктивтік жүйенің құрылымы мен функцияларын, жанұяны жоспарлау және контрацепция әдістерін;
-
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңдары мен нормативті құжаттарын.
Студент үйреніп алуы қажет:
-
науқастан сұрау арқылы денсаулығы туралы мәліметтерді жинау, жалпы тексеру, ағзалар мен жүйелерді «басынан башпайына дейін» принципі бойынша тексеру;
-
сұрастыру және тексеру мәліметтеріне, белгілердің сараптамасын жүргізу;
-
иммунологиялық реактивтілікті коррекциялау және физикалық, психикалық денсаулықты бағалау;
-
биохимиялық және клиникалық анализдердің нәтижелерін бағалап, интерпритациялау;
-
сүт бездеріне тексеру жүргізу;
-
жүкті әйелге тексеру жүргізу, физиологиялық жүктілікті диагностикалап, тамақтану тәртібі туралы кеңес беру;
-
науқастың жеке қажеттіліктері мен жағдайын ескере отырып, мамандандырылған күтімді қамтамасыз ету үшін мейірбикелік процессті ұйымдастыру және іске асыру;
-
мейірбикелік құжаттарды толтыру;
-
санитариялық-ағарту жұмыстарын өткізу.
Студент машықтануы қажет:
-
науқасты күту және медициналық көмекті іске асыруға, ұйымдастыруға;
-
мейірбикелік құжаттарды толтыруға.
Пререквизиттер: анатомия, физиология, патологиялық физиология, психология негіздері, медициналық психология, әлеуметтану, фармакология негіздері, клиникалық фармакология, мейірбике ісі негіздері, ішкі аурулар проперевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі, педиатриядағы мейірбике ісі, акушерлік және гинекологиядағы мейірбике ісі, неврологиядағы мейірбике ісі, психиатриядағы мейірбике ісі, геронтология и гериатрия.
Постреквизиттер: төтенше медицина курсымен жедел және шұғыл медициналық көмек
-
Пәннің қысқаша мазмұны: физикалық және психикалық денсаулықты бағалау сұрақтарына қазіргі көзқарасты, сонымен қатар әртүрлі жастағы денсаулықты сақтау және қалыптастыру принциптерін ашады. Ағзаның негізгі қызметтерінің жағдайын, балалық кезіндегі денсаулық жағдайын, репродуктивті жастағы әйелдердің денсаулығын, қарт адамдардың денсаулығын бағалауды алға қояды.
Дәрістердің тақырыптық жоспары:
№
|
Дәрістердің тақырыптары
|
Жүргізу үлгісі
|
Ұзақтығы
|
|
№1 кредит
|
|
| -
|
Денсаулықтың әлеуметтік шарты және оған әсер ететін факторлар. Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері, халықтың аурушаңдығы, негізгі түсініктер.
|
Тақырыптық
|
1
| -
|
Қазақстан мен әлемдегі демографиялық жағдай. Денсаулықтың физиологиялық нормалары. Жеке денсаулық критерилері.
|
Тақырыптық
|
1
| -
|
Физикалық және психикалық денсаулықтың экспресс-диагностикасы және тереңдете зерттеу әдістері.
Физикалық және психикалық шаршауды денсаулықты бағалау. Қауіп факторлары және олардың денсаулыққа әсері.
|
Тақырыптық
|
1
|
|
Барлық сағат:
|
|
3
|
|
№2 кредит
|
|
|
1.
|
Физикалық даму. Халықтың жеке топтарының (әйелдер, балалар мен жасөспірімдер, үлкен кісілер) денсаулығының медициналық-әлеуметтік аспектілері.
|
Тақырыптық
|
1
|
2.
|
Өмір сүру салты және жиі кездесетін аурулардың медициналық-әлеуметтік аспектілері.
|
Мәселелі
|
1
|
3.
|
Халыққа емдеу – профилактикалық көмекті ұйымдастыру, бала мен ананың денсаулығын қорғау.
|
Тақырыптық
|
1
|
|
Барлық сағат:
|
|
3
|
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:
№
|
Тақырыптары
|
Жүргізу үлгісі
|
Ұзақтығы
|
|
№1 кредит
|
|
| -
|
Жеке денсаулық критериі, денсаулықтың физиологиялық нормалары. Ағзаның функционалды жағдайын және оның маңызды жүйелерін бағалау принциптері. Тереңдете зерттеу әдістері, экспесс – диагностика, физикалық денсаулықтың саны мен сапасы.
|
Семинар
|
2
| -
|
Ағза мен оның маңызды жүйелерінің функционалды жағдайын бағалау принциптері. Денсаулықты болжау мен физиологиялық жүйелер жағдайларының жас ерекшелігі динамикасы.
|
Семинар
|
2
| -
|
Егде жастағы дені сау әйелдер мен ер адамдар.
|
Семинар
|
2
| -
|
Кең тараған аурулардың клиникалық симптомдары, түрлі жастық топтардағы олардың ағымы.
|
Семинар
|
3
| -
|
Мейірбикелік процесстің кезеңдерін іске асыру – мәліметтерді жинау, жағдайды бағалау, тексеру, мейірбикелік диагноз қою. Диагностика әдістері, жиі кездесетін ауруларды емдеу. Аурудың алдын-алу, қауіп факторларын жою, науқас денсаулығын сақтау мен күшейту.
|
Семинар
|
3
|
|
Барлық сағат:
|
|
12
|
|
№2 кредит
|
|
|
1.
|
Дені сау бала. Балалық шақ кезеңдері (жаңа туылған нәресте, бала-бақша және мектепке дейіні, мектеп жасындағы, жасөспірім кезеңдері). Балалық шақтың әртүрлі кезеңіндегі балалардың анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктері. Түрлі жас ерекшелігі кезеңдерінде бала денсаулығын сақтау мен күтуде орта білімді медицина қызметкерлерінің ролі.
|
Семинар
|
2
|
2.
|
Балалар, үлкендер мен егде адамдардың денсаулық жағдайына әсер етуші факторлар. Қоршаған ортаның интегралды сапасын бағалау ретіндегі халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
|
Семинар
|
2
|
3.
|
Жүктілік физиологиясы мен диагностикасы. Босану кезеңдері. Жүкті әйелдің гигиенасы, тамақтану тәртібі.
|
Семинар
|
2
|
4.
|
Егде және кәрі жастағы адамдардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері. Қартаю психологиясы. Ерте қартаюды алдын-алу.
|
Семинар
|
3
|
5.
|
Егде адамның өмір сүру салты. Өмірлік маңызы бар қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері. Қарт адамдарды әлеуметтік қорғау.
|
Семинар
|
3
|
|
Барлық сағат:
|
|
12
|
ОСӨЖ тақырыптық жоспары:
№
|
Тақырыптары
|
Жүргізу үлгісі
|
Ұзақтығы
|
|
№1 кредит
|
|
|
1.
|
Ағзаның негізгі функцияларының жағдайын бағалау (жүрек-қантамыр, тыныс алу, асқорыту). Мейірбикелік процесс кезеңдерін іске асыру – науқастарды курациялау, ауру сырқатнамасын жүргізу.
|
Жеке және топтық тапсырмалардың нәтижелерін талқылау
|
3
|
2.
|
Ағзаның негізгі функцияларының жағдайын бағалау (эндокринді,зәр шығару, жүйке және қаңқа-бұлшықет жүйелері). Мейірбикелік процесс кезеңдерін іске асыру – науқастарды курациялау, ауру сырқатнамасын жүргізу.
|
Жеке және топтық тапсырмалардың нәтижелерін талқылау
|
3
|
3.
|
Денсаулықты түсінуді, өзін-өзі түсінуді, стресс, түс, жанұядағы рөлі мен өзара қарым-қатынасты, сенім мен құндылықты бағалау.
|
Тақырыпты тереңдетіп оқу
|
3
|
4.
|
Әйелдердегі климактериялық кезең.
|
Рефератты қорғау
|
3
|
5.
|
Ер адамдардағы климактериялық кезең.
|
Рефератты қорғау
|
2
|
|
Аралық бақылау
|
Коллоквиум
|
1
|
|
Барлық сағат:
|
|
15
|
|
№2 кредит
|
|
|
1.
|
Нәрестелердің жағдайын, жүре бастаған балалардың және мектеп жасындағы балалардың жағдайын бағалау.
|
Тақырыпты тереңдетіп оқу
|
3
|
2.
|
Жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезеңінің жағдайын бағалау.
|
Тақырыпты тереңдетіп оқу
|
3
|
3.
|
Баланың физикалық дамуын мен белсенділігін бағалау.
|
Нәрестенің бақылау картасын қорғау
|
3
|
4.
|
Бала көтеретін шақтағы әйелдердің жағдайын бағалау. Мейірбикелік процесс кезеңдерін іске асыру – жүкті әйелдерді курациялау – босану тарихы туралы сырқатнама жүргізу.
|
Мейірбикелік күтім карталарын қорғау
|
3
|
5.
|
Егде жастағы адамдардың өмір сүру салты. Қарттардың тамақтануы. Егде жастағыларды фармакотерапиялау әдістері.
|
Мейірбикелік ауру тарихын қорғау
|
2
|
|
Аралық бақылау
Қорытынды кеңес беру
|
Коллоквиум
|
1
|
|
Барлық сағат:
|
|
15
|
Консультация уақыты: 1000 - 1300
Студенттерге кеңес әрбір сенбі күндері сағат 0900 - 1300
Межелік бақылау уақыты:
Мамандық
|
Курс/поток/топ
|
Пән
|
Апта/күн
|
Уақыт
|
5В110100
Мейірбике ісі
|
Курс 3
Топтар:3-003, 3-004
| Денсаулық жағдайын бағалау |
12 апта 26.04.2014ж.
13 апта
31.03.2014ж.
|
14.00
|
Курс 3
Топтар:3-001, 3-002
|
14 апта 11.04.2014ж.
15 апта
18.04.2014ж.
|
14.00
|
Қорытынды бақылау уақыты: ОӘО кестесіне бойынша
-
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс
СӨЖ тақырыптық жоспары:
№
|
Тақырыптары
|
Жүргізу үлгісі
|
Ұзақтығы
|
|
№1 кредит
|
|
|
1.
|
Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезіндегі денсаулық жағдайын бағалау.
|
Балалар мен жасөспірімдердің бақылау картасын дайындау
|
5
|
2.
|
Мейірбикелік ауру сырқатнамасы.
|
Мейірбикелік ауру тарихын дайындау
|
5
|
3.
|
Перинаталды кезеңнің және жаңа туған нәрестелердің жағдайын бағалау.
|
Нәрестенің бақылау картасын дайындау
|
5
|
|
Барлық сағат:
|
|
15
|
|
№2 кредит
|
|
|
1.
|
Репродуктивті жүйенің құрылымы мен функциясы. Контрацепция әдісі. Жанұяны жоспарлау. Неке және жанұя.
|
Реферат жазу
|
5
|
2.
|
Ерте қартаюды (физиологиялық емес) алдын-алу.
|
Реферат жазу
|
5
|
3.
|
Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері мен есебі.
|
Реферат жазу
|
5
|
|
Барлық сағат:
|
|
15
|
-
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі: тәжірибелік сабақтың анықталған тақырыптан немесе СӨЖ кейін жүргізіледі
Апта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
№СӨЖ тақырыбы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1-2
|
3-6
|
|
1-3
|
4-6
|
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:
Негізгі:
-
Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М. и др. Оценка состояния здоровья детей. Новые подходы к профилактической и оздоровительной работе в образовательных учреждениях. - М., 2008.-432с.
-
Ермаков С.П. Современные возможности интегральной оценки медико-демографических процессов. – М: Центр Демографии РАН, 1996.-61 с.
-
Семейная организация здравоохранения. Департамент здоровья и развития ребенка и подростка (САН). ЮНИСЕФ, Интегрированное ведение болезней детского возраста. – 2000.
-
Физиология роста и развития детей и подростков (теоретические и клинические вопросы): в 2т. / под ред. А.А. Баранова, Л.А. Шеплягиной. Т. 1. – 432 с., Т. 2 – 464 с., - М., 2006.
Қосымша:
-
Бортникова С.М. Сестринское дело в невропатологии и психиатрии с курсом наркологии.-Ростов–на–Дону, 2003.
-
Ковалевский Е.И. Офтальмология. – М., Медицина, 1996.
-
Малова Ю.С. Пропедевтика внутренних болезней. – С-Петербург, 1998.
-
Обуховец Т.П. Сестринское дело в терапии, практикум. – Ростов-на-Дону, 2005.
-
Славянова И.К. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2007.
-
Филлипова А. Сестринское дело в терапии.- Ростов-на-Дону, 2000.
-
Сабақ беру және оқыту әдістері: пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, оқулықтармен жұмыс істеу, жағдайлық есептерді шешу, өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбын талдау, тәжірибелік сабақтардың жеке сұрақтарын тереңдетіп оқыту, презентациялар мен рефераттарды дайындау, барлық туындаған сұрақтар бойынша оқытушымен кеңесу, тестілеу, аралық бақылауды жүргізу, рольдік ойындар; оқытушының бақылауымен науқастармен жұмыс жасау;
-
Білім бағасын бағалау ережелері мен критерилері: әрбір деңгейде білімді бағалау критерилері және баға шкаласы, барлық сабақ түрлерін бағалау ережелері (аудиторлы, СӨЖ, ОСӨЖ)
Баға шкаласы**
Таңбалау жүйесі бойынша бағалау
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Д+
|
1,33
|
55-59
|
Д
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Білім бағасының критериі**
«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қатерліктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады
«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.
-
Рейтинг санау және пән бойынша интегральды бағаны қою әдісі (қазіргі жылда КГМУ-да бекітілген рейтингтік жүйесімен сәйкес келеді).
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Сандық эквивалентті
|
% мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
Бағалаудың белгілері
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
Клиникалық сұрақтардың мазмұны толықтай ашылған. Қажетті ойлау қабілетімен жауап беруде пәндік саладағы терминология мен символика пайдаланылған. Жауап бергенде студент әртүрлі қиындық деңгейіндегі оқу материалын меңгерген, қажеттілік туындап жатса, басқа оқу пәндері мен курстың мәліметтерін пайдаланған. Қосымша сұрақтарға жауап берген кезде өзіндік жұмыстар негізінде теориялық білімдерінің жүйесін дамыта алады. Практикалық бөліктің барлық тапсырмалары орындалған, клиникалық ойлау қабілетінің жоғарылығы және клиникалық дағдыларын қолдана алатындығы көрінді. Шешімдері ойлауының жоғарылығымен, негізделгендігімен, оңтайлылығымен түсіндіріледі, тапсырмалардың шешімдерін табуда стандартты болмауы мүмкін.
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
|
Жауап беру кезінде студент әр түрлі қиындық деңгейі бар оқу материалдарымен қаруланғанын көрсеткен, оқу пәнінің мазмұнын өте жақсы меңгерген, сонымен қатар осы білімдерінде шығармашылық қабілетін көрсетеді, қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, шешімге келеді. Жауап берушінің өзімен қатесі табылатын бір ғана маңызсыз кемшілік бар. Практикалық бөліктің тапсырмасын орындау кезінде студент барлық тапсырмаларды орындаудағы жоғарғы кәсібилігін көрсете алған, клиникалық ойлау қабілетінің жоғарылығы, және оны клиникалық дағдыларды орындау кезінде көрсету. Үздік жауап кезінде бір маңызсыз кемшілік жіберіледі, ол жауап берушінің жауабына еш қатысы жоқ, және жауап берушінің өзімен тез арада түзетіледі.
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
Оқу пәнінің негізгі ережелеріне жауап беру кезінде, немесе басқа да қажетті материалға жауап бергенде, оқытушының ескертуімен студенттің өзі түзететін бір-екі қателіктері бар. Қосымша сұрақтарға жауап беру кезінде студент бағдарламалық оқу материалына сүйене отырып жауап береді, оны таныс емес жағдайда шешудің жолын көрсетеді, қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, оны үлгілермен бекітеді. Практикалық бөлімде клиникалық ойлауы көрінеді, оқытушының ескертуімен студенттің өзімен түзетіледі.
|
В
|
3,0
|
80-84
|
Курстың негізгі материалдарының іргелі ережелерін көрсету кезінде студент бағдарламалық оқу бағдарламасын меңгергенін көрсетеді, ол әр түрлі қиындық деңгейлерінен болуы мүмкін, сонымен қатар оны таныс жағдайда қиындықсыз көрсете алады. Жауап беру кезінде бір қатеден көп емес бір-екі кемшіліктер көрінеді. Студент сенімді түрде қосымша сұрақтарға жауап береді, ол негізгі оқу бағдарламасы курсының негізгі ережелеріне қатысты. Практикалық бөлімді шешу кезінде біліктіліктер мен сәйкес стандартты емес жағдайларда клиникалық дағдыларын пайдалана алады, бірақ практикалық тапсырмалардың нәтижелерін рәсімдеуде маңызды емес қателіктері мен аздаған кемшіліктері бар.
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
Оқу бағдарламасының негізгі ережелері қателіктерімен айтылады. Алайда қосымша сұрақтарға жауап бергенде студент аса көп қателіктер жібермей, оқу материалының негізгі бөліктеріне жауап бере алады, үлгі бойынша таныс жағдайда бар білімдерін көрсету. Практикалық тапсырмаларды орындау үшін негізгі клиникалық дағдыларды пайдалана алады. Практикалық бөлігін орындау кезінде кейбір жағдайларда дұрыс емес, қорытындыға әкелетін үш қателер жіберілген. Практикалық бөлімнің тапсырмаларын рәсімдеуде аздаған қателіктер жіберілген.
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
Жауап беруде оқу материалын негізсіз пайдаланғаны көрінеді. Жауапта көрініс тапқан ережелер логикалық байланыссыз жүйесіз айтылады. Маңызды және негізгі түсініктерге және оқу материалының фактілеріне байланысты қосымша сұрақтарға жауап бергенде пәндік саладағы терминологияны пайдалануда қиындықтарға тап болады. Жауап беру кезінде студент әрдайым теориялық білімін қажетті клиникалық материалды пайдалана отырып анықтап бере алмайды. Практикалық бөліктің тапсырмасын орындау кезінде студент клиникалық дағдыларды, емдеу диагностикасы, емдеу, т.б. орындау кезінде айырықша күрделі қателіктер жасайды.
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Материалды баяндау жекелеген үлгілерде нақты емес, жүйеленбеген және қателері бар, негізгі теориялық ережелерді орындауда клиникалық дағдылар/ойлау қабілеті дұрыс қолданылмаған. Студент өз білімін тек нақты таныс жағдайда ғана қолдана алады, ал маңызды емес өзгеріс енгізілсе, қиындықтарға тап болады. Сонымен қатар қиындықтар қосымша сұрақтарға жауап беру кезінде де көрінеді, бірақ оқу бағдарламасы мен теориялық ережелердің кейбіреулерінде білімін көрсете алады. Студент жеңіл типтік үлгілер мен клиникалық тапсырмаларды шеше алады, практикалық тапсырманы орындау кезінде клиникалық дағдыларының төмен деңгейде қалыптасқанын көрсетеді.
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Студент жауап беруге тырысты, бірақ оның білімдері үзілген және жүйесіз. Пәндік саладағы терминологияны төмен меңгерген. Қателері және кемшіліктері бар үш практикалық тапсырма орындалған. Студент меңгерілген материал мен нақты клиникалық үлгілерді шешумен байланысты екенін өзіндік түсіне алмайды, оқытушының көмегінсіз студент өзіне жақсы белгілі фактлерді де пайдалана алмайды.
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
Студент қойылған сұраққа жауап беруге талпынды, ол оқу материалы туралы көп түсінік бере алмайды. Білім оқу бағдарламасының теориялық жағынан да, клиникалық дағдыларды практикалық меңгеруде де көріне алмаған. Ұсынылған практикалық тапсырмалардың немесе клиникалық дағдылардың төрттен бір бөлігін ғана шешу, сонымен қатар маңызды кемшіліктері бар, клиникалық дағдыларды шешуде де, практикалық тапсырмаларды орындауда да. Студент клиникалық дағдыларды орындауда көптеген күрделі қателіктер жасаған.
|
D
|
1,0
|
50,54
|
Сұраққа жауап беруге талпынған кезде студент өзіне түсініксіз пәндік саладағы білімін көрсеткен. Ұсынылған клиникалық тапсырманы шешуде қадам жасаған. Практикалық тапсырма тек бөлшектеліп қана орындалған, жеке клиникалық дағдыларды өте төмен меңгерген.
|
F
|
0
|
0,49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Студенттің жауап беруден бас тартуы немесе пәндік саладағы теориялық білімдерді білмеу. Бірде бір клиникалық тапсырма орындалмаған, немесе клиникалық тапсырмалар (практикалық тапсырмалар) дұрыс орындалмаған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |