Силлабус пән: Жалпы психология Курс


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет6/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#141946
1   2   3   4   5   6   7

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Немов Р.С Психология. Учебник для студентов высших пед. уч. заведений. В 3 кн.Т 2. Общие основы психологии. – 2 – е изд.М., Владос 2001

2. Рубенштейн С.Л. Основы общей психологии. Спб., Питер,2004

3. Общая психология (курс лекции)./ Сост. Е.И. Рогов. М., Владос,2003

4. Столяренко Л.Д. Основы психологии.М., 2003
Ес

Ес өткен тәжірибені сақтау, тану, қайта жаңғырту ретінде. Ес құбылыстары. Феноменді ес жағдайы. Ес және үйрену. Ес және зейін. Автобиографиялық ес. Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Бейнелі ес. Эйдетикалық ес. Моторлы ес. Эмоциялық ес. Сөздік логикалық ес, оның сөзбен, ойлаумен байланысы. Ырықты және ырықсыз ес, ұғынылған материалды ырықты есте қалдыру. Есте сақтаудың психологиялық заңдылығы және негізгі факторлары. Ритмикалық, конфигурациялық және семантикалық топтау. Жаттау тәсілінің еске, схемалар роліне әсері. Ұмыту және реминисценция. Ассоцация түрлері және заңдары.Сенсорлық регистр. Иконикалық, эхойстік ес. Ес және іс әрекет. А.А.Смирновтың жұмыстарындағы ырықсыз есте қалдыру мен ырықты есте қалдырудың арақатынасы.

Есте сақтаудың психологиялық заңдылығы және негізігі факторлар. Есте қалдыруға , сақтауға материалдың сипаттамасының әсер етуі (көлемнің, біртектілік дәрежесінің материал ұғынымдылығының рөлі). Жаттығулардың рөлі. Эббингауз заңы. Үйрену және ес, жаттығуларды уақыт бойынша бөлу.

Мотивациялық және эмоциялық реакциялар, ішкі дайындалудың рөлі. Мнемикалық тапсырмаға субъектінің қатынасы. Мотивация деңгейінің үйренуге, еске әсері. Іс- әрекеттің үзілісінің еске әсері. Зейгарник эффектісі. Аффективті реакциялардың еске әсері. Суюъектінің материалды ұйымдастыруының мәні.

Ритмикалық, конфигурациялық және семантикалық топтау. Стимулды перцептивті ұйымдастыру : жаттау тәсілінің еске, схемалар рөліне әсері. Ұмыту және реминисценция. Уақыт аралығында естің өзгеруі. Эббингауздың ұмыту қисығы және оның модификациясы. ретроактивті және проактивті тежелу. Ниеттерді ұмыту. Ұйымдаспаған ұмыту және ұмыту әрекет ретінде, ұмыту теориялары.
Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғаруы ес процесі деп аталады. Жүйке процестерінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.

Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі.

Естің биохимиялық теориясы. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасады. Бірінші саты тек секунт, минуттарға созылады. Ол – естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Екінші сатыда клеткалар да химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.

Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процестерімен тығыз ұштасады.



Қимыл - қозғалыс есі дегеніміз – ойын, спорт , еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл – қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру.

Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады не қызарады, яғни эмоциялық күйге ұшырайды.

Бейнелі – көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуға айқын көрініс береді.

Эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Олар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, оларды жеке қасиеті мен бөлшектерін айқын ажырата алады.

Сөздік - мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады.

Белгілі мақсат қоймай – ақ, арнай есте қалдырмей есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады.

Ес процестері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

Есте қалдыру дегеніміз – жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру.

Қайта жаңғырту еріксіз және арайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Арнай қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады.

Таным – естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңғыртудағы қарапайым түрі.

Ұмыту дегеніміз – қабылданғанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы.

Әдебиеттер.

Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. А., 2006

Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. А., 2002

Тәжібаев Т. Жалпы психология. Оқу құралы. А., 1993

Рогов Е.И. Общая психология. М., 1999.


Ойлау психологиясы

Ойлау туралы ұғым. Ойлау және таным. Ойлаудың тікелей сезімталдық танымнан айырмашылығы. Ойлау және практикалық заттық әрекет. Ойлаудың әлемді танумен өзгертудегі ролі. Ойлауды зерттейтін ғылымдардың арақатынасы. Ойлау психологиясы жайлы жаңа түсініктер және тарихы. Вюрцбург мектебінің ашқан негізгі заңдылықтары. О.Зельцтің «Комплекстер теориясы». Гештальтпсихологиядағы ойлау жайлы түсініктер. Ойлау психологиясына психоаналитикалық ықпал. Ойлау жайлы бихевиоризм зерттеулері. Когнитивті психологияда ойлауды информациялық процесс ретінде қарастыру. Қазіргі психологияда ойлауды зерттеудің негізгі бағыттары.

Ойлауды зерттеу әдістері. Бақылау, эксперимент, іс әрекеттегі өнімдерін талдау, ойлауды зерттеудегі сұқбаттасу. Творчество өнімдерін талдау. Ойлауды клиникалық зерттеу әдістерінің мүмкіндіктері. Қалыптастырушы эксперимент және ақыл ой әрекетінің табиғатын зерттеу. Ойлаудң түрлері. Бейнелі ойлау және қиял. Теориялық және эмпирикалық ойлау ерекшеліктері. Практикалық және теориялық интеллект. Логикалық және интуитивті ойлау. Ырықты және ырықсыз ойлау. Аутистік, эгоцентрикалық, реалистік ойлау. Творчестволық және творчестволық емес ойлау. Ойлау және мотивация. Аффекті және интеллектінің бірлік принципі. Ойлаудағы эиоция функцияларының қарама қайшылығы.

Тақырыпты оқытудағы мақсат–Ойлау адам дүниетанымындағы маңызды психикалық үрдіс болғандықтан және адамның ойы шексіз әлемдегі заттар мен құбылыстардың сырын, құпиясын білуге бағытталатындықтан оның тілмен байланысын, ойлау мен сөйлеудің арақатынасын, психологиялық және логикалық негіздерін, түрлерін, даралық ерекшеліктерін жан-жақты талдап түсіндіру.

Ойлау әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық үрдіс. Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы.Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша нерв байланыстары жетекші роль атқарады. Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Анализ дегеніміз - ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтез де ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез бір – бірімен тығыз байланысты, бірінсіз бірі болмайтын құбылыс.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер негізінде ойлау формалары, ой қорытындылары қарастырылады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Әр бір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Кез келген ұғым – жалпылай алудың нәтижесі. Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір – бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Ойлаудың күрделі формасы – ой қорытындысы. Ой қорытындысы дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі.

Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттеріне, ерекше белгілерін, мәніне түсіне білудің маңызы зор. Түсінудің басы – шындықтағы заттар мен құбылыстарға танысудан, көріп, білуден басталады. Түсіну екіге бөлінеді: Тікелей түсіну – жанама түрде ой операцияларын керек етпейтін, қабылдауға ұқсас процесс. Жанама түсіну – бірнеше аралық басқыштардан тұратын, ой операцияларын керек ететін, ой түйіндерін талап ететін процесс.

Сонымен қатар «Ойлау» тақырыбында ой операцияларына да тереңірек тоқталу қажет.

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Ойлау операциясының күрделі түрі – абстракция және жалпылау. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді.

Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру.

Жалпылау дегеніміз бір текті заттың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру.

Адам баласының сана – сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор. Сөйлеудің пайда болу нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалады. Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл дегеніміз – сөзік белгілердің жүйесі. Ал белгі – шындық пен болмысты білдітерін бөлшек. Тілдік белгілің бірінші мәні – оның қоғамдық - әлеуметтік мәні. Тілдік белгілердің екінші мәні – олар арқылы адамдар бір бірімен қарым – қатынас жасап, пікір алысатындығы. Аталған тақырыпта тілдің атқаратын қызметтеріне тоқталу аса маңызды.

Тіл үш түрлі қызмет атқарады: 1.Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді. 2.Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір – бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми атауда коммуникативті қызмет деп атайды.3.Әр бір адамның өз мінез – құлқы мен іс - әрекетіндегі даралық іс – тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы.

Сөйлеу арқылы іс - әрекет пен қарым – қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Адамдардың тіл арқылы сөйлеуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті – күрделі психологиялық үрдіс.

«Сөйлеу» тақырыбын оқытуда сөйлеудің бұзылу себептерін, белгілерін де қарастыру қажет, өйткені ол студенттердің келешектегі жұмыстарында аса маңызды орын алады. Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдалуына байланысты. Зақымдалу салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға ұшырайды.

Афференттік қозғалыс афазиясы – сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік. Сематикалық афазия - әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізудегі кемістік. Сенсорлық афазия ауруына душар болған адамдар сөздерді дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектерінің мәнісін түсінбейді.

Сонымен қатар сабақта сөйлеу түрлері қарастырылады.Адамның сөйлеу әрекеті түрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Біріншіден сөйлеу күрделігіне, өзінің психикалық және физиологилық механизміне орай, көпшіліктің бірге қосылып айтатын сөзі – хормен сөйлеу және қарапайым түрде қайталау болып отыратын – жаңғырық сөзі болып бөлінеді. Осы негізде сөздер атаушы сөдер мен коммуникативті сөйлеу болып та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат – міндеттерді көздейтін түрі бағдарлы сөйлеу делінеді. Сөздер үнемі бағдарлы түрде айтылатын белсенді сөйлеу мен сөйлеудің құрлысын талап ететін реактивті сөйлеу болып жіктеледі. Сөйлеудің тағыда бір түрі қосалқы сөз деп аталады. Сөйлеу сыртқы және ішкі белгілеріне қарай жіктеледі. Осы негізге сүйене отырып, сөйлеуді сыртқы сөз – дауыстап естіртіп сөйлеу және ішкі сөйлеу (үнсіз сөйлеу) деп екі топқа бөлеміз.

Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі – коммуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым – қатынас барысында кеңінен қолданылады. Сөйлеудің бұл түрі: а) монологты сөйлеу (дара адамның сөйлеуі), ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлесуі), б) үнсіз (іштей) сөйлеу, в) жазба сөз болып төрт топқа бөлінеді.

Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырап, ғылыми жүйеге келтірген - әйгілі мамандар Л.С.Выготский мен Ж.Пиаже.

Әдебиеттер.

Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. А., 2006

Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. А., 2002

Тәжібаев Т. Жалпы психология. Оқу құралы. А., 1993



Тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған

әдістемелік нұсқау

1 тәжірибелік сабақ



Тақырыбы: Психологиялық ғылымның және практиканың пәні мен міндеттері

Мақсаты: Студенттерге психологияның ғылым ретінде қалыптасуы жайлы түсінік беру. Психологиялық ғылымның негізгі принциптеріне, ұғымдары және категориларына анықтама беру. Сана және ұғынылмайтын психикалық процесстер жайлы теориялық біліммен қамтамасыз ету.

Негізгі сұрақтар:

Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы. Психологиялық ғылымның негізгі принциптері, ұғымдары және категорилары. Психологиядағы сана мәселесі. Сана және ұғынылмайтын психикалық процесстер.



Тапсырма: Берілген әр сұрақтың анализін жасау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл практикалық сабақта студенттер психология ғылымының негізгі принциптерімен, ұғымдарымен, категорияларымен теориялық талдау жасайды. Психология ғылымының түп негізін түсіну келесі семинар сабағының материалны меңгеруге негіг болады.

Есеп беру формасы: ауызша
2 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Психикалық таным процесстерінің жалпы сипаттамасы

Мақсаты: Түйсік және қабылдау процесстері, ес психикалық процесі, ойлау процесі жайлы теориялық білім беру.

Негізгі сұрақтар:

Түйсік және қабылдау психикалы процесстер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде. Ес психикалық процестер құрылымының ұяшығы ретінде. Ойлау мәліметтерді өңдеудің жоғарғы деңгейі ретінде.



Тапсырма: Сызба құрастыру

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл практикалық сабақта студенттер тақырып бойынша ауызша жауап берумен қатар, әр таным процесін зерттеу әдістерін топтастыру сызбасын құрастырады. Сызба төмендегі үлгі бойынша құрастырылады:

Таным процесі

Ес

Сөйлеу

Ойлау

Түйсік

Зейін

Зерттеу әдістері

1

2

3



4
9













Есеп беру формасы: ауызша, сызба құрастыру
3 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде

Мақсаты: Темперамент және оның түрлері, типтері туралы теориялық біліммен қамтамасыз ету. Мінез туралы түсінік беру, мінез типологияларына шолу жасау. Мінездің психологиялық теориялары мен физиологиялық негізіне теориялық талдау беру. Қабілетті дамыту жолдарын үйрету.

Негізгі сұрақтар:

Темперамент туралы түсінік, оның түрлері. темперамент типтері. Мінез туралы түсінік, мінез типологиялары. Мінездің психологиялық теориялары мен физиологиялқ негізі. Қабілет және оның түрлері. Қабілет құрылысы.



Тапсырма: Сұрақ жауап

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау:

Студенттер үш топқа бөлініп, темперамент, қаблет, мінездің психологиялық ерекшеліктері жайлы ақпарат алмасып, өзара сұрақ жауап алу ұйымдастырады.



Есеп беру формасы: ауызша

4 тәжірибелік сабақ



Тақырыбы: Іс-әрекет психологиясы

Мақсаты: Іс-әрекет түрлері мен құрылымы жайлы теориялық біліммен қамтамасыз ету. Іс-әрекеттің психофизиологиялық функцияларына шолу жасау. Алынған білімді тәжірибеде қолдана алу дағдыларын меңгеру.

Негізгі сұрақтар: Іс-әрекет туралы түсінік. Іс-әрекет түрлері мен құрылымы. Іс-әрекеттің психофизиологиялық функциялары. Іс-әрекет теориялары жіне негізгі принциптері.

Тапсырма: «Іс-әрекет» тақырыбында кластер құрастырады.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Психикалық құбылыстар кластер құрастыру қажет. Кластерді құрастыру ережелері: Ойыңызға келгеннің барлығын жазыңыз. Идеялардың сапасына мән бермеңіз: жай ғана жаза беріңіз.Сөздер мен сөйлемдердің жазылуына және басқа факторларға көңіл бөлмеңіз.Берілген уақыт аяқталмағанша дейін жазуды тоқтатпаңыз, егер идеялар ойға келмесе, бетке сурет сала тұрыңыз. Көп байланыс құруға тырысыңыз. Идеялар санын шектемеңіз және олардың арасындағы байланысты сақтауға тырысыңыз.


Кластерді құрастыру ережелерімен танысады.

Тақтаның немесе үлкен беттің ортасына негізгі түйіс сөз немесе тақырыптың мәнін ашатын 1-2 сөз жазылады



КЛАСТЕР

(Кластер – байланыс, тізгін) – мәліметтер картасын құрастыру әдісі – барлық құрылымның негізгі идеясын анықтауға және шоғырландыру мақсатында белгілі негізгі фактор төңірегінде идеялар жинастыру. Білімді белсендіреді, тақырып бойынша жаңа ассоциацияларды еркін тудыруға мүмкіндік береді






Негізгі түйін сөзгдің айналасында кішкене дөңгектерге негізгі сөзге жақын келетін және оның мәнін ашатын сөздер немесе сөйлемдер жазылады. Оларды сызықтармен негізгі сөзбен байланыстырады. Уақыт аяқталғанша дейін кластерді жазу жалғаса береді.

Кластерлерімен талқылау мақсатында алмасады




Есеп беру формасы: ауызша, кластер құрастыру
5 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Түйсік

Мақсаты: Адам түйсігінің түрлері және адам өміріндегі түйсіктің орны жайлы біліммен қамтамасыздандыру. Түйсіктің негізгі өлшемдеріне сипаттама беру Адамптация, синестезия, сенсибилизация салыстырмалы талдау жасау.

Негізгі сұрақтар: Адам түйсігінің түрлері және адам өміріндегі түйсіктің орны. Түйсіктің негізгі өлшемдері. Түйсік қасиеттері. Адамптация. Синестезия. Сенсибилизация.

Тапсырма: «Рецерторлар» тақырыбында кесте толтырады.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

Кесте төмендегі үлгі негізінде құрастырылады:




Интерорецецепторлар






Проприорецепторлар






Экстерорецепторлар





Есеп беру формасы: ауызша

6 тәжірибелік сабақ



Тақырыбы: Қабылдау және елес

Мақсаты: Қабылдау заңдылықтарының психофизиологиялық зерттеулеріне шолу жасау. Қабылдау қасиеттеріне сипаттама беру. Қиялды дамыту жолдарын қарастыру және алынған білімді тәжірибеде қолдана алу дағдыларын меңгеру.

Негізгі сұрақтар: Қабылдау заңдылықтарының психофизиологиялық зерттеулері. Қабылдау қасиеттері. Апперцепция. Қабылдау ерекшеліктерін мен түрлері, құрылымы. Қиял туралы түсінік. Қиял түрлері. Адам өміріндегі қиялдың орны.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл практикалық сабақта студенттер жеткіншек "Қабылдау" және "Елес" тақырыбында кластер жасайды. Кластерді құрастыру ережелері: Ойыңызға келгеннің барлығын жазыңыз. Идеялардың сапасына мән бермеңіз: жай ғана жаза беріңіз.Сөздер мен сөйлемдердің жазылуына және басқа факторларға көңіл бөлмеңіз.Берілген уақыт аяқталмағанша дейін жазуды тоқтатпаңыз, егер идеялар ойға келмесе, бетке сурет сала тұрыңыз.Көп байланыс құруға тырысыңыз. Идеялар санын шектемеңіз және олардың арасындағы байланысты сақтауға тырысыңыз.


Кластерді құрастыру ережелерімен танысады.

Тақтаның немесе үлкен беттің ортасына негізгі түйіс сөз немесе тақырыптың мәнін ашатын 1-2 сөз жазылады



КЛАСТЕР

(Кластер – байланыс, тізгін) – мәліметтер картасын құрастыру әдісі – барлық құрылымның негізгі идеясын анықтауға және шоғырландыру мақсатында белгілі негізгі фактор төңірегінде идеялар жинастыру. Білімді белсендіреді, тақырып бойынша жаңа ассоциацияларды еркін тудыруға мүмкіндік береді






Негізгі түйін сөзгдің айналасында кішкене дөңгектерге негізгі сөзге жақын келетін және оның мәнін ашатын сөздер немесе сөйлемдер жазылады. Оларды сызықтармен негізгі сөзбен байланыстырады. Уақыт аяқталғанша дейін кластерді жазу жалғаса береді.

Кластерлерімен талқылау мақсатында алмасады




Есеп беру формасы: ауызша
7 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Ойлау

Мақсаты: Ойлау және оның түрлері, ерекшеліктері, адам өміріндегі маңыздылығы жайлы білімдермен қамамасыз ету. Ойлау процесін зерттеумен айналысқан ғалымдар зерттеулеріне шолу жасау.

Негізгі сұрақтар: Ойлау туралы түсінік. Ойлау түрлері мен табиғаты. Ақыл-ой операцияларының негізгі түрлері. Ойлау және оның өзіне тән ерекшеліктері.

Тапсырма: Дөңгелек үстел

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау:

Студенттер семинар тақырыбы бойынша әр сұраққа дайындалады. Әр студент өзінің қарастырған сұрағы бойынша материалды дайындайды.



Есеп беру формасы: ауызша
8 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Ес психологиясы

Мақсаты: Тұлғаның дамуында естің рөлін түсіндіру. Ес психологиясының негізгі заңдылықтарына сипаттама беру. Еске сақтаудың негізгі классификациясына талдау жасай және практикалық мысалдармен байланыстыру.

Негізгі сұрақтар: Тұлғаның дамуында естің рөлі. Ес психологиясының негізгі заңдылықтары. Естің когнитивті психологиясы. Еске сақтаудың негізгі классификациясы.

Тапсырма: «Неге?» кестесін құрастыру

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: «Еске сақтау процесі қалай жүреді?» тақырыбында «Неге?» схемасына негізделіп кесте құрастыру керек. «Неге?» схемасының құрастыру ережелері:Қолданылатын пиктограммаларды схема жасаушы өзі таңдайды: дөңгелектер немесе үшбұрыштар. Схеманың түрі де еркін таңдалады: сызықты, сызықты емес, спираль. Бағыттаушы сызық сіздің ізденісіңіздің бағытын көрсетеді: негізгіден - зерттеуге.


«Неге?» схамасын құрастыру ережелерімен танысады.

Жекелей немесе жұппен мәселені қалыптастырады. сызық бойына«Неге?» сұрағын жазады да бұл мұрақтың жауабын жазады. Бұл процесс мәселенің негізгі себебі анықталмағанша дейін жалғасады.






  1. «Неге?» схемасы

    Мәселенің негізгі себебін анықтауға арналған пікірлер бірізді байланыстылығы.
    Шығармашылық, аналитикалық ойлауды дамытады және белсендіреді















  2. Кіші топтарға біріктіріледі, салыстырылады, өздерінің схемаларын толықтырады. Ортақ схемаға біріктіреді.







  3. Қорытындыларды презентациялау





Есеп беру формасы: ауызша, кесте
9 тәжірибелік сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет