Силлабус пән туралы ақпарат



бет1/9
Дата11.03.2024
өлшемі36.09 Kb.
#494986
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚТ морф және оны коммуникативті аспектіде меңгеру 2



СИЛЛАБУС



  1. Пән туралы ақпарат

Пәннің атауы: Қазақ тілінің морфологиясы және коммуникативті аспектіде меңгерту
Кредит саны: 5
Курс: 2 курс, 4 жылдық
Семестр: 4
Оқу жылы: 2023/2024
Шифр және Білім бағдарламасы: 6В01704 – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Институт: Филология
Кафедра атауы:Казақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі
Оқытушының аты-жөні: Коканова Жаркинай Атаевна
дәрежесі,ғылыми атағы,қызметі: филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Қатынас ақпарат (телефон, e-mail):8 7078272785; zh.kokanova@abaiuniversity.edu.kz


2. Бақылау түрі ауызша, жазбаша емтихан
Бағалау критериялары:
Үй тапсырмаларының немесе БӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
5. БӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс
Бақылау формасы (жазбаша, ауызша немесе тест түрінде емтихан, топтық немесе жеке жоба, оқу-шығармашылық жұмыстарды ұсыну және т. б.)
Бағалау шкаласы *Қосымшада
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы «Қазақ тілінің морфологиясы және коммуникативті аспектіде меңгерту» курсы қазақ тілінің грамматикалық жүйесі және оның коммуникативтік қызметі туралы білімдер жиынтығынан тұрады. Сөз құрамы, сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы, негізгі грамматикалық ұғымдар, сөз таптарын таптастыру ұстанымдары жөнінде білім-дағдыларын жетілдіріледі. Қазақ тілінде оқытпайтын мектеп грамматикасында алатын орны және коммуникативтік аспектіде меңгертуде басшылыққа алынатын білім мазмұны жүйеленіп, оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Пәннің мақсаты: алған білімді қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқытуда қолдана алу қабілетін; сыни және креативті ойлау, шешімдер шығара алу, грамматикалық талдау, коммуникативтік дағдыларын; морфологиялық ережелерден тұжырым жасау, тілдердің грамматикасын оқытуда салыстырмалы және салғастырмалы әдістерді қолдану, әдістемелік құзыреттілігін (пәндік құзыреттілігін) қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет