«Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
заң жобасына Тұжырымдама
-
Заң жобасының атауы.
«Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңңамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жоба.
2. Заң жобасын дайындау қажеттілігін негіздеу.
Қоршаған ортаға қатысты сұрақтар бойынша сот әділдігіне қол жеткізу мен шешім қабылдауға қатысу, ақпаратқа қол жеткізу туралы конвенциясына (ары қарай – Орхус конвенциясы) 1998 жылы 25 маусымда Даниядағы Орхус қаласында 46 елмен «Еуропа үшін қоршаған орта» Үрдісі шеңберінде еуропалық елдердің қоршаған орта министрлерінің 4-ші конференциясында қол қойылды және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңымен ратификацияланған.
Қазақстан 2001 жылы 11 қаңтарда Конвенция Тараптары қатарына енді. Конвенциядан шығатын Қазақстанның негізгі міндеттері:
1) ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету;
2) шешімдер қабылдау үрдісіне жұртшылықты тарту және үрдіске барлық мүдделі тараптарды қосу;
3) қоршаған ортаға қатысты мəселелер бойынша сот əділдігіне (құқықтық аспектілерді шешуде) қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Орхус конвенциясының көптеген ережелері Экологиялық Кодекске 2007 жылы имплементацияланды, бірақ алты жыл өткеннен кейін оны қолдану тәжірибесі Қазақстан Республикасының заңнамасын үш бағытта да қайта өңдеп және толықтырып, әзірлеу қажеттілігін көрсетеді.
Осылайша, Орхус конвенциясын сақтау жөніндегі комитетке Қазақстан азаматтары мен қоғамдық ұйымдарынан мемлекеттік органдармен Орхус конвенциясының сақталмауы бойынша шағымдардың түсуі жалғасуда. Комитет бес рет Қазақстанмен Орхус конвенциясының сақталмауы туралы ұйғарымды заңнаманы жетілдіру ұсынысымен шығарған болатын. 2011 жылдың маусымында Орхус конвенциясы тараптарының төртінші сессиясында Орхус конвенциясы бойынша Қазақстанның өз міндеттерін орындамағаны жөнінде IV/9 шешім қабылданып, 2014 жылы келесі отырыс сессиясында Қазақстанға қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізуі туралы нормативті-құқықтық базаны жақсарту бойынша нақты нәтижелер ұсынуы қажет.
2011 жылы Еурокеңес қолдауымен Орталық Азияның аймақтық экономикалық орталығы жобасы аясында халықаралық сарапшылармен Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамаларын Орхус конвенциясы ережелеріне сәйкестендіру бойынша ұсыныстар берілді, оларға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық қолдану тәжірибесі туралы ақпаратты тек қана қоғам арасында ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдарда да таратуды қамтамасыз ету ұсынылған. Мұндай ақпараттың кең түрде таралуы шешімдер қабылдау кезінде айқындылыққа және құқық қолдану тәжірибесінің біркелкілігіне септігін тигізеді.
Бірінші бағыт бойынша (ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету)
Экологиялық кодексте (4, 5, 13, 14, 17, 163 баптар) экологиялық ақпаратқа қол жеткізудің негіздері салынған. Алайда, экологиялық ақпаратты ұсыну үшін оны жинауды, тұрақты сақтау мен мәліметтер базасын толықтыруды, Интернетте және тәуелсіз БАҚ да орналастыруды қамтамасыз ету қажет.
Экологиялық кодекстің 159 бабы экологиялық ақпаратқа жататын мәліметтерді қарастырады. Аталған бап нақтылауды қажет етеді, өйткені экологиялық ақпарат мазмұндалған тізіммен шектелмейді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар сұранысы, ашық қол жетімді интернет-қорлары, блог-платформалар, БАҚ және өзге де ақпараттық-коммуникациялық қорлар арқылы жалпыға бірдей экологиялық ақпарат тізімі бойынша бөлек нормативтік-құқықтық акт қажет.
160 баптың 4 тармағы мемлекеттік органдарды экологиялық ақпараттың электрондық кадастрын қалыптастыруды және сүйемелдеуді міндеттейді, алайда онда мемлекеттік органдар және кадастрларды қалыптастырудың тетіктері айқындалмаған. Қазіргі таңда, негізгі міндеті экологиялық ақпаратты жинау мен сақтау болып табылатын экологиялық ақпараттың мемлекеттік қоры құрылғанын және қызмет атқаруын есепке ала отырып, заң жобасымен мемлекеттік органдармен экологиялық ақпаратты Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ұсыну туралы ережені бекіту ұсынылуда.
Экологиялық кодекстің 161 бабындағы қайшылықты алып тастау қажет. Осылайша, осы баптың 4 тармағының 5) тармақшасы Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қоры құрамына қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама материалдары жоспарланатын қызмет тапсырыс берушісінің келісімімен кіретіндігі ұйғарылған. Ал, 160 баптың 3 тармағында қоршаған ортаға айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін жоспарланатын және жүзеге асырылатын қызмет туралы мәліметтерді арнайы уәкілетті органдар міндетті түрде тексеруге және есепке алуға тиіс екендігі көрсетілген, яғни сол қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама материалдары, тек қана басқа сөздермен мазмұндалған. Бұл орайда аталған нормаларды корреспонденциялау және Мемлекеттік қорға мемлекеттік экологиялық сараптама өткеннен кейін қоршаған ортаға айтарлықтай әсер тигізуі мүмкін жүзеге асырылып және жоспарланып жатқан шаруашылық туралы мәліметтерді сақтауға беру туралы ережені бекіту қажет.
Бұдан өзге, Мемлекеттік қордың құрамын қалдықтар Кадастры, озон қабатын бұзушы заттар, парниктік газдар, зиянды заттарды көму туралы (Экологиялық кодекстің 152; 158-2; 156; 316 баптары) және тағы да басқа ақпаратпен толықтыру ұсынылуда.
Бұдан басқа, заң жобасымен барлық экологиялық ақпаратты Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына топтастыру ұсынылып жатқандығын ескере отырып, экологиялық ақпаратты жинаудың және Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізудің тәртібін орнату қажет, осыған орай жоғарыда аталған тәртіпті бекітуге Үкімет құзыретін бекіту ұсынылуда.
Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры шеңберінде (161 бап) ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүргізу қарастырылған. Аталған тіркелім табиғатты пайдаланушылардан жыл сайынғы қоршаған ортаға эмиссия және ластаушы заттардың тасымалы туралы мәліметтерді жинақтау, оларды тексеру мен интернет-қорларында жария етілуін қарастырған. Экологиялық кодексте аталған тіркелімді қалыптастыру бойынша негізгі ережелерді және Мемлекеттік ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдары тіркелімін жүргізуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретін бекітуді анықтау қажет.
Орхус конвенциясына сәйкес қоршаған ортаның жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы міндетті түрде жыл сайын әзірлеуді және жариялауды заң жүзінде бекіту қажет.
Екінші бағыт бойынша (жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қатысуы).
Экологиялық кодекстің 57 бабының 3 тармағы талаптарды орнатады, оларға сәйкес қоғамдық тыңдаулар іске асырылуы қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына тікелей ықпал етуі мүмкін жобалар бойынша өтакізіледі, бұл толықтай Орхус конвенциясының 6 тармағының ережелеріне сәйкес келеді. Алайда, қолданыстағы заңнамамен қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін және олар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілуі қажет шаруашылық түрлерінің нақты тізімі қарастырылмаған.
Осыған орай, Экологиялық кодексте Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретін міндетті қоғамдық тыңдаулар өткізілуі тиіс жобалар тізімін бекітуге қажет.
Үшінші бағыт бойынша (қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу).
Жыл сайын сотқа қоғамдық экологиялық бірлестіктерден азаматтардың мүдделерін қорғауға азғана артығырақ 10 қуыным (шағым) келіп түседі, олардың жартысынан көбі сотта оң шешім табады. Салық кодексіне сәйкес талап арызын берудің мемлекеттік бажы 30-дан 500-ге дейінгі пайызды құрайды. Сонымен бірге, Орхус конвенциясының 10 бабының 5 тармағы «әділеттілікке қол жеткізу үшін қаржылық немесе өзге де кедергілерді жою немесе азайту үшін сәйкесінше көмек көрсету механизмдерін құруды» қарастырады.
Әділеттілікке қол жетімділікті жеңілдету үшін Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 13 бабына сәйкес қуыным талабын беруші жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік баж төлеуден босатуды ұсынамыз:
дұрыс экологиялық ақпарат ұсынылмағандығы туралы қуыным бойынша;
кәсіпорын, ғимарат құрылысы, қайта құру, орналастыру және пайдалануға енгізу және өзге де экологиялық қауіпті объектілер туралы, сондай-ақ қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына теріс әсер етуші жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтерін шектеу және тоқтатылуы туралы шешімдерді жою қуынымдары бойынша.
Осыған орай, Салық кодексінің 541 бабына өзгерістер енгізу қажет болады.
3. Заң жобасының қабылдану мақсаттары.
Қоршаған ортаға қатысты сұрақтар бойынша сот әділдігіне қол жеткізу, шешім қабылдауға жұртшылықтың қатысуына, экологиялық ақпаратқа қол жеткізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілеу.
4. Заң жобасын реттеу құралы.
Заң жобасын реттеу құралы – қоршаған ортаға қатысты сұрақтар бойынша сот әділдігіне қол жеткізу, шешім қабылдауға жұртшылықтың қатысуына, экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын жүзеге асыру кезінде үкіметтік емес ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардың сот органдарымен, халықаралық ұйымдармен, табиғатты пайдаланушылармен өзара әрекетінен туындаған қатынастар болып табылады.
5. Заң жобасының құрылымы.
1 Бап. Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне;
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі).
2 Бап. Заңның күшіне ену тәртібін қарастырады.
6. Заң жобасы қабылданған жағдайдағы құқықтық және әлеуметтік-экономикалық шамаланған салдары.
Экологиялық кодексте азаматтардың жергілікті және республикалық бюджетке қоршаған ортаны ластаудан, қуынымынан қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу және экологиялық заңнаманы бұзудан түскен айыппұл қаражат туралы ақпарат алу құқығы бекітілетін болады. Аталған ақпарат Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына енгізілетін болады.
Аталған қаражатты экологиялық іс-шараларға жұмсау туралы ақпаратты алу заң жүзінде қамтамасыз етілетін болады. Аталған шара жергілікті және республикалық бюджет қаражатының экологиялық мәселелер шығындары айқындылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын интернет-қорларында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда қоршаған ортаны ластаудан жергілікті бюджетке түскен төлемдер қаражаты туралы, сондай-ақ аталған қаржының экологиялық іс-шараға жұмсалуы туралы ақпаратты жариялауға тиіс болады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган интернет-қорларында қуынымнан қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеуден, экологиялық заңнаманы бұзудан республикалық бюджетке түскен айыппұл қаражаттары туралы, республикалық бюджеттен экологиялық іс-шараларға бөлінген қаражат туралы ақпараттың жариялануын қамтамасыз етеді.
Осыған орай, Экологиялық кодексте уәкілетті органның құзыретін қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары тізімін, республикалық және жергілікті бюджетке қоршаған ортаны ластаудан, қуынымнан, айыппұлдан түскен қаражатттар және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларға жұмсалуы туралы ақпаратты ұсыну нысанын бекітуге белгілеу қажет.
7. Дайындалған заң жобасына сәйкес басқа заңнамалық актілердің (кезектегі) бір уақытта келтірілу қажеттігі.
Қажет етілмейді.
8. Заңжобасының затын басқа да нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеу.
Осы заңжобасының заты қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы» Заңымен, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен реттеледі.
9. Қарастырылып отырған сұрақ бойынша шетелдік тәжірибенің боуы.
Еуропадағы одақтас елдер директиваларды басшылыққа алып және ұлттық заңнаманы үйлесімдендіруге міндетті. НЕгізгі директивалар: ластауыштарды бірігіп алдын алуға қатысты 1996 жылғы 24 қыркүйектегі 96/61/EC EC Директивасы (IPPC) және қоршаған ортадағы қоғамның және жобалардың анықталған әсерін бағалау бойынша 1985 жылғы 27 маусымдағы 85/337/EEC Директивасы.
Еуропадағы одақтас елдерден басқа Орхусс конвенциясын жүзеге асыруда Норвегия аса жетті.
Норвегияда, жинау, сақтау және ұсыну бөлімінде экологиялық ақпараты бар барлық әкімшілік органдар үшін жалпы міндеттемені бекітетін «Мемлекеттік басқару туралы» Заң қолданыста. 2003 жылдан бастап Экологиялық ақпарат туралы заң қолданысқа енген. Экологиялық ақпарат туралы заңның мақсаты қоршаған орта туралы ақпаратқа қолжетімділік құқығын тура регламенттеуде тұрады. Заңда жеке мекемелермен өткізілетін экологиялық ақпаратқа қатысты нормалар белгіленген. Заң экологиялық ақпаратты ұсынудың толық процедуралары бар. Муниципалитеттер жергілікті деңгейда экологиялық ақпаратты жинау мен ұсыну бойынша жұмыспен қамтамасыз етілуде. Олардың қызмет саласы шегінде шешім қабылдау процессінде әлеуметшіліктің қатысуы мен ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге жауапты үкімет секторлары белгіленген. Әлеуметшілік үшін қолжетімді ақпарат түрлері белгіленген, мысалы, мемлекеттік және өндірістік бақылау мен мониторингтің ғылыми зерттеулер бойынша ақпараттар және эмиссия көздері туралы ақпарат және т.б.
Экологиялық ақпарат туралы заң сондай-ақ, табиғи және мәдени атамұра туралы ақпарат бойынша қағидаларды қамтиды. Заңның 11а бөліміне сәйкес, “Askeladden” ұлттық табиғи және мәдени атамұра он-лайн режимінде қолжетімді.
Заңның 8 бөлімі әкімшілік органдарды олардың функциясы мен жауапкершілік саласына жататын экологиялық ақпаратты сақтауды және олардың әлеуметшілікке қолжетімді етуіне міндеттейді.
Норвегияның заңнамасында, жұмыс топтарда, комитеттерде, халықаралық экологиялық коммссияларда азаматтық қоғамның қатысуына қаржылай қолдау мен айқындықты қамтамасыз ету қарастырылған. Мысалы, ҮЕҰ өкілдері, ауа райының өзгеруіне қатысты БҰҰ келіссөздер бойынша норвегия делегациясының тұрақты өкілдік құрамына енеді.
Қоршаған ортаны ластануын бақылау туралы заңға сәйкес, әлеуметшілікке интернет-ресурс арқылы қоршаған ортаға қүрделі әсерін тигізуі мүмкін болатын әрекеттер туралы ұланғайыр ақпарат ұсынылған. Эмиссияға рұқсаты бар мекемелер, жылдық есептілік тапсыруы тиіс. Негізгі ластауыш көздері, өндірістік қалдықтар саны туралы ақпарат географиялық тіркелуімен интернетте қолжетімді. Ластауыштар шығарындыларын тасымалдау тізілімі Еуропада ең жақсы болып табылады, және табиғат қойнауын пайдаланушыларға берілген барлық экологиялық рұқсаттар, тексерістер туралы ақпаратты қамтиды.
Норвегия заңнамасымен қоршаған ортаға әсері туралы шешімді қабылдаудың өте ерте кезеңінде әлеуметшіліктің қатысу процедуралары қарастырылған. Ластауыштармен күрес бойынша Норвегиялық Басқару өз веб-сайтында қоршаған ортаға әсер ету процесстерінің басталуы туралы өтініш берушілердің хабарландыруларын, және әлеуметшіліктен алынған кез-келген түсіндірмелерді үнемі жария етеді. Ластауыштармен күрес бойынша басқарманың анау не басқа да түсіндірмелердің неге қабылданбағандығын негіздеп, түпкілікті шешімі жария етіледі.
Норвегиядағы әлеуметшілік, құрылыс туралы Заңның 5.1 және 5.2 бөліміне сәйкес, аймақты дамыту, құрылысты жоспарлау бойынша шешімді қабылдау процесстеріне қатысады.
Заңнамамен жоспарлау процессінің ерте кезеңінде ақпараттандыру, және жоспарлау процессіне қатысу қарастырылған. Орталық үкімет жоспарлары, муниципалдық бас жоспарлар және жергілікті даму жоспарлары екі бұқаралық талқылаудан өту керек, талқылаудың бас кезінде және екінші рет – жоспар жобасын талқылау.
Қоршаған ортаға қатысты стратегиялық бағдарламалар жөнінде шешім қабылдау процесстеріне әлеуметшіліктің қатысуы кепілді, бұл принцип Экологиялық ақпарат туралы заңның 20 бөлімінде қосылған. “Жоспарлар мен бағдарламалар” фразасы муниципалды жерден барлығын қосады – белгілі бір сектордың жоспарын жоспарлауды қолдану. Жоспарлардың міндетті ірекеттері болмайды.
Экологиялық ақпаратт туралы заңның 20 бөлімнің 1 бөлімшесіне сәйкес, әлеуметшілікте, қоршаған ортаға қатысты бағдарламалар мен жоспарларды дайындауға байланысты қабылданған шешімдерге ықпал жасау мүмкіншілігі шынайы бар.
Қоршаған ортаға ықпалын едәуір тигізуі мүмкін болатын бағдарламалар немесе жоспарлар жағдайында, Экологиялық ақпарат туралы заңның 20 бөлімнің 2 бөлімшесі, бұқаралық талқылау, түпкілікті шешім қабылданғаннан соң үш айдан кем емес уақытта өткізілуі керек екендігін бекітеді. Міндетті түрде әлеуметшіліктен түсіндірме мен түсініктемелері бар шешімдер жария етілуі тиіс.
Норвегияда, заңнаманы дайындауда әлеуметшіліктің қатысуы және әлеуметшіліктен алынған түсініктемелерді ескеріп қабылдау ескі дәстүрі бар. Мемлекеттік басқару туралы Заңның VII тарауы нормативтік-құқықтық актілерді дайындау кезінде жолдаманың процедуралары мен шарттары мазмұндалған. 37 бөлім, шешім қабылданғанға дейін құжатты әзірлеу қажеттілігін ұғындыру бойынша әкімшілік органдар үшін жалпы талаптарды бекітеді, және осы секцияның екінші параграфы, әлеуметшілік консультацияны талап етеді. Бұл мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар және құқықтық құжаттарға қатысты немесе әсіреме мүдделері қозғалған мекемелердің өз пікірін айтуға мүмкіншілік беру қажет. Пікірлер, сондай-ақ әлеуметшіліктің басқа санаттарынан алынуы керек. Бұл шарттар, шешімдердің ең жақсы негізде қабылданғандығы және мүдделері қозғалғандардың барлығы өз пікірлерін айту мүмкіндігін кепілдендіруге арналған. Мемлекеттік басқару туралы заңның 38 бөлімі, құжаттар норвегиялық Law Gazette газетінде, және Ловдэт веб-сайтында электронды түрде шығарылуы тиіс болуын бекітеді. Заңнамаларды әзірлеу кезінде әлеуметшілік консультацияларының толық ережелері мен процедуралары қарастырылған. Осы ережелерге сәйкес, әлеуметшілік консультацияларының мерзімі әдетте үш айдан кем емес уақытты құрауы тиіс. Бұл, неғұрлым көптеген адамдарға заңнамаларға өздерінің түсіндірмелерін дайындауға мүмкіндік пен уақыт беруін кепілдеу тиіс.
Шығыс Еуропа елдерінен, Орхусс хаттамасының қағидаларын жүзеге асыру бойынша Польшаның тәжірибесі қызығушылық көрсетуде.
Әкімшілік процедуралар бойынша кодекске сәйкес, әлеуметтік мекемелер олардың құқықтары мен міндеттемелеріне әсер етуі мүмкін, әкімшілік сот ісіне жататын нақты және заңды жағдайлар туралы хабар ету міндетті. Үкімет, тараптар мен тыңдалудың басқа қатысушылары заңдық білімнің жетіспеушілігінен зардап шекпеуі тиіс және оларға кез келген қажетті түсініктемелер мен жолбасшылық нұсқаудың ұсынуына кепілдік береді. Польшаның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, орталық деңгейде экологиялық ақпаратқа қолжетімділік жүйесіне жауапты Экологиялық ақпарат Орталығын орнатқан, "Ekoportal" интернет веб-сайты жұмыс істеуде, негізгі ролі – қоршаған орта туралы мәліметтерді ұсыну және халықты электронды оқытуды жүзеге асыру.
«Экологиялық ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңға сәйкес, әкімшілік органдар қоршаған ортаны қорғау туралы ақпаратты ұсыну ісімен қатысы барларды жауапты етіп тағайындайды. Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңның 39 параграфтың 3 бабы, барлық мектептер түріндегі оқу жоспарларына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысты ғылыми мекемелерде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қосуды талап етеді. БАҚ қоршаған ортаны қорғауға оң әлеуметшілік қатынасты құруы және радиобағдарламалар мен жариялымдарда оның принциптерін көпшілікке таратуы міндетті. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық ұғымды қозғалту бойынша қызметті ұйымдастырады және қаржыландырады.
Жоғарғы Бақылау Палатасы Экологиялық ақпаратқа қолжетімділік туралы Заңды сақтау бойынша мекемелерді тексеруді жүзеге асырады, 2010 жылы үкіметпен бақыланатын 51 мекеменің 6 (11.8%), міндеттемесіне қарамастан қоршаған орта мен оны қорғау туралы ақпаратты ұсынуға жауаптылар тағайындалмағандығы анықталды.
Ақпаратқа ашық қолжетімділік бойынша Заңға сәйкес, экологиялық ақпараттардың реестр мәліметтері бұқаралық қолжетімді болуы тиіс. Мәліметтер базасына қолжетімділік Экологиялық ақпарат Орталығымен қызмет көрсетілетін www.ekoportal.gov.pl веб-сайтында тегін.
Қоршаған ортаға қатысты бағдарламалар мен жоспарларды дайындауда әлеуметшіліктің қатысуы бойынша талаптар міндетті процедуралармен белгіленген. Қоршаған ортаға әсерді стратегиялық бағалауды өткізу: елдің аймақтық даму жобалары, аймақтық коммуналардың дамуына, аймақтық даму стратегияларына, су ресурстарымен басқару, телекоммуникациялар, көлік, энергия, өндіріс саласында стратегияларға, жоспарларға немесе бағдарламаларға, қалдықтарды түсіруге немесе жоюды ұйымдастыруда, орман шаруашылығында, ауыл шаруашылығында, балық шаруашылығында, туризм мен жерді пайдалануда талап етіледі. Қоршаған ортаға әсерді стратегиялық бағалауды өткізу қоршаған ортаға едәуір қозғай алатын жобаларды кейн енгізу үшін құрылымды олар анықтайтын болса, жоба құжаттар үшін талап етіледі және осы құжаттардың қағидаларын енгізу қоршаған ортаға маңызды әсерін тигізуі мүмкін. Полшадағы заңнама принциптері консультативті органдарда қатысу жолымен, ГМО бойынша Комитет пен Қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік Кеңес сияқты қоршаған ортаға қатысты бағдарламалар мен жоспарлардың дамуынмен байланысты шешім қабылдау процессінде қоса роль ойнайтын, шешімдерді қабылдау процессінде әлеуметшіліктің қатысуына кепілдікті қажет етеді. Сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қоршаған ортаға қатысты бағдарламалар мен жоспарларды дамыту үшін қаржы ресурстарын үлестіретін басқару органдарына шақырылған.
Бұрынғы совет одағы кеңістігі елдерінен Грузия Орхусс конвенциясы принциптерін ең ойдағыдай енгізуде.
Грузияның Әкімшілік кодексі (III Тарау), мемлекеттік органдар өндіретін барлық ақпарат (экологиялық ақпарат қана емес) әлеуметшілікке қолжетімділігін, егер ақпарат құпиялы болмаса, анықтайды.
Грузияның Жалпы Әкімшілік Кодексіне сәйкес (1 Параграф, 37 бап) әрбір адам ақпаратпен түпнұсқада танысуға құқығы бар. Егер, құжаттың түпнұсқасына зақым келтіру қаупі болса, мемлекеттік орган құжаттың бақылаулық шолуын кепілдеуге немесе адамға құжаттың тиісті түрде расталған көшірмесін ұсынуы қажет. Кез келген адам ақпаратты алу нұсқасын таңдауға, егер мемлекеттік орган бұл ақпаратты бірнеше нұсқада ұстайтын болса, құқылы.
Грузияның Жалпы Әкімшілік Кодексіне сәйкес, Грузияда құпиялы ақпараттың төрт түрі бар: жеке (271 бап), коммерциялық (272 бап), кәсіпқой (273 бап), мемлекеттік (274 бап). Айқын жіктеу мемлекеттік немесе коммерциялық ақпаратқа құпиялық мәртебе беру үшін декітілген. Құпиялық болуы тиіс емес ақпараттар тізімі бар (адам өмірі мен ден саулығына қауіп бойынша мәліметтер мен қоршаған орта туралы ақпараттар, 42 бап).
Жеке тұлғаны сәйкестендіретін барлық ақпарат, оның жеке ақпараты болып табылады, және адам бұл ақпараттың айқындығы туралы сұрақты өзі шешеді (27, 271 бап). Сондай-ақ құжатты дайындайтын мемлекеттік қызметкерлердің құпиялығы, үкіметтік-саясаттық шенеуліктерден басқа, қорғаулы (атқарушы үкіметтін артықшылығы, 29 бап).
Қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат туралы Грузияның заңына сәйкес, әзіреуші жоспарланған қызмет туралы хабарландыруды жария еткеннен кейін 60 күннен кем емес, және 50 күннен ерте емес мерзімде есептілік бойынша бұқаралық талқылау өткізуі тиіс (6 бап, 4 Параграф, b жаңа жолы). Бұқаралық талқылау өткеннен кейін ғана әзірлеуші рұқсат алу мен қызметті жасау үшін әкімшілік органға өкім бере алады.
Әрбір адам, қызмет туралы бұқара жария етілген күннен кейін 45 күннің ішінде түсіндірмелер мен ұсыныстарын жазбаша түрде беруге құқылы (6 бап, 4 Параграф, b). Әзірлеуші, қоршаған ортаға әсері туралы есептіліктің ақырғы нұсқасын дайындауда қоғадық түсіндірілмелер мен ұсыныстарды қарастыруы және оларды ескеуі тиіс. Әзірлеуші қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы есептілікті бұқаралық талқылаудан кейін 5 күн ішінде бұқаралық талқылау нәтижелері туралы хаттаманы дайындайды. Хаттама, бұқаралық талқылауда жаслған әлеуметшіліктің түсіндірілмелері мен ұсыныстарын жете сипаттауы тиіс. Әлеуметшіліктің түсіндірілмелері мен ұсыныстары қарастырылмайтын жағдайда, әзірлеуші түсіндірілмелер мен ұсыныстардан бастартудың жазбаша түсініктемесін ұсынып және авторларға жіберуі тиіс. Әзірлеушімен, бұл жазбаша негіздеме бұқаралық талқылау негіздемесімен және әсер етуді бағалау есептілігімен рұқсат беретін әкімшілік органға ұсынылады.
10. Заң жобасын жүзеге асырумен байланысты, жоспарланған қаржылай шығындар.
2013-2015 жылдарға республикалық бюджетте 001 Бағдарламасын жүзеге асыруға шығындар қарастырылған: «Қоршаған ортаның сапасын сақтау, қалпына келтіру мен жақсарту бойынша қызмет», «Қоршаған ортаны сақтау мен табиғат ресурстары саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметті жүзеге асыру қызметі» шаралары бойынша (Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізу мен Орхісс орталығын қолдау)» (хаттамаға 1-қосымша)
Баж салығын төлеуден босатылуына байланысты бюджетке түсімдердің азаюына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |