Симпатиялық және парасимпатиялық жүйелерінің қызметі мен құрлысы Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері Вегетативтік жүйке жүйесінің құрлысы



Дата13.10.2023
өлшемі50 Kb.
#480702
stud.kz-42216


Жоспар:

  1. Жүйке жүйесінің түрлері.

  2. Симпатиялық және парасимпатиялық жүйелерінің қызметі мен құрлысы

  3. Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері

  4. Вегетативтік жүйке жүйесінің құрлысы


Тақырыбы: Вегетативтік жүйке жүйесі

Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық деп екіге бөледі.


Денелік жүйке жүйесін қаңқа етімен байланысқан, ол организімнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл негізінен жануарларға тән қызмет болғандықтан денелік жүйке жүйесін кейде анимальдық деп те атайды. Ал вегетативтік жүйке жүйесін ішкі ағзалардың қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді. Бұл жүйенің аты латынша vegetative- өсу, өсімдік деген сөзінен алынған. Дегенмен де вегетативтік жүйке жүйесі тек өсімдіктерге тән істерге ғана емес, ол жанарлар мен өсімдіктерге ортақ үрдістерге ортақ үрдістерге әсер етеді.
Вегетативтік жүйке жүйесін денелік жүйке жүйесімен салыстыра отырып, олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін байқауға болады.
Вегетативтік жүйке жүйесінің морфологиялық ерекшеліктер:
1. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерден тұратын вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде ғана орналасқан. . Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде, ал сипатикалық жүйке жүйесі жұлынның кеуде-бел бөлімдегі сегментердің бүйір ашасын да орналасқан.
2. Вегетативтік жүйке жүйесі қос нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын бөлімінде, екіншісі шеткі ганглийде орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері – ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер, ал симпатикалық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлар әрбір омыртқаның екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ 3 мойын ганглий бар. Нейрондардың орталықта орналасқан жүйке талшықтары преганглийлік талшықтар деп аталады.
3. . Вегетативтік жүйке денелік жүйкеден әлдеқайда жіңішке. Преганглийлік жүйке талшығы милиенді, оның диаметрі 3,5мкм. Постганглийлік талшық милиенсіз, диаметрі 0,5-2 мкм. Парасимпатикалық постганглийлік талшықтар өте қысқа болады.
Әрбір ағза симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамдалған.
Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері:

  1. Вегетативтік жүйкелер негізінен эфференттік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі ағзаға жеткізеді. Вегетативтік жүйкелер ішінде 10% афференттік жүйкелер болады. Сонғы аталғандар қозуды ағза қабылдағыштарынан орталыққа жеткізеді.

  2. Вегетативтік жүйке жүйесінің қозу қабілеті денелік жүйке жүйесіне қарағанда әлдеқайда төмен, ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керсінше жоғары. Мәселен, вегетативтік жүйке жүйесінің хронксиясы-3-8, ал СЖЖ хронксиясы-0,04-0,75С. ВЖЖ лабилді -10-15гц, ал СЖЖ-1000гц. Осыған орай рефрактерлік кезең ВЖЖ –де өте ұзақ

  3. Вегетативтік жүйке жүйесінде постсинапстық қоздыру потенциал 15-20мс. Вегетативтік жүйке жүйесінде әсіресе гиперполяризатция фазасы өте созылыңқы келеді.(300-1000мс).

  4. Вегетативтік жүйке жүйесінің әсерленісі өте баяу, біріншіден, қозу жүйке талшықтарынан өте баяу өтеді, екіншіден, түйіспелерде медиатор жәй бөлінеді және холиностеразаның белсенділігі төмен болған соң қозу кеш туады.

  5. Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар-ацетилхолин не адреналин бөлінеді. Медиатордың түріне қарай

вегетативтік жүйкелер холинериялық (ацетилхолин бөлінетін) және адренергиялық (адреналин бөлетін) жүйкелер болып бөлінеді.
Холинериялық жүйкелер тобына:

  1. Парасимпатикалық және симпатикалық преганглийлік жүйкелер

  2. Парасимпатикалық постганглийлік жүйкелер

  3. Симпатикалық постганглийліктер бездерінің жүйкелері жатады.

Адренергиялық жүйкелер қатарына симпатикалық постганглийлік тері бездері жүйкелермен қатар барлық постганглийлік симпатикалық жүйкелер болады. Кейбір жүйкелер ұшынан мүлде басқа медиаторлар (АУФ; ГАМК; т.б) бөлінуі мүмкін.
Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімделіп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне қарама –қарсы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керсінше, оны сиретіп, әлсіретеді. Бірақ бұл – мызғымас заңдылық емес: вегетативтік жүйке жүйесінің екі бөлімі әр дайын қарсылас әсер ете бермейді, кейде антологизм- абсолюттік емес.
Симпатикалық жүйке көздің қарашығңын қеңейтеді, ал парасимпатикалық жүйке оны тарылтады. Сырттай қарағанда бұл қарама-қарсылық, бірақ екеуі де көз қарашығының диаметрін өзгертетін еттерді жиырылтады. Симпатикалық жүйке т.dilatators pupilla жиырылып көз қарашығын үлкейтсе, парасимпатикалық жүйке т.sphinctor pupilla жиырылтып көз қарашығын кішірейтеді. Сонымен көз қаршығының үлкеюі және кішіреюі осы маңайдағы еттердің жиырылуынан болатын құбылыс. Бұл, механизімде антогонизмнің жоқтығын, керсінше, бірлік барын көрсетеді.
Кейде вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінің әсері олардан бөлінетін медиатодың және бұлармен әрекеттесетін қабылдағыштар түрінде, сондай-ақ дәнекерші заттарды ыдырататын ферменттердің белсенділігіне байланысты.
Вегативтік жүйке жүйесі зат алмасуын реттейді.Симпатикалық жүйке диссимиляция (ыдырау),ал парасимпатикалық жүйке ассимляция (түзілу) үрдістерін күшейтеді ; симпатикалық жүйке зат алмасу қарқынын күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше оны төмендетеді.
Симпатикалық жүйке трофикалық (нәрлендіру)әсер етеді.Мұны бірінші рет тәжірибе жүзінде И.П.Павлов дәлелдеп берді. Жүрек лүпілін күшейтетін жүйкені ол нәрлендіруші жүйке деп аталады.Симпатикалық жүйке жүйесінің нерледіру әсерін кейін Л.А.Орбели,А.Д.Спекарский зерттеді. Жүйке жүйесінің нәрлендіру әсері әлсіресе, адам денесінде трофикалық жаралар пайда болуы мүмкін.ВЖЖ әрекеттерді, заттар алмасуы мен қоректенуді өзгерту арқылы да реттейді.
Жұлынның сегізкөз тұстас тармақтарында (сегменттерінде)тіршілік етуге өте-мөте қажет әрекеттерді қамтамасыз ететін зәр, нәжіс шығару және жыныс қатынасы орталықтары орналасқан.
Вегатативтік жүйке жүйесі орталықтағы басқа бөлімдермен бірлесіп, адамның көңіл-күйін (эмоция)қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны-адреналин көбейеді.
Вегатативтік жүйке жүйесі атқаратын қызметттердің бірі-шеткі рефлекстер тууын қамтамасыз ету.
Шеткі рефлекстердің төмендегідей үш түрі бар:

  1. Висцеро-висцеральдық (ағза-ағзалық)рефлекстер. Белгілі бір интероқабылдағышты тітіркендірсе, екінші бір ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді. Мәселен, қуықтың кілегейлі қабығын тітіркендірсе жүрек соғуы рефлекстік жолмен өзгеруі мүмкін.

  2. Висцеродермалық (ағза-тері)роефлекстер. Белгілі бір ішкі ағза қабылдағышын тітіркендірсе,терінің белгілі бір нүктесінің сезімталдығы шектен тыс күшейеді. Мәселен, қарынның кілегейлі қабығында жара болса, адамның 12-ші кеуде омыртқасының артқы өскіні тұсындағы тері өте сезімтал болады да басқан кезде қатты ауырады. Ауруды анықтауда мұндай рефлекстердің үлкен маңызы бар.

  3. Дермовисцеральдық (тері-ағза)рефлекстер. Әрбір ішкі ағзаның тері бетімен байланысқан жері бар. Сол жерге әсер етсе, онымен байланысқан ағзаның қызметі өзгереді. Мәселен, жылытса, мұз қойса, ол ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді.

Жатырдың жиырылуын күшейтіп, оның қан тамырларын тарылту үшін құрсақтың (іштің)төменгі жағына мұз қояды.
Вегатативтік шеткі рефлектер жануардың жұлынын алып тастағанда да сақталады. Сондықтан бұлар вегатативтік түйіндердің қатысуымен орындалуы мүмкін. Кейбіреулердің пікірі бойынша, шеткі рефлекстер тек аксон тармақтары да орындалады.
Вегатативтік жүйке жүйесі бір кезде автономикалық жүйке деп аталатын. Өйткені ішкі ағзалардың қызметіне адам өз еркімен өзгерте алмайды. Адамның еркі (қалауы)-миқыртысының қызметі, сондықтын ми қыртысы вегатативтік әрекеттерге әсер етпейді деп есептелген.
И.П.Павлов лаботориясында академик К.М.Быков басқарған ғалымдар ми қыртысының алам денесіндегі барлық ағзаларға, олардағыүрдістерге әсер ете алатынын шартты рефлекс әдісімен және гипноз қолдана отырып, дәлелдеп берді.
Вегатагивтік жүйке жүйесінің қызметін гипоталамус, екі және жаңа ми қыртысының нейрондары бақылайды.
Вегатативтік жүйке жүйесі шеткі ағзалар қызметіне, зат алмасуына ішкі секрециялық (эндокриндік)ьездер арқылы да әсер ете алады.
Ішкі ағзалардың вегатативтік ганглийлерді олардың орталық симпатикалық бөлім деп те атайды да, ВЖЖ симпатикалық, парасимпатикалық және матесимпатикалық деп үш бөлімге бөледі.
Вегатативтік жүйке жүйесі қозғаушы және нейросекроторлық нерв талшықтарынан тұрады. Олар жүректің етін, ішік мүшет\лерді және қан тамырларын нервтендіреді. Вегатативтік жүйке жүйесінің орталытары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз бөлімдерінде орналасады. Олардың талшықтары ядролардан шыққаннан кейін , нерв импульстерін шеткі жүйке жүйесінің нейрондарына өткізеді. Нерв импульстерін қабылдаған екінші нейронның талшықтары жұмысшы мүшелерге жетеді. Яғни вегатативтік жүйке жүйесінен өтетін нерв импульстері 2 бөлімнен тұрады: 1) орталық нерв жүйесіненде орналасқан нейроннан шеткі нерв жүйесінің түйіндеріне дейінгі преганглионарлық бөлім; 2) шеткі түйіннен жұмысшы мүшеге дейін 2-ші нейрон арқылы нерв импульсетерін өткізетін постганглионарлық бөлім.


Пайдаланыған әдебиеттер:

1.С.Сәтбаев «Адам физиологиясы» , Алматы 2005


2. Ф. Исмағұлов «Адам физиологиясы», Алматы 1985


3. Н.Мырзаханұлы «Жалпы физиология», Алматы 2001


4. 1 Дүйсенбин.Қ, З. Алиакбарова. «Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы» Алматы, 2003


5.С.Хамиева, Ізбасарова, «Физиология практикумы»,


Алматы 1995

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет