Сыныбы: 11- сынып Аты-жөні: Алтынбек Мирас Астана қаласының атмосфералық ластануының адам ағзасына зиянды әсері



Дата12.06.2016
өлшемі173 Kb.
#130926
Астана қаласының Білім басқармасы

Мектебі: №49 орта мектебі

Сыныбы: 11- сынып

Аты-жөні: Алтынбек Мирас

Астана қаласының атмосфералық ластануының адам ағзасына зиянды әсері

Ғылыми жетекшісі: «Туран – Астана» университеті

«Ақпараттық технологиялар»

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты

А.Ш.Танирбергенова

Жетекшісі: Бурибекова Асемай Налихановна

химия пәні мұғалімі



Астана-2014ж
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе бөлім


    1. Астана қаласының экологиялық мәселелері бүгінгі

күннің талабы ___________________________________________ 5- 6

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Астана қаласының атмосфералық ластануының адам ағзасына зиянды әсері және оны жоюдың экологиялық шектеу жолдары ___________ 7-12

2.2 Атмосфералық ауаны ластау көздерінің басты себептері_______12-15

2.3 Қоршаған орта ластануының адам денсаулығына зиянды әсері және оны болдырмау шаралары._________________________________________16-20
ІІІ. Қорытынды _____________________________________________21-22
Әдебиеттері тізімі___________________________________________ 23

Зерттеудің тақырыбы: Астана қаласының атмосфералық ластануының адам ағзасына зиянды әсері.
Зерттеудің мақсаты:

Астана қаласы бойынша сыртқы қоршаған ортаның адам ағзасына зиянды әсерін зерттеу.

Міндеттері: Астана қаласы бойынша сыртқы қоршаған ортаның адам ағзасына зиянды әсерін зерттеу үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек.


  • Астана қаласының атмосфералық ластануының адам ағзасына зиянды әсері және оны жоюдың экологиялық шектеу жолдары;

  • Су ресурстарының ластануының адам денсаулығына зиянды әсері және оны жою шаралары;

  • Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу және сақтаудағы кемшіліктердің санитарлық және эпидемиялық аспектілері.


Жұмыстың көкейтестілігі

Бірнеше онжылдықтар бұрын түтіндеген мұржалар совет халқының еліне қосқан еңбек ерлігін білдірсе, бүгінгі күні экологтар табиғатты адамның шаруашылық іс-әрекеттерінен қорғап қалу амалын ойлауда. Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің дамуы, бүкіл табиғи жүйелерді ластап отыр.

Соның ішінде, бүкіл әлемнің тіршілік тынысы, ауа күрделі өзгерістерге ұшырауда.

Қаланың тіршілік ортасының жағдайын анықтаушы көптеген факторлардың ішінде атмосфералық ауаның сапасын анықтау ерекше орын алады. Қала түтіні қазіргі өнеркәсіптердің техникалық қамтамасыз етілуінің және урбанизацияланған территориялардың транспорттық инфрақұрылымының ең жағымсыз нәтижелері болып отыр.


Ғылыми болжамы:

  1. Астана қаласының атмосфералық ауасының ластануы және оны жоюдың экологиялық шектеу жолдары

  2. Су қорларының ластануы және оны тазарту жолдары

  3. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және сақтау жолдары, оның санитарлық және эпидемиялық

  4. Қоршаған орта ластанудың адам денсаулығына зиянды әсері және оны алдын алу жолдары


Күтілетін нәтиже

Астана территориясын радиоэкологиялық зерттеу жобасы бойынша “Ұлттық ядролық орталықтың” жүргізген зерттеулері бойынша атмосфералық ауадағы сынап буының құрамы, гамма фонымен радон концентрациясы анықталды.

Жаңа салынып жатқан құрылыс объектілерінде және оның айналасында өндіріс зоналарында сынаппен ластанулар анықталды. Зерттеу жұмыстары 2010-2013 жылдар аралығында жүргізілді.

2010 жылы (бірінші кезең) Астана қаласының көшелері мен проспектілерін жаңа құрылыстар торының 10-20 метрлік торын қамти отырып жаяу жүру арқылы гамма-съемкалар жүргізілді.

Балалар емдеу мекемелері, мектепке дейінгі және мектептік мекемелер, көптеген оқу орындарындағы атмосфералық ауадағы сынап буының құрамы зерттелді.

2011 жылы (екінші кезең) қала территориясына жаяу жүру арқылы гамма-съемкалар жүргізу аяқталды.

Осы зерттелген территорияларда адамның денсаулығына зиян келтірмейтін гамма-сәулелері бар екендігі анықталды.

2010-2013 жылдары Астана қаласындағы мектептер мен емдеу-профилактикалық мекемелерінде, қалалық онкология орталығында жүргізілді.



Кіріспе бөлім


    1. Астана қаласының экологиялық мәселелері бүгінгі күннің талабы.

Қазіргі кезде қоршаған орта мен адам арасындағы мәселелердің мәні өте зор екендігі өзінен өзі түсінікті. Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің дамуы қоршаған ортаға бүлдірушілік бағытта сипат алуда. Табиғи жүйелерді, топырақты, су көздерін, ауаны ластап қана қоймай генофондқа әсер етуде.[1]

Атмосфералық ауаның ластануы адамдар денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді – тікелей және жылдам қауіптен (түтінді тұман және тағы басқалар) организмдердің жүйелерінің жылдам және біртіндеп бұзылуына дейін өзгереді. Ауа ортасының ластануы экожүйеде ұдайы жүретін процесстердің арқасында құрылымдық компоненттерін өзгеріске ұшыратады, нәтижесінде гомеостаз механизмі жұмысқа кіріспейді. Атмосфералық ауа құрамының және қасиеттерінің өзгеруі, бүкіл экожүйеге әсерін тигізуде [2].

Адам қызметінің нәтижесінде соңғы жылдары ауа қабаты ұдайы ластануда. Ластанған заттардың көпшілік бөлігі жер бетіне жақын үш километрлік қабатта шоғырланады. Бұл әсіресе өнеркәсіпті қалаларда көп байқалады, дамыған елдер Европа мен Америкада басталғаны белгілі. Алғашында ластануға қарсы еш шара қолданбаған, соның салдарынан ауада улы қосылыстар жылдан жылға көбейе түскен. Мәселен, Англияның кәсіпорындары құбырларынан жылына 420 млн т шаң – тозаң, түтін, күйе, түрлі улы қосылыстар биосфераға тарап жатады.

Қазақстан Республикасының Негізгі заңының 31-ші бабында: «Мемлекет адам өмірі мен денсаулығына қолайлы да жайлы жағдай туғызу үшін қоршаған ортаны қорғауды алдына мақсат етіп қойды» деген жолдар бар.

Александр Беляевтың «Продавец воздуха» (1929ж) атты ғылыми-фантастикалық романында болашақта ауаның бағалануын көрсеткен. Френсис Бэкон «Табиғат – онымен санасқандардың алдында ғана бой ұсынады»-демекші, бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі – табиғат және адамзат қажеттілігінің рационалды болуы. Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану еліміздің экономикасының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан, тиісті табиғат қорғау шараларын жүзеге асырмайынша экономикада белгілі нәтижелерге жету мүмкін емес. Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан 2050» даму бағдарламасында экологияға, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелерге басымдылық беріліп отыруының себебі де осы.[3]

Қоршаған ортаның ластануы адамның өмір сүру ұзақтығын қысқартады.

Экологиялық қолайсыздықтардың әсерінен организмнің қорғану күші төмендеп көптеген аурулардың пайда болуы мен асқынуына әкеп соғады.

Бүгінде қарқынды даму арқылы әлем назарын өзіне аударып отырған Астана қаласының экологиялық мәселелері бүгінгі күннің талабы.

2.1 Астана қаласының атмосфералық ластануының адам ағзасына зиянды әсері және оны жоюдың экологиялық шектеу жолдары.
Атмосфера – гректің «atmos» - ауа және «sphaira» - шар деген сөзінен шыққан, жерді қоршап тұрған газды қабат.

Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді. Ауа құрамында - 78,09% азот, 20,95% оттегі және аз мөлшерде инертті газдар (неон, криптон, ксенон), көмірқышқылы және басқа заттар болады.

Атмосфера қабаттарына келетін болсақ, ауаның негізгі бөлігі (шамамен 80%) жердің төменгі тропосфера қабатында шоғырланған. Бұл қабат жер белдеулеріне байланысты 8 – 17 км биіктікке дейін барады. Тропосфера қабатының температурасы әр шақырымда 60С - ға төмендеп отырады. 18 – 20 километрлік биіктікте температураның төмендеуі тоқтап 60 – 700С көлемінде болып тұрады. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза деп атайды. Стратосфера қабаты жердің бетінен 20 – 50 км биіктікте. Ауаның қалған бөлігі осы қабатта. Мұнда жердің бетінен әр километрге биіктеген сайын температура 1 – 20С – ға жоғарылайды; 50 – 55 км биіктіктегі стратопаузада температура 00С – ға жетеді. Одан әрі мезосфера қабаты 55 – 50 км биіктікте орналасқан, жерден әр километрге алыстаған сайын температура 2 – 300С -ге төмендейді, ал 80 км биіктік мезопаузада температура – 75 – 900С – ге жетеді [4].

Атмосфералық ауа адамның бірден-бір тіршілік ететін негізгі ортасы, оның сапасына адам ағзасының денсаулығы, физикалық даму деңгейі, ұрпақ өрбіту мүмкіндіктері, өмір сүру ұзақтығы тікелей байланысты.

Ұзақ емес тарихи мерзімде (19-20 ғ.ғ.) елді мекендердегі ауаның физикалық-химиялық құрамында өзгерістер болды, мұның өзі адамдардың денсаулығына зиянды зардаптарын тигізді. Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның ластануы ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Улы заттардың атмосфераға шығарылуы жылына 2,5 миллион тонна, транспорттың қалдықтар 1 миллион тоннадан асады.

Қазіргі кезде 5 миллион Қазақстан тұрғыны ластанған атмосфералық ауа жағдайында, оның ішінде 2 миллион өте ластанған деңгейдегі ауа жағдайында тұрып жатыр.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады.

Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ін көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына тигізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ-та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. Осылардың ішінде алғашқы бесеуі ауа бассейініне миллион тонналап тасталады. Барлық ұйымдастырылған көздерден шығатын ластағыштардың жалпы жылдық массасы осы бесеуінікін бірге қосқанда орта шамамен 800 млн. т құрайды.



1-кесте

Атмосфералық ауадағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы




Заттектер

Қауіптілік класы

ШРКбж

(бір жылдық)

ШРКот

(орта тәулік)

Ағаш шаңы

3

6

0,15

Азот (ІУ) диоксиді

2

0,085

0,04

Азот оксиді

3

0,6

0,06

Азот қышқылы

2

0,4

0,15

Акрилонитрил

2

-

0,03

Акролеин

2

0,03

0,03

Аллил хлориді

2

0,07

0,01

н-Амилацетаты

2

0,1

0,1

Аммиак

4

0,1

0,02

Аминдер С1520 (алифатикалық)

2

0,003

0,03

Аммоний нитраты

4

-

0,3

Аммофос

4

2

0,2

Анилин

2

0,05

0,03

Анорганикалық шаң (20-70% SiO2)

3

0,3

0,1

Ацетальдегид

3

0,01

0,01

Ацетон

4

0,35

0,35

Ацетофенол

3

0,003

0,003

Барий карбонаты (бариймен есептелген)

1

-

0,004

Цемент шаңы

3

0,3

0,1

Мақта шаңы

3

0,5

0,05

Күкірт (ІУ) диоксиді

3

0,5

0,05

Күкірт қышқылы

2

0,3

0,1

Сірке қышқылы

3

0,2

0,06

Көміртек (П) оксиді

4

5

3

Көміртек тетрахлориді

2

0,7

4

Формальдегид

2

0,035

0,003

Бензол

2

1,5

0,1

Бензил

4

5

1,5

Фенол

2

0,003

0,01

Күкіртті сутек

2

0,008

0,008

Қорғасын

1

0,001

0,0003

Сынап (металл түрінде)

1

0,001

0,0003

Бенз(а)пирен

1

-

0,000001

Күйе

3

0,15

0,05

Мыс

2

0,5

0,001

Мырыш

2

5,0

0,05

Темір (сульфаты)

3

-

0,007

Метилмеркаптан

1

9*10-6

-

Тетраэтилевинец

1

-

0,0001

Бутан

3

200

-

Озон

1

0,16

0,03

Скипидар

4

2

1

Этил спирті

4

5

5

Метил спирті

3

1

0,5

Тотуол

3

0,6

0,6

Ксилол

3

0,2

0,2

Дихлорэтан

2

3

1

Фторлы сутек

2

0,02

0,005

Хром (ІУ) оксиді

1

0,0015

0,0015

Көмір сутектері

3

0,03

0,005

Хлор

2

0,1

0,03

Бром

2

-

0,04

Ванадий (У) оксиді

1

0,5

0,002

Марганец және оның оксидтері

2

0,01

0,001

Атмосфералық ауаға ең қолайсыз әсер тигізетін автокөлік болып саналады. Ол көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. 2-ші кестеде келтірілген мәліметтерден бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышыныкінен анағұрлым жоғары екені айқын көрінеді.


2-кесте


Әртүрлі қозғалтқыштарды пайдаланғанда ауаға шығатын газдардың мөлшері


Ластаушы заттектер

Шыққан газдардың мөлшері, %

Карбюраторлы

Дизельді

Көміртек монооксиді

5-12

1,0-10,0

Көміртек диоксиді

0,5-12

0,01-0,5

Азот оксидтері

0,0-0,8

0,0002-0,5

Көмірсутектер

0,2-0,3

0,009-0,5

Альдегидтер

0,0-0,2

0,001-0,009

Күйе, г/м3

0,0-0,4

10-ға дейін

Бенз(а)пирен, мкг/м3

10-20 дейін

10-ға дейін

Автомобильдің іштен жанатын қозғалтқыштарында оттек жетіспейтін жағдайда немесе күйемен көміртек диоксиді әрекеттескенде түзіліп, атмосфераны ластайтын қауіпті ластағыштың бірі түссіз және иіссіз көміртек оксиді (СО) болып табылады. Ауаға түскен соң біраз уақыттан кейін көміртек оксиді қауіптілігі төмендеу көміртек диоксидіне айналады:

2СО+О2=2СО2

Егерде СО көп мөлшерде (750 мг/м3-ден артық) атмосферада болса, адамды тұншықтырып (асфиксия) өлімге душар етеді, себебі қандағы гемоглобинмен реакцияға оңай түсіп, оттекті тасымалдайтын қабілеті жоқ карбоксигемоглобин деген қосылысты түзеді.

Жалпы атмосфераға шығарылатын азот оксидтерінің 95%-і қазбалы отындарды жағудан түзіледі. Оның ішінде жалпы шығарынды азот оксидтерінің 40%-тиі көліктерді қолданғанда шығады.

Атмосферада газ түрінде азоттың бес негізгі қосылысы болады: N2, NH3, NO, NO2, N2O. Мамандардың қолында негізгі бар мәліметтер бойынша азот қосылыстарының ішінде адам организміне өте қолайсыз әсер тигізетін азоттың диоксиді. Бастапқы шығарынды газдардағы барлық азот оксидтерінің қоспасында диоксидке келетін үлес 10%-тей, бірақ-та ауада күн сәулесінің әсерінен азот оксидтерінің біраз бөлігі күрделі бір ізді химиялық реакцияларға қатысып, қауіптілігі жоғары азоттың диоксидіне айналады.


2.2 Атмосфералық ауаны ластау көздерінің басты себептері

Астана елорда болғандықтан болашақта оның тұрғындары да, техникада көбейе түспек. Көлік қатынасы мейлінше дамып, халық шаруашылығында аса маңызды рөл атқарып отырған қазіргідей заманда экономиканың күретамыры аталуы да, тегінен-тегін болмаса керек. Жол, егер оларды тиімді пайдалана білсе, елдің ішкі өмірі үшін ғана емес, сонымен бірге транзиттік тұрғыдан да орасан зор пайда келтірмек. 2001 жылы Қазақстанда жол құрылысын дамытуға айрықша көңіл бөлінуі де міне, осында қажеттіліктен туған шара. Осы орайда, атқарылған маңызды міндеттердің бірі ретінде алғашқы кезекте, саланың нормативтік құқықтық базасын қамтамасыз ететін “Автокөлік жолдары туралы” Заңның қабылданғанын атап көрсету қажет. 2001 жылдың 29 мамырында Республика Үкіметінің қаулысымен саланы дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұғырнамасы қуатталады.

Автотранспорттың көбею себебі, Республиканың басқа аймақтарынан келген автокөліктердің де үлесі бар. Бүгіндері Астана қаласының ауа бассейннінің тазалығы Астанадағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Әсіресе, атмосфералық ауаны ластау көздерінің басты себепкері автокөлік транспорты болып табылады. Соңғы жылдары қалада автокөлік көбейді, Астана қаласы бойынша қазір оның үлес салмағы жалпы тастанды қалдықтар көлемінің 50 пайызына жуықтады. Ал, автокөлік саны күн санап өсуде. Егер 1998 жылы оның қаладағы саны 30,2 мың болса, 2002 жылы жол полициясы 50 мыңнан астам транспортты тіркеді. Ал, 2004 жылы 63 мың болды. [5] Астанаға сырттан келетін автокөліктер олардың қатарын одан да көбейте түсуде. Осы көрсеткіштерге қарай отырып автокөліктерден шығатын еліткіш заттар құрамы мен саны тұрақты емес, ол жанармайдың түріне, двигательдің типіне, оның қуаты мен жұмыс тірлігіне байланысты. Автокөліктердегі жанармайдың түрлері де (карбюраторлық, дизельді) жағылған газдардағы лас тастанды заттардың құрамына қатысты өзгеріп отырады. Мынадай ластағыштар бар: көміртегі тотығы, азот тотығы, көмірсутегі, күкірт тотығы, альдегиттер. Қоршаған ортадағы атмосфералық ауаны ластағыш альдегиттер жолдарының, күкірт тотығы жүрек қан тамыры, азот тотықтары өкпе мен бронхит дерттеріне шалдықтырады. Ал, қорғасын-өте қауіпті ауыр металл, ол нерв жүйелерін еліткіш зат ретінде белгілі.

Атмосфералық ауаның автокөліктермен қаладағы ластану проблемасы, әсіресе, қорғасынмен ластануы бүкіл елімізге тән сипат. Автокөліктердің тастанды қалдықтарының әсерінен ауаның қорғасынмен ластануына қарсы күрестің барынша ұтымды тәсілдері бензинге қорғасын құюға тікелей тиым салу немесе бензиндегі оның қоспаларының мөлшерін барынша бірден азайту болып табылады. Оның мөлшерлі көлемі бір литрде 0,15 грамнан 0,37 грамға дейін белгіленген. Ал бізде қоспаның жоғарғы мөлшері А76, А80 үшін-0,17 г/л, АИ93-0,37 г/л. Әлемдік Банктің қолдауымен Экология және табиғи ресурстар министірлігі 1998 жылдың 28-29 мамырында Қазақстанда, Әзербайжанда, Өзбекстанда бензиннің құрамынан қорғасынды шығару жөнінде аймақтық семинар өткізді. Семинардың шешімімен Қазақстанда этильді қорғасынды қолданбау мерзімі 2005 жыл болып белгіленді. Атмосфералық ауаның қаладағы жағдайы қазіргі кезде өткен жылдарға қарағанда ластану көрсеткішінің өскендігі байқалады. Зиянды заттардың ауаға таралуын азайту мақсатында, жыл сайын көліктердің техникалық бақылауы ұйымдастырылып, жазғы уақыттарда ЖПБ-мен бірігіп “Таза ауа” операциялары өткізіліп тұрады.

Астана қаласында атмосферадағы ауаның ластануын өлшейтін екі бекет бар. Осы жылдың 3 кварталының өзінде 111 ге жуық мөлшерлі шектелген концентрациясы (МШК) шаңға өзінің коэфициентінен асып кеткен, 4,4 коэфециентке жеткен бір-екі жағдайлар, 62 жағдай азоттың қос оксиді, бір жағдай фторлы сутек тіркелген.

Шаңның көтерілу себебі біздің аймақтағы метеорологиялық жағдайларға байланысты, мысалы, желдің себебінен жердің жоғарғы қабатының кебуі, сондай-ақ автокөліктердің жолда шамадан тыс көптігінен азоттың қос оксиді көбеюде. Бұл тастанды лас қалдықтардың көрсеткіштерін төмендегі кестеден көруге болады.[6]

3-кесте

Автокөліктердің тастанды лас қалдықтарының динамикасы



Лас қалдықтардың аталуы

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

Көміртегі тотығы

18,972

19,492

19,890

21,9

25,3

Көмір сутегі

4,563

4,688

4,990

5,6

9,6

Азот тотығы

1,265

1,300

1,420

1,6

2,9

Барлығы

24,800

25,480

26,300

29,100

37,8

Көше қиылыстары мен орталық тас жолдарында атап айтсақ: Сейфуллин, Уалиханов, Бейбітшілік, Бөгенбай көшелері, Абылайхан даңғылығы, сонымен қатар Самал шағын ауданында атмосфералық ауаға лабораториялық зерттеулер өткізгенде зиянды заттардың нормадан тыс асып кеткені анықталады. Атмосфераның ауа бассейінінің ластануының тағы бір үлкен себебі автокөліктердің техникалық сапасының төмендігіне де байланысты. Бір жылғы машиналардың жүріп өткен жолының ұзақтығы 50-150 мың км болу керек. Сонымен қатар автокөліктер 5-15 рет техникалық байқаудан жылына өтіп отыру керек. Ал, шын мәнісінде олай емес.

4-кесте

Ауа ластануының көрсеткіші



Мөлшері шектеулі концентрацияда жоғары қосылыстардың аты

Орташа концентрация

Максималды концентрациясы

Қосылыстардың МШК дан жоғарлығының қайталануы, %


Мг/м3


МШК дан еселік жоғарлығы

Мг/м3


МШК дан еселік жоғарлығы

4,0


Шаң

0,3

2,0

2,5

5,0

19,0

Азот тотығы

0,05

1,3

0,32

3,8

14

Фторлы сутек

0,003




0,071

3,6

1

Онымен қоса автокөліктің этилденген жанармайды қолдануы қазіргі күні күрделі әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Осыны ескере отырып, басқарма қызметкерлерімен көліктен шығатын зиянды заттардың көлемін азайтуда көп жұмыс атқарылуы керек. Мысалы, бұдан 20 жылдай бұрын атмосфераның нашарлауына байланысты АҚШ автокөліктерден бөлінген ластағыш заттардан атмосфераны қорғау мақсатында 1880 жылдардың аяғына таман жаңадан шығарылған жеңіл жүк тасымалдайтын автокөлік және автобустарына катализаторлық нейтрализатормен шығаруды бастады. Осыдан кейін көрсеткіш көміртегі тотығы 85 пайызға, азот тотығы-шамамен 60 пайызға қысқарған. 1980 жылдардан АҚШ пен Жапония ғана жеңіл және ауыр жүк автокөліктерді бақылаудан жоғарғы тұрған мемлекеттер. [7]




    1. Қоршаған орта ластануының адам денсаулығына зиянды әсері және оны болдырмау шаралары

Қоршаған ортаны қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға теріс антропогендік әсердің алдын алу қағидасы әлемнің көптеген елдерінде кең қолдау тапқан. Бұл өңірдегі экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның жай-күйін ескере отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етілген көлемдерін ғылыми негіздеу, қоршаған ортаны нормалау халықтың денсаулығына зиянды әсер етудің салдарын барынша ескере отырып жүргізіледі. Атап айтсақ, қазіргі күні Астана этиль бензинін қолдануды бірте-бірте тоқтатудың бағдарламасын құру керек. Сондай-ақ, автокөліктерді жанармайдың экологиялық таза түріне ауыстыру, оларды катализатор және нейтрализатормен қамтамасыз етудің әртүрлі шараларын жоспарлау керек. Қаламызда көп болмаса да біртіндеп газбен жүретін автокөліктер бар, бұның экологиялық маңызы неде?

Табиғи газбен жұмыс істеген автокөліктен көміртегі тотығы 50-70 пайызы, азот тотығы 25-35 пайызы тағы басқа лас заттарды 70-90 пайызға, күкірт қышқылы түгел жойылар еді.

Бұл сонымен қатар бағасы арзан, моторесурс двигательдің жұмысын ұзартады және бензинге қарағанда цилиндрге май шашпайды, яғни автокөліктің өмірін ұзартады.

Осы технологияны қолдануда қазіргі кезде біріншіден табиғи газдың аздығы. Екіншіден, май құятын станцияда сақталатын орынның болмауы. Оның пропан-бутан айырмашылығы оған май құятын станцияда сұйық күйде болатын, газ түрінде сақтау үшін 200 атмосфералық қысым керек. Ол үшін оған жаңа технология керек.

Газды отынмен жүргізу үшін автокөліктің өзіне де газ жанатын құрал жабдықтармен қамтамасыз етілу керек. Ол құрал жабдықтарды кез келген маркідегі машинаға орнатуға болады.

Газбен жүретін автокөліктің қауіпсіздігі жөнінде айтатын болсақ, дүние жүзілік практикада байқалғаны оның бензинмен салыстырғанда қауіпсіздігі және жоғары температурада жанатындығы. Ал автокөліктің багінің орнына балон қойылады, ол жол апатында да оңайлықпен жарылмайды.

Сондықтан Астана қаласында бұндай газ станцияларын көбейтсе экологиялық тиімді әрі арзан болар еді. Дәл бұндай керемет альтернатив болмайтын шығар. Бұл нағыз экологиялық жағынан керемет таза отын және салыстырмалы түрде дүние жүзіндегі ең арзан отын. Осы жаңа ғасырымыздың ортасына дейін басқа арзан отын табылғанша бұл өз маңызын жоғалтпайды. Астана қаласының атына көркі сай экологиялық таза, адамдарының дені сау болсын десек, қаламыздың жолаушы тасымалдау көліктерінің 50 пайызын электркөлігіне ауыстыру және жүргіш трамвайлар көбейтілу керек. Бұл жоғарыдағы айтқан автокөліктерден шығатын түрлі еліткіш заттардың бірін бөлмейді.

Автокөліктерден бөлінген еліткіш заттарды азайту мақсатында Астананы гүлдендіру бағдарламасын жүзеге асыруға орай жасыл желек қаланы көркейту керек. Қала әкімшілігі осыдан 4-5 жыл бұрын “Жасыл аймақ” мекемесін құрып, ол түпкілікті осы мәселемен шұғылданып келеді. “Жасыл аймақ” Республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары В. Ломовтың пікірінше, 2010 жылы бұл жер орасан зор орман болады. Бұл іс шын мәнінде қазіргі таңда іске асып жатыр. Автокөліктерден бөлінген еліткіш заттар жол бойындағы өсімдіктерге көп жиналады. Өсімдіктердің ішінде ауаның ластануына әлдеқайда төзімділері-терек, ақ тал, сирень, ақ қараған, шегіршін, барбарис (қызыл бұта), ырғай. Газ бен түтінге өте сезімтал шырша, самырсын, жөке, ақ үйеңкі, бүк және т.б. Газданған ауада өскен ағаштар мен бұтақтар (бұталардың) жапырақтарының түсі өзгереді, ағаштардың бөрік басы сиректеліп қалады. Шөптесін өсімдіктер аласа болып қалады.

Астанамыз елорда болғандықтан тұрғындар да, автокөліктерде көбейе түспек сондықтан жүк автокөліктерін айналмалы жолдар арқылы жүргізу жолдарына басты назар аудару керек.

Энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен. Ластаушы компоненттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты (5-кесте).[8]

5-кесте


Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда ЖЭС-нан атмосфераға тасталатын зиянды заттардың мөлшері, г/кВт сағ.

Ластаушы компонент

Отын түрі

Тас көмір

Қоңыр көмір

Мазут

Табиғи газ

Күкіртті газ

6,0

7,7

7,4

0,002

Азот оксидтері

21,0

3,4

2,4

1,9

Қатты бөлшектер

1,4

2,7

0,7

-

Фтор қосылыстары

0,05

1,11

0,004

-

Қатты отынды (көмір, жертезек, ағаш, қамыс, т.б.) жаққанда күл, смола, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Екібастұз көмірін қолданғанда шығатын күлдің мөлшері Қарағандының көмірінен шығатын күл көлемінен анағұрлым жоғары, оның себебі сапасының төменділігінде. Орта есеппен ЖЭО сағатына 5 тоннадай күкіртті ангидридпен және 16-17 т күлмен ауаны ластап отырады.

Сұйық отынды (мұнай мен оның өңделген өнімдерін) қолданғанда ауаға бөлінетін заттар күкірт пен көміртектің қосылыстары. Ал газды отынды (табиғи немесе сұйылтылған газ) жаққанда қоршаған орта тек азот оксидімен ластанады.

Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттардың 90-95% ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. Оттықтан алынған күл мен шлактардың үйінділерін сақтау біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды.

Тек бір тәуліктің өзінде орта қуатты ЖЭС (1 м Вт) 10 мың тонна шамасында көмір жағатыны белгілі, ал осы көлемнен шығатын қож пен күлдің мөлшері 1 мың тоннаның үстінде. Осы тастандыны биіктігін 8 м етіп үйгеннің өзінде бұған қажетті жердің көлемі 1 гектардан артық келеді. Литосфераның ластануы ЖЭС салатын жерді дайындағаннан басталады, себебі ауылшаруашылығына жарамды жерлердің біраз көлемі құрылысқа бөлінеді. Осы мәліметтің өзі ЖЭС-ның табиғатқа қандай қысым жасайтынын сипаттауға жеткілікті нәрсе.

Қоршаған ортаға қож пен күлдің тигізетін әсері оларды оттықтан алуға қолданылған әдіске де тәуелді келеді. Шаң мен қатар қоршаған ортаны ластайтын заттардың бірі отынды тасығанда, жинағанда оның тотығу салдарынан пайда болған қосылыстар.

Атмосфераға тасталған зиянды заттардың таралуы сол жердің адыр-бұдырлы бедеріне, желдің жылдамдығына, ауаның температурасына, бұлттылықтың биіктігіне байланысты болады. Мысалы, ЖЭС конденсаторларының салқындату жүйесіндегі ірі сусалқындатқыштар (градирнилер) станция аймағының микроклиматындағы судың мөлшерін жоғарылатып, тұманның пайда болуына, кейде сіркіреп жаңбыр жаууына, ал қыстыгүні қырау мен көк мұздың болуына себебін тигізеді. Ауаға тасталған зиянды компоненттер және тұман бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде тұрақты қатты ластанған ұсақ дисперсті бұлт, яғни тұмша (смог) түзіледі. Тұмшаның адам денсаулығына тигізетін залалы айтарлықтай.

Жалпы энергетика саласының тіршілік ортаға тигізетін әсері күннен күнге өсе түсетіні сөзсіз. БҰҰ болжамы бойынша қазір дүниежүзіндегі халықтың саны 6 миллиардқа жақындап қалса, 2050 жылы 10 миллиардқа дейін көбейсе, осыған сәйкес энергияға сұраныс та 2 еседей, яғни мұнай эквивалентімен алғанда 20 млрд. т көтерілуі мүмкін. Бұл жағдай қоршаған ортаға да теріс ықпалын тигізбей қоймайды. Қолданылатын көмір көлемінің артуы, қазіргімен салыстырғанда ауаға бөлінетін көмір қышқылының мөлшерін 60%-ке дейін арттырады, бұл бірқатар әлемдік проблемаларды тудыруы ықтимал, мысалы көп жерлердегі топырақтың қышқылдануына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап қоршаған ортаға зияндығы аз альтернативті энергетикалық технология мен қалдықсыз жанатын отын түрлерін іздеу, гидравликалық және геотермальдық энергияны, биомассаны, күн сәулесі мен желді энергия алуға кеңінен пайдалануға жол ашатын жобаларды өмірге енгізу қажеттілігі туып отырғаны белгілі жағдай.



3. Қорытынды

Осындай зерттеулер нәтижесінде мынадай қорытындылар мен ұсыныстар жасалынды:



  • Астана территориясындағы радиациялық жағдай қалыпты және табиғи фондық көрсеткішпен сипатталады.

  • зерттелген 12 балаларды емдеу мекемелерінің ішінен 7 мекеменің сынап буымен ластануы ШРК-дан 1-ден 50 дейін артық, бұл балалардың және дәрігер қызметкерлердің денсаулығына қауіпті екені көрсетілді.

  • зерттелген 8 ересек адамдар емделетін емдеу-профилактикалық мекемелердің 7-еуінен сынап буымен ластану ШРК-дан 1-ден 30-ға дейін артық екені анықталды.[9]

  • сынап термометрін және сынап толтырылған приборларды қолданыстан толығымен алып тастау жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігі басты орынға қойылды.

Сонымен қатар люминесценттік шамдарды (құрамында сынап бар) пайдаланғанда да өте сақ болу керек.

Мұндай люминесценттік шамдар мен приборларды мекемелер жабық қоймаларда сақтау қажет. Мұның барлығы қаланы сынаптан ластаудан сақтайды.

Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауды тек медициналық және әлеуметтік тұрғыдан ғана қарамау керек, сондай-ақ таяудағы онжылдықта бүгінгі балалар мен жасөспірімдер ел әл-ауқатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, экономикалық, ғылыми және мәдени әлеуетінің деңгейін белгілейтіндіктен елдің саяси стратегиясы мүддесін қарау қажет.

Жасөспірім балалардың арасындағы аурушаңдық құрылымда бірінші орында тыныс алу ағзаларының аурулары, екінші орында-теріасты талшықтарының аурулары, үшінші орында- ас қорыту ағзаларының аурулары, одан әрі жарақаттанулар мен уланулар, көз және оның қосалқы мүшелерінің аурулары, несеп-жыныс жүйелерінің аурулары, сүйек-бұлшық ет жүйесі аурулары және т.б. тұр.

Тек экологиялық сипаттағы проблемалар ғана емес, сонымен қатар жасөспірім жасындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерде (дамудың кейбір үйлесімсіздігі, жыныстық белгілердің пайда болуы, организмнің тұтас бірқатар жүйесінің қызметін қайта құру), сондай-ақ бірқатар басқа да медициналық және әлеуметтік проблемалар осы жастағы балалар аурушаңдығының себептері болып табылады.

Жасөспірімдік шақ бұл, әрине, адам баласының еңбек жолына, Қарулы күштер қатарындағы қызметке, отбасылық өмірге дайындық кезеңі. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда еліміз жасөспірімдердің денсаулық жағдайы үлкен алаңдатушылық туғызып отыр. Соңғы бес жыл ішінде олардың арасындағы аурушаңдық республикамыз бойынша 34,9% -ға өскен. Әсіресе, Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан облысында және Астана қаласында бұл көрсеткіш республикалық деңгейден де жоғары, яғни тиісінше 95,7%, 49,2% және 42,1%-ды құрайды.[10]

1. Астана қаласындағы атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көз автотранспорт (64%), өндірістік кәсіпорындар, оның ішінде №1-ЖЭС және №2-ЖЭС.

2. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және сақтау, оларды қайта өңдейтін өндіріс орындарын ашу бүгінгі күннің талабы.

3. Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластану адамның денсаулығына зиянын тигізуде. Көбіне ісік аурулары, жүрек-қантамыр аурулары, аллергиялық аурулар басым.

4. Жасыл желектерді отырғызу және қорғау, жерді тиімді пайдалану қаланың экологиялық ахуалын жақсартудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Мұны барша астаналықтар қолдау қажет.



4. Әдебиеттер тізімі
1. Астана хабары газеті №139, 2004 жыл, 12 қазан.

2.Е. И., Терновая Г. Г. Охрана атмосферного воздуха. –М: Юрид. лит., 1984. с.112

3.Қожанбаев, Махмұтов. Табиғатты қорғау. – Алматы: Ана тіл, 1992. 16 -33 б.

4.Е. Маметқазиев, Қ. Сыбанбеков Табиғат қорғау, Алматы “Қайнар”, 1990

5. Қ. Құлмағанбетов Астана қаласында экологиялық ахуал неге нашарлап барады? Дүние журналы. 2009, №6. б. 3-4

6. К. Бородинов Экологически чистый бензин. Экология устойчивое развитие 2008, №6, стр. 25

7.У.Т. Ауезова Питьевой воде-контроль качества. Экология устойчивое развитие 2008, №1-2, январь-февраль, стр.25.

8. Т. Шарманов Человек победит все болзни, если решит проблему питания и начнем заниматься спортом. Экология устойчивое развитие 2010, №7-8, стр. 9. Защитим здоровье наших детей. Экология устойчивое развитие 2009,



№7-8, стр. 63.

10. Асхат Құдабаев Есіл өзенінің ертеңі елеңдетеді. Астана хабары, 2010 жыл, №35, 14 наурыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет