сыныбында ана тілі пәнінен Мәлік Ғабдуллин «Тау қыраны» тақырыбын өттік



Дата08.07.2016
өлшемі26.85 Kb.
#185810
Бүгін 4»Е» сыныбында ана тілі пәнінен Мәлік Ғабдуллин «Тау қыраны» тақырыбын өттік.

Сабақтың мақсаты оқушыларға қазақ батыры Мәлік Ғабдуллин мен оның майдандас досы Төлеген Тоқтаровтың ерлігі,елі үшін жанын қиған, ерлер өмірін дәріптеп,батырларға құрметпен қарауға тәрбиелеу болғандықтан,мәтіннің әр бөлімінің негізгі ойын анықтап, мақал-мәтел жинақтап,көркем сөйлеу іскерлігін арттыруға, танымын, сезіну қабілетін дамытуға көңіл бөлдім.Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде оқушылар топқа өздері бөлінді.1-топ сержант,2-топ капитан,3-топ генерал,4-топ командир,

5-топ ,6-топ комиссар .Кезекші «Бағалау бетшесін» әр топтың бағалаушысына беріп, тақтада ілулі тұрған балдық жүйемен кретерийлермен таныстырып,қай тапсырмаға қандай балл қойылатындығын айтты.

Үй тапсырмасы «Бала Мәншүк» мәтінінің мазмұнын айту. Вен диаграммасы бойынша Әлия мен Мәншүкті салыстыру. Ортақ қасиетін табуға жұмыстанды. Топтағы оқушылар кезекпен мәтін мазмұнын айтып шыққаннан кейін,Мәншүк туралы өлең шумақтары сұралады,әр топтағы бақылаушы өз тобындағы балаларға тиісті балын қойып,мадақтап отырады.



Сергіту сәті.Жаңа сабақ М.Ғабдуллиннің «Тау қыраны» мәтіні.

АКТ.Слайдпен көрсету.Отанымызға қауіп төнген кезде елін,жерін қорғауға аттанған боздақтар қатарында М.Ғабдуллин де бар еді. Ол осы отты жылдар туралы «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Сұрапыл жылдар» т.б. кітаптар жазды. Тау қыраны Төлеген Тоқтаров /1920-1942/ Кеңес Одағының Батыры.Еліміздің еркіндігін ,ар намысын қорғаған ержүрек перзенттеріміздің бірі –Төлеген Тоқтаров. Ол 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген.Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған. Кішкентай кезінен қиындық қыспаған көріп,ол өте пысық әрі өжет болып өседі.Ұлы Отан соғысы басталғанда әскер қатарына алуын өтінген. Төлегеннің өтініші қабылданады.Ерікті түрде ол бастаған лениногорлық бір топ жас жауынгерлер Москва маңындағы Панфилов дивизиясына келіп қосылды.Бұл 1942 жылдың 12 қаңтар болатын.Осылайша Төлеген 275 –полктің автоматшылар ротасының жауынгері болады. Міне осы қаңтар айынан бастап,оның майдандағы өмірі басталады. Өте тапқыр,ержүрек те ақжарқын жас жігіт келген күннен –ақ рота жауынгерлері арасында зор сүйіспеншілікке бөленді.Ол өз әңгімесімен қарулас жолдастарын жеңіске жігерлендіріп,бәрін батыл қимылдауға, қауіпті кезде селт етпеуге шақырды.

«Тау қыраны» мәтінімен таныстырдым.Мазмұнын ашып,неліктен Төлегенді Тау қыранына теңейтінін ұғындыруға жұмыстандым.

Глосарий.Сөздік жұмысы жүргізілді.Бородино, офицер, дивизия, генерал, артиллерия сөздерінің мағынасын түсіндірдім.

Топтағы оқушылар мәтінді бөлімдерге бөліп,ат қойып,негізгі ойды анықтайды. Ой қозғау әдісімен миға шабуыл. Мәтін бойынша кейіпкерлердің көңіл – күйін анықтау.

Топтағы оқушылар мәтінді бөлім бойынша тізбектеп оыды.

Әр топқа М.Ғабдуллиннің жазған естелігінен үзінді беріліп,

1 тапсырма: Төлегенге мінездеме беру. /постерге/

Үзінді: Төлегеннің майдандағы ерлігін көзімен көрген,сол бөлімнің саяси жетекшісі болып істеген Кеңес Одағының батыры,белгілі жазушы М.Ғабдуллин Төлеген жайында жазған естелігінде былай дейді:» ....1942 жылдың 9 ақпаны ....Түс кезінде немістер батыл күшпен қайта шабуыл жасады.Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды.Нағыз күшті соғыс басталды.Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр жараланды.Төлеген «әуп» деп орнынан атып тұрды да,салбырап шыққан жаралы ішегін қарнына қысып,автоматты қолына ала жүгірген бетімен неміс офицеріінің қақ басынан періп жіберді.Офицерді жайратып салып,орнына қайта келе бергенде жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Есіл ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза тапты.Оған гвардияшы Т.Тоқтаровқа Кеңес Одағының батыры атағын беріп, оның ерлігін жоғары бағалады.

№2 тапсырма:» Төлегеннің анасына жазған хаты» 8.02.42 ж./постерге/

Әр топтың репортеры шығып, жұмыстарын қорғады,түйін жасап ,бақылаушы бағалау бетшесіндегі балдық жүйені айтты.Өзім қорытындылап,бағалап шықтым.



Үйге: «Тау қыраны» мазмұндау «Батырлар ерлігі» ой толғау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет