Сынып оқушыларына арналған республиканская олимпиада



Дата07.02.2024
өлшемі23.98 Kb.
#491055
8-сынып. олимпиада мат. ауд. кезең. қазақ тілі2


8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ОЛИМПИАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8 КЛАССОВ
Олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңі Районный (городской) этап Олимпиады


Пән/Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті.
1-15 тапсырмалар [Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.]

1. Тілдегі сөздердің дұрыс жазылу ережесінің жиынтығы қалай аталады?


А) Орфография
В) Орфоэпия
С) Лексика
D ) Фонетика
Е) Ықпал
2. Бас әріппен жазылатын біріккен жалқы есімдерді көрсетіңіз.
А) Жол барыс, Қамбар ата, Жеті қарақшы, Қос шағыл.
В) Жоғарғы кеңес, Министрлер кабинеті, Қазақ радиосы.
С) Баян сұлу, Орта Азия, Қамбар батыр, Бас ассамблея.
D) Шапырашты Наурызбай, Темір қазық, Үлкен театр.
Е) Ала тау, Зеңгі баба, Қызыл алаң, Халық қаһарманы.
3. Бас әріппен жазылатын тіркесті жалқы есімдердің ережеге сай келетіндерін айқындаңыздар.
А) Өнер академиясы, Ғылыми кеңес, Мемлекеттік орталық мұражай.
В) Өнер Академиясы, Ғылыми Кеңес, Мемлекеттік Орталық Мұражай.
С) Өнер Академиясы, Ғылыми кеңес, Мемлекеттік Орталық мұражай.
D) Өнер академиясы, Ғылыми кеңес, Мемлекеттік орталық мұражай.
Е) Өнер академиясы, Ғылыми Кеңес, Мемлекеттік Орталық мұражай.
4. Қазақ әліпбиінің қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
А) 2
В) 5
С) 4
D) 3
Е) 6
5. Интонацияның негізгі құрамдас бөліктері не үшін қажет?
А) Сөйлем мағыналы әрі мәнді болуы үшін.
В) Сөздерді дұрыс жазу үшін.
С) Сөйлегенде дұрыс ойлау үшін.
D) Тіркестерді дұрыс орналастыру үшін.
Е) Сөздердің өзара қарым-қатынасын анықтау үшін
6. Сөздік құрам қанша тәсіл арқылы толығатынын көрсетіңіз.
А) 6
В) 4
С) 3
D) 2
Е) 5
7. Моңғол тілінен енген сөзді көрсетіңіз.
А) айна, орамал, таразы
В) аймақ, жиен, Тарбағатай
С) жыл, болыс, медресе
D) қамыт, ғылым, жарлық
Е) мектеп, Баянауыл, жәшік
8. Мақта шаруашылығына байланысты кәсіби сөзді табыңыз.
А) дәнек
В) өркен
С) шырмауық
D) қозапая
Е) атыз
9. Архаизм сөзді көрсетіңіз.
А) қорамсақ
В) отарба
С) оралман
D) болыс
Е) оттық
10. Қорқыт ата өмір сүрген ғасыр
А) YІІІ-Х
В) ҮІ -ҮІІ
С) Х-ХІ
D) ҮІІ -ҮІІІ
Е) ІХ -Х
11. «Қорқыт ата» кітабының 12 жырдан тұратын нұсқасын көрсетіңіз.
А) Дрезден нұсқасы.
В) Ватикан нұсқасы.
С) Арестолика нұсқасы.
D) Александрия нұсқасы.
Е) Вена нұсқасы.
12. Сөз тіркесінің белгісін анықтаңыз.
А) Зат, құбылыстың атауы болып табылады.
В) Кемінде толық мағыналы екі сөзден тұрады.
С) Зат есімнің қосарлы сыны ретінде жұмсалады.
D) Сөз мағынасын басқа сөзбен дәлдеп түсіндіреді.
Е) Синтаксистік қызметі бірдей сөздерден құралады.
13. Етістікті тіркесті табыңыз.
А) Өнерлінің ырысы.
В) Іске шебер.
С) Асқарда бесеу.
D) Елді қорғау.
Е) Ізгі сөз.
14. Сөздердің жалғау арқылы байланысуын көрсетіңіз.
А) Өмірдің сәні.
В) Көмекей жырау.
С) Ақын туралы.
D) Бас киім.
Е) Ұйықтаған сияқты.
15. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.
А) Ел арасына сыйлы.
В) Ұлттық ойын ойнады.
С) Ақылды сөз айтылды.
D) Отан үшін аянба.
Е) Өмірдің мәнін түсінді.
16-25 тапсырмалар [Әр дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі.]
16. Меңгеруді табыңыз.
А)қыспаққа төзбеді
В) елдің іші.
С) қараңғы түн
D) сағынған аға
Е) алты алаш
17. Матаса байланысқан тіркесті табыңыз.
Қалау ағасының қатты бұзылған түрін таныса да, оған айылын жимай күліп жатыр.
А) Қалау таныса да.
В) Ағасының түрін.
С) Қатты бұзылған.
D) Бұзылған түрін.
Е) Айылын жимай күліп жатыр.
18. Жанаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
А) Оған бару.
В) Кілтпен ашты.
С) Бес жыл.
D) Әдейі келу.
Е) Әдепті студент.
19. Пысықтауыш пен баяндауыш арасындағы байланысты анықтаңыз.
А) Қиысу.
В) Жанасу.
С) Матасу.
D) Қабысу.
Е) Меңгеру.
20. Перифразаның анықтамасын көрсетіңіз.
А) заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.
В) Заттың немесе құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
С) Сөйлем ішінде немесе өлең шумағында кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.
D) Көркем шығармадағы сырты сыпайы, іші толған ащы мысқыл болып келетін өрнектеу тәсілі.
Е) Заттың, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту.
21. Ноғайлы билеушісі Би Темірмен етене араласқан жырауды табыңыз.
А) Жиембет.
В) Шалкиіз.
С) Доспамбет.
D) Қазтуған.
Е) Көтеш.
22. Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің! Үзінді қай шығармадан алынғанын көрсетіңіз.
А) Шалкиіз жырау «Би Темірге айтқан бірінші толғауы».
В) Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп».
С) М.Мөңкеұлы «Үш қиян».
D) Шалкиіз жырау «Бар күшіңді сынамай».
Е) Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет».
23. «Күлдір-күлдір кісінетіп...» толғауының авторын анықтаңыз.
А) Марғасқа жырау
В) Қазтуған жырау.
С) Жиембет жырау.
D) Доспамбет жырау.
Е) Ақтамберді жырау.
24. «Еңлік -Кебек» дастанында қай рулар арасындағы жер дауы суреттеледі?
А) Арғын мен Керей
В) Тобықты мен Матай.
С) Матай мен Арғын.
D) Тобықты мен Керей.
Е) Керей мен Уақ.
25. Ш.Құдайбердіұлының Абай тәлімін насихаттаған өлеңін табыңыз
А) «Жастарға»
В) «Дүние мен өмір»
С) «Адамдық борышың»
D) «Ақындарға»
Е) «Кәрілік туралы»
26-30 тапсырмалар [Әр дұрыс жауап үшін 3 ұпай беріледі.]
26. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А) Есенкелді тұрып:-Қонақ -балалар, үлкен үйге жүріңіздер,-деді.
В) Есенкелді тұрып, «Қонақ балалар, үлкен үйге жүріңіздер», деді.
С) Есенкелді тұрып – Қонақ балалар, үлкен үйге жүріңіздер,-деді.
D) Есенкелді тұрып: Қонақ балалар-үлкен үйге жүріңіздер деді.
Е) Есенкелді тұрып: -Қонақ балалар, үлкен үйге жүріңіздер,-деді.
27. Күрделі бастауышты табыңыз.
А) Ерінбеген етікші болады.
В) Мейрам шахтаға кетті.
С) Күле беру -ыңғайсыз.
D) Бұл -Еркіннің сөзі.
Е) Оған намыскерлігі жібермеді.
28. М. Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауында ақын қандай үш қиян туралы жырлағанын табыңыз.
А) Еділ, Жайық, Талөкпе.
В) Еділ, Маңғыстау, Ақтөбе.
С) Бұлдарған, Бадашы, Еділ.
D) Еділ, Жайық, Маңғыстау.
Е) Нарын, Ақтөбе, Жайық.
29. Заттың немесе құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
А) Теңеу
В) Метафора
С) Эпитет
D) Метонимия
Е) Гипербола
30. Ақтамберді жыраудың «Балаларыма өсиет» толғауындағы ғибраттық ойы қандай?
А) Бірлік, татулық.
В) Ерлік, қайсарлық.
С) Адалдық, әділдік.
D) Еңбекқорлық, білім.
Е) Іскерлік, батырлық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет