«Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» тәжірибеден өту туралы есеп



Дата12.01.2024
өлшемі14.88 Kb.
#488969
түріСабақ
GISMETEO Погода в Павлодаре на месяц, прогноз погоды Павлодар на 30 дней, Павлодар, Павлодарская область, Казахстан


«Сыныптан тыс жұмыс технологиясы»
тәжірибеден өту туралы
ЕСЕП
Мен Жанболатқызы Айымжан, 17.11.2023-14.12.2023 уақыт аралығында Павлодар қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы №20 лицей- мектебінде» «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» тәжірибесінен өттім.
Маған 1«Д» сыныбы берілді, сыныпта 26 оқушы. Оның 15-і ұл бала, 11-і қыз бала. Тәжірибенің алғашқы күніндегі сынып жетекшім- Жуманбаева Меруерт Калиоллаевна. Төрт апта бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ танысып, олармен жақсы жұмыс жасай алдым. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. Қоңырау кезінде барынша оқушылармен бірге әр түрлі ойындар ойнап, жан-жақты болдық. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақтан кейін мұғаліммен бірге қосымша сабаққа қалып, балалардың математика, әліппе сабағынан өткен тақырыптарды толық менгеруін қадағалап дұрыс оқуын, көркем жазуын және сандарды дұрыс ажыратып, есептерді жылдам әрі қатесіз шығаруын қадағаладым, және де 1«Д» сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен танысып, білмеген деректерімді біліп, үйреніп алдым.
Өзіме берілген сынып сағаттарын, акция, сергіту сәттерін ұйымдастырдым. Әрине ең басында сынып сағатын өткізу қиын деп ойлағаным рас, бірақ қиын түгі де жоқ екен. Біздің жасаған жұмыстарымыз оқушыларға ұнады деген ойдамын. Себебі, олар біз дайындаған тапсырмаларды қызығып, жарыса отырып орындады. Осы 4 апта ішінде қиындықтарда болды. 1- сынып болғандықтан, балалар өте ерке әрі шапшаң. Оларға қызықты болсын деп, әр сынып сағатында бір ойын ойнатуға тырыстым.
Қорытындылай келе, ұстаздық жұмысымның нәтижесіне қанағаттандым. Ұстаздық ету мен өз мамандығыма деген қызығушылық пен құрмет, осы қысқа мерзімде өтілген сыныптан тыс жұмыс технологиясы тәжірибесінің арқасында арта түсті. Сыныптың балалары маған ұнады. Балалар белсенді, жауапкершіліктері мол, әрі ұйымшыл, оқуға деген талпыныстары жоғары. Берілген тапсырмаларды тиянақты, жауапкершілікпен қарап, әр іс-әрекеттерін уақытылы орындайды. Жалпы сынып ұжымымен жұмыс жасау маған қатты ұнады.Осы 4 апта бойы үйренген нәрселерімді алдағы уақытта тиімді пайдаланатыныма толықтай сенімдімін.


Құрастырушы: Жанболатқызы Айымжан

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет