Компания туралы жалпы мәліметтер



бет1/8
Дата13.05.2023
өлшемі373.85 Kb.
#473652
  1   2   3   4   5   6   7   8
Компания туралы жалпы м ліметтер




КІРІСПЕ

2022 жылдың 31 мамырынан және 30 маусымаралығында Topoplan-3D компаниясында өндірістік тәжірибені өттім. Тәжірибе алдында қауіпсіздік техникасымен және құрылғымен жұмыс жасау тәртібімен таныстым. Topoplan 3D компаниясының негізгі қызметтері – инженерлік ізденістер, жобалау, құрылыс және жөндеу жұмыстары. Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаттары: құрылыс жұмыстарының негізгі әдістерін үйрену; далалық зерттеулер жүргізудің негізгі ережелерін сақтай отырып қауіпсіздік шараларымен танысу; топосъемкаларға қатыса отырып тәжірибе жинау, өз бетінше практикалық дағдыларды меңгеру.Өндірістік тәжірибемді өту барысында, мекемедегі жұмысшылармен және өзім секілді өндірістік тәжірибені өткен студенттермен жақынырақ танысып, жақсы қарым - қатынаста болдым. Одан бөлек өзімнің мамандығыма байланысты көптеген жаңа мағлұматтар алдым.Болашақта жұмыс жасайтын мамандығыммен жақынырақ таныстым. Сондай-ақ өндірістік тәжірибеге арналған жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары бойынша компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп, олармен жұмыс жасай алатыныма сенімді болдым.Топографиялық түсірістерге дайындығымды жақсарттым.



Компания туралы жалпы мәліметтер
Topoplan-3D компаниясы Алматы қаласында 2014 жылы құрылған.Компанияның басты қызмет салалары: инженерлік ізденістер, жобалау, құрылыс және жөндеу жұмыстары. Инженерлік ізденістер – кез келген құрылыс немесе жобалау жұмыстары басталар алдында, жобалау кезінде рационалды шешім қабылдау үшін жергілікті жердің табиғи жағдайы мен бастапқы мәліметтерін жинау мақсатында орындалатын жұмыстар кешені. Соның ішінде компания инженерлік-геодезиялық және инженерлік-геологиялық ізденістер бағытында қызмет көрсетеді. Жобалау – ғимарат немесе имараттың (сооружение) сәулеті, компоненттері, интерфейсы мен басқа мінездемелерін анықтау үшін орындалатын жұмыс үдерісі (процесс). Жобалаудың нәтижесі – дайын жоба болып табылады. Құрылыс – ғимарат немесе имаратты (сооружение) жаңадан салу. Кең мағынасында құрылыс жұмыстарына тек қана жаңа құрылыс жұмыстарын ғана емес, сонымен қатар күрделі және жеңіл жөндеу жұмыстары, реконструкция, реставрация, реновация да жатады. Пайдаланылған технологиялар мен жабдықтар күрделі құрылыстағы міндеттерді шешу үшін, жинақталған білім мен тәжірибені тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. ЖОО-мен орнатылған қарым-қатынастар: Topoplan-3D компаниясы Алматы қаласындағы Satbayev University және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеттеримен тығыз қарым-қатынаста.Компанияда сапа бақылау менеджменті халықаралық ISO 9001 стандартына сәйкес. Барлық жұмысты орындау реті ұсақ-түйекке дейін ойластырылып, жұмысты орындау барысын тексеру мен қателік көздерін жою механизмі де өте жақсы ойластырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет