Синтаксистік талдау
Белгілі бір тілдік материалдың ішкі құрамын (заңдылығын) танытатын білім берудің құралдарын талдау әдісі деп атайды. Талдауды методикалық әдебиеттерде анализ деп те жүргізіледі. «Анализ» сөзінің қазақша баламасы – талдау. Ой қорытындысын хабарлауда талдау-түйіндеу де үлкен қызмет атқарады. Талдау- түйіндеуге тілдік материалдардың анықтамалары мен ережелері жатады. Талдау-түйіндеу әдісін жіктеуге өлшем етіп алуға болады. Соған байланысты талдаудың мынандай түрлері қарастырылады:
1.Түсіндірмелі талдау.
2.Анықтауыштық талдау.
Түсіндірмелі талдауларға: лексикалық талдау, фонетикалық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау әдістері жатады. Синтаксистік талдау әдісі де теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістеріне кіреді. Бұл көбінесе қазақ тілінің синтаксис саласын өтумен байланысты қаралады. Мектепте аса көп жүргізілетін әдіс- осы синтаксистік талдау әдісі.
Синтаксистік талдау жаңа материалды түсіндіру кезінде, біріккен сабақ тұсында, бекіту, қайталау процесінде және тексеру сабақтарында жүргізіледі. Ол өзінің мазмұнына қарай екіге бөлінеді:
1. Жай сөйлем бойынша талдау
Жай сөйлем мағынасына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем болып келетіндігі талданады. Жай сөйлем құрамындағы сөз тіркесінің есімді, етістікті сөз тіркесі және олардың күрделі сөз бен тұрақты сөз тіркесінен құралатындығы, сөздердің байланысу тәсілдері (қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу) ескеріледі.Сөйлемнің ішінде бірыңғай мүшелердің болатындығы да ескеріледі. Жай сөйлемнің жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз түрлері, оқшау сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөздер де ескеріледі.
2. Құрмалас сөйлем бойынша талдау
Сөйлем бойынша талдау жүргізгенде, салалас құрмалас сөйлемге байланысты талдау оның мағыналық қатысына қарай ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себеп-салдар, талғаулы, кезектес сөйлемдер екені анықталып, оның байланысының жалғаулықты, жалғаулықсыздықтығы анықталады. Және тыныс белгілерінің қойылу себептері дәлелденеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер мағынасына қарай: шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп , мезгіл, қимыл-сын, мақсат бағыныңқылыға жіктеліп, олардың тыныс белгілері дәлелденеді. Жарыспалы-сатылы екендігі анықталады.
Аралас құрмалас сөйлем жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері, олардың тыныс белгілері дәлелденіп, құрамаластың басқа түрлерінен айырмашылығы салыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |