Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел және созылмалы пневмония болып бөлінеді



Дата18.09.2024
өлшемі31.45 Kb.
#503739
певмония


Пневмония
Пневмония (өкпе қабынуы) – бұл өте ауыр өкпе ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс алу сырқаттарынан кейін пайда болатын жұқпалы ауру. Пневмония термині грек тілінен алынған, өкпе қабынуы дегенді білдіреді.Ауруды әр түрлі вирустар, бактериялар қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты тоңуы, ауыр жұмыс пен жүйкеге психикалық күш түсу, улану сияқты факторлар әсер етеді. Сәбилерде өте жиі кездеседі.
Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел және созылмалы пневмония болып бөлінеді.
Жедел пневмонияның өтуін үш кезеңге: басталу, меңдеу және сауығу кезеңдеріне бөлуге болады. Басталу кезеңінде сырқат тұмауратады: жиі түшкіреді, дене қызуы 39-40 С-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, буындары сырқырайды. Біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, мұрнымен тыныс алуы қиындайды. Науқастың бүйірі шаншиды,алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Содан соң тыныс алу сипаты өзгеріп, ол жиілей түседі. Тәбеті төмендеп, мазасыздануы арта түседі, ұйқысы бұзылады. Тексерген кезде тынысы қатаң болып, құрғақ кейде ылғалды сырыл естіледі. Аурудың бұл кезеңі 2-3 күнге дейін созылады. Дер кезінде емдей бастаған жағдайда қабыну үрдісін асқындырмауға болады. Содан соң аурудың меңдеуі басталады. Дене қызуы көтеріліп, 38-39 градусқа дейін жетеді. Алқынуы өршіп, терісінің түсі қуқыл тартады. Кеудесін кере дем алғанда аздап сырыл байқалады. Бұл кезең 8-10 күнге созылады, дене қызуы біртіндеп төмендейді. Сауығу кезінде науқастың жағдайы жақсарып, ентігу, ауа жетіспеу белгісі жойылады. Өкпедегі өзгерістер баяу болады. Жедел пневмониямен ауырған науқастарды емдеудің тиімділігі– диагнозды ерте анықтап, дер кезінде ауруханаға жатқызу. Ауруды дер кезінде анықтауда рентген арқылы диагноз қоюдың маңызы бар. Аурудың қайталануы мүмкін болғандықтан емдеуді ертерек тоқтату қауіпті. Науқасты бағып-күту, тамақтандырумен қоса антибиотиктерді және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек. Сондай-ақ, физиотерапия, емдік гимнастика, массаж жасау пайдалы.
Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе ұлпасының құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ, созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Созылмалы пневмонияның белгілері:
• тыныс алудың (дем алудың) жиілеуі;
• қырыл немесе сырылдыңестілуі;
• әр дем алып, дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп, басылып тұруы;
• дене қызуы көтерілуі;
• қалтырау;
• жөтел;
• сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр түсті қақырық тастау;
• кеуде қуысының ауыруы;
• науқастың жалпы халінің ауырлауы;
• ентігу;
• бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгеру.
Көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады.
Емі. Антибиотиктер тағайындалады. Ыстықты түсіру және ауырғанды басу үшін, жөтелді жеңілдету және қақырықты түсіру үшін дәрі-дәрмектер,көп сұйық ішу және бу ингаляциясын жасау ұсынылады. Сырыл болған жағдайда демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.
. Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.
4. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.
қызылша – корь
көкжөтел – коклюш
ошақ – очаг
демігу – одышка
мұрынның желбезегі – кончики ноздрей
5. Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Өкпе қабынуы, қоздыру, жүйкеге психикалық күш түсу, улану, сәбилерде өте жиі кездесу, біртіндеп тынысы тарылу, ауа жетпеу, қақырықты жөтел пайда болу, тыныс алу сипаты өзгеру, тәбеті төмендеу, мазасыздануы арта түсу, ұйқысы бұзылу, буындары сырқырау, мұрнымен тыныс алуы қиындау, бүйірі шаншу, кере дем алу, мұрынның желбезегікөтеріліп, басылуы.

6. Төмендегі сөздердің синонимдік қатарын еске сақтаңыз.


қалтырау– дірілдеу
меңдеу – өршу
сауығу – жазылу
ауруға шалдығу – ауыра бастау
арта түсу – көбею – өршу
дер кезінде – уақытында
түсі – түрі
баяу – ақырын – жай

7. Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.


8. Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.
9. Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп, толықтыратын үзінділерді табыңыз.
 Пневмония— бұл өте ауыр өкпе ауруы.
 Жедел пневмонияның басталу кезеңі 2-3 күнге дейін созылады.
 Жедел пневмонияның меңдеуі кезеңіндедене қызуы көтеріліп, 38-39 градусқа дейін жетеді.
 Сауығу кезінде науқастың жағдайы жақсарып, ентігу, ауа жетіспеу белгісі жойылады.
 Созылмалы пневмония ауру асқынған кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады.
10. Cөйлемдерді бастаңыз.
 ... әр түрлі вирустар, бактериялар қоздырады.
 ... кезеңінде науқас тұмауратады, түшкіреді, дене қызуы 39-40 С-қа көтеріледі.
 ...төмендеп, мазасыздануы арта түседі, ұйқысы бұзылады.
 ... болған жағдайда демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.
 ... емдей бастаған жағдайда қабыну үрдісін асқындырмауға болады.
 ... кере дем алғанда аздап сырыл байқалады.
 ... бағып-күту, тамақтандырумен қоса антибиотиктерді және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек.
11. Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.
Науқасты бағып-күту, тамақтандырумен қоса антибиотиктерді кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, буындары сырқырайды.
Басталу кезеңінде науқас тұмауратады, түшкіреді, дене қызуы 39-40 С-қа, диагнозды ерте анықтап, дер кезінде ауруханаға жатқызу.
Біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, жөтелді жеңілдету және қақырықты босату үшін де көп сұйық ішу және бу ингаляциясын жасау ұсынылады.
Жедел пневмониямен ауырған науқастарды емдеудің тиімділігі — мұрнымен тыныс алуы қиындайды.
Ыстықты түсіру және ауырғанды қойғызу үшін аспирин немесе ацетаминофен, және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек.

12. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.


 Пневмония – бұл өте ауыр өкпе ауруы.
 Пневмониямен тек сәбилер ауырады.
 Пневмония дұрыс тамақтанбаудан пайда болады.
 Пневмония кезінде тыныс алу жиілейді.
 Дер кезінде емдей бастаған жағдайда қабыну процесін асқындырмауға болады.
 Аурудың меңдеу кезеңінде дене қызуы болмайды.
 Аурудың қайталануы мүмкін болғандықтан емдеуді ертерек тоқтату қауіпті.
 Пневония кезінде науқастың жүрегішаншиды.
13. Мәтін бойынша науқас баланың анасының жауаптарына дәрігердің сұрақтарын әзірлеңіз.
–______________________?
– Қатты тұмауратып жатыр, жиі түшкіреді.
–______________________?
– Қызуы 39-40 С-қа дейін көтерілді.
–______________________?
– Мұрнымен тыныс алуға қиналады.
–______________________?
– Иә, жөтеледі.
–______________________?
– Жоқ, қақырық түспейді.
–______________________?
– Тәбеті жоқ.
–______________________?
– Түнімен мазасызданып ұйықтай алмады.

14. Науқас жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз (аты-жөні, баланың жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

15. Науқасқа дәрігердің атынан ем тағайындаңыз(мәтін бойынша).

1. Мәтін туберкулез туралы болса, онда қандай мәселелер жайында айтылуы мүмкін? Болжам жасаңыз.


2. Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.
Жұғу... негізгі көзі
Зиян... әдеттер
Диагнозы анықталған... кейін
Нығайту... болады
Міндет... түрде
Науқас... ыдысын
Туберкулез... шалдыққан адам
Көбінесе өкпе... мекендеу
Еліміз... алаңдатып отыр
Кеуде қуысы... ауыруы;
Туберкулез... белгілері
Ми қабығы...зиян келтіру

Туберкулез


Туберкулез – жұқпалы ауру, бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш – микобактериясы енгенде пайда болады.Туберкулезлатын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді, қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох ашты (1882 ж.). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.Жұғудың негізгі көзі – науқас адамдар. Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.
Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін. Көптеген адамдардың иммундық қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады. Ал денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады. Адамның ішкі құрылысына енген туберкулез таяқшасы көбінесе өкпені мекендейді. Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады:
• ұзаққа созылған жөтел;
• салмақ жоғалту;
• кеуде қуысының ауыруы;
• тұрақты дене қызуы;
• түнгі уақыттағы терлеу;
• әлсіздік пайда болу;
• қан аралас қақырық түсу.
• қатты шаршау;
• тəбеттің төмендеуі.
Егер уақытылы емделмесе,мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5жыл ішінде өліп кетуі, ал қалғандары өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін. Туберкулез адам ағзасының кез келген мүшесін зақымдай алады. Бұның нәтижесінде өкпе, бронх, сүйек-буын, бүйрек және жыныс мүшелерінің туберкулезі пайда болады. Әр түрлі лимфа жолдарына, көз, ми қабығына да зиян келтіруі мүмкін. Туберкулезге шалдыққан адам диагнозы анықталғаннан кейін тез арада емделуі керек. Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеп жазуға болады.
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал,жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.
Ауруды анықтау түрі:
• манту реакциясы,
• тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру;
• қақырықты зерттеу;
• флюорография немесе рентгенография
Қазіргі кезде туберкулездіңкең таралуы бүкіл елімізді қатты алаңдатып отыр. Туберкулез ауруы анықталған адам ең басты екі мәселені – санитарлық және емдік шараларды мұқият орындап отыруы керек.
Санитарлық шараларға тазалық, жеке бастың гигиенасын сақтау жатады. Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек. Терезенің желдеткішін жиі-жиі ашып, ауасын тазартып, бөлмеде шаң-тозаң болмауына көңіл аударған жөн. Ауру жататын бөлмеге артық зат, бұйымдар, кілем ілудің қажеті жоқ. Науқастың ыдысын отбасындағылардың ыдысымен араластырмай, бөлек ұстап, қайнатып тұрған дұрыс.
Емдік шаралары аурудың сауығуын қамтамасыз етеді. Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.
Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақытында құнарлы, витаминдерге бай азық- түліктерді пайдалану керек, ұйқы мен серуендеуарқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады. Зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі, есірткіден аулақ болған жөн.Cанаторийлерде емделу өте пайдалы. Жеке бас гигиенасын сақтау және уақытында туберкулезге қарсы егулерді қабылдау керек.

3. Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.


4. Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Кох таяқшасы, туберкулез микобактериясы енгенде,сәл иіліп келген таяқшалар, денесі шынықпаған,аурушаң адам, салмақ жоғалту, қан аралас қақырық, уақытылы емделу, тез арада.

5. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.


төмпешік – бугорок, кочка
алаңдау – тревожиться

6. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдік қатарын есте сақтаңыз.


ену – кіру
үнемі – ылғи – ұдайы
мекендеу – тұрақтану – түрі
уақытылы – уақытымен–мезгілмен–дер кезінде
мүгедек – кемтар
туберкулезге шалдыққан – туберкулезбен ауырған
дәрігердің белгіленуімен – дәрігердің тағайындауымен
тез арада – жылдам – шапшаң

7. Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.


8. Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығына қорытынды жасаңыз.
9. Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп, толықтыратын үзінділерді табыңыз.
 Туберкулез – жұқпалы ауру.
 Туберкулездің белгілері.
 Туберкулезге қарсы санитарлық шаралар.
10. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын жалғаңыз.
 Инфекция жұқтырғандар... бәрі бірдей ауырмайды.
 Туберкулезбен ауырған адам... дене қызуы 37,4-37,6 градус... жоғары болады.
 Ағза... енген туберкулез таяқшасы өкпе... мекендейді.
 Туберкулез... ашық формасымен ауыратындар өзгелер... өте қауіпті.
 Адам ауырмаса да дәрігер... барып тексерілегені дұрыс.
 Туберкулез... сақтану үшін оның алдын алу керек.
 Бұл – туберкулез... қарсы егу болып табылады.
 Емдеу... ең негізгі түрі – емдік дәрілер... дұрыс пайдалану.
 Қазіргі уақытта бұл ауру ... емдеп жазуға болады.

11. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.


 Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді.
 Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны француз ғалымы Л. Пастер ашты.
 Қазақтар бұл ауруды «құрт ауруы» деп атаған.
 Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.
 Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады: құсу, аяқ-қолы тырысу, естен тану.
 Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырады.
 Егер уақытылы емделмесе, мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп қалу мүмкін.
 Туберкулездің ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады.
 Жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды.
 Қазіргі кезде туберкулезге қарсы қабылданатын аса күшті дәрілер жоқ.
12. Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады.


Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.
Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақтысында құнарлы, витаминдерге бай азық түліктерді пайдалану керек, қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру.
Денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін.
Туберкулез латын тілінде tuberculum– төмпешік дегенді білдіреді, ұйқы мен серуендеу, зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі пайдаланбау арқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады.
Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек.

13. Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма? Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз.


14.Төмендегі туберкулез ауруы бойынша науқастың жауаптары берілген. Дәрігердің сұрақтарын дайындаңыз.
– ____________________?
– Кеудем ауырады.
– ____________________?
– Иә, жөтелемін.
– ____________________?
– Қызуым 37 градустан түспейді.
– ____________________?
– Иә, жүдедім. 5-6 кг-дай салмақ жоғалттым.
– ____________________?
– Түнде жөтелемін.
– ____________________?
– Әлсіздік сезінемін. Тез шаршаймын.
– ____________________?
– Иә, қақырық түседі.
– ____________________?
– Жоқ, қан байқалмайды.
15. Науқас адам жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз(аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).
16. Өкпе сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңізжәне солармен сөйлем құрастырыңыз.
фразалық тіркестер Білдіретін мағыналары
А Өкпесі қара қазандай 1 ренжу, өкпелеу
Ә Өкпе-бауыры елжіреу 2 ентігу, алқыну
Б Қызыл өкпе болу 3 қатты ренжу.
В Өкпе арту 4 ерекше мейірім білдіру

17.Бірінші және үшініші бағандардағы сөз тіркестері мен сөздерді қазақ тіліне аударып, мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Бактерия в легких заболевшего туберкулезом человека Берлинде өткен физиологиялық қоғамның мәжілісінде «Туберкулез этиологиясы» тақырыбында баяндама жасады dust
Слабые люди яғни құрт ұялайды, өсіп-өніп, көбейеді report
Бактерия в уличной пыли около 10 дней кітап парақтарында 3 ай, науқастың киімінде 3-4 ай, суда 5 ай, ал қарда ұзақ мерзім сақталады worm
Он 24 марта 1882 года ауруға жиі шалдыққыш келеді weak

18.Берілген сөйлемдерді орыс тіліне, ал асты сызылған сөздерді ағылшын тіліне аударыңыз.

1) Сырқат адам жөтелген, түшкірген, сөйлеген, сүйіскен кезде ауру сау адамдарға жұғады.
2) БЦЖ – иммунитетті көтеретін және адам ағзасының ауруға қарсы тұруына әрекет ететін тірі вакцина.
3) Туберкулездің микробактериялары күннің көзі түспесе де бірнеше ай бойы тіршілік етеді, оларды ультрасәулелер 2-3 минутта өлтіреді, аса ыстық температурада қайнатқанда 5-15 минуттық кезеңде өледі.
4) Бойында бактерия таяқшалары болғанмен, көптеген адамдар 5 жыл бойы туберкулезбен ауырмайды.
19.Жақшадағы сөздердің қазақша баламасын жазып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.Туберкулездің (active) түрімен ауыратындар (необходимое) ем алмағандықтан айналасындағыларға (жылына10-15 адамға) жұқтырады. 2. Онда республика көлемінде туберкулезбен ауыратындарды (free) емдеу және тегін (обследование) қарастырылған. 3.БЦЖ әсіресе туберкулездің ауыр түрімен адам (организм) 15 жыл бойы (protects). 4. «Туберкулез» терминін (первые) ендірушілер – француз (scientist) Лаэннек пен неміс терапевті Шенляйн.



20. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, ой-пікіріңізбен бөлісіңіз.
1) Как передается инфекция туберкулеза?
2) Как называются возбудители туберкулеза?
3) Қандай адамдар туберкулезді тез жұқтырады?
4) Как называют болезнь «туберкулез» в народе?
5) Туберкулезді анықтаудың қандай түрлерін білесіз?
6) Какие меры можно принять,чтобы не заболеть туберкулезом?
7) Какие признаки бывают у человека, заболевшего туберкулезом?
10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )
Когнитивті – білім компетенциясы:
Тестілер:
1. Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
а) жоғары өрледі
ә) ышқына соқты
б) қысы-жазы үзілмейді
в) ілгері кетті
г) сабақ бітті
2. Туынды үстеуді көрсетіңіз.
а) былтыр барды
ә) әрең жүру
б) қазақша оқу
в) жоғары тұру
г) кеш кел
3. Қай сөйлемде мезгіл үстеу бар?
а) Қазір кәсіпорындарда дәрінің 300 түрі жасалады.
ә) Фармакология жалпы және жеке болып екіге бөлінеді.
б) Дәрілер фармацевтика зауыттарында жасалады.
в) Дәріні қажет болғанда ғана қолданыңыз.
г) ЖИТС – ғасыр дерті.
4. Мезгіл үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз.
а) Қай бағыт екенін білсе де ілгері жылжи берді.
ә) Сол кеткеннен бүгін келіп тұр.
б) Артта қалмай алға да кетпей қатар келеміз.
в) Кешігіп келгендіктен, еркін отырып сөйлесе алмадық.
г) Жоғары қараған сайын басы айнала берді.
5. Туынды үстеуді көрсетіңіз.
а) ескіше
ә) ерте
б) күз
в) тым
г) жоғары
6. Үстеудің мағыналық түрін көрсетіңіз.
а) сапалық
ә) жанама
б) мақсат
в) қатыстық
г) тура
7. Сын-бейне үстеуді көрсетіңіз.
а) етпетінен
ә) күні кеше
б) ала жаздай
в) таңертең
г) күні ертең
8. Сын бейне үстеуді табыңыз.
а) сонша тұнба жасау
ә) амалсыздан дәрі ішу
б) науқасты шалқасынан жатқызу
в) кейінге қалдыру
г) шөптен дәрі жасау
9. Негізгі үстеуді көрсетіңіз.
а) ерте
ә) артқа
б) күздей
в) жаңаша
г) таңертең
10. Туынды үстеудің жұрнақтарын көрсетіңіз.
а) -ша; -ше
ә) –дап; -деп
б) -са; -се
в) -дың; -дің
г) -ын; -ін
11. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған сөйлемді көрсетініз.
а) Әдейі сізге жолығайын деп келдім.
ә) Шақырғанда дереу жетіп барды.
б) Ол өте жақсы білсе де,жорта білмегенсіп отырды.
в) Мұнда кілең жастар отыр екен.
г) Бұл енді қасақана істегендері.
12. Күшейткіш үстеудікөрсетіңіз.
а) дереу
ә) бекерге
б) балаша
в) тым
г) амалсыздан
Операционалды – дағды компетенциясы: .
1– жаттығу.Сөйлемнен үстеулерді тауып, түріне қарай ажыратыңыз.
1.Науқастың кешке дейін дене қызуы көтерілді. 2.Аурудың белгілерін әдейі айтпады. 3.Ол жұмысқа қасақана кешігіп келді. 4.Таңертең алынған мәліметтер аурудың түрін анықтауға көмектесті.
2-жаттығу.Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататынын көрсетіңіз.
Жүрек, тіс, ішек, қуық, қолқа, саусақ, көмей, бауыр, қылтамыр, өкпе, бүйрек, асқазан, жұлын, несепағар, ми, омыртқа, ұйқы безі, жұтқыншақ, ұлтабар, ортан жілік, мұрын, сегізкөз.
Коммуникативті компетенция:
а) Лексикалық тақырып бойынша:
Қалып қойған сөздерді қойып, өзіңізді тексеріңіз.
 Пневмония көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе ____________ сырқаттардан кейін пайда болатын ______________ ауру.
 Аурудың дамуына ____________қатты тоңуы, ауыр жұмыс пен жүйкеге психикалық күш түсу, улану сияқты факторлар ______________ етеді.
 Науқастың ___________ шаншиды, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты ___________ пайда болады.
 Тексерген ___________________ тынысы қатаң болып, құрғақ кейде ылғалды _______________естіледі.
 Сырыл болған ___________________ демікпеге қарсы ____________________ қолдану қажет.
 Сауығу кезінде науқастың ___________________ жақсарып, ентігу, _______________белгісі жойылады.
 Аурудың бұл ________________ 2-3 күнге дейін созылады.
ә) Грамматикалық тақырып бойынша:
1. Үстеудің қандай түрлерін білесіз?
2. Туынды үстеу қалай жасалады?
3. Мезгіл үстеулерін атаңыз.
4. Ертең, бүрсігүні, күндіз үстеулеріне мысал келтіріңіз.

11.Негізгі әдебиеттер:


1. Доскеева Б.Ж. Медициналық қазақ тілі (жалпы медицина факультетіне арналған). Алматы, 2016 ж. 97-115 бб.
2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. А., 2001. 129-130-бб.
3. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 265-267б.
4. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 273-277- бб.
5. Доскеева Б.Ж. Жоғары оқу орындарының I курсына арналған (жалғастырушы топтар ушін). – Алматы: Ана тілі, 2000. 107-110 бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.
2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.104-108-бб.
3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.173-174-бб.

Пневмония

Балалардың тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде-пневмония елеулі орын алады.Жас сәбилерде жиі кездеседі. Жедел пневмонияның өтуін үш кезеңге бөлуге болады: басталу, меңдеу және сауығу.
Басталу кезеңінде науқас тұмауратып,түшкіреді, мұрнымен тыныс алуы қиындайды, жөтеледі. Содан соң тыныс алу сипаты өзгеріп,ол жиілей түседі.Тәбеті төмендеп, мазасызданады, ұйқысы бұзылады. Тексерген кезде тынысы қатаң болып,құрғақ кейде ылғалды сырыл естіледі. Аурудың бұл кезеңі 2-3 күнге дейін созылады. Дер кезінде емдеген жағдайда қабыну процесін асқындырмауға болады.
Содан соң аурудың меңдеуі басталады. Дене қызуы көтеріліп, 38-39 градусқа дейін жетеді. Алқынуы өршіп,терісінің түсі қуқыл тартады. Кері дем алғанда, аздап сырыл байқалады. Бұл кезең 8-10 күнге созылады, дене қызуы біртіндеп төмендейді. Сауығу кезеңінде науқастың жағдайы жақсарып, ентігу, ауа жетіспеу белгісі жойылады. Өкпедегі өзгерістер баяу болады. Жедел пневмониямен ауырған науқастарды емдеудің тиімділігі диагнозды ерте анықтап,дер кезінде ауруханаға жатқызу.
Ауруды дер кезінде ретінде рентген арқылы анықтаудың маңызы бар.Аурудың қайталануы мүмкін болғандықтан емдеуді ертерек тоқтату қауіпті. Науқасты күту, тамақтандырумен қоса антибиотиктерді және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек. Сондай-ақ физиотерапия, емдік гимнастика, массаж жасау пайдалы.
1-тапсырма. Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
Қырыл-хрип
Алқыну, ентігу-одышка
Сипат-характер
Тиімділік-эффективность
Кезең-период; стадия
Ауа жетіспеу-нехватка воздуха
Науқасты күту-уход за больным
Тексерген кезде-во время осмотра
Кері дем алғанда-при вдохе
Қатаң-жестковаты Құрғақ-сухой
Ылғалды-влажный
Елеулі-заметный
Қуқыл-бледноватый
Мендеу,өршу-прогрессировать; нарастать
Қиындау-затрудняться
Тұмаурату-грипповать
Түшкіру-чихать
Біртіндеп-постепенно
Қоса-наряду

2-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз


1. Тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру қалай аталады
2. Жедел пневмонияның өту кезеңін нешеге бөлуге болады
3. Басталу кезеңіндегі ауру белгісі қандай
4. Меңдеу кезеңіндегі ауру белгілері қандай
5. Сауығу кезеңіндегі науқая жағдайы қандай болады
6. Емдік шаралары қандай
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, көшіріп жазыңыз
Пневмония кезінде баланың .... қиындайды. Науқастың .... көтеріледі. Баланың ұйқысы .... . Бұл ауруды дер кезінде емдемесе , .... . .... түсі қуқылданады. Емдеуді ... тоқтатқан қауіпті. Өкпедегі .... баяу болады. Дене қызуы ... төмендейді. Өкпесінде ылғалды ... пайда болады. Рентген арқылы ... маңызы бар.
Керекті сөздер: сырыл, ерте, біртіндеп, өзгеріс, бұзылады, асқынып кетеді, дене қызуы, дем алуы, терісінің, диагноз қоюдың
4-тапсырма. Мәтін бойынша дәрігердің атынан науқас адам жайында хабарлама жасаңыз (аурудың аты-жөні, жасы, жынысы, ауырған уақыты, белгілері т.б.).
5-тапсырма. Төмендегі мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз?
1. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
2. Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.

Пайданылатын әдебиет:


1. Кәсіби қазақ тілі/ Қ.Қ. Нұржанова, С.Б. Иманбаева, Г.Қ. Сағатова,- Қарағанды: Қар МТУ, 2013
2. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі/ Г.Т. Тұрсынова,- Алматы 2011.
3. Қалыбекова Қ.С Кәсіби қазақ тілі/ Қ.С. Қалыбекова С.Б. Иманбаева- Қарағанды: Қар МТУ, 2013.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит)/ З.Күзекова.- Алматы: Ғылым ,2001.

Пневмония

Балалардың тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде-пневмония елеулі орын алады.Жас сәбилерде жиі кездеседі. Жедел пневмонияның өтуін үш кезеңге бөлуге болады: басталу, меңдеу және сауығу.
Басталу кезеңінде науқас тұмауратып,түшкіреді, мұрнымен тыныс алуы қиындайды, жөтеледі. Содан соң тыныс алу сипаты өзгеріп,ол жиілей түседі.Тәбеті төмендеп, мазасызданады, ұйқысы бұзылады. Тексерген кезде тынысы қатаң болып,құрғақ кейде ылғалды сырыл естіледі. Аурудың бұл кезеңі 2-3 күнге дейін созылады. Дер кезінде емдеген жағдайда қабыну процесін асқындырмауға болады.
Содан соң аурудың меңдеуі басталады. Дене қызуы көтеріліп, 38-39 градусқа дейін жетеді. Алқынуы өршіп,терісінің түсі қуқыл тартады. Кері дем алғанда, аздап сырыл байқалады. Бұл кезең 8-10 күнге созылады, дене қызуы біртіндеп төмендейді. Сауығу кезеңінде науқастың жағдайы жақсарып, ентігу, ауа жетіспеу белгісі жойылады. Өкпедегі өзгерістер баяу болады. Жедел пневмониямен ауырған науқастарды емдеудің тиімділігі диагнозды ерте анықтап,дер кезінде ауруханаға жатқызу.
Ауруды дер кезінде ретінде рентген арқылы анықтаудың маңызы бар.Аурудың қайталануы мүмкін болғандықтан емдеуді ертерек тоқтату қауіпті. Науқасты күту, тамақтандырумен қоса антибиотиктерді және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек. Сондай-ақ физиотерапия, емдік гимнастика, массаж жасау пайдалы.
1-тапсырма. Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
Қырыл-хрип
Алқыну, ентігу-одышка
Сипат-характер
Тиімділік-эффективность
Кезең-период; стадия
Ауа жетіспеу-нехватка воздуха
Науқасты күту-уход за больным
Тексерген кезде-во время осмотра
Кері дем алғанда-при вдохе
Қатаң-жестковаты Құрғақ-сухой
Ылғалды-влажный
Елеулі-заметный
Қуқыл-бледноватый
Мендеу,өршу-прогрессировать; нарастать
Қиындау-затрудняться
Тұмаурату-грипповать
Түшкіру-чихать
Біртіндеп-постепенно
Қоса-наряду

2-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз


1. Тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру қалай аталады
2. Жедел пневмонияның өту кезеңін нешеге бөлуге болады
3. Басталу кезеңіндегі ауру белгісі қандай
4. Меңдеу кезеңіндегі ауру белгілері қандай
5. Сауығу кезеңіндегі науқая жағдайы қандай болады
6. Емдік шаралары қандай
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, көшіріп жазыңыз
Пневмония кезінде баланың .... қиындайды. Науқастың .... көтеріледі. Баланың ұйқысы .... . Бұл ауруды дер кезінде емдемесе , .... . .... түсі қуқылданады. Емдеуді ... тоқтатқан қауіпті. Өкпедегі .... баяу болады. Дене қызуы ... төмендейді. Өкпесінде ылғалды ... пайда болады. Рентген арқылы ... маңызы бар.
Керекті сөздер: сырыл, ерте, біртіндеп, өзгеріс, бұзылады, асқынып кетеді, дене қызуы, дем алуы, терісінің, диагноз қоюдың
4-тапсырма. Мәтін бойынша дәрігердің атынан науқас адам жайында хабарлама жасаңыз (аурудың аты-жөні, жасы, жынысы, ауырған уақыты, белгілері т.б.).
5-тапсырма. Төмендегі мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз?
1. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
2. Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.

Пайданылатын әдебиет:


1. Кәсіби қазақ тілі/ Қ.Қ. Нұржанова, С.Б. Иманбаева, Г.Қ. Сағатова,- Қарағанды: Қар МТУ, 2013
2. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі/ Г.Т. Тұрсынова,- Алматы 2011.
3. Қалыбекова Қ.С Кәсіби қазақ тілі/ Қ.С. Қалыбекова С.Б. Иманбаева- Қарағанды: Қар МТУ, 2013.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит)/ З.Күзекова.- Алматы: Ғылым ,2001.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет