3-тақырып. Ерекше қорғалатын территориялар. Қорықтар.
Тапсырмалар. Төмендегілерді категорияларға бөле отырып картаға түсір.
Иконников жарқанаты (Ночница Иконникова). Саны аз, сирек. Батыс Алтайдың таулы аймағында таралған. Үлкенді - кішілі өзендердің жайылымдарында, жартастардың кемерлерінде мекендейді, қыстау кезінде оны оқта – текте табиғи үңгірлерде табады. Қазақстандық Алтайдың үш орнынан - Бұқтырма өзеннінің алабынан табылған. Саны және оған әсер ететін факторлар белгісіз. Марқакөл қорығында қорғалады. Бұл жарқанаттың биологиясын зерттеп, оны қорғау шараларын дайындау қажет.
Азия жалпаққұлақты жарқанаты( Азиатская широкоушка). Сирек, Қазақстанда таралу аймағының солтүстік - шығыс шетіндегі бөлігі жатыр. Республикада Іле Алатауының шығыс шетіндегі үш жерден: Бартоғай мекеніндегі тау жыныстарын алу үшін қазылған үңгір мен Қарам қыстағынығың маңындағы үңгірдің, сонымен қатар Жаркент қаласының маңындағы ергежейлі жарқанаттар колониясынан жарқанаттың биологиясын зерттеп, оны қорғау шараларын дайындау қажет.
Бобринский жарқанаты (Кожанок Бобринского). Сирек, саны аз, таралу аймағы шағын. Тұран ойпатында ( Арал өңірі ) таралған ; шөлді аймақтың терістігі мен шөлейтті аймақтың оңтүстік шетінде мекендейді. Қазақстанда жалпы саны бірнеше мың ғана; санының азаюының негізгі себептері – ескі моллалардың күйреуі және заңсыз зооколлекция жинау. Қорғау шаралары қолға алынбаған. Жарқанаттың тіршілігін зерттеп, оны қорғау шараларын дайындау.
Ақбауыр жарқанат (Белобрюхий стрелоух). Сирек кездесетін түр, Қазақстанда таралу аймағының терістіктегі ең шеткі шекарасы өтеді. Республикада екі жерде - Сырдармя Қаратауының батысындағы Ақмешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамия тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жарларды мекендейді. Саны мен оған әсер ететін факторлар белгісіз. Үстіріт қорығында қорғалады. Ақбауыр жарқанаттың биологиясын зерттеп, оны қорғау мәселесін дайындау қажет.
Кеңқұлақты жарқанат( Широкоухий сладчатогуб). Сирек, Қазақстанда таралу аймағының шеткі солтүстік - шығыс бөлігі өтеді. Батыс Тянь - Шань мен Қаратауда таралған, жатық келген шөлді тау бөктерлерін мекендейді. Үңгірлер мен қуыстарда тасалайды. Қазақстанда саны белгісіз. Шектеуші фактор – ауаның улы заттармен улануы және ауыл - шаруашылық жерлердің гербидциттермен өте күшті қанығуы. Қорғау шаралары дайындалмаған. Қаратау қорығын ұйымдастыруды тездету қажет.
Әдістемелік нұсқау: №3 тақырыптың лекциялық тезистеріне, сонымен бірге негізгі [1–5] және [1–2] қосымша әдебиеттерге қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |