Сырттай оқитын студенттердің сессияаралық кезеңдегі өзіндік жұмысына «Еңбек психологиясы» курсы бойынша бақылау жұмысын



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата23.08.2023
өлшемі53.41 Kb.
#476190
  1   2   3   4   5   6   7


Кіріспе
Сырттай оқитын студенттердің сессияаралық кезеңдегі өзіндік
жұмысына «Еңбек психологиясы» курсы бойынша бақылау жұмысын
міндетті түрде орындау кіреді. 
Мұндай жұмысты орындау үшін курстың бір тарауы бойынша
теориялық материалды толық меңгеру, сондай-ақ қазіргі еңбек
психологиясының өзекті мәселелерімен танысу тиіс.
Бақылау жұмысы сынақ кітапшасының ңөмірінің соңғы санына сәйкес
болуы керек. 
Бақылау жұмысының тақырыбы бойынша материалды түсіну үшін оқу
құралдары мен қосымша әдебиеттерден тиісті тарауларды зерделеу қажет.
Содан соң осы материалды анық, логикаға сай, дәйекті баяндау керек.
Баяндаудың анық болуы көбінесе терминологияны дұрыс пайдалануға,
логикаға сай болуы – мәселелерді сабақтастыра, түйіндердің себептік-
салдарлық байланыстарын түсіне, оларды біртұтас жүйеге келтіре отырып
қарастыруға байланысты. Ал жұмыстың негізделуіне келетін болсақ, оған
басты тұжырымдарды сенерлік дәлелдемелермен дәлелдеу арқылы қол
жеткізуге болады.
Көңіл аударарлық жайт – бақылау жұмысын рәсімдеу мәдениеті: ол
қолмен анық, тиянақты жазылуы керек. Жұмыстың көлемі орташа алғанда 24
қолжазбалы бет болуы тиіс. Әрбір бетте шет қалдырылуы тиіс. Бақылау
жұмысы титул бетімен ашылады. Жұмыстың мәтіні ұқыпты тексерілген,
қателері мұқият түзетілген түрде тапсырылуы керек. 
Бақылау жұмысын бағалағанда төмендегілер есепке алынады: 
1. мазмұнының ғылыми-теориялық деңгейі;
1. мәтінді құру икемділігі: әдеби көздермен өзіндік жұмыс істеу, бастысын
бөлу, талдау жасау, библиографиялық тізімді дұрыс рәсімдеу;
2. талдауға жеке-даралық және шығармашылық тұрғыдан қарау;
3. тақырыпты жоспарлау;
4. бақылау жұмысын дұрыс рәсімдеу және оны уақтылы тапсыру.
 
«Еңбек психологиясы» пәні бойынша бақылау жұмыстарының
тақырыптары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет