ӘОЖ 811.133.1’373:82+ Ахмедина Б.К. ф.ғ.к., доцент
811. 512.122’373:82+ Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық университетінің
Әлем тілдері кафедрасы
Астана қаласы.
ӘДІСТЕМЕ ТҮРЛЕРІН ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ҚОЛДАНУ
СИСТЕМАТИЗАЦИЯ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ МЕТОДИЧЕСКИХ ПРИЕМОВ И НОВОЙ ТЕХНОЛОГИИ В ИЗУЧЕНИИ ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА
THE SYSTEM OF USE OF METHODICAL SKILLS AND HIGH TECH IN LEARNING FOREIGN LANGUAGE
Аннотация
Мақалада француз тілін оқитын студенттер үшін ақпараттық –коммуникациялық технологияларды сабақта және сабақтан тыс уақытта жүйелі қолдану арқылы жетістіктерге жетудің жолдары қарастырылған, әдістеме түрлері мен жаңа технологияның көмегімен ізденушілердің пәнге деген қызығушылығын ояту, ақпараттық – коммуникациялық құралдарды меңгеруге мүмкіндік тудыру, танымдық қабілеттерін дамыту, өз бетімен іздену мүмкіндігін тудыру. Ал оқытушыға сабақты сапалы өткізу үшін дәстүрлі алгоритмдерді сақтау қажеттігіне мән берілген.
Түйін сөздер: Технология, модуль, алгоритм
Технология – гректің өнер, шеберлік, ғылым деген сөзінен шыққан. Яғни шеберлік туралы ғылым деген мағынаны береді. Ал технологиялық оқыту түсінігі педагогика саласында 1995 жылдан бастап пайдалана бастады. Педагогикалық технология дегеніміз – қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттеліп оқытудың жаңа мазмұнын, әдіс-амалдардың, дидактикалық талаптардың психологиялық-педагогикалық жиынтығы.
Модульдік технологияда бірінші орынға тіл үйренуші студент, оның ой жұмысының дамуы, шығармашылықпен ойлауы қойылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазақстанда оқытудың әр түрлі технологиясы жасалып, білім саласына енгізілуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологиялар таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез - келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Оқытушылардың ролінің маңыздылығын елбасымыздың жолдауындағы «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздарының қолында» деп айтуы тағы да дәлелдей түседі [1].
Модульдік оқыту - блокты оқытудың жетілдірілген түрі. Модульдік оқытуға негізделген сабақтар оқытушыларға барлық оқушыларды назардан тыс шығармауға, олардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік берсе, студенттер сабақ кезінде оқытушымен тең дәрежеде еркін сөйлесуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады, сабақ олар үшін көңілсіз күңгірттіктен айрылып, көңілді, қызықты, іс-әрекетке айналады.
Оқушы өзінің жеке интеллектін саналы түрде дамыта отырып, оқу мазмұнын жіктеп меңгереді, ал мұғалім тек ұйымдастырушы, координатор (үйлестіруші), көмек беруші, бақылаушы міндетін атқарады. Сабақ үрдісіне модульдік оқытуды біртіндеп енгізген дұрыс. Жоғары курстарда модульдік оқытуды дәрістік әдіспен ұштастырған өте тиімді. Модульге оқушылардың оқу – таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады. Мысалы, жеке, жұптасып, топтасып жұмыс істеу, оқытудың қай жүйесінде де модульді пайдаланып, оның сапасын, тиімділігін арттыруға болады.
Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі. Оқу модулі, қайта жаңғыртушы, оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. Кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Оқу модулінің ерекшілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі.
М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» [2], Ж.А. Қараевтің «Деңгейлік саралап оқыту технологиясы» [3] және тағы басқалар. Әдістемелік жұмыс -шығармашылықтың қайнар көзі. Қазіргі жаһандану уақытында ақпарат, ақпараттық үрдіс адам өмірінің құрамдас бөлігі десек, еш артық емес. Соның бір дәлелі ретінде білім беру саласын алсақ, компьютерлік техника, ғаламтор, университет ішіндегі компьютерлік желі, интерактивті тақта, проектор сияқты түрлі электронды құралдар оқу үрдісі мен тәрбиелік іс-шаралардан бөліп жаруға келмейтін бір-бірімен ұласып жатқан біртұтас дүниеге айналды. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану білім сапасын көтеруде айтарлықтай нәтиже беретіндігіне шүбә жоқ. Мысалы «Іскерлік француз тілі» пәнінде алғашқы сабақтардың бірі еліміздің елдігін танытатын:
«Мемлекеттік рәміздер» тақырыбын электронды оқулық арқылы түсіндіріп, осы тақырыпты тереңдете түсу және студенттердің қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін екі елдің рәміздерінің тарихынан бейнематериал және слайдтар дайындап француз тілінде он –он екі сөйлемнен тұратын презентация жасауды ұсынуға болады.
Ал, «Менің кәсібім» тақырыбы бойынша оқытушының бағыттауымен өздері жасаған бейнероликтер арқылы студенттер болашақ мамандықтары туралы біліп, көруге мүмкіндік алады. Сабақтың әр кезеңінде ақпараттық – коммуникациялық құралдарды қолдану, тапсырмаларды түрлендіріп беру, бақылау жұмыстары мен тест сұрақтарын беріп, бірден қорытындысын білу, жіберген қателерін сол жерде көру. Көзбен көріп, құлақпен естіп, тікелей сабаққа қатысу – осының бәрі білім сапасын көтеріп, білім алушының жауапкершілігі мен қызығушылығын арттырады.
Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды сабақта және сабақтан тыс уақытта қолдану арқылы төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
-
пәнге деген қызығушылығын ояту;
-
ақпараттық – коммуникациялық құралдарды меңгеруге мүмкіндік тудыру;
-
танымдық қабілеттерін дамыту;
-
өзбетімен іздену мүмкіндігін тудыру.
Сабақты сапалы өткізу үшін мынадай алгоритмдерді сақтау қажет:
-
сабақ жоспарын компьютерлік тапсырмалармен ойластыру;
-
сабақтың әр кезеңіне кететін уақытты алдын-ала санап мөлшерлеу;
-
сабақтың мақсатын құру(бағыттағыш мақсат, шамалас мақсат (білім берудің кішкене бөліктеріне қатысы бар яғни модульдік оқыту технологиясы бойынша), және нақты мақсат (білім берудің нақты мазмұнына қатысты), міндеттерін анықтау, сабақтың барысын жоспарлау, жаттығу жұмыстарын және олардың орындалу әдісін, қажетті құралдарды анықтау;
-
сабақтың жоспарын құру үшін қажетті аудиоматериалдарды, видеоматериалдарды, компьютерлік тапсырмаларды әзірлеу;
-
бағдарламаның дұрыс жұмыс істеуін тексеру;
Неміс философы әрі математигі Готфрид Лейбниц: «Өмірде ең өзекті жаңалықтардан да мәнді нәрсе бар, ол- соған мүмкіндік берген әдісті білу»,- деген екен [4].
Ал, әдісті таңдау және оны тиімді пайдалану – әр оқытушының өз еркінде.
Компьютерлік технология оқытушыға не береді деген сұраққа: Оқытушының әдістемелік-дидактикалық қорының жүйелі түрде жинақталуына (әр тақырыпқа байланысты мәтіндерді компьютерге салып жинақтау), соңында мониторинг (салыстырмалы талдаулар, сапалық үлгерім көрсеткіштері) өткізуге мүмкіндік береді.
Мысалы: «Менің жұмыс күнім» деген тақырыптағы папкаға зат есім, сан есім, етістіктерге, өздік етістіктерге байланысты ережелер, деңгейлік тапсырмалар (шығармашылық тапсырмалар), тестер (толықтыруды қажет ететін тестер, балама жауаптары бар тестер «ия» немесе «жоқ», таңдамалы тестер, диктант ретінде құрастырылған тест (мәтін арқылы оқып отырған жағдайда керекті сөз қойылып отырады) сөзжұмбақтар, диктанттар, видеоматериалдар, суреттер (уақыт мөлшерімен бірге) енгізіледі. Қорыта келе, біз тестілеудің бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді деп есептейміз. Әрбір оқу модулінің сағат саны әртүлі.
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі - мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алған соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай - ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды, яғни бұл технология:
-
оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
-
танымдық процестерін дамытуға;
-
оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-
тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін Томас Фуллердің «Білім – қазына, ал оның кілті – тәжірибеде» деген сөзімен түйіндеуге болады .
ӘДЕБИЕТ
1. НазарбаевН.Ә. « Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы». (Елбасының Қазақстан халқына
Жолдауы). Астана, 2006 жылғы 1 наурыз
2. М.М.Жанпейсова. Модульдік оқыту технологиясы. Ақтөбе,1999,132-б
3.Қараев Ж.А, Кобдикова Ж.У Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. Алматы 2005г.
4.В.В Соколов. Философский синтез Готфрида Лейбница. Издательство «Мысль». 1982г.
Достарыңызбен бөлісу: |