Сыздықова Г.М., ф.ғ.к., доцент
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Қазақстан халқының полиэтникалық және мультимәдени құрамының қалыптасу мәселелері
В этой статье рассматриваются особенности формирования полиэтнического и мультикультурного состава народа Казахстана
In this article discusses the futures of formation of poly ethic and multi-cultural composition of the Peoples of Kazakhstan
Бүгінгі Қазақстан әлемнің ең бір полиэтникалық аймағы болып саналады. Республикада 120-дан астам ұлттың өкілдері өмір сүреді. Сарапшылар былай деп атап көрсетеді: »Ученые, которые занимаются изучением этнического состава населения Республики Казахстан признают нашу страну уникальной. Среди стран Евразийского контиента нашу республику по уровню полиэтничности сравнивают только с Индией и Российской Федерацией. Однако и от этих стран мы достаточно сильно отличаемся. ..В Казахстане уровень полиэтничности остается высоким на всей территории страны» [1].
Қазіргі таңда Қазақстанда бұл мәселенің тек ғылыми ғана емес, қоғамдық - саяси да маңызы зор, өйткені «невозможность построения мононационального, монокультурного, монорелигиозного общества на современном этапе развития казахстанского общества и, соответственно, необходимость совместного проживания представителей многочисленных этносов предполагает изучение самых различных аспектов положения различных народов, в том числе, истории их появления и формирования, особенностей пребывания, причин эмиграции и реэмиграции» [2]. Елбасы да бұл мәселеге ерекше назар аударып отыр, Қазақстан халықтарының ХYІ ассамблеясында сөйлеген сөзінде ел президенті былай деген еді: «Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру мекемелерінде – балалар бақшасынан бастап жоо-ларға дейін – Қазақстандағы этносаралық қатынастардың тарихы туралы, патриотизм туралы арнайы бағдарламаларды жасап, енгізу керек. Қазақстандағы көпэтносты қоғамның қалыптасу тарихын жазу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет» [3].
Қазақстан халқының полиэтникалық, соның нәтижесінде мультимәдени құрамының қалыптасуының терең тарихи тамырлары бар. Қазақстан халқының полиэтникалық құрамы табиғи қалыптасқан этностардың негізінде емес, басынушылықпен, тіпті әртүрлі халықтарды ел территориясына күштеп қоныстандырудың нәтижесінде қалыптасқан.
Қазақстанның алдымен Ресей империясының, одан соң Кеңестер Одағының құрамына енуі, оның территориясының интенсивті түрде отарлануы кең көлемді әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени және өркениеттік өзгерулерге және миграциялық ағындардың күшеюіне алып келді. Бұл жағдай ХХ ғасырдың басында өлкедегі этномәдени жағдайды түбегейлі өзгертті және халықтың көпұлтты құрамының қалыптасуына жағдай жасады. ХХ ғасыр ішінде Қазақстан оқшауланған шеткі аймақтан Еуразияның барынша көпұлтты және мультимәдени аймағына айналды.
Қазақстан халқының көпұлтты және мультимәдени құрамының қалыптасу тарихын шартты түрде ірі екі дәуірге бөліп қарастыруға болады:
1. Қазақстан территориясын отарлау кезеңіндегі миграциялық процестер (ХYІІІ ғасыр –ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы).
2. Кеңестік дәуір кезеңіндегі миграциялық процестер (ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы – ХХ ғасыр).
Алғашқы дәуірдің өзінде миграциялық процестер бірнеше кезеңдермен жүрді. ХYІІІ ғасырдың басы мен ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресейдің сыртқы шекарасы Орал, Есіл, Тобыл және Жоғары Ертістің бойына жетті және бұл жерлерді казактар мен орыс шаруаларының қоныстануы басталды. Орынбор, Орал, Сібір сияқты ірі казак әскерлері пайда болып, олар алғашқыда бекіністерде орналасқанымен, кейін жер үлестерін алып, саны жағынан барынша көбейді. Алғашқы геостратегиялық және әскери бекіністердің салынуы қазақ жеріне еуропалық халықтардың кең аграрлық миграциясын тудырды. Көрсетілген аралықта әскери - әкімшілік және өкімет ынталандырған халықтың қоныстану нәтижесінде Қазақстанның солтүстік – батыс, солтүстік және шығысында славян тұрақтары пайда болады. Бұнымен қатар кейбір транзиттік сауда жолдарының қиылысында орналасқан бекініс, форпост, кеден пункттеріне жақын жерлерде татар слободалары мен елді мекендері орналаса бастады.
Қазақ жерлерін өзге этникалық ұлттардың қоныстануы 1824 -1860 жылдар аралығында Ресей билігінің Қазақстанның Орталық, Оңтүстік – Шығыс, Оңтүстік және Шығысындағы далалы, жартылай шөлейт аймақтарына таралуымен байланысты жүрді. Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуымен Ресей империясының басқару органдары қазақ даласына тереңдеп енді және аталған аймақтарға үлкен емес еуропалық этникалық топтардың шоғырлануын тудырды. Деректерге сүйенсек, « к началу 70-х гг. ХІХ в. славянское население составляло всего 8,25 % общей численности населения Казахстана. Наибольшее его количество концентрировалось в это время в Акмолинской (24,9 %) и Уральской (24,2 %) областях, где удельный вес русских достигал около четверти населения. В Семипалатинской области их удельный вес составлял 9,1 %, в Семиреченской – 4,6 %, а в Тургайской и Сырдариньской областях – менее 1 %» [4].
Қазақ жерін қоныстанудың келесі кезеңі 1861 жылғы крепостниктік правоның жойылуымен және Ресейдің Цин империясына қатысты саясатымен байланысты келеді. Нәтижесінде ХІХ ғасырдың 70-90 жылдары Ресейдің қоластына Каспий маңы мен бүкіл Зайсан шұңқырының өтеді және бұл территорияларда Ресейдің еуропалық бөлігі мен Сібірден келген қоныс аударушылардың алғашқы топтары пайда болады. Сондай-ақ, бұл аралықта Жетісуға дүнгендер мен ұйғыр этностарын қоныстандыру процесі жүрді. Оның мәнін тарихшылар былай деп түсіндіреді: «Переселение таранчей и дунган в соседнее Семиречье началось осенью 1881 г. и продолжалось до 1884 г. Царское правительство переселением таранчей и дунган стремилось ослабить экономическое позиции Китая в Кульджинском крае и усилить влияние на границах Китая. Оно рассчитывало также на использование таранчей и дунган в случае осложнения на китайской границе как военной силы, способной действовать против Китая» [4. 220]. Ұйғырлар мен дұнғандар тұтас деревняларымен көшіп келді, қоныстанушылардан жаңа 5 болыс құрылды. Олардың саны жылдам өсіп, 1897 жылғы санақ бойынша ұйғырлар – 55815 адамға, ал дұнғандар -15276 мың адамға дейін көбейген.
ХХ ғасырдың басында шаруаларды ұлттық шеткері аймақтарға қоныс аудару саясаты жалпыресейлік көлемге ие болды және ол Столыпиннің аграрлық реформасынан (1906-1912 жж.) айқын көрінді. Мемлекет тарапынан миграцияға барынша қолдау көрсету өз нәтижесін берді. Тек 1870 – 1914 жылдар арасында Қазақстанның территориясына 1,5 млн. шаруа қоныс аударған [5]. Бұл реформа нәтижесінде қазақ халқынан 40 млн. десятинадай жер тартып алынып, қоныс аударушыларға берілген.
Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың этникалық құрамы да ала-құла болды, әртүрлі кезеңде бұнда орыс, украина, татар, неміс, мордва, поляк, болгар, эстон, белорустар, т,б. қоныс аударған еді. Бастан қоныс аудару полиэтникалық сипатта жүрді, моноэтникалық қоныс аудару қалаулы болғанымен, мүмкін болған жағдайда ол сақталғанымен, шешуші сөзді қоныс аудару әкімшілігі айтты, ал өз еркінше қоныс аударуда бос жерлер мен бұрыннан тұрып жатқандарға жанаса орналасу ниеті өз ролін атқарды.
Қазақстан халқының этникалық құрылымының қалыптасуын қарастырғанда саяси жер аудару және әскери тұтқындар сияқты құбылысты да назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Қазіргі қазақ жерінде әртүрлі уақыттарда поляк көтерілісінің, халықшылдық қозғалысының қатысушылары, социал-демократтар өмір сүрді. Далалық және Түркістан генерал – губернаторлығы жерлерінде Үштік Одақтың тұтқындағы солдаттары болды. Олардың қатарында румын, серб, болгар, чех, поляк, италияндықтар, словактар аты аталады. Саяси жер аударылғандар мен әскери тұтқындар, әрине диаспораның қалыптасуында маңызды роль атқара қойған жоқ, бірақ олар өз кезегінде аймақтың халқының құрамына этникалық ала – құлалықты қосып берді.
Сөйтіп, екі ғасыр аралығында Ресей империясының отарлық саясаты нәтижесінде Қазақстан территориясында ХХ ғасырдың басында халықтың күрделі мультимәдени, полиэтникалық, поликонфессионалдық құрылымы қалыптасады. Бұл кезеңде көшпелі қазақтардың санының үстем болуына қарамастан (3,6 млн), сол кездің өзінде қазақ жерінде орыс, украин қоныс аударушыларының үлес салмағының өсу тенденциясы анық байқалды. Бекмаханованың есептеуінше, бұл кезде қазақ даласында орыс және украиндықтар саны – 1,5 млн. адамға жетсе (барлық халықтың 28,5 % - ы), татарлар саны 93 мың адамға (1,7 % ), немістер – 38,5 – 39 мың адамға (0,7 % ), мордвалар саны 24,6 мың адамға (0,3 % төңірегінде) жеткен [6]. Бұл халықтардан басқа көрсетілген уақытта Қазақстанда ұйғыр, дүнген, поляк, кейбір басқа ұлттардың ірі диаспорасы пайда болып, олар көп жағдайда далалық, кейде Түркістан өлкесінің солтүстік уездерінде орналасты.
Екінші дәуірде Қазақстан халқының құрамының одан әрі өзгеруі Кеңес өкіметінің жүргізген тоталитарлық саясатына тікелей байланысты болды. 1925 жылға дейін бірқатар республикалар, соның ішінде Қазақстан халықты жоспарлы қоныстандыру үшін ресми түрде жабық болды. Жоспарлы қоныстану 1928 жылғы 18 қаңтардағы өкіметтің « Қоныстану міндеттері туралы, оны ұйымдастыру, қоныс аудару шараларын қаржыландыру тәртібі туралы» атты қаулысымен қайта басталды.
30-шы жылдары КСРО-ның шығыс аудандарында өнеркәсіп пен азық - түлік базасының кеңеюімен, күн тәртібінде Батыстан Шығысқа қарай еңбек ресурстарын орналастыру талабы пайда болды. Аштық жылдарынан кейінгі Қазақстандағы жағдай еңбекке қабілетті халықты көп қажет етті, өйткені өңделетін жер үлкен, астық жинауға ел үлгермей жатты. Осының салдарынан қайта миграциялық ағын өсіп, оның нәтижесі Қазақстанда жергілікті халықтың санының кемуіне, керісінше «еуропалық» халық санының өсуіне алып келді. Екінші жағынан, кулактарды тап ретінде жою саясатына байланысты қоныс аудару басталады, қазақ жері жер айдалған кулактармен толықты, деректерге сүйенсек, олардың саны аталған мерзімде 50 мың отбасыны құраған.
30-шы жылдардың екінші жартысында Кеңес Одағында адамдарды этникалық белгісі бойынша күштеп қоныстандыру науқаны басталды. Соның нәтижесінде, Қазақстан халқының құрамы поляктар мен корейлермен, азербайжан, күрді, түрік, армян халықтарымен толығады. Нәтижесінде, 1939 жылы республикада қазақтардың үлес салмағы 36,4 пайызды, орыстар – 41,2 пайызды, украиндар – 10,6 пайызды, ал басқа халықтардың үлес салмағы -10,3 пайызды құраған екен [7].
1940 жылы Қазақстанның жері көп аймақтарына басқа жақтан шарушылықтарды көшіріп әкелу туралы шешім қабылданады, нәтижесінде 1941 жылдың соңында қоныс аударылып әкелінген шарушылықтардың саны - 24.289-ға жетеді. 1943-1944 жылдары Қазақстанға қалмақ, ингуш, қарашай, балкар, қырым татарлары, болгар, түрік - месхетин, күрді, азербайжан халықтары жер аударылады. Бұл саясаттың одан әрі жүргізілуі салдарынан Қазақстанға немістер мен поляктардың, қырым татарлары мен қарашайлардың, балкарларды депортациялау тоқтамады.
Қазақстанды басып өткен көпжақты, әртүрлі бағыттағы және синхронды емес миграцациялық ағын барлық бағытта : ауылдан қалаға, солтүстіктен оңтүстікке, батысқа қарай жүріп, барлық халықтар мен этностарды қамтыды және 30-шы жылдардан бастап халықтың табиғи қозғалысын бұзып, одан үстем болды. Қоныс аударудың басым көпшілігі мәжбүрлік сипатта болды және ол тоталитарлық мемлекеттің өктем саясатымен бағытталып отырды.
1951-1960 жылдар Қазақстанның көпұлтты, мультимәдени құрамының қалыптасу тарихында ерекше орынды алады. Тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстан халқының санын көбейтіп ғана қойған жоқ, оның құрамының бүтіндей сапалық өзгеруіне алып келді, «в 1954-1962 гг. в Казахстан прибыло около 2 млн. переселенцев, главным образом мигрантов славянского происхождения» [8 ]. Нәтижесінде, орыс, украин, неміс халқының саны көбейіп, қазақтардың саны кеміді. Соның ішінде, орыс халқының үлесі республикада ең көп санды халыққа айналып, барлық халықтың 42,7 пайызын құрады, ал, салыстырмалы түрде көрсетіп өтсек, қазақтардың үлесі 30,00 пайызды құрады. Қазақ жеріне миграциялық ағын тек 60-шы жылдардың басынан бастап бәсейді.
Тұрғылықты этнос – қазақ халқына көптеген ғасырлар бойы өз тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күресуіне тура келді. Қазақ халқы уақыт сынына төтеп бере алған бай, күрделі тарихты басынан кешірді. Соған қарамастан, ол үшін басты нәрсе – басқа халықтармен тату көршілікте және келісімде, бейбішілікте өмір сүруге ұмтылу болып отыр. Қазақ халқының менталитетінің негізгі ерекшелігінің бірі басқа халықтардың мәдениетіне, дініне, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарына құрметпен қарау атадан балаға дәстүрлі жалғасын тауып келеді.
Сөз соңында айтарымыз, аталып өткен үш ғасыр ішіндегі түрлі сипаттағы қоныс аударулар Қазақстан халқының көпұлтты, көпконфессионалды, мультмәдени құрамын қалыптастырып, аймақ халқының мәдениетаралық өзара әрекетінің ерекше сипатын және оның болашақтағы дамуының басым тенденцияларын айқындап берді. Бүгінгі күнде Қазақстанда этномәдени әралуандылықты қоғамдық дамудың позитивті факторына айналдырудың барлық алғышарттары бар. Тек, Қазақстан Республикасы Президентінің атап көрсеткеніндей, «Бұл баршаға және әркімге қажет Қазақстан халқының этностық және мәдени саналуандығы мен төлтумалығын сақтауға байланысты жаңа қадамдар іздеген жөн» [9].
Әдебиеттер:
1 Мармонтова Т.В. Межэтнические отношения в республике Казахстана. -Государство и социум. //http: //contur.kz/.
2 Подопригора Ю.И. Этнический и конфессиональный состав немцев Павлодарского Прииртышья в XX - начале XXI века. //Автореферат дисс. на соискание уч. степени к.и.н. -Омск, 2009.- с.4.
3 Назарбаев Н.А. “Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік”». Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты //http: //www.akorda.kz.
4 История Казахстана: народы и культуры:Учебн. пособие /Масанов Н.Э. и др. –Алматы, 2001. – с.214.
5 Алексеенко Н.В., Алексеенко А.Н. Население Казахстана за 100 лет (1897 – 1997гг.) – Усть – Каменогорск, 1999. –с. 26.
6 Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма (60-е годы ХІХ в. – 1971г.). – М., 1986. – с.172.
7 Всесоюзная перепись населения 1939 г.//ЦГАРФ. Ф.1562, п. 336, д.388-402.
8 Аманова А.С. Социально – культурное развитие диаспор Северо – восточного Казахстана в 1937- 2005гг. (на материалах Павлодарской области). //Автореферат дисс. на соискание уч. степени к.и.н. – Караганда, 2009. – с.13.
9 Назарбаев Н.А. “Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік”». Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты //http: //www.akorda.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |