Сызықытық программалау Модель ұғымы. Модельдеудің түрлері



бет1/7
Дата13.04.2023
өлшемі349.97 Kb.
#472216
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7
12 13 лек сыз программалау


Сызықытық программалау
1. Модель ұғымы. Модельдеудің түрлері

«Модель» ұғымының бір-бірінен айырмашылығы бар көптеген анықтамалар кездеседі. Әйтсе де, бұл ұғым көпшілігімізге белгілі. Мысалы, ойыншық тік ұшақ, немесе балалық кезде қағаздан жасайтын көгершін моделі деп қарастыруға болады. Мектеп курсындағы математика, физика сабақтарында қолданылатын формулалар - математикалық модель болып табылады. Жалпы модель деп нысанды қандайда бір тілдің көмегімен жуықтап жаңадан жасайтын осы нысанның шартты бейнесі түсініледі, ал модельді құру үрдісі модельдеу деп аталады.


Модельдеу бұл – нақты өмірдегі үрдістерді және құбылыстарды үйренудің әмбебап тәсілі. Оның ерекше мәні тікелей бақылау және зерттеу мүмкіндігі болмаған жағдайдағы нысандарды оқып білуде болып табылады. Дербес жағдайда, оған әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістерді жатқызуға болады.
Модельдеудің вербальды, геометриялық, физикалық және ақпараттық және т.б. түрлері кездеседі.
Вербальды модельдеу – сөйлеу тілді пайдалану негізіндегі модельдеу.
Геометриялық модельдеу макеттік немесе нысандық модельдерде жүзеге асырылады. Бұл модельдер нысанға кеңістіктік форманы, пропорцияны т.т. береді.
Физикалық модельдеу түпнұсқада пайда болатын физикалық-химиялық, технологиялық, биологиялық үрдістерді оқып білу үшін қолданылады.
Ақпараттық модельдеу - ғылымның барлық саласында іргелі маңызы бар.
Кез келген нысанды, қозғалыстың кез келген формасын зерттеу оның сапалық заңдылығымен қатар, математикада оқылатын сандық заңдылықтарын да ашады. Ал бұл болса, айтылғандардың экономикаға қатысты екенін білдіреді.
2. Экономикалық-математикалық модельдер

Математикалық символдардың және операциялардың көмегімен құрылған абстрактілік сұлба жүйенің (өндірістік, экономикалық, қаржылық және т.б.) математикалық моделі деп аталады.


Математикалық модельді құру үрдісі математикалық модельдеу деп аталады. Математикалық модельдеу келесі сұрақтарға жауап береді:
1. пәндік саланы сипаттайды және кіріс мәліметтерін анықтайды;
2. есептерді шешу үрдісінде талап етілетін мәндерді қабылдайтын шығыс айнымалыларын анықтайды;
3. жүйенің ішкі мүмкіндіктері мен әсер етудің сыртқы факторларына негізделген айнымалыларға шектеулер қойылады;
4. барлық мүмкін болатын айнымалылар мәндерінің арасынан есептің мақсатына жетуге сәйкес келетіндей есептің мақсатын қою керек
Экономикалық-математикалық модель – зерттелетін экономикалық үрдістің (нысанның) математикалық сипатталуы. Бұл модель математикалық қатынастардың көмегімен абстрактілі түрде экономикалық үрдістің заңдылығын өрнектейді.
Экономикалық нысандарды сипаттайтын параметрлер модельде не белгілі, не белгісіз шамалар ретінде беріледі. Белгілі шамалар модельден тыс есептеледі де оған дайын түрінде енгізіледі, сондықтан оларды экзогенді деп атайды. Модельді шешу нәтижесінде анықталатын шамалар эндогенді деп аталады.
Экономикалық-математикалық модельдеудің үш кезеңін ерекше бөліп қарастыруға болады:
1-кезең. Зерттеу есебінің мақсаты қойылады; экономикалық модель түрінде объектіні сапалы сипаттау жүргізіледі.
2-кезең. Зерттелетін объектінің математикалық моделі құрылады; зерттеу әдістеріне таңдау (немесе арнайы әдіс жазылады) жүргізіледі; модельді ЭЕМ-да жүзеге асыру мақсатында программалайды, бастапқы деректер дайындалады.
3-кезең. Математикалық модельге талдау жүргізіледі; алынған нәтижелер өңделінеді және талдау жүргізіледі.
Экономикалық-математикалық модельдерді әр түрлі белгілер бойынша келесі түрде топтастырылады:
Мақсаттық тағайындалу белгісі бойынша теориялық және қолданбалы модельдер болып бөлінеді.
Теориялық модельдер қарастырылатын экономикалық жүйелердің жалпы заңдылықтары мен қасиеттерін оқып білуге арналған.
Қолданбалы модельдер нақты экономикалық нысандардың қызмет атқаратындай параметрлерін анықтау мен бағалауға және шаруашылық практикалық шешімдерді қабылдау үшін ұсыныстарды дұрыстап қабылдауға мүмкіндік береді.
Зерттелетін экономикалық нысанның масштаб (шамалар) белгісі бойынша модельдер макроэкономикалық және микроэкономикалық болып бөлінеді.
Макроэкономикалық модельдер ірілендірілген материалдық-заттық және қаржы көрсеткіштерін: жалпы ұлттық өнімді, ұлттық табысты, біріктірілген сұранысты, біріктірілген тұтынуды, инвестицияларды, бос емес болуды, инфляция пайыздық мөлшерді, ақша санын және т.б. өзара байланыстыра отырып мемлекеттің экономикасын біртұтас ретінде сипаттайды
Микроэкономикалық модельдер экономиканың құрылымдық және функциональдық құраушыларының не кейбір құраушылардың (сала, аймақ, фирма, тұтынушы және т.б.) шаруашылық ретінің өзара әрекетін сипаттайды.
Уақытқа тәуелді сипатының белгісі бойынша статикалық және динамикалық модельдер болып бөлінеді.
Статикалық модельдер – барлық параметрлердің мәндерін уақыттың бір квантына (мезгілге немесе аралыққа) жатқызатын модельдер.
Динамикалық модельдер – уақытқа қатысты параметрлері өзгеретін модельдер.
Уақытты бейнелеу тәсілінің белгісі бойынша үзіліссіз және дискретті модельдер болып бөлінеді.
Үзіліссіз модельдер – уақыт үзіліссіз фактор ретінде қарастырылатын модельдер.
Дискретті модельдер – уақыт квантталған модельдер.
Себеп-салдарды бейнелеу сипаты бойынша детерминирленген және теориялық-ойындық модельдер болып бөлінеді.
Детерминирленген модельдер – қатаң функциональды байланыстармен берілген модельдер.
Стохастикалық модельдер – зерттелетін көрсеткіштерге кездейсоқ әсердің болуы мүмкін және ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың ортасын пайдалануға болатын модельдер.
Теориялық-ойындық модельдер стохастикалық дәрежеге қарағанда анықталмағандық дәрежесі жоғары факторлардың әсерін ескереді.
Модельдеу кезінде қолданылатын математикалық инструменттер бойынша топтастырылады.
Экономикалық зерттеулерде теориялық және практикалық қосымшалар ретінде кеңінен таратылған және тиімді математикалық әдістер: дифференциалдық есептеулер, математикалық статистика, сызықтық алгебра, математикалық программалау, графтар теориясы, ықтималдықтар теориясы және ойындар теориясы.
Экономикалық-математикалық модельдерді құру алгоритмі.

  1. Зерттеу нысаны анықталады: мемлекеттің, саланың, мекеменің, цехтың, зауыттың, қандайда бір әлеуметтік-экономикалық үрдістің, технологиялық экономикалық үрдістің және т.б.

  2. Зерттеу мақсаты дайындалады.

  3. Қарастырылатын экономикалық нысанда құрылымдық және функционалдық элементтері көрсетіледі және қойылған мақсатқа жетуге әсер ететін осы элементтердің маңыздырақ сапалы сипаттамалары ерекшеленеді.

  4. Экономикалық нысанның сипаттамасын ескеру үшін символдық белгілеулер енгізіледі. Олардың қайсысы эндогенді ретінде, қайсысы экзогенді ретінде; қайсысы тәуелді шамалар ретінде, қайсылары тәуелсіз шамалар ретінде; қайсылары белгісіз (ізделінді) ретінде, қайсылары белгілі ретінде қарастырылатыны анықталады.

  5. Модельдердің белгілі бір параметрлерінің арасындағы өзара байланыстар құрылады, яғни экономикалық-математикалық модель құрылады.

  6. Модель бойынша есептеулер жүргізіледі және олардың нәтижелеріне талдау жүргізіледі.

  7. Егер модельденетін үрдістің немесе құбылыстың бейнесінің барабар еместігінің тұрғысынан алғанда нәтижелер қанағаттандырылмаса, онда алдыңғы қадамдардың біріне қайтадан оралып, үрдісті қайтадан жалғастыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет