Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 қарашада № 21572 болып тіркелді. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 87-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен кезеңділігі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына 1-қосымша
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.11.2022 № ҚР ДСМ-146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ п/п
Мақсатты топ
Скринингтік зерттеулердің түрі
1
Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен, қант диабетімен, глаукомамен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға
2
Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер
Жатыр мойны обырын ерте анықтауға
3
Скринингтік зерттеулерден өтетін, сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер
Скринингтік зерттеулерден өтетін, тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмайтын 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер
Колоректальды обырды ерте анықтауға
5
Тәуекел топтары: 1) медицина қызметкерлері: - Қанды қайта өңдеуге қатысатын инвазивтік емшаралар жүргізетін; гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары ; - хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндерде, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазиялық әдістерін жүргізетін; - клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханаларда; 2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін пациенттер; 3) гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға (2 кезеңдік)
6
Тәуекел топтары: 1) медицина қызметкерлері: - Қанды қайта өңдеуге қатысатын инвазивтік емшаралар жүргізетін; гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары ; ; - хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндерде, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазиялық әдістерін жүргізетін; - клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханаларда; 2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін пациенттер; 3) гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға (1 сатылы)