Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы



бет1/4
Дата10.09.2024
өлшемі32.15 Kb.
#503537
  1   2   3   4
v2000021572.09-06-2023.kaz СКРИНИНГ №174 2020






Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 қарашада № 21572 болып тіркелді.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 87-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


1. Мыналар:


1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары;


2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен кезеңділігі бекітілсін.


2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:


1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;


2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;


3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.


4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің
міндеттерін атқарушы




А. Ғиният




Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 30 қазандағы
№ ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына
1-қосымша

Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.11.2022 № ҚР ДСМ-146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



№ п/п



Мақсатты топ



Скринингтік зерттеулердің түрі



1



Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен, қант диабетімен, глаукомамен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер



Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға



2



Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер



Жатыр мойны обырын ерте анықтауға



3



Скринингтік зерттеулерден өтетін, сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер



Сүт безі обырын ерте анықтауға



4



Скринингтік зерттеулерден өтетін, тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмайтын 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер



Колоректальды обырды ерте анықтауға



5



Тәуекел топтары:


1) медицина қызметкерлері:


- Қанды қайта өңдеуге қатысатын инвазивтік емшаралар жүргізетін; гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары ;


- хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндерде, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазиялық әдістерін жүргізетін;


- клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханаларда;


2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін пациенттер;


3) гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;



В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға (2 кезеңдік)



6



Тәуекел топтары:


1) медицина қызметкерлері:


- Қанды қайта өңдеуге қатысатын инвазивтік емшаралар жүргізетін; гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары ; ;


- хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндерде, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазиялық әдістерін жүргізетін;


- клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханаларда;


2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін пациенттер;


3) гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;



В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға (1 сатылы)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет