Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы (1945-1950 жылдардың соңы). Отарлық жүйенің құлауы жоспар



Дата13.06.2016
өлшемі292.58 Kb.
#133015
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы (1945-1950 жылдардың соңы). Отарлық жүйенің құлауы
ЖОСПАР
1. Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп
2. Жаңа тарпаттағы халықаралық қатынастардың орнығуы
3. Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы
4. Отарлық жүйенің құлауы

Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп
Қырым конференциясы. БҰҰ-ның құрылуы, одақтастардың қимылдарының жемістері мен фашистік блоктың күйреуі Германияның жақын арада жеңілісін білдірді. Оның толығымен күйреуін жүзеге асыру жөнінде және босатылған Еуропадағы саясат жөнінде шешімдер шығару үшін, Сталин, Рузвельт және Черчилль 1945 жылы ақпанда Ялтада конференцияда ұйымдастырылды. Алдарына қойған мақсаттарға жету үшін олар Германияны оккупациялауды шешті. Әрбір үш держава (сонымен бірге Франция) үшін оккупациялауға тиесілі территориялар белгіленді. Қырым конференциясы барысында Сталин, Рузвельт және Черчилль құпия келісім жасасты: Кеңестер Одағы Еуропадағы соғыс қимылдардың аяқталасымен 2-3 айдан кейін Жапониямен соғысқа қатысуға уәде берді. Сонымен бірге Моңғол Халық Республикасының сол қалпында қалуын, КСРО-ге Оңтүстік Сахалин және Курил аралдарын беруді және Порт-Артурда кеңестік әскери базаны құру (Қытай) талаптарын орындаған жағдайларда ғана жүзеге асуы мүмкін болды. Қырым конференциясының жұмыс барысында жалпы халықаралық ұйымын құру мәселесіне үлкен көңіл бөлді. Ол ұйым негізінен дүниедегі тыныштық пен бейбітшілік орнатуға қажет болды, кейін ол Біріккен Ұлттар Ұйымы атауын алды. Үш ірі державалардың басшылары БҰҰ-ның қағидаларының жобасына келісті, онда ең қажетті жағдайлар қарастырылды: негізгі мәселелерді шешуді бірауыздылық заңы жұмыс істеді, яғни олардың әрбіреуі вето заңын иеленді. Бұдан кейін 1945 жылы 25 сәуірде, яғни кеңестік және американдық әскерлерінің Германия территориясында біріккен күні, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында конференция ашылды. Бұл халықаралық тарихтағы бірден-бір ірі конференция болып табылады. Оның негізгі міндеті - бейбітшілікті сақтауға арналған халықаралық ұйым құру болды. Сан-Францискодағы конференцияны Германиямен соғыстың аяқталмас бұрын шақырылуының өзі одақтастардың арасындағы жаңа халықаралық ұйымды құрудағы негізгі мәселелердің шешімін тапқандығын білдірсе керек. Бұл конференцияда 1942 жылдың 1 қаңтарында Біріккен Ұлттар Декларациясына қол қойған мемлекеттердің барлығы қатысты. КСРО, АҚШ, Англия және Қытай атынан конференцияға шақыру жіберілді, олардың арасында 19 мемлекет латынамерикандық, 4 мемлекет британ доминиондары болды. Ал бейтарап саясатын ұстанған елдер (Эйре, Исландия, Португалия, Швеция), сол тұста Германия мен Жапония оккупацияланған елдер, Дания (оккупанттардан босатылғаннан кейін дат басшылығы да конференцияға шақырылды), Австрия және Тан (Сиам) конференцияға қатыспады. Сонымен қатар ағылшын және американ басшылығының арасындағы қарама-қайшылықтардың салдарынан кейбір елдердің басшылықтарын АҚШ және Англияның мойындамағандығынан (Албания, Польша, Моңғол Халық Республика-сы) олар да қатыспады.
Кеңестер делегациясының іс-әрекеттерінің арқасында конференцияға Украина мен Белоруссия өкілдері қатысуына қолдары жетті. Сонымен бірге кезінде Германия мен Жапонияның одақтастары болған, бірак соғыс барысында оларға қарсы шығып, соғыс жариялаған: Италия, Румыния, Болгария, Венгрия және Финляндия да конференцияға шақырылмады. Конференция барысында Аргентинаға қатысуға, мүше болуға мүмкіндік берілді. Барлығы конференцияға 50 ел қатысты. Конференцияның төрағалары ретінде шақырушы төрт делегацияларының басшылары болып тағайындалды: КСРО( В.М.Молотов), АҚШ( Э.Стеттиниус), Англия(А.Иден) және Қытай (Сун Цзывень).
Конференцияның негізгі және де жалғыз қарастыруға тиіс мәселесі -БҰҰ-ның жарғысының құрастырылуы болған еді. Сонымен оның жұмысының барысында 4 комиссия құрылды: бірінші комиссия - жалпы жағдайлар бойынша, ол негізгі «Мақсат және принциптерін», «Мүшелік және негізгі ұйымдарын» қарастырады, екіншісі мәселелерін және төртіншісі (заңдық) - халықаралық сот және басқада заңдық мәселелерді қарастырады. Көптеген мәселелерді қарастырып, 1945 жылы 26 маусымда БҰҰ-ның Жарғысын қабылдаумен конференция өз қызметін аяқтады. Потсдам конференциясы, 1945 жылдың 4 - шілдесінде Берлин маңындағы Цецилиенхоф сарайында үш державалардың (КСРО, АҚШ және ¥лыбритания) үкімет басшыларының жаңа конференциясы ашылды.
Конференцияға КСРО-ның Халкомсовының өкілі И.В.Сталин, АҚШ президенті Г.Трумен, Ұлыбритания премьер-министрі У.Черчилль (оны 28шілде күнінен бас-тап жаңа сайлауда жеңген үкіметінің басшысы К. Этлли ауыстырды), үш елдің сыртқы істер министрлері, штаб басшылары қатысты. Потсдам конференциясы Еу-ропада соғыс қорытындысын, негізінен Германияны толық қарусыздандыру, соғыс қаруларын шығаратын өндіріс орындарын толық жою шараларын белгіледі. Конференцияның қаулылары нацистік мемлекетті жоюға бағытталды. Елдің саяси құрылысын демократиялық жолмен қайта құру. Германия милитаризм мен фашизмін жою, ұлтшыл - социалистер партиясын тарату, Германия монополистік бірлестіктерін жою принциптері белгіленді. Берлин жөнінен халықаралық құқықтық деңгейі қабылданды. Бұл конференцияның шешімдері Германияның бейбіт демократиялық мемлекет болып дамуына жол ашты. Конференция соғыстан кейінгі кейбір территориялық мәселелерді де шешкен еді. Кеңестер Одағына Кенигсберг (қазіргі Калининград) қаласын және оның төңірегіндегі аудан берілді. Бұрын фашистік Германия тартып алган Польша жерлері өзіне қайтарылды. Польша мен Германияның жаңа шекарасы белгіленді. Ол шекара Балтық теңізінен Одер және Нейсе өзендерінін бойымен Чехословакияға дейін жүретін болды. Потсдам конференциясына қатысушы үш мемлекет Финляндия, Румыния, Болгария және Венгрия елдерімен дипломатиялық қатынас орнату мәселесімен шүғылдануға келісті. Конференция осы елдер және Италиямен бейбітшілік бітімін дайындау үшін сыртқы істер министрлерінің кеңесін құрды. Бұл кеңес құрамына КСРО, Ұлыбритания, Франция, Қытай және АҚШ өкілдері кірді. Кейін бұл Кеңеске Германиямен бейбітшілік қатынастарды да шешіп отыру міндеті жүктелді. Конференция Италия, Румыния, Венгрия, Болгария және Финляндиямен бітім шартын жасағаннан кейін ұлы үш мемлекет олардың БҰҰ - ға кіру жөніндегі мәселені куаттайды деп шешті.
Потсдам конференциясы Испания агрессияшыл өкіметінің БҰҰ- ға кіру жөніндегі арызын қолдамайтынын білдірді. Солайша, Потсдам конференциясы соғыстан кейІнгі халықаралық мәселелерді талқылап, маңызды шешімдер шығарып, қабылдады. Олардың барлығын іске асыру тұрақты бейбіт өмір және халықаралық қауіпсіздікті орнатуға жол ашты.
Жапонияның капитуляциясы. Оңтүстік — Шығыс Азия елдерінін босатылуы. 1944 жылдың басынан АҚШ пен Англияның қаруланған күштері Тынық мұхиты мен Азияда жорықтарын бастады. Жапондық соғыс ұшағының көтерілуге мүмкін емес биіктікте ұшуға мүмкіндігі бар «ұшушы бекініс» бомбалаушылары жапондық қалаларды аяусыз қырды. 1944 жылы қазанда соғыстардың тарихындағы ең ірі Лейт (Филиппины) аралы маңыңда төрткүндік теңіз қақтығысы болды. Екі жақтан да шамамен 300 ірі әскери кемелері қатысты. Онда жапондық адаммен - (камикадзе) басқарылатын ұшқыштар кемелерге соғылыстан жарылуы тиіс болған. Бірақ «камикадзелер» де бұл жолы жапондықтарға көмектеспеді. Американдық флот және авиациясы жауды талқандады. Суда да, әуеде де толық билікті иеленген американдық әскер, Филиппин аралдарында түсіп, ондағы партизандардың көмегімен бүл жерді жапондық оккупанттардан тазартты. Ағылшын әскері шапқыншылықты Бирмадан бастады. Ол кезінде жапондық оккупанттық басшылықтың қарауында болған Бирма әскерінін көтерілісшілерінен қолдау тапты. 1945 жылы мамырда жапон әскерлері Бирмадан ығыстырылды.
Енді Үндіқытай мен Индонезияны үстап түруға күші жетпеген Жапония, оларға тәуелсіздікті уәде етті. Филиппины мен Бирмадан айырылдағына қарамастан Жапония, Германияның капитулляциясы тұсында әлі де өз қол астында Кореяны Кытайдың бір бөлігін, Малайяны, Тайлантты, Үндіқытайды, жалпы бүкіл Индонезияны дерлік ұстада деуге болады. Мұны ескере отырып, АҚШ пен Ұлыбританияның ойынша Жапониямен соғыс Кеңестер Одағының кіруіне тырысты. Сонымен қатар, американдық басшылық Жапонияға қарсы жаңадан жасалған атом қаруын қолдануды ұйғарды, мұның өзі басқа елдерге қысым көрсетудің бір амалы еді.
1945 жылы 6 тамызда американ ұшағы атом бомбасын жапондық Хиросима қаласына тастады. Бұл жарылыс үлкен қасіреттерге әклді: Хиросиманың күрылысының 90 пайызы өртелді, лезде 90 мың адам көз жұмды; 10 мыңдай адам кейін жарақаттардан және радиоактивті сәулелерден өлді. Бұл атом бомбасының бірінші жарылысынан кейін, адамзат «атом дәуіріне» аяқ басты. 1945 жылы 8 тамызда Кеңес Одағы өзінің уәдесіне сәйкес, Жапонияға соғыс жариялады. Кеңестік әскер жапондық оккупанттарға қарсы әрекеттерін Солтүстік- Шығыс Қытайда, Солтүстік Кореяда, Оңтүстік Сахалинде жэне Курил аралдарында бастады. Жапонияға соғысты Моңғол Халықтық Республикасы жариялады. 9 тамызда американ авиациясы Жапонияға екінші атом бомбасын түсірді - ол Жапониядағы ірі ірі сауда портты қаласы, Кюсю аралында батысында орналасқан Нагасаки қаласы еді. Бұл жарылыстын салдарынан қаланың 1/3 -і қирап, 75 мыңға жуық адам қаза болып және жараланды. Сонымен 400 мың адам радиоактивтік сәулелер кесірінен өлімге ұшырады. Атом бомбалауы және соғысқа КСРО- ның кіруі Жапонияны өзінің жеңілісін мойындауға тіреді. 1945 жылы жапон басшылығыы капитулляция жалпы келіссөздер жүргізуге бастады.
Осы тұста кеңестік әскерлер ілгері жылжи отырып, Солтүстік- Шығыс Қытай және Солтүстік Кореяны алды, ал американдық әскерлер Оңтүстік Кореяға түсірілді. Жапонияның жеңілісі жалпы хабар жеткен Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінін көбінде көтерілістер басталды. Вьетнам, Индонезия және Макайа өздерін тәуелсіз деп жариялады. Жапонияның оккупанттық жүйесі күйреді. Барлық оккупацияланған елдер босатылды. Жапониямен құрылған отарлық империя талқандалды. 1945 жылы 2 қыркүйекте Токшилик бұғазындағы американ «Миссури» пинкорда одақтық әскерлердің жоғарғы басқарушысының өкілдігімен американдық генерал Макартурдың басшылығымен Жапонияның капитулляциясы туралы актіге қол қойылды. Бұл оқиғаның болуымен екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Фашизмнің күйреуі. Демократияның жеңісі. Екінші дүниежүзілік соғыстың барысында фашизм толық түрде күйреді. Фашистік агрессорлар капитуляцияланды, фашистік партияларға тиым салынды, фашистік идеология сынауға алынды.
Демократиялық хартиясында құрастырылған демократиялық принциптердің дәрежесі жоғары көтерілді. Күштердіц орналасуының өзгерістері. Соғыстан кейін халықаралық аренадағы күштердің орналасуы мүлдем өзгерді деуге болады. Жеңілістерінен кейін-ақ Германия, Италия және ¥лыбритания өзі де біршама әлсіреді. Ал АҚШ бұл соғыстан кейін мықты, күшейген мемлекет ретінде орнықты. Өзінің қарсыластарын озып басып, ол капиталистік дүниедегі алдыңғы қатарлы ұлы державаларға айналды.
Екінші ұлы держава қатарына Кеңес Одағын жатқызылды. Соғыстағы көптеген шығындарға қарамастан, оның соғыстан жеңімпаз болып шығуы, ірі экономикалық мүмкіндіктерді, күшті әскердің болуы, КСРО қоластында халық-демократиялық мемлекеттердің блогының құрылуы Кеңес Одағын жоғары дәрежеге көтерді. Бұл екі ірі державалардың, яғни КСРО мен АҚШ-тың қарсыластықтары, осылайша «екі полюсті дүниенің» пайда болуы келесі соғыстан кейінгі тарихқа өзінің зор үлесін, өшпес ізін қалдырды. Жоғарыда атап айтқандай, Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Кеңес Одағының халықарлық беделі бұрын-соңды болмаған болмаған биікке көтеріліп, бүкіл дүниежүзілік дамуда оның ықпалы күшейді. Өзінің сыртқы саясатында КСРО кеңес халқының түбегейлі мүдделерін, туысқан социалистік елдер мен дүниежүзінің барлық еңбекшілері алдындағы интернационалдық революциялық парызын негізге алды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес Одағы жаңа агрессияның мүмкіндігін жоққа шығатындай жағдайды қамтамасыз ететін әділетті және демократиялық бейбіт реттеу жолындағы күресті кеңінен өрістетті. Соғыс жылдарының өзінде-ақ Ялта мен Потсдам конференцияларында дүниені соғыстан кейінгі қайта құру бағдарламасы жасалған болатын. КСРО келісілген шешімдерді орындауға дәйекті бағыт ұстап, олардан туындаған міндеттемелерді адал сақтап отырды. Өздерінің империалистік мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылған АҚШ-тың, ¥лыбритания мен Францияның билеп -төсеуші топтары соғыс жылдарында қол қойған халықаралық келісімдерді бұзу жолына түсті. Бейбіт реттеу мәселелері жөніндегі күрес Германияның Еуропадағы бұрынғы одақтастары –Болгариямен Италиямен, Румыниямен және Финляндиямен шарттар әзірлеу кезінде шиеленіскен сипат алды. АҚШ пен Ұлыбритания Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерімен жасалған бітім шарттарын бүл елдің ішкі істеріне қол сұғу жэне демократиялық өзгерістерді болдырмауға пайдалануға тырысты. Өз мақсаттарына жету үшін АҚШ атом жөнінен күштілігін көрсетуге тырысты. Келіссөздер жүргізіліп жатқан шақта олар Бикини (Тынық мұхит алабы)атомы ауданында атом бомбаларына сынақ жүргізумен қатар, АҚШ-тың күш-қуатын дәріптеді. Бірақ КСРО-ны және басқа бейбітшілік мемлекеттерге үрей туғыза алмаған еді. Кеңес Одағы батыс державаларының жеңілген елдер халықтарына әділетсіз, империалистік бітімді күшпен таңбақ болған әрекеттеріне батыл тойтарыс берді.
1946 жылы өткен Париж бітім конференциясы-антигитлерлік коалиция мемлекеттері мен фашистік Германияның бұрынғы одақтастары (Италия, Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия)арасындағы бітім шарттарының жобаларын әзірлеу үшін шақырылған халықаралық конференция. Конференция 21мемлекет өкілдерінің қатысуымен өтті. Кеңес делегациясы барлық халықтардың ұлттық тәуелсіздігін қорғауға арналған бейбітшілік жоспарын ұсынды. Бұл ұсыныстарға батыс державаларының (АҚШ пен Ұлыбритания)өкілдері қарсы болды. АҚШ пен Ұлыбритания және оларды жақтаушылар Германияның бұрынғы одақтастарының (әсіресе, халық -демократиялық кұрылысы орнаған; Болгария, Венгрия, Румынияда) өз биліктері өзінде болуы құқығын шешуде қалайда империалистік өктемдіктерін (бітім шарттары бойынша) сақтап қалуға тырысты. Кеңес делегациясының нақты позициясының нәтижесінде (Сыртқы Істер Министрлері кеңесінде мақұлданған) ұсыныстардың басым көпшілігін конференция қабыл алды. АҚШ пен Ұлыбритания өкілдері кейбір ұсыныстарын (Дунайды интернационализациялау) өткізді. Потсдам конференциясы (1945 )шешіміне сәйкес жасалған бітім шарттары, 1947 жылы ақпанда Парижде қол қойып, оларды КСРО, АҚШ, ¥лыбритания және Франция үкіметтері ратификацияланғаннан кейін 1947 жылы ІЗ қыркүйекте күшіне енді. Шарттардың ішкі жүйесі біркелкі, олар: преамбуладан (кіріспе), территориялық, саяси, соғыс қатарларынан, соғыс шығындарын өтеу, меншік, құқықтар және мүдделер туралы шешімдерден, жалпы экономикалық қатынастардан және даулы істерді шешу жолдары сияқты көптеген мәселелерден құралады. Париж бейбітшілік шартының преамбуласында бұл елдермен соғыс жағдайының тоқтатылып, кейбір бұрынғы жау болып есептелінген мемлекеттердің Германияға қарсы соғысқа қатынасқандығы және одақтас державалар - Италия, Болгария, Венгрия және Финляндияның Б¥¥-ға мүше болу жөніндегі өтініштерін қолдайтындықтары жайында сөз қозғалған еді.Кеңес Одағының қолдауы бойынша кейінгі жылдары аталған елдер БҰҰ-ға мүше болып қабылданды.Территория жөніндегі қалалар фашистік сипаттағы мемлекеттердің Еуропа картасын бөлшектеу жөніндегі жоспарын жойып, еуропалық елдердің өткен соғыстың нэтижесіне байланысты өзгеріс енгізген жаңа шекараларын бекітті.
Фашистік Италия Африкадағы отарларынан айрылды, бұрын итальян отарлары болып есептеліп келген келген Ливия, Эритрея және итальян Сомалинің саяси тағдырын сол елдердің талабына сай шешті. Румыния мен Болгарияның шекаралары 1941 жылы 1 қаңтардағы жағдайында сақталып, Оңтүстік Добруджа Болгарияға 1940 жылдың 7 қыркүйегіндегі румын - болгар келісімі бойынша қалдырылды. Венгрияның шекаралары 1938 жылы 1 қаңтардағы қалпында сақталып, Братислава маңындағы аз көлемді территория Чехословакияға берілді. Финляндияның шекаралары 1941 жылы 1 қаңтарындағы жағдайында белгіленді. Сонымен қатар 1920 жылы 14 қазандағы және де 1940 жылы 12 наурыздағы шарттар бойынша Финляндияга берілген Петсамо (Пиченга) аймағы Кеңестер Одағына қайтарылып, Порккапо - Удд ауданы Кеңес Одағына 50 жылдық мерзімдегі ареналық пайдалануға берілетін болды. Кеңес Үкіметі Порккапо Удд ауданынан өз әскерлерін 1956 жылы алып кетіп, бұл ауданды Финляндияның билігіне мерзімінен бұрын қайтарылып берді.
Бұл мемлекеттердің болашақ дамуына Париж бейбітшілік шартынын саяси қатарларынын маңызы өте зор болды. Шын мәнінде саяси қалалар бұрын фашизмнің қанауында болған мемлекеттердің даму жолдарын белгілеп берді. Өйткені шарттардың саяси жағдайлары Екінші дүние жүзілік соғыстың азаттық, антифашистік сипатымен тығыз байланысты еді. Париж бейбітшілік шарты гитлершілердің шапқыншылығына қатысқандарды жазасыз қалдырмауды шешті. Париж бейбітшілік шарты Еуропаның едәуір жеріндегі халықтар арасындағы қарым -
қатынасы жаңа тарихи дәуірінің бастамасы болды. Еуропаның елеулі бөлігінде социалистік, демократиялық қоғам құруға тарихи мүмкіндіктер негізделіп, халықтар арасындағы достық қарым- қатынастың орнауына және нығаюына жағдай туғызды.
Бұл шарттарының қарулы күштер жөніндегі қатарлары жоғарыда аталып өткен мемлекеттердің қарулы күштері мен қарулауына белгілі шек қойып, соғыс шығындары мөлшерімен оларды өтеу шығындары жолдарын белгіледі: Италия, Румыния, Болгария, Венгрия және Финляндиямен бейбітшілік шарттары әділетті де демократиялық сипаттар жасалды. Ұзаққа созылған саяси күрестің нәтижесі Кеңес Одағының демократиялық бейбітшілікті айнымай жақтаған саясатының толық жеңіп шығу нәтижесі болды. Бұл елдердің саяси тәуелсіздігінде экономикасымен әлеуметтік жағдайында өмір сүруге мүмкіндіктер алды, ал олардың үшеуі - Румыния, Болгария, Венгрия және Финляндиямен бітім шарттарының жасалуы Еуропада бейбітшілікті нығайтуға қосылған зор үлес болды.
Париж бейбіт шартын даярлау мен қабылдау соғыстан кейінгі жағдайда батыс державалардың Кеңес Одағына өздерінің мақсат, мүдделерін күш көрсету арқылы еріксіз қабылдату саясатының іске аспайтындығының, керісінше, даулы мәселелерді өзара ынтымақтаса отырып, келіссөздер жүргізу арқылы ғана шешуге болатындығының дәлелдеп айқын көрсетті.

Жаңа тұрпатты халықаралық қатынастардың орнығуы
Дүниежүзілік социалистік жүйенің құрылуы кейіннен неғұрлым жоғары деңгейде социалистік интернационализмге көтерілген пролетарлық интернационализм принципіне негізделген жаңа социалистік тұрпаттағы халықаралық қатынастардың орнығуымен айтулы болды.
Кеңес Одағы капитализмнен қол үзген халықтарға жаңа өмір орнатуға үлкен көмек көрсетті. КСРО халықтық демократиялық - помещиктік құрылысты қалпына келтірмекші болған сыртқы күштердің халықтардың тойтарыс беріп отыруына көмектесті. Бұл елдердің экономикалық блокада арқылы тұншықтырмақшы болған әрекеттер де іске аспай қалды. Халықаралық жағдай КСРО мен халықтық - демократиялық елдердің тығыз топтауын талап етті. Олардың арасындағы туысқандық қарым- қатынастар, достық, ынтымақ және өзара көмек туралы екі жақты шарттармен баянды етілді. Социалистік елдердің әскери- саяси одағының нығаюымен бірге олардың экономикалық және мәдени жақындасуы да жүзеге асты.
Социалистік халықаралық позицияның нығаюына КСРО халық шаруашылығының қалпына келтірінуі және одан әрі дамытылуы оның қорғаныс қуатының артуы шешуші дәрежеде жәрдемдесті. Соғыс аяқталысымен - ақ, КСРО жаппай қарусыздану туралы мәселені қайтадан қойды. Ең басты атом қаруына тыйым салу және жою талабы болды. Басқа социалистік елдермен бірге КСРО бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздік жолындағы белсенді күресті өрістетті.
КСРО мен басқа да социалистік елдер ұлт - азаттық қозғалысты белсене қолдап отырды. Ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алған мемлекеттердің халықаралық қатынастарға кеңінен қатысуын қолдаған социализм елдері олармен ынтымақтықты дамутыда, бүкіл - дүниежүзіндегі антиимпериалистік күштермен одақты нығайта түсуде. КСРО мен басқа да социалистік елдер капиталистік дүниемен қарым- қатынастарда қоғамдық қүрылысы әр түрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүру принципін басшылыққа алып отырды.
Екі ел арасындағы тату көршілік қарым - қатынастардың берік негіздерін қалаған Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1948 жылы жасалған Кеңес-Финляндия шарты бейбіт қатар өмір сүру принципішң нақты көрінісі болды. Кейіннен бүл шарт үш рет ұзартылды. 1953 жылы ол тағыда 20 жылға ұзартылды.
Империалистік мемлекеттер сыртқы саясатының агрессияшыл бағыты. НАТО - ның құрылуы. Дүниежүзілік капиталистік жүйенің жалпы дағдарысының тереңдеуі империализмнің агрессияшылдығының күшеюімен қатарласа жүрді. Батыстағы раекцияшыл топтар КСРО мен дүниежүзілік социалистік достық одақты жою немесе ең болмағанда әлсірету, коммунистік, жұмысшы және ұлт - азаттық қозғалыстарын басып - жаншу, капитализм позицияларын нығайту жоспарларын жасап бақты. Соғыстан әбден байыған америка монополиялары дүниежүзіне өз үстемдігін орнатуға ұмтыла бастаған. Президент Трумэн АҚШ-қа дүниежүзіне басшылық жасау «өте қажет» болып тұрғандығын мәлімдеді. АҚШ тың әкімшілігі бұл басшылықты басқа
елдердің халықтарына тануға ұмтыла отырып, оларға қысым жасау мақсаттарында өзінің экономикалық қуатымен «атом дипломатиясын» кеңінен пайдаланды.
АҚШ - та КСРО -ға қарсы соғыс ашудың толып жатқан жоспарларын талдап жасалып, оларда ондаған кеңес қалаларын атом бомбасымен бомбалау көзделді. Күш көрсету тұрғысындағы саясат халықаралық жағдайдын шиеленісуіне әкеп соқтырды. Америка империализмі Еуропаның қауіпсіздігін камтамасыз ету деген желеумен, КСРО -ға және басқа социалистік елдерге таяу орналасқан Греция және Туркияны өзінің қамалына айнандыруды ұйғарды. Осы мақсатпен 1947 жылы АҚШ Греция мен Туркияға 400 млн доллар көлемінде көмек берді. АҚШ президенті Трумэннің қатысуымен Фултонда (АҚШ) сөйлеген Черчилльдің антикеңестік сөзі және «Трумэн доктринасы» деп аталған көмек бағдарламасы КСРО -ға және басқа да социалистік мемлекеттерге қарсы «қырғиқабақ соғыстың» басталғанын хабарлады. «Маршалл жоспарын» жүзеге асыру Еуропа елдерінің - Америка көмегін алушылардың ішкі істеріне АҚШ- тың қол сұғуына қолайлы жағдай жасады. Социалистік достық одаққа қарсы бағытталған агрессиялық блоктың экономикалық негізі жасалды. «Маршалл жоспарына» қатысушы елдердің көпшілігі 1949 жылы сәуірде томаға- тұйық агрессиялық әскери топ - НАТО -ны құру туралы пактіге қол қойды. АҚШ, Канада; Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды; Люксембург, Норвегия, Дания, Исландия, Португалия НАТО-ға мүше болды. 1952 жылы НАТО -ға Греция және Туркия, ал 1955 жылы Германия Федерациялық Республикасы кірді. 1982 жылы Испания НАТО -ға мүше болды. НАТО -ға кірген әрбір елге америкалық әскер басшылығының жалпы басқаруымен қарулы күштер құру үшін белгілі бір мөлшерде әскер бөлу ұсынылды. Капиталистік елдерде жаппай қарулану күрт күшейді. Дүниежүзілік жаңа соғыс қатері өсе түсті.

Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы
Соғыс қаупінің дамуы бейбітшілікті қорғаудың қажеттілігін жете түсінетін миллиондаған адамдарды қозғалысқа итермеледі. 1948-1949 жылдары көптеген елдерде бейбітшілікті қорғау конференциялары мен съездері өтті, бейбітшілік жолындағы күрескерлердің ұлттық комитеттері құрылды. 1949 жылы көктемде Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкіл дүниежүзілік 1- конгресі болды. Бүкіл Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесі барлық елдердегі бейбітшілікті жақтаушыларды біріктірген бірқатар халықаралық науқандар өткізді. Атом қаруына тыйым салу туралы Стокгольм үндеуінде 1950 жылы 500 млн астам қол қойылды. Бейбітшілікті жақтаушылардың қозғалысы - адамзат тарихындағы ең бұқаралық қоғамдық- саяси қозғалыс. Жиырма жылдан астам уақыт бойы халықаралық қатынастарды «қырғиқабақ соғыс» ұшықтырып келді. Халықаралық шиеленістер жағдайында социалистік және капиталистік мемлекеттер арасындағы қатынастар ауыр халде болды. Қатынастардың шиеленісуі адамзатқа ядролық - ракеталық соғыс қатерін төндірді, халықты дағдарыстарға талай рет ұрындырды.
Америка империалистері өздерінің Азия континентіндегі социализм мен ұлт- азаттық қозғалысқа қарсы күресу жоспарларынан бас тартпады. 1950 жылы маусымда Корей түбегінде әскери жанжал бұрқ ете түсті. Корей Халық Демократиялық Республикасына қарсы агрессиялық соғысқа АҚШ бастаған 16 мемлекет қатысты. Бұл халықаралық шиеленісті күрт күшейтіп жіберді. АҚШ Жапонияны өзінің агрессиялық саясатына тартуға жанталасты. 1951 жылы АҚШ және оның одақтастары Сан- Францискода Жапониямен бітім шартына қол қойды. АҚШ пен Жапония арасында әскери келісім жасалды. Жапония аумағында жаңа әскери базалар құрылды. Кореядағы қиян- кескін соғыс үш жылға созылды. Дүниежүзінің барлық адал ниетті адамдары корей халқына тілектес болып, қолдап отырды. Кеңес Одағы корей халқына материалдық және саяси үлкен көмек көрсетті. 1953 жылы шілде де Кореяда уақытша бітімге қол жетті, оның үстіне соғыс агрессиясы басталған шектерде аяқталды. Кореядағы соғыстың нәтижесі күштердің ара- салмағы өз пайдасына өзгерте алмаған Америка империализмінің жеңіске ұшырағанын көрсетті.
Бір жылдан кейін Азияда тағы бір соғыс ошағы сөндірілді. Сегіз жылға жуық уақыт бойы француз отаршылары Үндіқытайдағы үстемдігін күштпен сақтап қалуға ұмтылды. Әскери жеңіліс тапқан Франция 1954 жылы шілдеде Уақытша бітім туралы жэне саяси реттеу принциптері туралы Женева келісімдеріне қол қоюға мәжбүр болды. Женева келісімдеріне қатысушылар Вьетнамның, Лаостың және Кампучиянаның тәуелсіздігін, бірлігін мен аумағының тұтастығын құрметтеуге және олардың ішкі істеріне қол сұқпауға міндеттелді.АҚШ бүл декларацияға қойылған жоқ, бірақ оны бұзбайтынын мәлімдеді. Алайда кейін АҚШ уәдесінен тайып, Женева келісімдерінІң орындалуын болдырмады.
Агрессиялық саясаттың сәтсіздікке ұшырауы соғысты құлшына жақтаушылардың желігін баса алмады. Америка империализмі «коммунизм қатерінен»қорғану деген жалған желеуді бетке ұстап, Ұлыбритания мен Францияның билеуші топтарының қатысуымен бірқатар елдерді агрессиялық блокқа тартты. 1951 жылы АНЗЮС -Австралия, Жаңа Зеландиямен АҚШ қосылған әскери блок пайда болды (блок оған қатысушы елдер атының бас әріптері бойынша атанды). 1954 жылы Оңтүстік -Шығыс Азияда агрессиялық блок - СЕАТО - Оңтүстік - Шығыс Азия шарты ұйымы) құрылды. Оған АҚШ, Ұлыбртания, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Тайланд және Филиппин қатысты. 1955 жылы құрамына Ұлыбритания, Түркия, Ирак, Пәкістан және Иран енген тағы бір әскери топ құрылды. Алғашқыда бұл блок Бағдат пактісі деп атады. Бағдат пактісінен Иран шыққаннан кейін, 1959 жылы ол СЕНТО Орталық шарты ұйымы құрылды. Блоктың ыдырап кетуінен қауіптерге АҚШ Түркияме, Пәкістанмен және Иранмен екі жақты әскери келісімдер жасасты. АҚШ бұл блокқа мүше болмаса да, оның негізгі органдардың жұмысына қатысып ерекше құқықтарға ие болды.
Социалистік елдердің шекараларын бойлай орналасқан әскери блоктармен базалар тізбегін жасай отырып, империалистер КСРО-ның және басқа социалистік елдердің тіршілік орталықтарын үнемі нысанаға алып отырмақ болды. Сонымен қатар әскери блоктар дамушы мемлекеттерге және ұлт - азаттық қозғалысына қарсы күрес қүралына айналды.
Азат елдердің бейбітшілік әрекеттері. Отарларға иелік еткен мемлекеттер олардың жүйенің ыдырауына, Азия және Африкада тәуелсіз ұлттық мемлекеттердің пайда болуына кедергі жасауға дәрменсіз болып шықты.
1955 жылы сәуірде Бандунгте (Индонезия) Азия мен Африканың 29 елінің конференциясы шақырылды. Ол қоғамдық құрылысы әр түрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір және ынтымақтасу принциптерін мақұлдады. Конференция Азия мен Африка халықтарының отаршылдықты толығымен және біржолата жоюға бел байлағанын білдірді. Агрессиялық блоктарды айыптап ядролық қаруға тиым салуды талап етті. Кейінірек азаттық алған елдерде осы принциптерді қолдайтындықтарын мәлімдеді.
Бейбітшілікпен әлеуметтік прогресс жолындағы, империализмге және отаршылдыққа қарсы қарсы күрес көптеген жас тәуелсіз мемлекеттерді өздерінің егемендігін отаршылдардың қол сүғуынан қорғап қалуға көмектескен социалистік елдермен жақындастыра түсті. КСРО және басқа социалистік мемлекеттер, алдымен Экономикалық Өзара Көмек Кеңесіне мүше елдер азаттық алған елдердің саяси және экономикалық тәуелсіздігін нығайтуына достық көмек көрсетті.
Антиимпериалистік, отаршылдыққа және кәсіпшілдікке қарсы бағыт жүргізсе отыры, жүздеген елдер қазіргі кездегі бар әскери - саяси одақтарға қосылмау саясатын ұстанып отыр. Дүниежүзілік соғыстың маңызды факторларына айналған блоктарға қосылмаған мемлекеттердің қозғалысындағы антиимпериалистік бағыттың күшеюі, олардың өздерінің табиғи одақтастары - социалистік елдермен өзара әрекеті халықаралық соғыспен агрессияға қарсы бейбітшілік пен шын мәніндегі ұлттық тәуелсіздік үшін күресте күшін еселей түседі. Блоктарға қосылмау қозғалысы қызметінің принциптері мен платформасы бүл елдер басшыларының бірқатар конференцияларының шешімдерінде көрінді.
Социалистік елдердің Еуропадағы бейбітшілік пен ұжымдық қауіпсіздік жолындағы күресі. КСРО мен басқа социалистік елдер Еуропадағы шиеленісті бәсеңдету жолында үнемі жігерлі шаралар қабылдап отырды. І954 жылы КСРО Еуропа елдерінде және АҚШ-қа ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жасауды үсынды. Еуропа халықтарынан кеңінен қолдау тапқан кеңес ұсыныстарын Батыс державалары қабылдамай тастады. Олар Германия Федерациялық Республикасын демилитарландыру және оны НАТО-ға кіргізу туралы келісімге қол қойды. Солтүстік Атлантика блогына мүше болғаннан кейін Батыс Германия бұл әскери топта жетекші рөлге ие болуға барған сайын ұмтыла түсті. НАТО-ның Еуропадағы базасына айналды.
ГФР-да милитаризмнің қайтадан өрлеуі жалпыға бірдей бейбітшілікке қатер төндірді. КСРО-ның және Еуропадағы социалистік елдердің үкіметтері социализмнің жеңістерін қорғау үшін Еуропада бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға мәжбүр болды. 1955 жылы 4 мамырда Варшавада бүл мемлекеттердің арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Шартқа қатысушылар қол қойған елдердің біріне қарулы шабуыл жасалынған жағдайда оған дереу және жан-жақты көмек көрсетуге міндеттенді. НАТО-дан өзгешелігі сол, Варшава шарты қорғаныс шарты болып табылады, әрі Еуропадағы және бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшіліктің сенімді кепілі қызметін атқарады. 1985 жылы сәуірде бұл шартқа қатысушы мемлекеттер Варшава Шартының әрекет ету мерзімін 20 жылға, одан кейін тағы да 10 жылға соза отырып, ұзарту туралы хаттамаға қол қойды.
Кеңес ғылымының, техникасы мен өнеркәсібінің ірі табыстарға жетуінің арқасында дүниежүзіндегі күштер арасалмағында социализм пайдасына сапалық өзгерістер болды. 1953 жылы КСРО-да термоядролық қаруды сынау ойдағыдай өтті. Көп ұзамай Кеңес Одағына құрлықаралық ракеталар жасалды.

Отарлық жүйенің құлауы
Екінші дүниежүзілік соғыс өмірдің барлық жақтарына үлкен ықпалын тигізді, сонымен қатар, ол отар және тәуелді халықтардың өздерінің тәуелсіздіктері үшін күресін ары қарай жандандырып, дамытуға мүмкіндік тудырды. Басты рөлді КСРО атқарған демократиялык күштердің фашизмді жеңуі Азия, Африка мен Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды кеңейтіп дамытуға оң ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыстан сон халықтардың тәуелсіздік үшін күресінде жаңа дәуір басталды. Отарлық жүйе біртіндеп құлдырай бастады.
Уақыты бойьшшы бірінші болып Оңтүстік-Шығыс Азия елдері еркіндік ала бастады. Соғыс жылдарының өзінде Индонезия халқы жапондықтармен күрес жүргізді, олар елді жаулап алдып еркіндік үшін болған кез келген құлшыныстарды аяусыз басып шаншып отырды. 1945 жылдың тамызында Жапония капитулляцияланбай тұрғанда, бірақ жапондық милитаризмінің жеңіліс тапқаны анық болып тұрғанда, ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшыларының бірі Сукарно Индонезияның тәуелсіздігін жариялап Индонезия Республикасының бірінші президенті болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің дүниеге келуі қарулы көтеріліссіз болды. Қан-төгіссіз жеңістің болу себебі мынада: аралда қалған жапон бөліктері деморальданған болды да олар капитулляцияға қол қойған соң мүлдем ешқандай қарсылық білдіре алмады. Индонезияның бүрын болған қожайындары Голландия мен басқа батыс елдерінің қарулы күштері архипелаг аралдарында болған жоқ. Сондықтан тәуелсіздік жариялағаннан кейінгі алғашқы күндері елде тыныштық болып, үкІмет пен басқа да билік органдарын кұру жүріп жатты.
Алайда, біраз аралықтан соң Ява аралына жапондықтарды қарусыздандыру түрімен ағылшын әскерлері түсті. Ағылшындар өздерімен бірге уақытша генерал-губернатор Ван Моокты алып келді, ол бүрынғы голланд отарлаушылары орнатқан тэртіптерді қайта қалпына келтіру керек болды. Ағылшын әскери бөліктері Индонезиялық патриоттармен бэлсіне қоймады. Бұл бүкіл елде наразылық пен қарсыластық танытушылыққа әкелді.
1945 жылдың 10 қарашасьшда Индонезияда республиканың еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін, отаршылдыққа қарсы қарулы күрес басталды. Оньщ толық жеңісіне бірнеше жылдар қажет болды. Күрес тек аралдарда ғана емес, сонымен қатар БҰҰ-да, халықаралық конференцияларды да жүріп жатты. Тек 1954 жылдың 10 тамызында голланд-индонезиялық одақ бұзылды. 1956 жылдың мамырында президент Сукарно парламент қабылдаған оны тарату (қысқарту) жөнінде Заң қабылдады.
Индонезиядан соң кезек Бирмаға келді. Мұнда Бирманы оккупациялаған жапондықтарға қарсы операция жүргізген ағылшындар ағылшын әскерлеріне көрсеткен көмектеріне қарамастан бирма патриоттарына, ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуына кедергі жасауға тырысты. Саяси маневрлармен билікті бирма халқына өткізбеуге тырысқан ағылшын саясатына қарамастан бүкіл елде азаттық қозғалыстар өсіп жатты. Бүкіл билікті толығымен халыққа беру және Құрылтай жиналыста сайлау өткізу туралы талаптар жалпылық болды. Ақырында ұлттық күштердің қысымына түскен ағылшын үкіметі Бирмаға доминион статусын беруге мәжбүр болды. Қыркүйекте Құрылтай жиналыс Конституция қабылдады, ол жаңа республика - Бирма Одағын жариялады.
1947 жылдың 15 тамызында Дели тәуелсіз Үндістанның үш түсті жалауы бой көтерді. Үнді халқы көп жылдар бойы армандаған және сол үшін аяусыз күрескен еркіндігіне қол жеткізді.
Үндістанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болған ағылшын үкіметі оның территориясын екі мемлекетке бөлді: Үндістан мен Пәкістан. Бұл бөлініс тек үнді парламентінІң келісімінсіз жүргізілді де бұл кейінгі жылдары екі мемлекет арасындағы көп қақтығыстарға әкелді, олар кейде тіпті әскери қимылдарға да әкеліп отырды.
Пәкістан жекеленген екі бөліктен тұрды-шығыс және батыс. Құрлықта олардың ара қашықтығы 1500 шақырымды құраса, суда түбектің айналасындағы жолы 5000 км-ге жуық болды. Ақырында, оның шығыс бөлігі-Бенгалия көп қақтығыстардан соң жеке мемлекет-Бангладеш болды, бұрынғы отарды бөлу тек діни сипат бойынша ғана болды, оның тарихи дамуы мен сақталып қалған салт-дәстүрлері ескерілмеді. Бұл бөлініс басталғаннан бастап-ақ діни негізде болған қиратушылықтар мен бұқаралық кісі өлтірулерге әкелді. Мыңдаған үндістер Пәкістан территориясынан, мұсылмандар Үндістаннан кетуге мәжбүр болды. Джамму мен Кашмир кнәздіктері, және де Хайдарабад пен Джунатарх үшін күрестер үнемі жүріп түрады.
1950 жылдың 26 қаңтарында Құрылтай жиналысы жаңа Конституция қабылдаған соң Үндістан егемен демократиялық республика болды, сонымен

бірге Британдық ұлттар Достастығының құрамында қалып отырды.


1948 жылдың ақпанында ағылшын үкіметі Дейлон аралына доминион құқын беруге мәжбүр болды.
1946 жылдың 4 шілдесінде Филиппин Республикасы Егемен мемлекет болды, бірақ АҚШ мұнда өз әскерін қалдырды да республикаға белгілі бір бақылау жүргізіп отырды.
11 жылдан соң, 1957 жылдың тамызында Малайя тәуелсіздік алды. 1951 жылы Неапал конституциялық монархиясы бар егеменді мемлекет болды. Тәуелсіздік үшін ең ауыр әрі қиын жолды өткен Вьетнам болды. Жапонияның 1945 жылдың 2 қыркүйектегі капитулляциясы еркін әрі тәуелсіз Вьетнам Демократиялық Республиканың туған күні болды. Алайда, соғыс кезінде жапон оккупанттармен күрескен вьетнам халқына қайтадан қолына қару алуға тура келді. Францияның билеуші топтары Үндіқытайда өз иеліктерін жоғалқандарымен келіскісі келмеді. Ағылшын әскери бөліктерінің көмегіне сүйенген француздықтар 1945 жылдың 23 қыркүйегінде Сайгонға оккупациялады, Оңтүстік Вьетнам территориясын жаулай бастады, Камбоджаға басып кірді. Бір мезетте чанкайшылар Вьетнамға солтүстіктен кірді, бұны Жапон бөліктерінң капитуляциясын қабылдау кажеттілігімен түсіндірді. Вьетнам халқы өз отанын қорғауға тұрды.
Қытайдың халықтық-азаттық армиясынан кейін чанкайшылар Вьетнамнан кетті де, кейінірек мүлдем Тайваньға көшті. Француздар вьетнам халқының табанды қарсылығы мен әлемнің прогрессивті қоғамдастығының оларды Вьетнамнан кетуін талап етуіне қарамастан күресті жалғастырды. Француздардың жеңілісінен және Дьен Бьен Фу тірек пунктінің құлауынан кейін 1954 жылдың мамырында қайта құрылған Франция үкіметі Вьетнамдағы "лас соғыс"деген атқа ие болған соғысты тоқтатты. 1954 жылдың 20 шілдесінде Үндіқытайда бейбітшілікке келіп, келесі күні Женевада КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, ҚХР, Франция және басқа да мүдделі елдердің шетел істері министрлерінің кеңесінде Вьетнам, Камбоджа, Лаостағы еркін сайлауларды - қарастыратын соңғы бекітуші декларацияға қол қойылды. Вьетнамда 17-параллельден оңтүстікке қарай уақытша демаркациялық сызық жүргізілді.
Женевадағы қорытынды декларацияға қолды тек АҚШ ғана қойған жоқ, олар Вьетнамның еркін дамуына кедергі жасап, Францияның орнына келмекші болды.
1950 жылдың наурызында АҚШ-тың ұлттық кауіпсіздік Кеңесі кейінірек президент Г.Трумэн мақұлдаған француз отар әскерлеріне экономикалық және әскери көмек туралы шешім қабылдаған болатын. Оңтүстік-Шығыс Азияда ықпалын күшейту үшін және аймақ елдерінде дербес демократиялық тәртіптің кұрылуына жол бермес үшін АҚШ 1954 жылдың қырқүйегінде Манилада Оңтүстік-Шығыс Азия келісімінің әскери Ұйымын (СЕАТО) құру туралы пактіге кол қойды. Бұл ұйымға мүше болғандар: АҚШ, Англия, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Тайланд пен Филиппин.
АҚШ СЕАТО көмегімен және көмкеруімен белсенді істерге кірісті. Олар "күшті оңтүстік Вьетнам" құрудан бастады, ол арқылы ең алдымен ДРВға соққы беру, содан кейін өз ықпалына бүкіл Үндіқытай аймағын бағындыру көзделді. Бұл үшін 1955 жылдың қазанында Оңтүстік Вьетнам АҚШ-қа тәуелді Нго Динь Дьем президенті бар Республика болып жарияланды. АҚШ-тың 1973 жылға дейін созылған Вьетнамдағы интервенциясы басталды. Алайда, соғыста күштердің теңсіздігіне, АҚШ өзінің үлкен әскери-өнеркәсіптік потенциалына қарамастан, кішкентай 30 миллион халқы бар, жапондықтармен, француздармаен соғыстарда күйзелген Вьетнам тойтарыс беріп кана қоймай, өзінің қаһарман халқының күші мен халықаралык аренаның үнемі болып тұрған қолдауының және де КСРО мен басқа да социалистік елдердің барлык қажет көмек беруінің арқасында жеңіске жетті.
Көп жылдар бойы АҚШ вьетнам халқының қарсыластығын сьшдыруға тырысты. Бүл үшін 1970 жылдың көктемінде сайгон әскерімен бірге американ әскери топтары Камбоджаға баса көктеп кірді, одан 1971 жылдың басында Лаосқа енді. Бірақ Вашингтон ойластырған жоспарларын жүзеге асыра алмады. Американ дипломатиясына соғысты тоқтату жолдарын іздестіруге жэне бейбітшілікті орнатуға тура келді. Келіссөздер қиын, әрі ұзақ болды. Тек 1973 жылдың 27 қаңтарында соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды. Осылайша, 30-жылдық соғыстан кейін Вьетнам еркін әрі тәуелсіз демократиялық республика болды.
Таяу және Орта Шығыс елдерінің отарлауға қарсы күресі соншалықты ұзақ болмаса да, өте маңызды, өткір болды. Сирия мен Ливан, Египет пен Ирак,
Йемен мен Иордания тәуелсіздігіне қол жеткізді. Табан тірескен күресті

палестина халқына жүргізуге тура келді. Себебі, 1947 жылы БҮ¥ Бас Ассамблеясының шешімімен Палестина мемлекеті 2 бөлікке бөлінді: арабтық-



Палестина, және еврейлік Израиль. Иерусалим қаласы интернационализацияға жатты. Бірден Бас Ассамблеясының шешімінен соң Израиль басшылары Палестинаның бүкіл территориясын алып қалуға тырысып арабтарға қарсы соғыс бастады, палестиналықтарға жаулап алынған территорияның біразын қайтарып ала алды. Алайда, еркін тәуелсіз Палестина мемлекеті әлі де құрылған жоқ.
1952 жылы Египетте Г.А.Насер бастаған "Еркін офицерлер" ұйымының қүрамына кірген патриотты-бағыттаиған жас әскерилер әскердің қолдауымен төңкеріс ұйымдастырып, билікті өз қолдарын алды. Үш күннен соң Фарук патша бас тарту туралы актіге қол қойып елден мәңгілікке кетіп қалды. Жаңа биліктің қалыптасуы және құрылуы қиын жағдайларда Суэц каналында әскері орналасқан Англиямен үнемі күреспен өтті. Соңғы ағылшын солдаты Египеттен тек 1956 жылдың 13 маусымында кетті.
50-жылдары тәуелсіздікті Ливия (1952 жылы қаңтарда), Судан (1956 жылы қаңтарда), Тунис (1956 жылы наурызда). 1958 жылдағы маусым төңкерісінен кейін Ирак еркін, тәуелсіз мемлекет болды.
Осылайша 50-жылдардың аяғында еркіндік пен тәуелсіздікті Таяу және Орта Шығыс елдері мен Солтүстік Африка елдері алды.
Ұлт-азаттық қозғалыс Африка континентін жаулап алды. 1957 жылдың наурызында бұрынғы ағылшын отары Алтын Жағалауда ұзақ әрі қиын күрес жолынан соң Тропикалық Африканың бірінші тәуелсіз мемлекеті болды. Алтын Жағалауды ұстап қалу мақсатында ағылшындар ұзақ құлшыныс тартты, бірақ олар мемлекеттің жаңа саяси құрылымын бекітуге мәжбүр болды. 1951 жылдың ақпанындағы Заң шығарушы жиналыстағы сайлауда толық жеңісті Квам Нкрум басшылық еткен Халық партиясы иеленіп, оның көшбасшысы Квам Нкрум премьер-министр болды. Бірақ отар тәртібі Англия елге доминион статусын беріп, Алтын Жағалау тәуелсіз Гана мемлекеті болғанша1957 жылдың 6 наурызына дейін сақталды.
Тәуелсіздік үшін күресті Француз Батыс Африкасы мен Француз Экваторлық Африка елдері жүргізді. Экваторлық Африкадағы отар жүйесінің кұлауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына әкелді.
Экваторлық Африка елдерінің бірі Гвинеяда француз үкіметі референдум өткізуге барды, осылайша, олар бұл елді отарлық тәуелділікте ұстап калуға тырысты. Референдумда жаңа конституция туралы сұрақ көтерілді. Француз билігі егер халық оны қолдамаса елге тәуелсіздік беріледі деп айтты. Халықтың 97 пайыз конституцияға қарсы болды. Нәтижесінде Гвинея 1958 жылдың 2 қазанында тәуелсіз егемен мемлекет болды.
Тәуелсіздік алған келесі мемлекеттер Того мен Камерун болды. Тогодағы І958 жылғы сайлаудан соң билікке отарлық үстемдіктен босатуды талап ететін үкімет келді. 1959 жылы ақпанда өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше сессиясы Тогоға тәуелсіздік беру туралы сөз айтты да мемлекет 1960 жылдың 27 сәуірінде оны алды.
1959 жылдың 25 желтоқсанында Камерун да еркін мемлекет болды. Мұның барлығы француз қоғамдастығының құлдырауына әкелді. Сенегал, Жоғарғы Вольта мен Дагомея жэне Судан Мали Федерациясына бірікті де тәуелсіздікті беруді талап етті. Француз үкіметі қысым көрсету арқылы Жоғарғы Вольта мен Дагомеяны Федерациядан шығуға мәжбүрледі. Дегенмен, ұзаққа созылған Парижде өткен келіссөздерден соң Франция 1960 жылдың маусымында Малгаш Республикасы (Мадагаскар) мен Мали Федерациясына тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойды.
Сол 1960 жылы тағы 17 Африка мемлекеттері тәуелсіздік алды. Олардың арасында: Чад, Орталық Африка Республикасы, Конго (Браззавиль), Габон, Дагомей Республикасы, Нигер Республикасы, Жоғарғы Вольта Республикасы мен Піл Сүйегі Жағалауы (Берег Слоновой Кости) Республикасы (Кот д'Ивуар). Бұл жыл әлемдік тарихқа Африка жылы деп енді.
60-жылдары, Шығыс және Орталық Африка елдері бостандығын алды. Олардың қатарында бұрынғы британ иеліктері Кения, Уганда, Занзибар, Ньясленд, Солтүстік Родезия. Ал Оңтүстік Африка елдерінің тәуелсіздік алуы біраз кідіріп қалды. Бұл кездейсоқтық болған жоқ. Оңтүстік -Африка континентінің ең бай аймағы. Бұл жерде отарлаушылардың қолынан жібергісі келмеген алтын, платина, алмаз, уран және минералды байлықтардың қоры шоғырланған. Ангола, мысалы, тәуелсіздігін тек 1975 жылы ғана алды.
Дербестік алғаннан кейін Африка елдерінің көбінде тынышсыздық болды. Отарлаушы билік бай отарлардан айырылғысы келмеді. Табанды күрес Конгода өтті. Азамат соғысы Анголада өрістенді. Басқа елдерде, сонымен бірге Сьерра-Леонада уақтылы - уақтылы қарулы күреске ұласқан қақтығыстар болып тұрды. Эфиопия мен Сомали арасында бірнеше рет қарулық қақтығыстар болды.
Африкалық мемлекеттердің алдында тұрған басты міндеттердің бірі-күштерді біріктіру болды. Тек бірге ғана африкалық мемлекеттер сәтті дамып, алға қарай жүре алды. 1963 жылы ұзаққа созылған келіссөздерден соң тәуелсіз африкалық мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшыларының конференциясында Африкалық Бірлік Ұйымы (АБ¥ немесе ОАЕ) құрылды. Бұл Ұйым өзіне 50 мемлекетті біріктірді.
Бұл Ұйымның міндеттері: африкалық мемлекеттердің саяси және экономикалық ынтымақтастығын дамыту, олардың әлемдегі ықпалын нығайту, олардың территориялық тұтастығын қорғау, халықаралық аренадағы істердің координациясы мен біріктірілуін камтамасыз ету. Отарлық тәуелділіктен кұтылу үшін күрестер Латын Америкасында да жүріп жатты. 50-жылдары кубалық патриоттар американ колшоқпары Батистаға қарсы шықты. Ұзаққа созылған күрестен кейін 1959 жылдың бірінші күні Фидель Кастро бастаған патриоттар Гаванаға кірді. Елдің Америкаға бағынышты болуы осымен аяқталды.
1955 жылдың сәуір айында Бандугада конференция өтті, оған Азия және Африка елдерінің 29 мемлекеті катысты. Оның шешімдері отарлыққа қарсы күресті одан әрі дамытып, халықтардың жағдайларын қорғау үшін маңызы зор болды. Мұнда қабылданған декларацияла мына мәселелер қарастырылды: конференция қатысушылар адам кұқын сыйлау принциптерін БҰҰ Жарғысының мақсат принциптерін, барлық мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастылығын, ұлттар мен нәсілдер теңдігін қолдау; басқа елдерге қарулы қысым жасаудан, басқа елдердің ішкі тәртіптеріне (істеріне) кірісу мен интервенциядан бас тарту, ұлы державалардың кез келгенінің қызығушылығында ұжымдық қорғанысты пайдалану туралы келісімнен бас тарту. Принциптер демократиялық отарлыққа қарсы қозғалыстың негізІне алынды, сонымен бірге қосылмаудың Қозғалысы деген атпен белгілі болған дамушы Азия, Африка және Латын Америка елдерінің мемлекет аралық бірігуінің негізіне алынды. Бүл Үйым Жарғысыз қызмет атқарады. Оның қызметі соғысқа қарсы, империалистікке қарсы, отарлыққа қарсы және нәсілдікке қарсы бағытпен сипатталды.
Еркіндік алған халықтарға Кеңес Одағы үлкен көмек көрсетті. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде "вето" құқығын пайдаланып, Кеңес Одағы тәуелсіздік үшін күресіп жатқан немесе оны жаңа ғана алған Азия, Африка және Латын Америка елдерінің жағдайларына қайшы келетін шешімдерді қабылдаттырмады. Оған мысалдар көп. Солардың ішіндегі біріне тоқталсақ, 1956 жылы Кеңес Одағы Египеттің ағылшын-француз-израиль интервенциясына қарсы күресте шешуші рөл атқарды. Бұл мемлекеттің жаңа жас билеушісі экономиканы дамытуға жэне халықтың өмірін жақсартуға шаралар қолдана бастап, батыс мемлекеттерінен көмек сұрады да онысы қабыл альшбады. Нілде биік Асуан бөгетін және қуатты электрстансасын салу үшін Египет қаржыны қажет етті. Сондықтан, оны салу үшін өткен ғасырда құрылған компания иеленген Суэц каналын национализациялау туралы шешім қабылданды. Компания мен оның акционерлері акцияға жіберген ақшасынан бірнеше есе көп дивиденттерді алған болатын.
1956 жылдың 26 шілдесінде Египет үкіметі Суэц каналы компаниясын национализациялап, оны басқаруды өз қолына алды. Египет халқының құқықтарын қорғау үшін Кеңес Одағы тұрды. Оның өкілеттері Лондондағы конференцияда, кейін Б¥¥ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінде Египет мүдделерін жақтады.
Халықаралық ұйымның қолдауын таппаған Англия мен Франция Израиль үкіметімен келісіп, 1956 жылдың 29 қазанында Египетке қарсы интервенция жүргізді. КСРО агрессия қарсы болып, Құрама Штаттарға бірге соғысқа қарсы шығуды ұсынды. Вашингтан келісім бермеген соң КСРО біржақты тәртіпте Египетке қарсы агрессияның одан әрі дамуына жол бермейтіндігін және Египетке қолдан келетін барлық қажет көмекті беретіндігін айтты. Үш үкімет өзінің әскери қимылдарын тоқттаты да кейін, өз әскерін египеттік территориядан шығара бастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет