СӨЖ №6
Тапсырма: Сенсорлық жүйелер және сезім мүшелерінің гигиенасына анықтама
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., и др. Физиология человека. – М., 2003. 2. Алякринский Б.С., Степанова С.И. По закону ритма. – М.: Наука, 1985.
3. Артур Т. УИНФРИ., Время по биологическим часам. – М.: Мир, 1990.
4. Гершел Рафф. Секрет физиологии. – СПб., 2001. 5. Гора Е. П. Экологи человека. – М., 2007. 6. Коробков А.В., Чеснокова С.А. Атлас по нормальной физиологии. М., 1986.
Сенсорлық жүйе — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі, анализаторлардың шеткі бөлігі, немесе рецепторлар. Анализаторлар — дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Әрбір анализатор 3 бөліктен тұрады: шеткі — рецепторлық, өткізгіш бөлік және орталық бөлік. Егер де бір бөлігі зақымдалса, барлық анализаторлар қызметін тоқтатады. Ал рецепторлар дегеніміз сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары. Және олар өздері екіге бөлінеді: экстерорецепторлар және интерорецепторлар. Экстерорецепторлар сыртқы өзгерістерге жауап береді, және оларға өзіміз білетін 5 басты сезім мүшесі жатады: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және тері түйсіктерінің рецепторлары . Мидың әр бөлімі түрлі сезімге жауап береді.Ал интерорецепторлар ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелердегі шет өзгерістерді қабылдайтын сезімтал құрылым. Ол мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруына жауап береді. Оған қоса, олар тірек-қимыл аппаратының мүшелеріне әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.
Көру мүшесі және гигиенасы
Көрудің негізгі қызметі — бақыланатын объектінің айқындығын, түсін, пішімін, көлемін анықтайды. Және де өзге анализаторлармен бірге дененің кеңістікте орналасуын, объектіге дейін арақашықтығын анықтауға көмек береді.Көру сезімінің мүшесі — көз. Көз бас сүйектің көз шарасына бекініп орналасады. Көз алмасының сыртқы жағында орналасқан бұлшықеттердің жиырылу нәтижесінде қозғалады. Қосымша қорғаныш құрылымдарына кірпікшелер мен қабақ, қас және көз жас бездері жатады.
Сондықтан көз адамның ең маңызды дене мүшесі саналады. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу керек. Сондықтан төмендегі талаптарды біле жүргенің жөн.
1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу керек.
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек.
3. Үстелге қоятын шамның жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау.
5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу.
9. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
10. Серуендегенде, орман-тоғай аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау.
11. Көзге бөгде заттардың тиюі өте зиян, мұндайда көзге ақ түседі. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай жуу; көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу; көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.
Достарыңызбен бөлісу: |