Жүсіпбек Аймауытов, журналист Ахметсафа Юсупов, әдебиетші Әбдірахман Байділдин бірге бір күнде - 1930 жылғы 21 сәуірде атылды.
1929 жылғы 30 қаңтарда БМСБ Шығыс бөлімі (ВО ОГПУ) бастығының көмекшісі жүргізген тергеуде ол былай деді: "Әділов Дінмұхамедті 1913 жылдан білемін, мен оны Ақмолада кездестірген едім, онда "Қазақ" газетін тарату жұмысымен Орынбордан барған болатынмын. Бірде ол менің пәтеріме келді де, мен оған орта оқу орнына түсіп оқуға кеңес бердім. Алайда ата-анасы бұны мақұлдамады, сонда мен, оның қабілетін көріп тұрғандықтан, оқуға ата-анасының келісімінсіз бара алатын-алмайтынын сұрадым. Ол оқуға құлшынып тұрды. Мен қазақ қызметкерлерінен газетке жазылу қағаздары бойынша қаржы жинадым, содан кейін Дінмұхамедтің ата-анасын Омбы гимназиясына оқуға жіберуге келістіре алдым". 15 бет.
"1917 жылға дейін оқыды,- деді ол ОГПУ тергеушісіне. - Мен онымен байланыста болдым. Стипендияға қабылданбағандықтан, қаржылай жәрдем бердім. Ол шақта мен Орынбор қаласында тұрушы едім. Омбыға барған уақыттарымда Дінмұхамедті көріп жүретінмін. Ол жақсы оқыды". 16-17 бет
"Есімде, Бөкейханов Томдағы Сібір автономистерінің ғой деймін, бір съезге барып қайтты, - деді Әділов Қазақстандағы, ОГПУ-дің толық өкілетті Өкілдігі тергеушісіне 1928 жылы берген көрсетілімінде - Томнан оралып келе жатып, жолшыбай Омбыға аялдады. Бұрын губернатор жұмыс істеген ескі облыстық басқарманың ғимаратында өткен жиналысқа барлық оқушылар шақырылдық. ...Жиналыста Бөкейханов баяндама жасады. ...Ұйымдастырылу үстіндегі "Алаш" партиясының бағдарламасын өрбітіп әңгімеледі. Әлжанов оған қарсы сөйледі, сол тұста ол медицина мектебінде оқитын. Орта жастардағы адам Әлжановты Әйтпенов Мұқан, жаңылыспасам - кейін чехословактар Петропавлда атып кеткен Көбеков қолдады. Бөкейханов "Алаш" ұлтшыл (ол тұста ұлт қамын ойлаушы мағынасында қолданылған бұл ұғымға ұзамай, идеологиялық бояма жағу салдарынан, ұлттық астамшылыққа теңгерілетін әсіре сипат берілді - Б.Қ.) партиясын құру керек деді. Әлжанов "Алаш" емес, қазақ үш жүзге - үш ордаға бөлінетіндіктен, "Үш жүз" партиясын құру қажеттігін айтты. Әлжановтың әлдеқандай социалистік партия құру турасында толық ұғымы болды деп айтуға келмес, әйтсе де ол Бөкейхановтан сөз жоқ солшыл тұрған-ды... Оны жақтаушылар азшылық етті де, ол жеңілді. Басым көпшілік Бөкейхановқа қосылды".
"Бұл партияға көп кісі жазылды,- деп еске алды Әділұлы, - солардың қатарында мен де ендім. Мені облыстық комитет мүшелігіне сайлады, төрағасы Тұрлыбаев Айдархан..." Обком құрамына 14 адам сайланады. 37 бет.
“...Қазақ жастары арасында күшті алауыздық болды, - деп еске алды Дінше ОГПУ тергеушісі алдында. – Мен, Досов, Сәдуақасов Жанайдар, Арыстанбеков Таутан, Семей губерниясынан Айбақин.., - біз бәріміз большевик революциясын жақтадық, ал қалғандары қарсы еді. Көпшілік ұлтшылдық бағыт ұстанған-ды”.
“1917-ші жылы, жұрттың көбіне совет хұкіметі ұғымсыздау көрініп жүрген мезглде, Дінмұқамед совет хұкіметін жақтап, қызыл әскерлікке жазылып алды, - деп жазады 1920 жылы „Еңбек туы“ (қазіргі “Егемен Қазақстан“) газетінің 15 желтоқсандағы санында. - Артынан кешікпей ақтар өзгерісі болып, Дінмұқамед жоғалып кетті. Бұл ол кезде қызыл әскерлермен Благовещенскіге өткен. ... Содан қанша қыл көпірден өтіп, минут сайын өмірін құрбан қылуға даяр болып, Омбы шаһарына келеді. “
„Тар жол, тайғақ кешуде“ Сәкен былай дейді: „Дінмұқамбет Әділұлы Омбыдағы большевиктердің жасаған қызыл партизан пролетариат отрядына кіріп кеткен. Отряд аты: „Әлемнің бірінші партизан пролетариат отряды“ (Первый международный партизанский отряд). Бізге Дінмұқамбет бір-екі хат жазып, телеграмма соғып кеткен. Бір хатында маған большевиктерді мақтап: „Руссияда большевиктерден басқа партия кемшілікте жүрген адам баласына теңдік бермейді“ деген. Екінші хатында тағы да осындай сөздерді айтып келіп: „Мен енді мұндай уақытта қарап отыра алмаймын, адам баласының бақыты үшін майданға жөнелдім",- деген.“ „Бір күні бізге Омбыдан бір ашық хат келді. ...Ал хаттың соңында: "Шыта жақтағы атаман Семеновке қарсы фронтынан аман-есен келдім",- деп Дінмұқамбет жазған". 39 бет
Түркістан Республиканың Орталық Атқару Комитеті (Түркатком, ТуркЦИК) және Ағарту халық комиссариаты 1920 жылдың көктемінде Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының оқытушысы Дінмұхамед Әділұлын Жетісу облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындады. 46 бет
... Дінмұхамед Әділов ішкі істер комиссарының орынбасары болып бекітілді. Жаңа адамшылық қатарына кіріп, жас балаша аяғы дірілдеп, қалтылдаған жас автономиямыз қай азаматты көпсінгендей болып отыр!
52 бет
Ал Әділов облоқубөлімдегі алғашқы бұйрығын маусымның 3-інде рәсімдеген. Сол екі арада маусымның 11-19-ы күндері әйгілі Верный оқиғасы болғаны мәлім... 57 бет
"Көз көргенінде" Ғалым Әбубәкіров пен Байсейіт Әділовті (Діншенің ағасын) былай сипаттайды: Ғалым бүкіл оязға мәлім, қатал, әділ, „қара ноғай“ атанған коммунист. Шашы желкесіне түскен, үлкен көзді, тапал, қара жігіт. Әділев даусы жіңішке, қарлыға сөйлейтін, қызыл шырайлы, айық кезінде сүйкімді, мас кезінде жексұрын... Екеуі бірдей Колчак үкіметінің тұсында қуғынға, азапқа ұшыраған достар. “ 71 бет
Ғалымжан мен Байсейіттің ертеден дос-жаран болғандары рас, 1918 жылдың басында Ақмола совдепіне бірге сайланғандары да рас. Бірақ ақтар төңкерісі кезінде Ғалым Әубәкіров тұтқындалмаған. 72 бет
“ ... 1925 жылдың күзінде орталықтан Бөкейханов келді, қасында профессор Швецов болатын. Бөкейханов Ермековтікіне тоқтады. Оны Есболов қонақ етті, онда Байтұрсынов, Дулатов, тағы көптеген ұлтшылдар болғанды.
Сосын, есімде, Бөкейханов Қожановтікіне шақырылды жаңылыспасам, оны меймандыққа шақырып келуге Қожанов мені жұмсаған болатын.
Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Ермеков және Есболов шақырылды. Қой сойдық, сөйтіп кешкісін бәріміз ас жедік.
Терезелерге перде тұтылмаған-ды, ал жарық жанып тұрған.
Меймандар тарағанда мен Қожановтікінде қалдым, сонда ол күліп, маған "біздің дастархан басындағы отырысымызды ГПУ агенттері міндетті түрде суретке түсіріп алды" деп айтты". 94 бет
1927 жылдың алғашқы жартысында қайта қозғалған сол іс
бойынша ГПУ Байсейіт Әділовті тұтқындайды. Тергей келе, өз
зынданында көп ұстамай, тұтқынды Домзакке (Тұтқындалғандар
үйіне), ісін Наркомюстке (Әділет халық комиссариатына)
жібереді. 97 бет
"Байсейіт өзінің үлкен әйелін балаларымен бірге атасына тапсырғысы келді, ол кісінің ауылы бізге тақау қонған-ды, ал бұрынғы әйелінен қалған қызы мен кіші әйелін өзімен бірге алып жүруді ойлады. Менің әйелім мен балам бар еді, мен оларды әйтеуір бір есебін тауып, Ташкентке жеткізсем деп едім. Мен өзім де Ташкентке... Қожановқа ақыл сұрай барсам деген ойда едім. Осы мақсатпен түнделетіп үй жығып, әрмен қарай жылжи бердік"... 99 бет
"...Кешке біздің ауылға № 3 ауыл кеңесінің хатшысы Жұманбаев Әмірбек келді, оған өкімет өкілі Макин мен аупарткомның жауапты хатшысы Бейсенов былай депті: Әділовте Арғынбаев Қаһудың бір түйесі мен бір айғыры бар. Бұл мал тәркіленуге жататындықтан, қайтарылуға тиіс. Түйені менің әйелім - Арғынбаев Қаһудың қызы сұрап алған-ды. ...Атым болмағандықтан, мен айғыр сұрап алғантынмын".
Әділовтердің қонған жерін ауылдарына кездейсоқ келіп кеткен ауыл кеңестөр орынбасары Оразалиев Қиаш айтқан екен. Жұманбаевтың ойынша, өкімет өкілдері әлі тәркіленбеген Жамбеков Төлепбекке баратындықтан, "тап қазір шабуыл күтпеуге болады. Мен оған түйе мен айғырды бердім де, ол ертеңіне қайтып кетті".
Ал азапты қашып-пысу сергелдеңі жалғаса берді.
"Сол күні біз басқа жерге көшіп бардық. Қар ерітіп, дайындадық. Ағам екеуіміздің атымызды тұсап, ұйқыға кеттік. Таңертең тұрсақ - менің атым жоқ... Маңайдан сіңірі шыққан екі ат көрінді. Біреуін Кәрібаев маған ерттеп берді де, екеуіміз менің атымды іздеуге ұйғардық. Мен қолыма қызымды көтеріп тұрған едім, оған түйенің қомына төсек салғанмын, осы кезде "келе жатыр" деген айқай шықты...
Кәрібаев екеуіміз шаба жөнелдік. Мен Байсейіттің қайда болуы тиістігін білмейтінмін, бірақ алға қарай кеткенін білдім.
Біз батысқа беттедік. Шамалы шапқаннан кейін атыс басталды. Бізді 11 адамдай қуып келе жатқанын көрдім. Жұманбаев шабуыл болмайды деген еді, ол кетісімен-ақ соңымыздан қуғын түсті.
Мен естіліп жүрген сыбыстың бәрі рас болғаны, демек өлген деген осы деп шештім. Өзіңді өзің сақтау инстинкі сүйрелеп, одан әрі тырмыса беруге мәжбүр қылды да, біз алға шаба бердік...
Оғым таусылса - өзімді өзім өлтірермін деп ойладым. Оқтар жан-жағымыздан зу-зу етіп жатты... Біз атымызға секіріп мініп, қайта шаба жөнелдік. ...Қыр астық. Керуен көрінді солардан ат сұрамақ болдық... бізді қуып келеді, атып тастаулары мүмкін дедік... ат алып, әрмен қарай шаба бердік. Одан жылқышыларды көріп, олардан да ат ауыстырып міндік, сөйтіп қуғыннан қашып құтыла алдық".
Бірақ отаны қалған ортадан біржола безіп кету мүмкін емес...
"Біз отбастарымыздың қандай жағдайда екенін білгіміз келді, өкімет оларға не істеді екен, әлдебір бейнетке душар болмап па,- соларды сұрастырмаққа шештік. ...сондықтан біз Шу бағытына беттедік.
Естігеніміз - біз қашып кеткен соң, өкімет өкілдері біздің ауылымызды ұстап алып, тінту жасапты да, шұғыл кеңсеге баруға тиіс қазақтардың артына ілестіріпті.
Мен енді Байсейіттің қайда кеткенін білмек болдым. Бәлкім маған онымен байланысудың сәті түсіп қалар.
Шудан өтіп, танысым Шалқарбаев Ахметтің ауылына тоқтадым. Байсейіттің жүріс-тұрысынан ол бейхабар боп шықты. Бірнеше күннен кейін інім Асқар келді.... Ауылда одан әрі қалуға болмайтын, өйткені біліп қоюлары мүмкін еді. Шалқарбаевтар бізге құм ішіндегі бір орынды көрсетті, мұнда әдетте қойшы жүз қойға дейін айдап кеп түнеп кетеді екен. Біз уақытымызды сонда өткіздік. Сонда жатып өз ауылымыздың хабарын білмекке талпындық. Сол себепті біз онда біраз тұрып қалдық". 100-101 бет
Чекист Шумилов әңгімелейді: "Шаян ауданына, үйінде Әділов жатқан Ағабеков ауылына шұғыл сапар шегу қажет еді. Әділовті де, Ағабековті де бостандықта қалдыруға болмайтын. Ауылға дейін жүз шақырымдай бар. Осы қашықтықты, нысанаға "ұзынқұлақтан" - осынау даланың сымсыз телеграфынан бұрын жету үшін, тез арада жүріп өтуіміз керек-ті.
Сол кеште-ақ мен жасақтан бес адамды – Мұхитдиновті, Трояновты, Сапалайды таңдап алдым. Қалғандарының аты-жөні есімде қалмапты. Тәркіленген табыннан әр жауынгерге екі аттан бердім де, таңның атуын тоспай, жолға шығып кеттік. Әділовтің жіберген адамы жолбасшымыз болды. Күні-түні, аялдамастан, шапшаң желіп отырдық. Жолшыбай тек ат ауыстырып міндік те, кішкене жүрек жалғадық. Түн ортасында бір кішкене ауылға келдік, ол жерден Ағабеков тұрағына үш-төрт шақырымдай-ақ қалған. Осында тағы ерулі аттарымызға ауысып міндік, тамақтанып, өте ерте, таң қараңғысынан, абайлап жүріп, шоқыларға беттедік, олардың ар жағындағы сайда Ағабеков ауылы бар-ды. Төбелердің қырқаларына бөлініп-бөлініп шығып алдық.
Ағабеков ауылы - үш-төрт киіз үйден көп емес – тып-тыныш ұйқтап жатыр екен. Тіпті иттерде де үн жоқ. Ағабековке мен активист Сапалайды жібердім, айта кету керек, ол жұмыста комиссияға да, маған да көп көмектескен-ді. Ол Әділов пен Ағабековке менің қаруын тастасын да берілсін деген талабымды айтып баруға тиіс еді. Олар қарсыласқан жағдайда - біз оқ атып, гранат тастаймыз деп ескерткенмін мен. Мұндай ескерту әсерлі болды, шындап келгенде бізде ешқандай гранат жоқ еді. Әділов пен Ағабеков қарсылыспастан берілді, қаруларын да өздері өткізді". 102 бет
"1918 жылғы сәуірден қыркүйекке шейін Қиыр Шығыста ақтарға қарсы соғыстым", "саяси сеніміңіз үшін репрессияға ұшырадыңыз ба? - 1918 жылдың күзінде Благовещенск қаласында ақтардың түрмесінде отырдым, содан Колчак тұсында 1919 жылдың екінші жартысына дейін ақтардан жасырынып жүрдім", т.т. 103 бет
1917 жыл, сәуір-тамыз - Дінше - қазақтардың Омбыда өткен Ақмола облыстық съезінде сайланған қазақ атқару комитетінің нұсқаушысы. Облқазатком оны комиссары ретінде (Қошке Кемеңгеров екеуін) Ақмолаға жібереді. Ол - Сәкен Сейфуллинмен бірге Ақмола үйездік алғашқы қазақ комитетін құрушылардың, ақмолалық жастардың "Жас қазақ" ұйымын ұйымдастырушылардың бірі. 109 бет
сәуір-қыркүйек - Омбыда ұйымдастырылған қызылдар жасағы құрамында азамат соғысы майданына аттанады, Қиыр Шығыста ақтарға қарсы соғысады.
қыркүйек - Благовещенск каласында ақтардың түрмесіне түседі.
күз - Омбыға оралу, гимиазия.
22 желтоқсан - Дінше Омбыда Колчакка қарсы большевиктер ұйымдастырған қарулы көтеріліске Жанайдар Садуақасовпен бірге қатысады.
1918 жылдың соңы - 919 жылдың басы - Омбы тұрғыны жұмысшы Мұқан Әйтпеновтің үйінде ақтардан жасырынып жатады. 110 бет
"Мандат. № 331. 19 марта 1921 года.
Предъявитель сего, члсн КирЦИК тов. Диньмухамед Адилев согласно телеграфного отношения Н.К.П. Туркреспублики за № 1140 от 22/П сего года командируется в г. Ташкент для выяснения вопроса о напечатании киргизских учебников в Ташкенте. 129 бет
...Бір кезде Бұхарада бізбен қазақ Дінше жұмыс істеген еді. Ол Балқаш көлі маңындағы қазақ тайпаларынан 40 шақты жігітті күреске әзірлеп, жол сілтеген еді; бізге және Энвер-пашаға қосылу үшін, жылқы саудагерлері кейпімен, олар Ташкентке келді. Олар мүлдем біздің дала жігіттеріндей, қызуқанды адамдар еді. Олардың көпшілігі алма, алмұрт, шабдалы, қауын дегенді өмірі көрмеген-ді. Ақмоладан Қалқаманмен келген бірнеше жас қазақ Аблықтағы біздің бақта тұрды. Осында Дінше де келіп кетті. Ол қатарымызды тағы да жігіттермен толықтырмақшы еді.
...18 қыркүйекте (1922 жыл - Б.Қ.) ашылған съезге 18 адам қатысты. Әсіресе қазақ интеллигенциясы жақсы қатысты. ...Бұхарада "Орта Азия мұсылмандары ұлттық-демократиялық бірлестіктерінің федерациясы" деп атаған ұйымымызды енді "Түркістан ұлттық одағы", ал Алашорданы "Солтүстік Түркістан" деп атаймыз деп келістік. ...Съезд шешіміне сәйкес мен әйеліммен Иран, Ауғанстан мем Үндістан арқылы Еуропаға кетіп, онда Мұстафа Шоқайұлының көмегімен Түркістан ұлттық одағының шетелдік орталығын ашуға тиіс болдым..."
"Қарабура" жинағынан (Дулат Шалқарбаев, "Елім деп өткен ерлер-ай!"): "1923 жылы (дұрысы: 1922 жыл - Б.Қ.) күзде Сарысу өзені мен Ортау, Ақтау маңындағы екі болыс тарақты Шу өзеніндегі қыстауына жылдағыдан ерте көшті. 135 бет
Көптеген үйлер салығын төлемей кетті. Губерналық атқару комитеті көшкен елді тоқтатуға, мүмкіндігінше кері қайтару пәрмен жасады. Мұны орындау милиция бөлімдеріне тапсырылды. ...Ғалым Әубәкіров... қару-жарағын асынып, ұзақ сапарға жол тартады. Жол-жөнекей Нұра темешіндегі құдаларына соғып, Шала деген құдасын жолсерік етеді. Шала жүрген жер дүрліктіріп, әбігер ететін усойқы бұзық жігіт екен. ...ағайын-туыстарынан пысықай жігіттерді жинайды. Ұзын-ырғасы жиырма шақты адам болады. Бұлар қолына не түссе сонымен қаруланады. Бұл кезде тарақтылардың алды Шуға құлап кеткен. Қыс жылдағыдан ерте түседі. Енді кері қайту қиын. Арқаның жолы бекіп, Ғалым бастаған топ та Шуды қыстап қалуға мәжбүр болады. Олар өздеріне арнайы бірнеше үй тіктіріп, екі болыстың ортасынан штаб құрады да, әр ауылға салық салып, мал жинайды. Елден қыстық киім жинатады. Ішік, тон, шапан, аяқ киім, бас киімде есеп болмайды. Артық дүниені теңге салып, буа береді. Әулие Ата қаласына қора-қора қой, үйір-үйір жылқы айдатып, саттырады. Оған өрік-мейіз, арақ-шарап, қыздарға сый етіп тартатын сырға, тарақ, моншақ, қойшы әйтеуір көңіліне соққанды алдырады. Күн сайын мал сойдырып, қазан ошақтан түспейді. Қысқасы, қарулы жасақ жалпақ еді үрейлендіріп, тонауға кіріседі. Қарсылық көрсеткенді өздері қолдан жасаған абақтыға қамап қойып, дүрелейді, жанын көзіне көрсетеді. Совет үкіметінің сенімді өкілі шалғайдағы елге осындай зұлмат күн орнатады. Ешкімге бағынбайтын өз алдына бір мемлекет сияқты ойына келгенін істеп бағады. "Айдатамын, соттатамын" деп елдің үрейін ұшырады. Қит еткенге "Контрсыңдар!" деп зіркілдейді.
Осындай жөнсіздікпен қалың елді әбден ықтырып алғаннан кейін енді олар басқаша бір намысқа тиетін сұмдықты бастайды. Күнара қызойнақ жасап, оған реңді қыз-келіншек алдырады. Оларды қорқытып, некелі әйеліндей төсекке жатады. Кейбір қарсылық көрсеткен жас келіншектің күйеуін қамап койып, жұбайын көзбе-көз зорлайды. Қараноғай мен Шала бара-бара келіншектерді місе тұтпай, бұзылмаған жас қыздарға ауыз салады. Қайсы біреулер қыздарын адам бармайтын нарқамыстың ортасынан күрке жасап, сонда жасырып ұстайды. Кейбіреулер қызына араша түсемін деп дүреге жығылған. Көшпенді ел арасында осындай тағылықтар етек ала бастаған.
...Екі болыс тарақты жаңа үкіметтің айбарынан қорқып, қой терісін жамылған қасқыр сияқты "Үкімет адамдарына" еш нәрсе істей алмаған. Тіпті атағы дырдай, білгір де, білікті, жүректі деп жүрген Мәдібек болыстың өзі де Қараноғай алдында қауқарсыз болып шыққан. ...Істерге дәрмен жоқ, іштен тынады. ...Ақыры болмаған соң Шуда демалып жатқан Байсейітке хат жазып, арнайы кісі жібереді. 136 бет
"...Ауылға Байсейіт оралып, мені шақыртыпты... маған тұтқындалуының егжей-тегжейін айтып берді...
Кейінірек оған өз ісінің Ақмола губсотына жолданатыны оған Петропавлға баруға тура келетіні мәлім болады... Дулатовқа жолығады, ол қашып кетуін мақұл көріп, қаражат беріпті. Ағам Досмұхамедов Жаншаға да барған екен, ол да ақша беріпті… Билет алып, Түркістан жағына кетеді... Кепілдік берушілердің бірі Құлмұратов Кәріпбай... Бейсенбаев Мұқатаймен Мейірмандікіне тоқтайды, Мейірман оларды атқа мінгізіп, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі "Төртши" деген жерге жеткізеді. Онда Байсейіттің таныс адамдары көлік беріп, Байсейіт серіктерімен ауылымызға жетті.
Бізді ешкім мазалаған жоқ.... " 152 бет
“...Алға қойған мақсатқа жетудің сенімді жолдарының бірі – террор дегенді айтатын бізге Бөкейханов. Ол Софья Перовская және басқалар туралы әңгімелейтін, сөйтіп мынандай ойды өрбітетін еді: қазақтардан терроршылар пайда болмайынша, қазақ халқының азат болуынан үміт ете алмайсың деп. Қазақтың ұлтшыл қызметкерлері көп жағдайда инертті, жандарын аяйды, қатерлі істерге бармайды дейтін. Ол террордың қажет құрал екенін қызына әрі беріле сөз ететін, бірақ бұл мәселе... принципті шешімін тапқан емес.
Жеке әңгіме-дүкен үстінде террор жайы сөз болатын, патша режимі тұсындағы революционерлердің жауынгерлік ұғымы дейтінді мадақтайтынбыз.
...Террорды принципінде пәрменді құрал ретінде мойындайтын едік, бірақ бұл ретте ұдайы тіршілік айналасынан ұзай алмайтынбыз, өйткені бәріміз де отбасымен тұсалғанбызды, жанұя үлкен кедергі еді, ол мұндай қызметті жандандыруға мүмкіндік бермейтін”. 155 бет
Достарыңызбен бөлісу: |