Сөж орындаған: Түменбай Ы. Н тексерген: Атанбаева Г. К факультеті: Тарих, археология және этнология Мамандық: Тарих (ғылыми) 1-курс Жоспары



бет1/6
Дата15.03.2022
өлшемі0.78 Mb.
#456295
  1   2   3   4   5   6
charlz-darvindің-evolyutsiya-teoriyasy

СӨЖ

Орындаған: Түменбай Ы. Н

Тексерген: Атанбаева Г. К

Факультеті: Тарих, археология және этнология

Мамандық: Тарих (ғылыми) 1-курс

Жоспары:

  • І. Кіріспе
  • ІІ. Негізгі бөлім
  • 1. Ч. Дарвин эволюциялық теорияның негізін салушы

    2. Сұрыпталу, өзгергіштік. ДНҚ құрылысы және қызметі

    3. Тірінің құрылымдық негізгі белгілері

    Қорытынды

    Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы, қолдан сұрыптау туралы түсінік 

Ч. Дарвин эволюциялық теорияның негізін салушы

  • Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының пайда болу себептері
  • XIX ғасырдың екінші жартысында Ч.Дарвин эволюциялық теориясын құрастырып жатқанда, әлеуметтік-экономикалық жандану және бірқатар ғылыми жаңалықтардың орын алуымен сипатталған болатын, олар табиғат туралы метафизикалық көзқарастардың құлдырауы және эволюциялық идеялардың дамуына қолайлы уақыт болды.

    Дүние жүзін «Бигль» кемесімен экспедициясына Ч.Дарвиннің өзі де қатысқан болатын. Солтүстік және Оңтүстік Американың фаунасын салыстыра отырып, ол мынадай қорытындыға келеді, бұл материктер ертеректе бір-бірімен байланысқан, тек олардың екіге ажырау салдарынан жануарлар дүниесі де түрліше дами бастады.

    Саяхаттан оралған соң, Ч.Дарвин тағы да 20 жыл бойына бір органикалық түрлердің өзгелеріне айналу туралы дәлелдемелер жинақтайды, тірі заттардың пайда болу механизмдерін анықтап, эволюцияның қозғаушы күштері мен факторларын анықтады. Осы еңбегіне ол палеонтологияның, салыстырмалы анатомия, эмбриология, систематика, биогеография және геологияның, сондай-ақ ауыл шаруашылығының, соның ішінде селекцияның нәтижелерін пайдаланды.

Қолтұқымдар және сорттардың эволюциялық факторлары. Қолдан сұрыптау

  • Эволюциялық теорияны негізге ала отырып, Дарвин қолтұқымдар мен сорттардың қолдан сұрыптау жағдайында пайда болуының факторларын қарастырады. Ары қарай түрлерді табиғи орта жағдайында зерттейді, мақсаты мұндай кезде оның идеясы дәлелдемеліболып шығатынына сенген. Ол үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің алуантүрлілігіне назар аударады, сондай-ақ олардың жабайы түрлермен салыстырғандағы өзгергіштігі жоғары болатынына көз жеткізеді.
  • Анықталған өзгергіштік деп Дарвин белгілі даралар орта әсеріне ұшырап, бірдей өзгеріске ұшырайтын түрін атайды. Бұған ол тыңайтқыштардың мөлшері мен санының әсерінен өсімдіктердің өсуінің өзгеруін жатқызады. Қазіргі заман терминологиясына орай өзгергіштіктің мұндай типі модификациялық деп аталады.
  • Анықталмаған өзгергіштік (Ч.Дарвин бойынша) – бір түрге жататын даралардың бір-бірінен ажыратылатын шексіз алуан түрлі өзгергіштіктер. Бұл ерекшеліктер бір түрден тараған жануарлардың ұрпақтарының немесе бір гүлден шыққан ұрпақтардың бір-біріне ұқсамауы. Осы кезде жануарлар мен өсімдіктің бойындағы жаңа қасиеттері ешқандай адамның қатысынсыз кенеттен пайда болады. Осылайша, қысқа аяқты қой және бүтін жиекті таңқурай пайда болған. Өзгергіштіктің дәл осы түрі , Ч.Дарвин айтқандай, өсімдіктің жаңа сорттары мен жануардың жаңа қолтұқымын шығаруда басты роль ойнайды. Қазіргі көзқарастар бойынша анықталмаған өзгергіштіктер мутациялық өзгергіштікке тура келеді.
  • Ч. Дарвин, сонымен қатар қатынастық өзгергіштікті де бөліп қарады, бұнда бірнеше белгілербірге көрінеді. Мысалы, тұяқтылардың мүйіздерінің ұзындықтары олардың жүндерінің ұзындықтарымен коррекцияланады, жүнсіз иттер әдетте тіс аномалиясымен зардап шегеді, ал көк көзді мысықтар керең болуы да ғажап емес.
  • Сорттар мен қолтұқымдардың эволюциясын зерттей келе, Дарвин олардың түзілуіне бір өзгергіштік аз деген қорытындыға келеді. Жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің сорттарының алуантүрлілігінің негізгі бағыттаушы күші және негізгі факторы қолдан сұрыптау саналады. Қолдан сұрыптаудың екі формасы белгілі: кенеттік және әдістемелік қолдан сұрыптау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет