Сөж пәні:Әлеуметтану Тақырыбы


Алайда барлық адамдар жиынтығын әлеуметтік топ деп қарастыруға келмейді. Адамдар жиынтығы әлеуметтік топ болып саналу үшін екі шарт орындалу қажет. Олар



бет2/3
Дата28.03.2023
өлшемі364.14 Kb.
#471256
1   2   3
әлеуметтану

Алайда барлық адамдар жиынтығын әлеуметтік топ деп қарастыруға келмейді. Адамдар жиынтығы әлеуметтік топ болып саналу үшін екі шарт орындалу қажет. Олар:
Топтағы адамдар арасында тығыз байланыс пен өзара іс-әрекеттің алмасуының болуы;
Топ мүшелерінің әрқайсысының өзінің орны және істейтін іс-әрекетінің болуы;
Егерде белгілі бір адамдар жиынтығы, белгілі бір физикалық кеңістікте өзара ақпарат алмаспаса, мақсаттары бір болмаса, біріге іс-әрекеттенбесе оны агрегация деп атаймыз. Мысалға:
Бір вагондағы жолаушылар, бір қалада тұратын тұрғындар және т.б.
Әлеуметтік топтардың эволюцияға, уақыт торабына байланысты жіктеуімізге болады:
-Рулық;
-Халықтық;
-Ұлттық;
-Отбасылық;
-Нәсілдік және т.б.
Рулық-алғашқы адам тектестер тобырынан кейінгі бірінші адамдық әлеуметтік топ(қауымдастық), яғни тас дәуірінде өмір сүрген тобырдан кейінгі әлеуметтік топ. Ру табиғаттың стихиялы күштеріне және жабайы аңдарға қарсы бірлесе күресу мақсаты және шаруашылығы бір туысқан, қандас адамдардың тарихи тобы болып табылады.
Халықтық топтасу құл иеленушілік және феодалдық қоғамдық формацияларға тән тарихи-әлеуметтік жиынтық болып табылады. Бұл әлеуметтік топтасу бірнеше туысқан тайпалардың территория, тіл және мәдени өмір бірлігінің негізінде қалыптасты. Бұл топтасулардың шаруашылық негізі көбінесе егіншілік пен мал өсіруге негізделген натуралдық шаруашылық болды. Бұл кезде бір ел, бір мемлекет көлемінде берік экономикалық бірлік болмағандықтан, халықтықтық бірлік те айтарлықтай берік, тұрақты жиынтық бола алмады. Экономикалық және саяси жағынан бытыранқылық басым болды.
Капитализмнің тууына және дамуына байланысты әлеуметтік топтың жаңа түрі-ұлттық топтасу пайда болды. Капитализм тұсында біртұтас рыноктың құралуына байланысты бұрынғы феодалдық бытыранқылық жойылып, бірнеше халықтар бір ұлттық топқа бірікті. Ұлттар қоғам дамуының буржуазиялық дәуірінің қажетті жемісі және қажетті формасы.
Ұлтқа тән мәнді белгілер: территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігі және феодализм тұсындағы бытыранқылықтың салдарынан болмай келген экономикалық өмір бірлігі. Демек, ұлттың құралуында экономикалық өмір бірлігі шешуші роль атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет