Тақырып атауы
| СӨЖО өткізу формалары |
Тақырып 1. Әлеуметтік саладағы микроэкономиканың пәні және әдістемесі
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*
|
Тақырып 2. Сұраныс және ұсынысты талдаудың негізі
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру.*
|
Тақырып 3. Тұтынушы тәртібінің теориясы
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *
|
Тақырып 4.
Өндіріс және шығындар теориясы
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *
|
Тақырып 5. Пайданы максимизациялау және бәсекелік ұсыныс
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *
|
Тақырып 6.
Таза монополия және монополиялық билік
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасап, оны рецензиялау және оппонирлеу.*
|
Тақырып 7. Монополиялық бәсеке: қызметтер өндірісінің көлемі мен бағасын анықтау
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, мақсаттар бұтағын құру. *
|
Тақырып 8. Олигополия: үлгілер мен бағаны қалыптастыру стратегиясы
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат жазу, жек шолу жасап, топтық жобаларды өңдеу.*
|
Тақырып 9. Ресурстар нарығындағы бағаны қалыптастыру
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *
|
Тақырып 10.
Еңбек қызметінің нарығы және еңбекақы
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, қосымша глоссарий құру. *
|
Тақырып 11. Капитал және жер ресурстарының нарығы
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, қосымша глоссарий құру. *
|
Тақырып 12. Сыртқы әсерлер теориясы
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *
|
Тақырып 13. Қоғамдық игіліктің өндірісі және қоғамдық таңдау
|
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, қосымша глоссарий құру. *
|
* - СӨЖ (СӨЖО) қосымша немесе баламалы формадағы тақырыптар бойынша тыңдаушылардың инициативалық ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған
ТАҚЫРЫП 1. ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МИКРОЭКОНОМИКАНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
-
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
-
Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
-
Тест сұрақтарына жауап беру
-
Тақырып бойынша глоссарий құру
-
Микроэкономика дамуының негізі болып саналатын ғалым экономистер туралы академиялық эссе жазу
-
Семинар сұрақтары дәстүрлі формада және презентация түрінде талқылануы мүмкін.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
-
Микроэкономика даму барысында қандай кезеңдерден өткен?
-
Микроэкономиканың даму сатысына сипаттама беріңдер.
-
Микроэкономика пәні болып не саналады?
-
Микроэкономика қандай функцияларды орындайды?
-
Экономика сатысына мінездеме.
-
Микроэкономика ғылыми танудың қандай әдісін қолданады?
ТЕСТІЛЕР:
1. Жаңа стадион құрылысының балама шығындары – ол:
а) стадионды пайдалану нәтижесінде алынған кіріс (табыс).
б) оның күзеті мен басқа персоналына (қызметкерлер құрамына) жалақы төлеу
в) осы стадионның құрылысы үшін өндірісі тоқтатылған тауарлар мен қызметтердің бағасы
г) стадион кірістерінен (табыстарынан) төленетін салықтың нақты (шынайы) мөлшерінің өзгеруі
д) стадион құрылысының келесі жылғы бағасы
2. Туристік жорықтың балама шығындарына кіреді:
а) жиналу пунктіден (орнынан) үйге дейін жету үшін кететін шығын (жол шығыны)
б) туристік жорық кезінде кететін шығындар
в) осы уақыт ішінде алуы мүмкін болатын кіріс (табыс)
г) үйден жиналу пунктіне (орынға) дейінгі жол шығыны
д) туристік жорығы дайындығына кететін шығындар
3. Экономика теориясында «шекті» терминнің мағынасы:
а) экономикалық шаманың сәл өзгеруі
б) экономикалық шаманың шекті өзгеруі
в) экономикалық шаманың қосымша өзгеруі
г) экономикалық шаманың едәуір (айтарлықтай) өзгеруі
д) экономикалық шама өзгермейді
4. Экономикалық-математикалық модельдеу үйғарады:
а) шекті шамалар динамикасын зерделеу
б) математикалық функциялар арқылы экономикалық шамалар тәуелдігін зерттеу
в) экономикалық функцияларды графикалық бейнелеу
г) экономикалық құбылыстарды және үрдістерді төменнен жоғарыға дейінгі қозғалыста зерттеу
д) нақты, нағыз, шын объектінің қасиеттеріне ие жасанды объектіні модельдеу және талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиеттерден бастау керек. Дайындық барысында ең бастысы экономикалық мектептер мен бағыттарға көңіл бөлу, микроэкономиканың міндеттерін нақты анықтап алу. Одан кейін микроэкономикадағы түсініктерді, пәнін, әдісін, микроэкономика функцияларын, мақсаты мен міндеттерін оқып-үйрену; микроэкономикада қолданылатын ғылыми әдістердің мәнін түсіну.
ТАҚЫРЫП 2. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТЫ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗІ
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
-
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
-
Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
-
Тест сұрақтарына жауап беру
-
Тақырыптың 1 сабағының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады. 2 сабақтың сұрақтары презентация формасында талқыланады.
-
Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
-
Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
-
Нарықтық бәсеке деген не? Нарық түрлерін қысқаша жазыңдар, оның жетілген бәсекелік нарықтан айырмашылығы?
-
Сатып алушыға керекті тауардың санын не анықтайды?
-
Сұраныс қисығы деген не және сұраныс кестесі, олар қалай бір-бірімен байланысқан? Неге сұраныс көлбеуі төмендейді?
-
Тұтынушылар талғамы өзгеруі сұраныс қисығы бойынша қозғалатын және сұраныс қисығының жақындауына әкеледі ме?
-
Сатушылар ұсынатын тауар санын не анықтайды?
-
Ұсыныс кестесі мен ұсыныс қисығы деген не және олар қалай байланысқан? Неге ұсыныс қисығы күн шығысқа қарай сипатталады?
-
Өндірістік технологиясындағы өзгерістер ұсыныс қисығы бойынша қозғалысқа ұсыныс қисығының жылжуына әкеледі ме?
-
Тепе-теңдік жағдайында болатын нарыққа анықтама беріңдер. Нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін күшті сипаттандар.
-
Нарық тепе-теңдіксіз жағдайда бола ала ма?
ЕСЕПТЕР:
1-есеп.
Кестеде нарықтағы әр түрлі жағдайда концентірленген асбұршақтың көлемі туралы деректер берілген:
-
Баға (теңге)
|
Сұраныстың көлемі (жылына млн. банка)
|
Ұсыныстың көлемі (жылына млн. банка)
|
8
|
70
|
10
|
16
|
60
|
30
|
24
|
50
|
50
|
32
|
40
|
70
|
40
|
30
|
90
|
а) осы кесте бойынша сұраныс пен ұсыныс қисықтарын тұрғыз;
ә) осы нарықтағы асбұршақтың тепе-теңдік бағасын тап.
2-есеп.
Сүтке деген сұраныс функциясы төменде берілгендей:
Qd =50-5P,
Мұнда, Qd –сұраныс көлемі
Егер сүтті ұсыну көлемі тұрақты болса және оның көлемі 30 мың тоннаға тең болса, онда сүттің тепе-теңдік бағасы қандай болады?
ТЕСТІЛЕР:
-
Төмендегі тұжырымдардың қайсысы сұраныс анықтамасын береді:
а) кез кедген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы;
ә) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығында барілген бағамен сатып алғысы келетін заттарының мөлшері;
б) берілген нарықтағы заттардың көлемі;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
2. Сұраныс функциясы дегеніміз не?
а) заттың бағасы мен оның көлеміның арасындағы қатынас;
ә) заттың бағысы мен табыстың арасындағы өзара байланыс;
б) заттың көлемі мен өндірістік факторлардың арасындағы қатынас;
в) барлық жауаптар дұрыс емес.
3. Жалпы жағдайдағы сұраныс функциясы дегеніміз не?
а) сұраныс көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы қатынас;
ә) сұраныс көлемі мен шығындардың арасындағы байланыс;
б) сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы өзара байланыс;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс емес.
4. Ұсыныс дегеніміз не:
а) сатушылардың белгілі бір уақыт арлығында сатуға қабілеті жететін заттарының көлемі;
ә) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығында берілген бағамен сатып алғысы келетін заттарының көлемі;
б) нарықтағы теңдестік бағаға сәйкес келетін ұсыныс көлемі;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
5. Ұсыныс функциясы төмендегі көрсеткіштердің арасындағы тәуелділікті көрсетеді дейміз:
а) сатылатын заттың бағасы мен шығындардың;
ә) заттың сатылатын көлемі мен оның бағасының;
б) технология түрі мен шығындардың;
в) барлық жауаптар дұрыс.
ТАПСЫРМАЛАР:
-
Сұраныс пенұсыныс қисықтарын тұрғызыңдар.
-
Бағаға қатысты сұраныс пен ұсыныс функциясын анықтау
-
Тепе-теңдік бағаны және сату көлемін аналитикалық және профикалық әдіс арқылы анықтау
Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиеттерден бастау керек. Ең алдымен мына түсініктерге анықтама беріңіз: нарықтық механизм, сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі, сұраныс пен ұсыныс икемділігі, нарықтық тепе-тең баға, салықтар және сұраныс пен ұсыныс икемділігі, тұтынушы мен сатушыға салық уақытын бөлу.
ТАҚЫРЫП 3. ТҰТЫНУШЫ ТӘРТІБІНІҢ ТЕОРИЯСЫ
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
5. «Тұтынушы тәртібі теориясының негізі» атты тақырыпқа топтық жоба дайындау
6.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
-
Ұтымдылық шегі деген не?
-
Жалпы және шектелген ұтымдылық арасындағы қатынас қалай көрсетіледі?
-
Тұтынушының тепе-теңдік жағдайы деген не?
-
Талғамсыздық қисығы немен белгіленеді?
-
Тепе-теңдік жағдайы қандай?
-
Бюджет сызығының иілуі қандай қатынаспен белгіленеді?
ТАПСЫРМАЛАР:
Келесі пайымдаулар дұрыс па?
А. Әр түрлі тауарлар пайдалы екендігін салыстыру үшін сандық өлшемдерді қолдануға болмайды.
В. Х игілікті У игілікпен алмастыру нормасының шегін, Х игіліктің ұтымдылығы шегі У ұтымдылық шегіне қатысты ретінде қарауға болмайды.
С. Ұтымды тұтынушы таңдаған кезде барлық пайдаланатын тауарлардың шекті ұтымдылығын теңестіреді.
Д. Талғамсыздық қисығының сызығы координата басына қарай ойыс болады.
Е. Ұтымдылық теориясы, талғамсыздықтың ең жоғары қисығында болғанда, нарық себеті ең жоғары деңгейде болады деп дәлелдейді.
Ж. Табыстың өзгеруі, бюджет сызығының алғашқы жағдайына қарай қатарласа ығысуына әкеледі.
ТЕСТІЛЕР:
1.Тұтынушы талғамы теориясы былай тұжырымдалады:
а) тұтынушының талғамы қалыптасқан жағдайда заттың пайдалылығын
бағалау іс-әрекеттері болады;
ә) тұтынушының бюджеті шектеулі екендігі ескеріледі;
б) ең жоғары пайдалылыққа қол жеткізетін тауарлар құрамын анықтайды;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
2. Талғамсыздық қисығы дегеніміз:
а) тұтынушыға бірдей пайдалық әкелетін тауарлардың жиынтығы;
ә) ең жоғары пайдалылық әкелетін тауарлар жиынтығы;
б) ең төмен деңгейдегі пайдалылық әкелетін тауарлар жиынтығы;
в) а жэне ә жағдайлары дұрыс.
3. Талғамсыздық қисиғының кез келген нүктесінде:
а) тұтынушы ең жоғарғы пайдалылыққа ие болады;
ә) пайдалылықтың мәні тұрақты болады;
б) алмастырудың икемділік коэффициенті тұрақты;
в) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы дұрыс емес.
4. Тауардың тұтынушыға әкелетін шекті пайдалылығы деп:
а) әрбір қосымша пайдаланылатын тауардың экелетін қосымша
пайдалылығын атаймыз;
ә) тауарлардың жалпы пайдалылығын атаймыз;
б) тауарлардың жалпы пайдалылығын олардың санына бөлгенден пайда
болатын көрсеткішті атаймыз;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
5. Тұтынушының теңдестік жағдайы дегеніміз:
а) баға ең аз шамада, ал тұтынатын тауарлар көлемі ең жоғары шамада
болатын жағдай;
ә) сатылатын тауарлардың құны сатып алынатын тауарлардың құнымен
дәлме-дәл, сәйкес келетін жағдай;
б) тауарларды тұтынғандағы пайдалылық өте жоғары пайда болатын
жағдай;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиеттерден бастау керек. Мына түсініктердің мәнін толығырақ ашу қажет: тұтынушылық бағалау, тұтынушының бюджет шектеуі, тұтынушының тепе-теңдігі, талғамсыздық қисығы, алмастырудың шекті нормасы, тұтынушының табысы немесе тауарлар бағасы, тәуекел өзгерген кездегі бюджет сызығы, жеке және нарықтық сұраныс, бюджеттік мүмкіндіктер және бюджеттік сызықтар, жоғары бағалау, ұтымдылық және қанағаттандырғыштық.
ТАҚЫРЫП 4. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
-
Тақырып сұрақтарына ауызша жауапқа дайындалу.
-
Өзін -өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.
-
Тест сұрақтарына жауап беру.
-
Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
-
Тақырыпқа қатысты есептерді шығару.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
1. Өндірістің мәні неде? Қандай өндіріс технологиялық нәтижелі деп аталады? Экономикалық нәтижелер?
2. Өндірістік функцияның мәні неде? Кобба – Дуглас функциясы деген не?
3. Изокванта деген не? Технологиялық ауысудың шекті нормасы.
4. «Фактордың жиынтық өнімі», «орташа өнімі», «шекті өнімі» деген категориялардың мәнін ашыңыз.
5. Кемушілік қайтарым заңы және ауқым әсері дегеніміз не? Олардың арасында не ортақ және айырмашылықтары қандай?
6. Шығындар деген не ? Шығындардың жіктеуін келтіріңіз.
7. Қысқа мерзімді өндірістің шығындарын сипаттаңыз. Олардың графигін салыңыз.
8. Ұзақ мерзімдегі өндірістің шығындарын сипаттаңыз. Олардың графигін салыңыз.
9. Өндіріс тепе-теңдігі деген не? Оған жетудің шарты қандай?
10. Изокоста деген не? Өндіріс тепе-теңдік графигі қалай көрсетіледі?
ТЕСТІЛЕР
1. Өндіріс функциясы деп нені айтамыз:
а) өнім көлемі мен өндіріс факторларының арасындағы байланысты;
ә) өндіріс факторларының белгілі бір қүрамын пайдаланғанда өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемін;
б) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс емес.
2. Өндіріс факторлары дегеніміз:
а) өндірістік процесте қолданылатын шикізаттар, құрал-жабдықтар және еңбек күштері;
ә) өндірісте алынатын дайын өнім көлемі;
б) а және ә пункттері;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
3. Қысқа мерзімді кезең дегеніміз:
а) негізгі өндірістік қорлардың болатын уақыт аралығы;
ә) өндірісте қолданылатын материалдар мен заттардың құны тұрақты болатын уақыт аралығы;
б) негізгі өндірістік қорлардын, көлемдері айнымалы болатын уақыт аралығы;
в) жоғарыда айтылған тұжырымдардың ешқайсысы да дұрыс емес.
4. Ұзақ мерзімді кезенде өндірістік процесте қолданылатын:
а) факторлардың бәрі де түрақты болады;
ә) факторлардың бәрін де өзгертуге болады;
б) еңбек факторларын ғана өзгертуге болады;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
5. Экономикалық шығындар құрамына:
а) айқын және айқын емес шығындар, сондай-ақ кәдімгі пайда да қосылады;
ә) айқын шығындар қосылып, айқын емес шығындар қосылмайды;
б) айқын емес шығындар қосылып, айқын шығындар ескерілмейді;
в) айқын және айқын емес шығындар қосылмайды.
6. Ұзақ уақыт мерзімінде:
а) барлық шығындар айнымалы болады;
ә) барлық шығындар тұрақты болады;
б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі;
в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.
7. Қысқа мерзім аралығында:
а) барлық шығындар айнымалы болады;
ә) барлық шығындар тұрақты болады;
б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі;
в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.
8.Төменде көрсетілгендердің қайсысы жалпы шығынды сипаттайды:
а) Δ MC;
ә) VC-FC;
б) FC+VC+MC;
в) FC+VC;
г) (FC+VC)/Q.
9. Орташа жалпы шығындар дегеніміз:
а) тұрақты және айнымалы шығындар;
ә) тұрақты шығындар;
б) айнымалы шығындар;
в) шекті шығындар.
ЕСЕПТЕР
1-есеп. «Мерей» фирмасы жиһаз шығарумен айналысады. Берілген кәсіпорынның бухгалтерлік шығындардың негізгі бөлшектерін атап көрсетіңіз. Бұл жағдай шығындардың қайсысында орын алады?
2-есеп.Үкімет заңды тұлғалардың мүлкінен алынатын салық көлемін көтерді деп жорамалдайық. Бәсекелестік фирмалар үшін орташа айнымалы, тұрақты және жалпы шығындардың мөлшері өзгере ме?
3-есеп. Киім тігумен айналысатын фирма үшін матаның бағасы көтерілуі оның тұрақты шығындарының мөлшеріне қалай әсер етеді? Бұл жағдайда шекті шығындардың мөлшері өзгере ме?
Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиеттерді талдаудан бастау керек. Семинар сабағына дайындалу барысында қызметтер өндірісі және оның ерекшеліктері, қызметтер өндірісінің тұрақты және айнымалы (өзгермелі) факторларына, жалпы, орташа және шекті шығындарға, өндіріс ауқымын жоғарылату тиімділігі сияқты сұрақтарға ерекше назар аударған жөн.
ТАҚЫРЫП 5. ПАЙДАНЫ МАКСИМИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІК ҰСЫНЫС
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
5.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
-
«Табыс» пен «пайда» категорияларына анықтама беріңіз. Бухгалтерлік және экономикалық пайда дегеніміз не? Қарапайым пайда деген не?
-
Жалпы, орташа, шекті табыс деген категорияларға түсінік беріңіз.
-
Нарық құрылымдар түрлерінің жіктеуін келтіріңіз. Оларға сипаттама беріңіз.
-
Пайданы көбейтетін өндіріс көлемін анықтау үшін қандай қағидалар пайдаланады?
-
Шекті шығындардың шекті табысқа теңдік ережесінің мәні неде?
-
Қысқа мерзімді фирманың ұсыныс қисық сызығының графигі қандай?
-
Бәсекелес саланың тепе-теңдігі қалай қалыптасады?
ТЕСТІЛЕР
1. Қалыпты пайда өндірістің қандай шығындарына кіреді?
а) кірмейді
б) көрінетіне
в) ауыспалысына
г) тұрақтысына
д) көрінбейтіне
2. Нағыз бәсекелестік жағдайларға не жатады?
а) ақпараттың шектеулігі
б) комплиментарий-тауарлардың жоқтығы
в) нарыққа кіру және одан шығу қиындығы
г) еркін баға белгілеуі
д) әр түрлі тауарлардың көптігі
3. Пайданы көбейтуге ұмтылған бәсекелес фирма өндірістің қайкөлемін ұстауға тиісті?
а) ол ең жоғары бағаның өскен кезінде
б) орташа шығындар азайғанда
в) шекті шығындар шекті табысқа тең болғанда
г) шекті шығындар орташа шығындарға тең кезінде
Достарыңызбен бөлісу: |