Сөж тақырыбы: «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Орындаған: Маратова Жазира Аманбайқызы Тобы: тпрп-418 п қабылдаған: Рүстемова А. Ж. Алматы 2023 жыл Жоспар



бет3/4
Дата28.02.2023
өлшемі191.43 Kb.
#470150
1   2   3   4
Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

1.2 Таңбалауға қойылатын талаптар


Алкоголь өнімін таңбалау Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің және осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Алкоголь өнімі үшін таңбалауда қосымша мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) шараптар үшін:

  • тип (құрғақ, жартылай құрғақ, көбікті және т.б.);

  • көлемі бойынша этил спиртінің шоғырлануы, % немесе % айн.

  • шығарылған жерінің атауы;

  • қанттың массалық шоғырлануы, % (құрғақ шараптардан басқа). Көбікті, шампан, газдалған шараптар мен сидралар үшін - құрамындағы қанты бойынша атауы: брют, құрғақ, жартылай құрғақ, жартылай тәтті, тәтті;

  • құю күні және ресімдеу күні (шөлмек тәсілімен алынған шампан үшін) - заттаңбаның беткі немесе келесі беттерінде немесе қаптаманың басқа элементтерінде немесе тұтыну ыдысының оқуға ыңғайлы жерлерінде және құюды жүзеге асыратын ұйымның атауында тікелей;

  • шарап дайындалған жүзімнің түсімін жинаған жылы және сақтау мерзімі (таңбалы және топтама шараптары үшін);[5]

  • құю жүргізген кәсіпорынның атауы — заттаңбаның беткі және келесі беттерінде немесе шөлмектің мойнына киілетін қақпағындағы бедерде;

  • өнімнің дәміне және хош иісіне әсер ететін ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат;

  • алкоголь өнімінің өндірісіне уәкілетті орган берген мемлекеттік лицензиясының нөмірі;

  • көлемі литрмен (л) көрсетіледі. Заттаңбадағы көлем санмен көрсетіледі және өлшем бірлігінің қысқартылған немесе толық атауымен толықтырылады;

  • медальдар және айырмашылық белгілер, егер:

  • олар осы саладағы ұйымдастырушылар белгілеп таныған нормаларға және критерийлерге сәйкес конкурстарда берілген болса;

  • құжаттамалық растау (марапаттар, куәліктер және өзгелері) болса;

  • заттаңбада шараптың партия көлемі, айырмашылықтың мәні немесе ресми бақылаудың нөмірі болса;

Қазақстан Республикасының заңнамасына олар сәйкес болған жағдайда жазылатын басқа да мәліметтер; шараптың немесе коммерциялық фирманың тарихы бөлігінде көрсетілетін мәтіндер, тұтынушыға ұсынымдар, тұтынушыны жаңылыстырмауы тиіс органолептикалық ерекшеліктері;
2) спиртті сусындар және ішуге жарамды 95%-дық спирт үшін:

  • көлемі бойынша этил спиртінің шоғырлануы, % немесе % айн.;

  • дайындаушының, қаптаушының, экспорттаушының импорттаушының атауы, орналасқан мекен-жайы, елдің атауы және шығарылған жері;

  • өнімнің құрамы - пайдаланылатын тазартылған этил спиртінің сұрпы, суы (дайындаушының қарауы бойынша оның айырмашылық қасиеттер және (немесе) дайындау тәсілдері), негізі ингредиенттердің атауы;

  • вискидің таңбалауында спирттің жасалған уақыты, елі, спирт қайдан импортталғаны көрсетіледі;

  • арақтарды және айрықша арақтарды таңбалауда тазартылған этил спиртін өндіру кезінде ферментациялау үшін пайдаланылатын препараттардың атауы, мысалы, «жарманы және ферментті препараттарды пайдалану арқылы өндірілген дәндік тазартылған этил спиртінен дайындалған» немесе «жарма спиртінен дайындалған» деп керсетіледі. Арақтың таңбалауында өндірісте қолданылатын тазартылған этил спирті, негізгі тағамдық шикізатының атауы, мысалы, «дәндік тазартылған этил спиртінен дайындалған» деп көрсетіледі. Айрықша арақтардың таңбалауында хош иісті заттың атауы жазылуы мүмкін; [6]

  • қанттың массалық шоғырлануы;

  • коньяк спиртінің орташа жасы ;

  • құю күні (заттаңбаның келесі немесе беткі бетінде) көрсетіледі. Оны қалпақтарында және бақылау заттаңбаларында немесе тұтыну ыдыстарында оқуға ыңғайлы жерлерінде тікелей көрсетуге жол беріледі;

  • алкоголь өнімін өндіруге уәкілетті орган берген мемлекеттік лицензияның нөмірі;

  • сертификация туралы ақпарат;

  • алкоголь өнімін тұтынудың зияны және қарсы көрсеткіштері туралы ақпарат «Алкогольді шамадан тыс қолдану денсаулығыңызға зиян. Жасы 21-ге толмаған адамдарға, жүкті әйелдерге және емізулі балалары бар әйелдерге, орталық жүйке жүйесімен сырқаттанатын, бүйрегі және асқазан ағзасы ауыратын адамдарға алкогольдің қарсы көрсетілімі бар» деп жазылады.

3) сыра үшін:

  • сыраның типі (ақшыл, қоңыр). Пастерленген сыраны таңбалау «Пастерленген», ақшыл емес сыра үшін - «ақшыл емес» деген қосымша жазуларды қамтуы тиіс;

  • бастапқы сөлдің экстрактивтілігінің шамасы;

  • этил спиртінің пайызы немесе көлемі бойынша шоғырлануының ең аз шамасы - «алк. кемінде...%(%айн.)» немесе «спирт кемінде...%(% айн.)»;

  • уәкілетті орган алкоголь өнімін өндіруге берген мемлекеттік лицензияның нөмірі;

  • кегалар мен бөшкелер брутто салмағын таза салмағын немесе номинальды көлемін (литр) көрсетіп, қосымша таңбалайды.

Алкоголь өнімін таңбалауда дайындалған нормативтік немесе техникалық құжаттың белгілері жазылады және соған сәйкес өнім сәйкестендірілуі мүмкін.[6]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет