Сөйлеген сөзі Атасу кенті 12 желтоқсан 2009 жыл Құрметті жерлестер! Қадірменді қауым!



Дата01.07.2016
өлшемі208.6 Kb.
#170541
Аудан әкімі Х.Н. Омаровтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыста

сөйлеген сөзі
Атасу кенті 12 желтоқсан 2009 жыл
Құрметті жерлестер!

Қадірменді қауым!
Бүгін біз еліміздің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнін атап өтуге жиналып отырмыз.

Осыдан 18 жыл бұрын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» констиуциялық заң қабылданғаннан кейін еліміздің дамуында жаңа өзгерістер басталып, тарихымыздың жаңа кезеңдерінің беттері ашылды.

Қазақстан тәуелсіздігі – ең алдымен ұлтымыздың ежелден бостандықа деген асқақ рухының жеңісі.

Бүгінгідей кең байтақ жері бар, терең тарихы бар қазақ елі шын мәнінде жұлдызы жанған бақытты халық. Алайда, бұл бақыт бізге оңайлықпен де, өздігінен де келген жоқ. Қазақ халқы өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Бүгінгі тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры, арманы мен болашаққа ұмтылысы, арпалысқа толы күресі жатыр. Тәуелсіздік жолындағы күресте іштей булыққан бұлқынысы мен өкініші, жеңістері мен жеңілістері қатар жүрді. Кең көсілген Арқадан кербез Алатауға дейінгі, алтын тамыр Алтайдан кәрі Каспийге дейінгі аралықтан ұлан-ғайыр даланың ұлы өркениетін қалыптастырған батыр бабаларымыздың қайсар мінезі арқасында орта ғасырда қазақ ұлысы қалыптасып, қазақ хандығының жеке ордасы тігілді. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас. Алайда, жеке хандық құрылғанымен, қазақтың басына баянды бақ пен бейбіт өмір орнай қалмағаны тағы белгілі. Әр ғасыр, әрбір дәуір қазаққа сыны мен сынағын қатар жіберуден танбады. «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» тұсында империялардың қыспағына түсіп, халқымыз ошағы мен отанынан айрылып қалудың аз-ақ алдында қалды. Ел басына күн туған сол бір алмағайып замандарда бүкіл қазақ бірігіп, тізе қосуының арқасында Орбұлақ пен Аңырақайдағы тарихи маңызды жойқын жеңістер Азаттықтың ақ туының астында желбіреді. Одан кейін де бостандыққа бұлқынған, еркіндік аңсаған ерлердің күресі толастамады. Еркіндікті аңсаған, елдікті көксеген ұлтымыздың ұлы рухы ата-бабамызды отаршылдық саясатқа қарсы ұлт-азаттық көтеріліске бастап шықты. Халқымыздың сол асқақ, азат рухы қазақ сахарасында Абылайдың ақ туын жықпауға бар күш-жігерін салған Кенесары, Наурызбай сынды ұлттық батырларымыз бастаған 100 жылдан астам уақыт толастамаған ұлт-азаттық көтерілістерден 1916 жылғы ұлттық көтеріліске ұласқан күрестерде шыңдала түсті. Осыдан 90 жыл бұрын Алаш ардақтыларына қазақ автономиясын құрғызған да сол өршіл мінез, асқақ арман болатын. Егер сол бір сындарлы шақта қазақ зиялыларының басын бәйгеге тіккен белсенді істері болмағанда бүгінгі күнгі ел егемендігін елестетудің өзі аса қиынға айналары ақиқат еді.

Кешегі кеңестік жүйе де тарихи жадымыз бен ұлттық болмысымыздан, салт-дәстүр, иба, имандылығымыздан айыра жаздады. Осы бір тоталитарлық жүйеге қарсы бағытталған Желтоқсан қозғалысы – озбырлық жүйеге қарсы еркіндікке ұмтылған жастардың тұңғыш рет бас көтеруі, жалынды жігері, мұқалмас қайраты және бұрынғы одақ көлеміндегі ояна бастаған ұлттардың алғашқы демократиялық ұмтылысқа күш берген күрестің бастауы болатын.

Жаңа дәуірдің бастамасы бола білген қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына да биыл 23 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік жолындағы осындай әрекет-ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда мәңгі сақталатыныны сөзсіз. Сондықтан да аталардың аманаты мен ел еркіндігі үшін қыршын кеткен боздақтардың рухы алдында әрқашан тағзым етеміз.
Құрметті ағайын!
Тәуелсіздік рухымызды асқақтатып, болашаққа деген сенімімізді күшейтті. Бабалар жүріп өткен жолдың тарихи тағылымы бізге береке бастауы – ел бірлігінде екендігін айқын көрсетіп берді. Ерен ерліктер өнегесі тарихи мүмкіндікті мүлт жібермей, біздің бәрімізді тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға жұмылдырды. Тарихымызда тұңғыш рет толық тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Одақ ыдырағаннан кейін Қазақстанға тиген басты-мұра ауқымы жағынан көз көріп-білмеген жүйелі дағдарыс болды. Біздің елімізге бәсекеге қабілетсіз экономика, басқарудың ескілікті жүйесі тиді.

Бұл еліміздің бастан өткерген алғашқы ең ауыр да созылмалы дағдарыс еді. Еліміздің алдында үлкен міндеттер тұрды. Сол қиын кезеңде халқымыздың таңдауы Н. Ә. Назарбаевқа түсіп, Елбасының сындарлы да сарабдал ішкі, сыртқы саясатының арқасында біз бүгін үлкен жетістіктерге жеттік. Сол кезде жас мемлекетімізге қиыншылықтарға төтеп беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар құру үшін негіз қалауға жағдай жасаған бетбұрыстық сипаттағы реформаларды жүргізудің сәті түсті.

Елбасымыз өзіне жүктелген аса жауапты да маңызды міндеттерді атқара отырып, осы өткен он сегіз жылда болған тарихи өзгерістердің нақ ортасында жүріп, солардың ұйытқысы болғаны өз елімізде де, сыртқы елдерде де белгілі.

Аз уақыттың ішінде егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді.

Өз алдымызға жеке даму мүмкіндігіне ие болған кезеңде экономиканы көтеріп, саяси жағынан өсіп, құқықтық және демократиялық мемлекет құру шаралары іске асырылды. Ең бастысы, Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың өзара достығы, түсіністігі тәрізді ұзақ уақыт қалыптасқан дәстүрді сақтай білдік.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында бірінші болып стратегиялық жоспарлау жолын таңдап алып, мемлекеттік басқаруымыздың және экономикалық реттеуіміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» даму стратегиялық жоспары айқындалды және 1997 жылы бұл тарихи құжат қабылданды. Осы жылдары Қазақстан экономикалық реформаны жүзеге асыруда кешегі Кеңес Одағы Республикаларының ең алдына шықты және біз ұстаған модель дамушы елдерге үлгі-өнеге ретінде ұсыныла бастады.

Егемендігіміз еңсесін тіктеген шақта, еліміздің болашағы үшін зор маңызға ие бірнеше үлкен істер қолға алынып, тарихи бетбұрыстар жасалды. Сондай ауқымды шаралардың бірі - өркендеуіміздің, тұрақтылығымыздың және жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет құруға ұмтылысымыздың басты нышаны ретінде Елордамызды Алматыдан Астанаға көшіру туралы 1997 жылғы Елбасының шешімі тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы стратегиялық шешімдерінің бірі екеніне және бұл таңдау дұрыс, әрі баянды болғанына бүгінгі күні бәріміздің көзіміз жетіп отыр.

Әсем де айшықты елордамыз – Астанамыз еліміздің бел ортасына, Сарыарқаның төрінде орнап, аз уақыттың ішінде шалғайдағы шағын қаладан осы заманғы мүмкіндігі мол әсем де әдемі шаһарға айналды.

Елбасымыз: “Астана біздің Отанымыздың жүрегіне, халықты біріктірген ұлттық идеяға тоғысты, ол халықтың өз күші мен ұлы мақсаттарына деген сенімнің символына айналды”-деп атап өтуі, бүгінде Астананың тәуелсіз Қазақстанның Елордасы ретінде әлемнің саяси картасында берік орныққанын көрсетеді.

Осындай ғажайып даму белестеріне көтерілген Астананың төрінде Қазақстан мемлекеттілігінің басты бейнесі ретінде биыл «Қазақ елі» монументі ашылды. Астананың сыртқы сәнін ерекшелеумен бірге, ішкі мазмұнын одан әрі байыта түсер өрнегі мол монумент – қазақ елінің барлық тарихынан сыр шертіп, келер ұрпаққа зор тағылым, үлкен тәрбие беретін құны шексіз ескеркіш болып табылатыны анық.
Құрметті жаңаарқалықтар!
Біз тәуелсіздік жылдары экономикалық қиыншылықтардан өтіп, мәдениетіміздің төл тумалығын және өз тарихымызға деген құрметті сақтай отырып, мемлекеттік басқаруға деген қабілетімізді дәлелдеп, демократияның берік негіздері мен өз дипломатиямызды құрдық.

Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он сегіз жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да болмасын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері ішінде көшбасшысы атанды.

Біз бұл жетістікке ұлт пен ұлыстың татулығы, демократияның берік негіздері мен отандастарымыздың жанқиярлық еңбегі арқасында қол жеткіздік. Сол себепті де қазіргі таңда халықаралық қауымдастық Қазақстанды өңірлік көшбасшы, шынайы дос, тату көрші, тағылымды әріптес ретінде құрметтейді.

Осынау есею жылдары ішінде кездескен көптеген сынақтарға лайықты шыдамдылық арқасында Қазақстан өзінің тәуелсіз дамуында әлемдік қауымдастықтың толық құқылы, жауапкершілікті және құрметті мүшесі ретінде қалыптасты деп сеніммен және мақтанышпен айта аламыз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірінші экономика – сосын саясат» қағидасы негізінде, еліміздің кезеңді даму жолы белгіленіп, ол 1997-1998 жылдардағы дағдарыстан, Кеңес Республикаларымен шаруашылық байланыстың үзілуінен болған қиыншылықтардан өтуге мүмкіншілік берді. Сол жылдары біздің дұрыс жол таңдағанымызды елімізде болған өзгерістерден, экономикамыздың қарыштап дамуынан көруге болады.

Бірақ уақыт бір орында тұрмайды, сыртқы және ішкі факторлар және нарық заңдарының кері әсері қайтсе де өзінің ықпалын тигізуде. Америка құрама штаттарында басталған қаржы дағдарысы дүние жүзіне тарап, экономикасы дамыған Еуропа елдеріне, Ресейге және басқа да мемлекеттердің экономикасына кері әсерін тигізді. Әлемдік қаржы жүйесімен тығыз байланыста болғандықтан бұл дағдарыс бүгінгі күні Қазақстан экономикасын да тыс қалдырмады. Елбасының бастамасымен экономикалық дағдарыс әсерін неғұрлым азайту жолдары белгілденіп, елімізде дағдарыстың алдын алу мен оны еңсеру мақсатында қажетті шаралар іске асырылды. Биылғы жылғы Елбасымыздың халыққа арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы да «Дағдарыстын жаңару мен дамуға» деп аталып, онда қаржы дағдарысынан елді аман алып шығудың нақты бағыттары айқындалып, дағдарыстан кейінгі даму жолы көрсетілді.


Құрметті қауым!
Қазіргі кезде біздің негізгі мақсатымыз - әлеуметтік бағдарланған экономика құрып, азаматтарымыздың экономикалық белсеңділігін арттыру екені сөзсіз.

Сондықтан бүгінгі күні бізге адам әлеуетін дамытудың тиімді моделін қалыптастырып, қазақстандық ұлттық стандарттың негізін қалауға қол жеткізу мүмкіндігі туды.

Қазіргі уақытта біз Қазақстан - өзінің азаматтары үшін бойына жауапкершілік алатын мемлекет деп сенімді түрде мәлімдей аламыз.

Тек соңғы 10 жылда ғана адам капиталының әлеуетін айқындайтын салаларға – білім беруге, ғылымға, мәдениетке, денсаулық сақтау мен тұрғындарды әлеуметтік қорғауға мемлекеттің шығыны 8,7есеге өсті.

10 жылда еліміздің ішкі жалпы өндірісі іс жүзінде 8 есе, сыртќы сауда айналымы 10 есе ұлғайды. Шағын кәсіпкерлікке инвестициялардың жалпы өсімі 2000 жылдан бастап 23 есе дерлік ұлғайды.

1997 жылдан бергі кезеңде еңбекақының ең төменгі өлшемі 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы көтерілді және соңғы жылдар бойында орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында көшбасшыардың бірі болып табылады.

2002 жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үдерісі қалыптасып келеді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті.

Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есеге, ал зейнетақы төлемдерінің орташа көлемі 3,3 есеге көбейді.

2012 жылға қарай зейнетақының орташа көлемі тағы да 2,5 есеге ұлғайтылатын болады.

Соңғы 10 жылда мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығыны 13 есе өсті, 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 290 нысаны салынып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Демографиялық жағдайды жақсарту мәселелеріне де үлкен назар аударылуда.

Жас мемлекетіміз үшін тәуелсіздіктің 18 жылдық тарихы түбегейлі саяси өзгерістер мен ауқымды конституциялық реформалар уақыты ретінде енді. Сол себепті де Қазақстан өзінің кезекті тәуелсіздік мерекесін сапалық тұрғыдан жаңа демократиялық стандарттар мемлекеті ретінде қарсы алып отыр.

Парламент және саяси партиялар рөлінің күшейтілуі, сот билігі тармағы тәуелсіздігінің нығаюы, мәслихаттардың күшейтілуі, жергілікті өзін-өзі басқарудың дамытылуы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа рөлі, құқық қорғау жүйесінде азаматтардың құқығын қорғау тетіктерінің нығаюы - осы және басқа да шаралар елімізді демократияландыру жолымен айтарлықтай ілгері жылжытты.

Елімізде ғұмыр кешкен көп ұлттардың арасында татулық пен бірліктің орнауына негіз бола білген Қазақстан халықтары Ассамблеясының биылғы жылы өткен XV сессиясында ұлттар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты көздеген ел бірлігі Доктринасы жобасы ұсынылып, қазіргі таңда елімізде кеңінен насихатталу үстінде.

Бүгінде біздің саяси жүйеміз базалық өлшемдері бойынша бүкіл әлем қабылдаған демократиялық дәстүрлер мен нормаларға сәйкес келеді. Бұл біздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген тағы бір басты жетістіктеріміздің бірі болып табылады.


Құрметті қауым !
Қазақстан өз алдына іргелі ел болғаннан бергі осы жылдар ішінде халықтың әл - ауқаты жақсарып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жаңа үрдіске көтеріліп, барлық салалар бойынша қарқын алып дамуда. Бұны халықаралық қауымдастықтар да мойындап отыр.

Біз биылғы жылғы еліміздің тәуелсіздік мейрамын үлкен тарихи маңызы бар оқиғалар кезеңінде атап өткелі тұрмыз. Алда еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Республика Конституциясының 15 жылдығы келе жатыр. Осындай тарихи оқиғалар қарсаңында еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төрағалық етеді. Бұл біздің еліміз үшін үлкен абырой және зор жауапкершілік. Әлемдік аренада зор беделге ие бұл ұйымға төрағалық ету еліміздің бүгінгі жетістігін, өсіп, өркендеуі мен ұстанған саясатын әлемнің мойындағаны, танығаны деген сөз. Оған мүше мемлекеттердің ішінен Қазақстанның төрағалыққа лайықты деп табылуы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері мен Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен Қазақстанның осы ұйымға алғаш тізгін ұстауы, сөз жоқ, біздің жетістігіміз.


Құрметті жерлестер!
Республика көлеміндегі қарқынды даму процестері әр аймақтарға да өз ықпалын тигізуде.

Қазіргі уақытта барлық қазақстандықтар сияқты Жаңаарқа ауданының тұрғындары да өзінің даму бағытын белгілеп, қай салада болмасын зор жетістіктерге қол жеткізуде.

Үкімет пен облыс әкімшілігі тарапынан берілген тапсырмаларды, реформаларды, әсіресе дағдарысты игеру шараларын жүзеге асыруда облыс көлемінде әлеуметік-экономикалық дамудың көптеген бағыттарында көшбасшы болып келе жатқан Жаңаарқа ауданының жетістіктеріне ауданның барлық тұрғындары өз үлестерін қосуда. Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша даму деңгейі жөнінен облыс аудандарының арасынан І орынға ие болған біздің аймағымыз биылғы жылды да табысты аяқтағалы отыр. Дағдарыстың алдын алу шараларының негізінде кәсіпорындар мен шаруашылықтардың қалыпты жұмыс істеп, даму деңгейін төмендетпегенін ауданымыздың экономикалық көрсеткіштерінен көруге болады.

Атап айтқанда, жылдан-жылға аудандық бюджеттің көлемі және өнеркәсіп өнімінің көлемі соңғы бес жылда үдемелі өсіп келеді. Ауданда өнеркәсіп нысандарының саны көбею үстінде.

Нақты экономика секторын нығайту бағдарламасы бойынша ауданда 2009 жылдың 11 айында өндірілген өнеркәсіп көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 117,2 пайызға артты.

Елбасының жарлығымен бекітілген ауыл жылдары мен ауылдық аймақтарды дамытуға арналған бағдарламалар ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарының жан-жақты дамуына әсерін тигізуде.

Ауыл шаруашылығының барлық саласы сауығып, өркендеуге бетбұрыс жасауға жол ашылды. Салыстырмалы түрде алсақ, үстіміздегі жылы ауылшаруашылығының барлық санаттары бойынша өндірілген өнім көлемі 11 ай қорытындысы бойынша 2008 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 6,5 пайызға өсті.

Шартты мал басы 2008 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға өсті. Бүгінгі күні ауылшаруашылығымызда малдардың барлық түрлері бойынша өсуге қол жеткізіліп жатыр. Сонымен қатар малды асылдандыру бағытында аудан көлемінде біршама жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі күнде "Ескене" шаруа қожалығында ет бағытындағы "Әулие көл", қазақтың ақ бас сиыры сияқты асыл тұқымды ірі-қара малы, «Жеңіс» Акционерлік қоғамында асыл тұқымды «Сарыарқа» қылшық жүнді қой басы мен «Жабы» тұқымдас қазақы жылқысы, Ақтау селолық округіне қарасты «Сенім» шаруа қожалығында - «Жабы» тұқымдас асыл тұқымды қазақы жылқысы өсіріліп, бағылуда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп қайта өңдейтін кәсіпорынның базасы қалыптасты. Аудан өңірінде ет-сүт және астық кешенін дамытуды жүзеге асыру мақсатында құрамына «Ерлан», «Ескене» шаруа қожалықтары «Зергер Агро» ауылдық тұтыну кооперативі бірігу арқылы аумақтық шаруа қожалықтарының бірлестігі «Жаңаарқа Агро күш» құрылып отыр.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер бірлестігін құру мен дамыту бойынша жобалық құны 85 млн теңге тұратын жүн өңдейтін «Жаңаарқа Жібек жолы» ауылдық тұтыну кооперативі, сонымен қатар жобалық құны 20 млн теңге тұратын «Береке» нан өнімдерін өңдейтін ауылдық тұтыну кооперативі құрылып отыр.

Ауданымыздың 80 жылдығына орай қолға алынған 16 игілікті шаралардың бірі ретінде биыл ауданымызда бағаны тұрақтандыруға байланысты арзандатылған бағамен сауда жасайтын коммуналдық базар ашылып, халық игілігіне жұмыс істеуде.

Ауыл шаруашылық кешенін тұрақты түрде дамыту мақсатында алда көптеген міндеттер мен басымды бағыттар тұр. Атап айтқанда, шаруашылықтарды ірілендіру, ауылдық тұтыну кооперативтерін құру арқылы үкімет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктерді пайдалану, ауылға инвестиция тарту, жаңа технологияларды еңгізу, сапалы өнім шығару, жеңілдетілген несиелік жобаларға кіріп жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта, тиісті жұмыстар жүргізу қолға алынуда.

Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының негізін құрайтын шағын кәсіпкерлік басымдылықпен дамып келе жатыр. Аудан әкімдігі тарапынан шағын және орта бизнесті дамыту ісіне қолайлы жағдайлар жасалуда. Кәсіпкерлерге банктерден несие алу, түрлі қорлардан инвестиция тарту жөнінде көмек көрсетіліп отыр.

Қазіргі таңда ауылшаруашылық, кәсіпкерлік салаларының дамып, өңіріміздегі экономиканың көтерілуі ауданымыз бойынша жұмыссыздықпен күрес және кедейшілікті төмендету бағдарламасына оң ықпал етуде. Атқарылған ауқымды жұмыстар нәтижесінде биылғы жылы жұмыссыздык деңгейі 0,5 пайызға дейін төмендеді.

Өздеріңізге белгілі әлемдік дағдарыстың салқыны былтырғы жылдан бастап сезіле бастады. Осыған орай Елбасының тікелей тапсырмасынан бастау алған «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан көлемінде нақты бағдарлама жасалып, бөлінген қаржы көлемінде жұмыстар басталды.

Жалпы «Жол картасы» бағдарламасының негізгі мақсаты коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік нысандар мен жолдарды жөндеу арқылы тұрғын халықты жұмыспен қамту болып табылады. Бұл мақсатқа аудан бойынша 34 жобаға 106 млн. 244 мың теңге қаражат бөлініп, 637 адамды жұмыспен қамту және 132 адамды жұмысшы мамандықтарын игеру үшін қайта даярлау курстарында оқыту жоспарланып, іске асырылды.

Елбасымыздың бірегей бағдарламасының аясында жаңадан мектеп салу жұмыстары да ауданымызда жанданып келеді. Биылғы жылы облыстық бюджеттен 269 млн. теңге бөлініп, Ескене ауылында 320 орындық мектептің құрылысын одан әрі қарай жалғастыру мәселесі шешімін тапты. Оған қоса Ақтау селосындағы 150 орындық мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 426 млн. теңге бөлініп, биыл 60 млн. теңгесі игеріледі. Білім беру саласындағы мұндай жағымды істер келешекте де өзінің жалғасын таба беретіні сөзсіз.



Құрметті қауым!

Осындай игі істер денсаулық саласында да іске асырылуда. Бүгінде дәрігерлік көмектің мамандандырылған түрлері 9-дан 22-ге дейін ұлғайды.

Жалпы ауданымыз бойынша денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жыл сайын арта түсуде. 2008 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 145 пайызға артты.

Аудан аумағында орналасқан денсаулық сақтау бірлестігінің құрамына кіретін барлық мекемелер қазіргі заманымызға сәйкес жаңа осындай медициналық техникалармен, құралдармен жабдықталуы әр отбасының, әр азаматтың денсаулық жағдайына игі ықпалын тигізуде. Мұнын өзі денсаулық саласының халық үшін, мемлекет үшін жылдан жылға маңыздылығының арта түсуінің дәлелі.

Мәдениет саласы бойынша да ауқымды шаралар қолға алынып, мәдениет ошақтарын түлетуге жылдан жылға аудандық бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Биылғы жылы аудандық кітапхананың сыртқы фасадын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 6,5 млн. теңге, абаттандыру жұмыстарына 4,2 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

Елбасының халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі кең көлемді бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2009 жылы ауданымызда республикалық бюджеттен бөлінген 42,0 млн. теңгеге 6 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Оған қоса демеушілік көмек арқылы 36 пәтерлі тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына 18,0 млн. теңге бөлініп, биылғы жылдың тамыз айында 12 пәтері іске қосылды.

2010 жылы республикалық бюджеттен бөлінетін 33,0 млн. теңгеге Атасу кентінде 16 пәтерлі жалдамалы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталмақшы.

Бүгінгі күнге түрғын халықты электр қуатымен, ауыз сумен, жылу мен қамтамасыз етуде оңтайлы істер іске асырылуда. Барлық селолық округтердің көшелеріне электр шамдары орнатылды. Аудан орталығы тұрғындарының 65 пайызы, елді мекен тұрғындарының 47 пайызы таза ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп отыр.

Биылғы жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында респубикалық бюджеттен бөлінген 51 млн. 544 мың теңгеге «Балалар комбинаты» локалдық жылу қазандығы мен жылу жүйесін күрделі жөндеуден өткізілді. 2010 жылы да осы бағдарлама аясында С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің жанындағы локалдық жылу қазандығына респубикалық бюджеттен 40 млн. 660 мың теңге бөлініп, күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Ауданымыздағы елді мекендерді әсіресе аудан орталығын сәулеттендіру, абаттандыру жұмыстарын кең көлемде жүргізу біздің басты мақсатымыз және аудан орталығы уақыт талабына сай жаңаруда.

Осы бағытта ауданымыздың 80 жылдығына орайластырылған игілікті шаралар ретінде аудан орталығын сәулеттендіру мақсатында С.Сейфуллин даңғылы бойында «Жастар» алаңының құрылыс жұмыстары жүргізілді. С.Сейфуллин даңғылы бойында ұзындығы 3406 метр, жалпы ауданы 1936 шаршы метр құрайтын тротуарға төсемтас салынды. Сонымен қатар аудан орталығаның кіреберіс айналмасына «Қанатты тұлпар» атты стелла орнатылды.

Ауданымыздың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында 16 игілікті шаралардың бірі ретінде «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы ғимаратының жөндеу жұмыстары жергілікті демеушілердің қаржылай және материалдық көмегі арқасында қазіргі заманға сай әсем де сәнді ғимаратқа айналды.

Осындай ауданымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне жол ашар игілікті істер келесі жылы да өз жалғасын табатын болады.

2010 жылы аудандық С. Сейфуллин атындағы мұражай, спорт мектебі, кәсіптік мектеп ғимараты, С. Сейфуллин атындағы орта мектебі, Бидайық орта мектебі, денсаулық сақтау нысандары мен мәдениет ошақтарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Оған «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 163 млн. теңге қарастырылуда.

Біз биылғы жылдың ең басты оқиғасы ретінде ауданымыздың 80 жылдық мерейтойын атап өтуімізге болады. Ол өйткені қаншама игі істердің қолға алынып, үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Аталған мерекені атап өту іс-шараларын асқан ұйымшылдық пен бірлігіміздің арқасында өте жоғары дәрежеде өткізе білдік деп толық айта аламыз. Сырт жерде жүрген жерлестеріміз бен барлық жаңаарқалықтардың қолдап, демеушілік көрсетуінің арқасында бәрімізді зор қуанышқа бөлеп, арқа төсін дүбірге бөлеген ауданымыздың кешегі мерейтойы өзгеге өзімізге тән мәрттігіміз бен жомарттығымызды, өнеріміз бен мәдениетімізді, сонымен қатар өлкеміздің жаңарып, жаңғыра түскенін тағы бір мәрте айшықтап, дәлелдей түсті. Осындай ауқымды шараны өз мәнінде өткізуге ат салысып, үлкен көмек көрсеткендеріңіз үшін бүгінгі мерекелік жиынды пайдалана отырып, барлықтарыңызға зор алғысымды білдіргім келеді.

Қорыта айтқанда, ауданда атқарылып отырған игілікті істер аудан жұртшылығының ынтымақтаса отырып, ауыз бірлік танытып атқарған ерен еңбектерінің арқасында жүзеге асырылуда. Осыған орай үстіміздегі жылды аяқтау жолында Жаңаарқа тұрғындары жауапкершілікті сезініп, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыруда, Отанымызға деген патриоттық сүйіспеншілікті жоғары ұстап, екпінді еңбек үлгісін көрсететіңдеріңізге сеніміміз мол.

Алда тұрған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру әрқайсымыздан жауапкершілікті, іздемпаздықты, білгірлікті, патриоттық сезімді талап етеді.

Алдағы уақытта да еліміздің экономикалық қуатын нығайтып, саяси беделінің артуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат ететін реформаларды ойдағыдай іске асыруға әрбір жаңаарқалық өз үлесін қоса беретініне сеніміміз мол.


Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 18 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен байлық, Отанымыздың гүлденуі жолында табысты еңбек тілеймін.

Біздің тамаша жерімізде әрдайым бейбітшіік, достық және халықтар арасындағы түсіністік бола берсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!


Құрметті Жаңаарқалықтар!
Біздер бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің кезекті мерекесін атап өтудеміз. Еліміздің ең қастерлі құндылығы – ел тәуелсіздігіне тура он сегіз жыл толды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» констиуциялық заң қабылданғаннан бастап еліміздің дамуында жаңа өзгеріс басталып, оның тарихының жаңа кезеңінің беттері ашылды.

Біздер жыл сайын осы бір бүкілхалықтық мерекені аса бір мақтаныш сезіммен атап өтеміз. Себебі, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп жатқан реформаларының арқасында тамаша табыстарға қол жеткіздік.

Өз алдымызға жеке даму жылдары экономиканы көтеріп, саяси жағынан өсіп, құқықтық жәнге демократиялық мемлекет құру жылдары болды. Ең бастысы, Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың өзара достығы, түсіністігі тәрізді ұзақ уақыт қалыптасқан дәстүрді сақтай білдік.

Реформаларды жүзеге асыруда әлеуметік-экономикалық дамудың көптеген бағыттарында көшбасшы болып келе жатқан Жаңаарқа ауданының барлық тұрғындары өз үлестерін қосуда. Қазіргі уақытта барлық қазақстандықтар сияқты Жаңаарқа ауданының тұрғындары да өзінің даму бағытын белгілеп, қай салада болмасын зор жетістіктерге қол жеткізуде.

Үкімет пен облыс әкімшілігі тарапынан берілген дағдарысқа барынша дайындалу тапсырмаларын, реформаларды жүзеге асыруда облыс көлемінде әлеуметік-экономикалық дамудың көптеген бағыттарында көшбасшы болып келе жатқан Жаңаарқа ауданының барлық тұрғындары өз үлестерін қосуда. Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша даму деңгейі жөнінен облыс аудандарының арасынан І орынға ие болған біздің аймағымыз биылғы жылды да табысты аяқтағалы отыр.

Жылдан-жылға аудандық бюджеттің көлемі және өнеркәсіп өнімінің көлемі соңғы бес жылда үдемелі өсіп келеді. Ауданда өнеркәсіп нысандарының саны көбею үстінде. Ауыл шаруашылығының барлық саласы сауығып, өркендеуге бетбұрыс жасауға жол ашылды. Білім, денсаулық, мәдениет салаларына баса назар аударылып, аудан халқын тұрғын үймен қамту, коммуналдық қызмет көрсету қызметтері жылдан жылға дамытылып, жалғасын табуда.

Алдағы уақытта да негізгі мақсаты еліміздің экономикалық қуатын нығайтып, саяси беделінің, саяси беделінің артуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат ететін реформаларды ойдағыдай іске асыруға әрбір жаңаарқалық өз үлесін қос бермек.



Құрметті аудан тұрғындары!

Осы бір мереке күндері мемекеттігімізді қалыптастырып, ауданымыздағы оң өзгерітерге жол ашатын экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы Сіздердің аса көрнекті жетістіктеріңіз бен еңбектеріңіз екенін атап өтпесе болмайды.

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 18 жылдығымен шын жүректен құтықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен байлық, Отанымыздың гүлденуі жолында табысты еңбек тілейміз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңаарқа ауданының әкімі Мәслихат хатшысы

Х. Н. Омаров Д. Жұмасейітов

Үстіміздегі жылы Тәуелсіздік күнін мерекелеу Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуіне, Республика Конституциясының 15 жылдығын, алдағы мемлекет Тәуелсіздігінің 20 жылдығын дайындауға арналған кешенді ақпараттық-идиологиялық жұмыстардың бастамасы болуы қажет.


Алда еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығы келе жатыр. Сондай тарихи оқиға қарсаңында еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төрағалық етеді. Бұл біз үшін үлкен абырой және үлкен жауапкершілік. ЕҚЫҰ-дағы төрағалық еліміздің бүгінгі жетістігін, өсіп, өркендеуі мен ұстанған саясатын әлемнің мойындағаны, танығаны деген сөз. Оған мүше мемлекеттердің ішінен Қазақстанның төрағалыққа лайықты деп табылуы, ТМД елдері мен Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен Қазақстанның осы ұйымға алғаш тізгін ұстауы, сөз жоқ, біздің жетістігіміз.

Їкіметте 2020 жылєа дейінгі Ќазаќстанныѕ стратегиялыќ жоспары жобасын жасау жґніндегі жўмыс тобыныѕ отырысы ґтті



АСТАНА. Ќарашаныѕ 25-і. ЌазАќпарат - ЌР Премьер-Министрі Кјрім Мјсімовтіѕ тґраєалыєымен «Қазаќстан-2030» Стратегиясы ауќымындаєы 2020 жылєа дейінгі Ќазаќстан Республикасын дамытудыѕ Стратегиялыќ жоспары жобасын жасау жґніндегі жўмыс тобыныѕ кеѕейтілген отырысы ґтті,
деп хабарлайды ЌР Премьер-Министрініѕ баспасґз ќызметі.
Отырысќа ќатысушылар Елбасы Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ тапсырмасы бойынша јзірлгенген ќўжаттыѕ жобасын ќарады.
Премьер-Министр К.Мјсімов жўмыс тобыныѕ мїшелеріне талќылау барысында айтылєан ўсыныстар мен ескертпелерді ескере отырып, жобаны пысыќтауды тапсырды.
Отырыс жўмысына «Нўр Отан» Халыќтыќ-демократиялыќ партиясы Тґраєасыныѕ бірінші орынбасары Нўрлан Ныєматуллин жјне партияныѕ басќа да ґкілдері, Їкімет мїшелері, жергілікті атќарушы органдардыѕ, сондай-аќ «Самўрыќ-Ќазына» әл-ауќат ќорыныѕ ґкілдері ќатысты.
10 жылда ел ІЖӨ-сі іс жүзінде 8 есеге ұлғайды. Сыртќы сауда айналымы 10 есе ұлғайды. Шағын кәсіпкерлікке инвестициялардың жалпы өсімі 2000 жылдан бастап 23 есе дерлік ұлғайды. 10 жылда денсаулыќ саќтау мен білім беруді ќаржыландыру 8,5 есеге ұлғайған. Иј, бїгінде бізде бір кездері тіпті армандай алмаєан кґп нјрселер бар. Мен ќазаќстандыќ балаларымыздыѕ кїлкісін кґрген кезде ґзімді баќытты сезінемін! Жаѕа зауыттар ашылып, жаѕа жолдар тґселген, осы заманєы їйлер, мектептер, ауруханалар салынып жатќан јрбір кезде мен маќтанышта боламын! Біздіѕ ќазаќстандыќ спортшылар жеѕіс баспалдаќтарына кґтерілген, ќазаќстандыќ оќушыларымыз халыќаралыќ олимпиадаларда алтын медальдарды жеѕіп алєан кезде, бїкіл јлем біздіѕ таланттарымызєа таѕєалып тўрєан кезде мен маќтанышта боламын! Ќазаќстан кґз алдымызда ќалай ґзгеріп жатќанын кґрген кезде мен ќуанышта боламын!






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет