Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты
2016ж. 29 сәуір
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына СҚО әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілері арасынан ішкі конкурс жариялайды:
1. Құрылымдық бөлімше басшысы – ішкі аудит қызметінің меңгерушісі. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 123 257 теңгеден 166 563 теңгеге дейін.
Негізгі функциялық міндеттері:
Бөлімді басқаруды жүзеге асыру, облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – қызмет) қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру және бақылау; қызметке жүктелген міндеттерді дер уақытында және сапалы орындауға дербес жауапкершілікте болу; қызмет қызметкерлерін атқарып отырған лауазымына тағайындау және босату, оларды көтермелеу және тәртіптік жаза салу, олардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізу; қызметтің жұмыс жоспарын әзірлеу және оның орындалуын бақылау; қызметтің және облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарына енгізуге жататын мәселелер легін айқындау, қаржылық есепке аудит жүргізуге қатысу, мемлекеттік органдағы тиімділікке аудит жүргізу; мемлекеттік органның ішкі үдерісі тәуекелін (бизнес-үдеріс) басқару жүйесі негізінде мемлекеттік органдардағы ішкі бақылау және басқару жүйесін қаржыландыруды бағалауды жүзеге асыру; мемлекеттік сатып алуларды жүргізу рәсімдерінің және шарт тәртібін орындау, соның ішінде сатып алынатын тауардың, жұмыстың және қызметтің мерзімі, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша сәйкестігіне аудит жүргізу; тиісті мемлекеттік органда тауарлық-материалдық қорлар мен өзге де активтердің сақтығына тексерісті жүзеге асыру; мемлекеттік орган басшысына Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтың жолын кесу, жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың ішкі рәсімдері тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстармен мемлекеттік ішкі аудит нәтижелері туралы есеп беру; мемлекеттік ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға өткізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есеп пен ақпаратты жолдау;облыс әкімі үшін жылдық жұмыс жоспарын орындау мониторингін жүзеге асыру; облыс әкіміне, сондай-ақ мемлекеттік ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген жұмыстар туралы жыл сайын есеп беру, өз құзіреті шегінде облыс әкімі, оның орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы және оның орынбасарлары берген өзге де тапсырмаларды орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- білімі жоғары: ««әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит) бейіндері бойынша.
2. Құрылымдық бөлімшенің басшысы-жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 123 257 теңгеден 166 563 теңгеге дейін.
Негізгі функциялық міндеттері:
Бөлімге басшылық етеді, қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды; бөлімге жүктелген міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуына дербес жауапкершілік атқарады; бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, оларды көтермелеу және тәртіптік айыптар салу туралы ұсыныстар енгізеді, олардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдайды; бөлімнің және облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарына енгізілуге жататын мәселелер аясын айқындайды, белгіленген іс-шаралардың уақытылы орындалуын бақылайды; бөлімнің облыстың атқарушы органдарымен, құқық қорғау органдарымен, аудан (Петропавл қаласы) әкімдіктерімен,жұмылдыру даярлығы, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және терроризмге қарсы іс-қимылмәселелері жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекет етеді. Бөлімнің жұмысын СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментпен, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен, жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен үйлестіреді; облыстың жұмылдыру жоспарын әзірлейді; жұмылдыру тапсырыстары бар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың жұмылдыру даярлығын жоспарлауға және өткізуге басшылықты ұйымдастырады; жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру кезінде қйымдармен азық-түлік жеткізу, қызмет көрсету шарттарының (келісімшарттарының) жобасын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; жұмылдыру даярлығы мәселелері бойынша кеңес өткізу үшін материалдар дайындайды; әкімшілік-аумақтық бірлік масштабындағы басқару органдарымен жұмылдыру даярлығы бойынша оқулар, сабақтар және жаттығулар өткізуді ұйымдастырады; жұмылдыру даярлығы мәселелері бойынша есептілікті ұсынады; әскери басқарманың жергілікті органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жариялаған кезде олардың жұмысына жәрдем көрсетеді; жұмылдыру даярлығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, облыс әкімінің актілерінің орындалуын ұйымдастырады; Бөлім жұмысын аумақтық қорғаныс мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органдарымен үйлестіреді; аймақтың аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлейді; әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтық қорғанысын жоспарлауды және өткізуді ұйымдастырады; аумақтық қорғанысты қалыптастыру үшін жұмылдыру құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; басқару органдарымен, аумақтық қорғанысты енгізу үшін бөлінген күштер мен қаражаттар арасында өзара әрекетті қамтамасыз етеді; аумақтық қорғанысты қалыптастыру үшін материалдық құралдардың қорын құруға шарттар жобасын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша кеңес өткізу үшін материалдар дайындайды; өз құзіреті шегінде және облыс әкімімен немесе облыс әкімі аппараты басшысымен, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарымен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- білімі жоғары: «гуманитарлық ғылымдар», немесе «білім», немесе «ауыл шаруашылық ғылымдар», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «әскери істері» бейіндері бойынша.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларды жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4,В-4,С-4, С-О-4, С-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оңын ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
3. Ішкі аудит қызметінің бас маманы (2 бірлік). Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 93 273 теңгеден 125 755 теңгеге дейін.
Негізгі функциялық міндеттері:
Қаржылық есеп беру аудитін өткізуге қатысу, мемлекеттік органдарда тиімділік аудитін өткізу; мемлекеттік органның ішкі үдерісі тәуекелін (бизнес-үдеріс) басқару жүйесі негізінде мемлекеттік органдардағы ішкі бақылау және басқару жүйесін қаржыландыруды бағалауды жүзеге асыру; мемлекеттік сатып алуларды жүргізу рәсімдерінің және шарт тәртібін орындау, соның ішінде сатып алынатын тауардың, жұмыстың және қызметтің мерзімі, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша сәйкестігіне аудит жүргізу; мемлекеттік орган басшысына Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтың жолын кесу, жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың ішкі рәсімдері тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстармен мемлекеттік ішкі аудит нәтижелері туралы есеп беру; мемлекеттік ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға өткізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есеп пен ақпаратты жолдау; өз құзіреті шегінде қызмет басшысы, облыс әкімі аппаратының басшысы және оның орынбасарлары берген өзге де тапсырмаларды орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит), немесе «құқық» бейіндері бойынша.
4. Жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімінің азаматтық қорғаныс бас маманы. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 93 273 теңгеден 125 755 теңгеге дейін.
Негізгі функциялық міндеттері:
Қойылған міндеттерді Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Өкімдерінен, Үкіметтің, орталық атқарушы органдарының қаулылары мен өкімдерінен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулыларынан, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінен шыға келе шешуді жүзеге асыру; жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғауды дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Жарлығын, Қаулысын және өзге де актілерін облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындалуына бақылауды жүзеге асыру; азаматтық қорғаныс саласындағы шаралар туралы халыққа және ұйымдарға ақпарат беру; мемлекеттік өрт қызметі бөлімшелері жоқ, елді мекендерде өрт бекеттерін, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын ұйымдастыру; қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері болған жағдайда, іс-шараларды орындау бойынша қолда бар күштерді, құралдарды және ресурстарды тарта отырып, оларды оқшауландыру, адам өмірін сақтау, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншігін күзету, қоғамдық тәртіпті қолдау жөнінде қажетті көмек көрсету; азаматтық қорғау басқармасы аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарын құру және тұрақты дайындықта ұстау; апаттарды, төтенше жағдайларды зерттеуге қатысу; азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды ескерту және олардың салдарларын жою жөніндегі жергілікті бюджетті бекітілген бюджеттік мақсаттармен сәйкес орындауды қамтамасыз ету; өз құзіреті шегінде азаматтық қорғаныс аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету; азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемін айқындау және жинақтау, сақтау, жаңарту және дайын қалыпта ұстау жөнінде қажетті шаралар қабылдау; әзірленіп жатқан кен орындары аудандарында және сейсмоқауіпті өңірлерде бар ғимараттар мен имараттардың беріктілігі мен орнықтылығын арттыру; хабарлаудың және ақпарат берудің техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру; төтенше жағдайларда халықтың өмірін қамтамасыз ету; жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасы заңнамаларымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілдіктерді жүзеге асыру; бөлім басшысымен айқындалған өзге де өкілдікті жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- білімі жоғары: «гуманитарлық ғылымдар», немесе «білім», немесе «ауыл шаруашылық ғылымдар», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «әскери істері» бейіндері бойынша.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;;
2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;
3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Қажетті құжат тізбесі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық пошта мекенжайына не E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күнінен бастап, 5 жұмыс күн ішінде облыс әкімінің аппаратында өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырыста байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органының интернет-ресурстарында орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 150011, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122-кабинет, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты мекенжайы бойынша немесе akimat@sko.kz электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны: 46-50-79.
Достарыңызбен бөлісу: |