Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты



Дата25.02.2016
өлшемі40.27 Kb.
#25377
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты
Облыс әкімінің бас инспекторы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына СҚО әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілері арасынан ішкі конкурс жариялайды. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 123 257 теңгеден 166 563 теңгеге дейін.

Негізгі функциялық міндеттері:

Облыс әкімінің, аппарат басшысының жергілікті атқарушы органдармен және өкілетті билікпен ұйымдастыру және ақпараттық байланысын жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметі актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін қалалар мен аудандар әкімдерімен облыстық атқарушы органдар басшыларымен орындау барысын бақылайды және тексереді; аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын, экономиканы реформалауды, халықтың түрлі жіктерінің өмір деңгейін, қоғамдық-саяси жағдайды зерделейді және талдайды; Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын жүзеге асыру жөнінде Желілік кестелер жасайды; облыс әкімінің кеңестерін, есеп беру кездесулерін ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етеді; ай сайынғы және жыл сайынғы негізгі облыстық іс-шаралардың, облыс, Петропавл қаласы және аудан әкімдерінің есептік кездесулердегі халықтың ұсыныстары мен ескертулерінің орындалуларына мониторинг жүргізеді; бос орындар, оның ішінде сайлау комиссияларындағы бойынша талдаулар жүргізеді; өңірлердің кадрлар әлеуетіне бағалау жүргізеді; болжамдық-талдаулық жазбахаттар дайындайды; облыс әкімінің нормативтік актілері жобаларын дайындауды жүзеге асырады; әкім аппараттарының төмендегі буындағы мемлекеттік қызметшілерінің, кадрларының сапалық құрамына талдаулар жүргізеді, кадрларды таңдау және орналастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді; облыс әкімінің номенклатурасына жататын органдар басшыларының лауазымына тағайындау үшін кадрлар резервін қалыптастырады; облыс әкімінің атына және басқа инстанцияларға түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері мен шағымдарын қарайды және тексерулер жүргізеді, олар бойынша қорытынды және жауаптар дайындайды; облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды зерделейді; Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің жергілікті өкілдік билік, өзін-өзі басқару органдарының сайлауларына, референдумдарға, облыстық іс шараларға ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; ресми тұлғалар мен делегациялардың сапарларын ұйымдастыру, облыс әкімі, облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді; жүйелі түрде аппарат басшысын, бөлім меңгерушісін жетекшілік ететін аудандардағы, Петропавл қаласындағы, жергілікті атқарушы органдардағы жағдайлар туралы тұрақты хабардар етіп отырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

- білімі жоғары: «ауыл шаруашылық ғылымдар», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «құқық», немесе «білім», немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «қызметтер», «жаратылыс ғылымдар» бейіндері бойынша

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларды жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4,В-4,С-4, С-О-4, С-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оңын ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Қажетті құжат тізбесі:

1) нысан бойынша өтініш; 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық пошта мекенжайына не E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күнінен бастап, 5 жұмыс күн ішінде облыс әкімінің аппаратында өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырыста байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органының интернет-ресурстарында орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 150011, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122-кабинет, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты мекенжайы бойынша немесе akimat@sko.kz электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны: 46-50-79.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет