Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»



Дата11.06.2016
өлшемі90.84 Kb.
#128295
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө.С.

«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕГІ КЕДЕЙШІЛІК
Қазақстанның ауыл халқының өмір сүру деңгейлерін зерттеген көптеген зерттеушілер ауыл тұрғындарының қаладағылармен салыстырғанда абсолютті және салыстырмалы депривациясының болуын дәлелдейді. Ауыл халқының үлкен бөлігі тауар-ақша қатынастарына мүлдем қатыспайды және өзінің және маңындағы жерлер шеңберіндегі қозғалыстармен шектелген, өзінің материалдық жағдайын жақсарту немесе оның нашарлнуы өзіндік ерекшеліктерге ие.

Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтардың тереңдеуі қалаға миграцияны туындатады. Қалаға қоныс аударған ауыл халқы жұмысқа орналасу мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін дербес шешуге мәжбүр болады. Территориясында ауыл шаруашылық өндірісінен басқа ешбір өнеркәсіп болмаған көптеген ауылдық жерлер қараусыз қалды. Ауылда әлеуметтік инфрақұрылым қысқарып, оның салдарынан көптеген объектілер (балалар мектептері, мекемелер, емдеу және мәдени-ағартушылық мекемелер, мектептер) «иесіз қалып» құрылыс материалдарына таралды. Ауыл шаруашылық өндірісінің қалыптасқан даму деңгейі кезінде республика ет пен те өнімдерінің, сүт өнімдерінің және өсімдік майлары, көкөністер мен жемістердің импотеріне айналады.

Қала мен ауыларасында дсипропорцияларды тегістеу мәселесі кеңестік кезеңде де орын алған. Бұл кезде мемлекет мемлекеттік тапсырыстар мен жеткізілімдер жүйесі барқылы ауылға өмір сүруге мүмкіндік берді. Бұл кезеңде мемлекеттің ауылға қатысты мұндай саясаты мүмкін шарасыз болды.

Қазіргі заманғы жағдайда – посткеңестік республикалардың егемендігі, саяси жағдайдың өзгеруі кезінде қала мен ауыл арасындағы диспропорциялар аса шиеленісті. Ауыл шаруашылығындағы экономикалық дағдарыс ұзақ мерзімді сипатқа ие, себебі мемлекет өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісіне бірыңғай қолданады. Нарық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы қатынастарды бақылай алмайды. Халықтың үлкен бөлігінің жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстарының сатып алу қабілеті жоғары болмағандықтан, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағалар өнеркәсіптік өнімдердің бағаларымен салыстырғанда баяу өседі, ауыл халқында ауыл шаруашылық техникасын жанармай материалдарын сатып алуға мүмкіндіктері болмайды.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы қатынастарды реттеу бойынша үкіметпен қабылданатын шаралар ауыл шаруашылығын жанждандыру мен дамыту мәселесін кшенді шешпейді, олартек жыл сайын егінді салу және жинау шараларын жүзеге асыруға «көмектеседі».

Ауылшаруашылығын дамыту бойынша мұндай жартылай шаралар ескі құралдар – мемлекеттік тапсырыстарға мәні бойынша жақын.

Жеке капиталы бар дамыған елдердегі (Жапония, Ұлыбритания, Франция, Германия, Норвегия, Швеция, АҚШ пен Финляндия) ауыл шаруашылығын дамытудың әлемдік тәжірибесі көрсеткендей халық үшін аса маңызды бұл сала мемлекеттің қолдауынсыз дами алмайды. Мемлекет өзінің стратегиясын мемлекеттің қаржылық ресурстарымен қамтамасыз етілген ауыл шаруашылығын жандандыру мен дамыту, техникалық қайта жабдықтау бағдарламасы, стратегиялық жоспарын жасау арқылы жүзеге асыруы мүмкін.

Мұндай мысалы ретінде 50-шы жылдары Батыс Еуропада ауыл шаруашылығын жандандыруды көздеген Мансхолттің жасыл жоспары табылады. Осы жоспарға сәйкес үлкен капитал салымдары, ауыл шаруашылығын қайта жабдықтау жүзеге асырылады. Барлық елдерде ауыл шаруашылығын өнеркәсіп, онымен жасалған табысты қайта бөлу есебінен дотацияланады. Ауыл шаруашылық өнім өнідірісіне жыл сайынғы мемлекеттік дотациялар Жапонияда шығындарының 70 пайызын, Швецияда 50 пайызын, Канадада – 30 пайызын, АҚШ-та – 25 пайызын құрайды.

Республикада ел тұрғындарының азық-түліктегі ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл шаруашылығының мамандануының тарихи қалыптасқан салалар өнімдерінің (мал өсіру, егін егу, оңтүстік аймақтарда – жемістер мен көкөністер өндірісі) экспортын қалпына келтіру капитал салымдары мен жыл сайынғы дотациялармен (субсидиялармен) қамтамасыз етілетін ауыл шаруашылықты жандандырудың мемлекеттік бағдарламасын жасау мен жүзеге асыру кезінде ғана мүмкін. Шаруашылыққа белгіленген субсидиялардың мөлшері ауылдық тауар өндірушінің тиімсіз жұмысы мен қырсыздығын емес, бағалардың дисбалансын өтеу керек. Қазақстанда ауыл шаруашылығын жандандырудың басқа баламасы жоқ, өйткені халықтың өмір сүруінің қазіргі заманғы деңгейі кезінде азық-түлік өнімдеріне бағалардың жоғарылауы кедейшілікті одан әрі арттырады.

Республиканың ауыл шаруашылығын жандандырудың мемлекеттік бағдарламасы келесі фактіге негізделеді: сала қазіргі кезде технологиялық құлдырау кезеңінде болып отыр, өйткені машиналар мен қондырғылардың тозуы 50 пайыздан асады,ауыл шаруашылық техникасының көп бөлігі сатылған, ал соңғы он жыл ішінде машина паркін толықтыру шамалы болды. Қолда бар машина-факторлы паркінің сапасы нашарлануда, физикалық және моральді тозған техника мен жабдықтардың үлесі көбеюде. Мал шаруашылығында жоғары өнімді малдың саны қысқарды және республикасының жалпы тұқымды шаруашылығы жалпы сала сияқты құлдырау жағдайында табылады.

Ауыл халқының абсолютті саны және экономикалық белсенді халықтың саны төмендеді. Ауыл тұрғындарында шаруа қожалықтарын, дербес істерді ұйымдастыруға қажетті экономикалық және басқарушылық білімдер мен дағдылардың жетіспеушілігі және жоқтығы сияқты мәнді факторды ескермеуге болмайды. Ауылдық тауар өндірушіге банкте несиені алу өте қиын, өйткені ол банк талап ететін қажетті негіздемелерді ұсыа алмайды және несиені материалдық қамтамасыз ету болмайды. Ауылдық тауар өндіруші үшін кепілді мүлік ретінде материалдық қамсыздандыруды анықтауда ауылдық жердегі әдетте құнсыз және ескірген үй және сақталуын қамтамасыз ету қиын болатын мал шыға алмайды.

Ауылдағы еңбек нарығының деформациясы көбіне жалпы экономикадағы еңбек нарығының жағдайына ұқсас болады. Ауылдық жұмыссыздар қатарында әйелдер мен жастар басым болады. Әлеуметтік – мәдени кешенді, тұрмыс қызметін, бос уақытты ұйымдастыру бойынша іс-әрекетті, сондай-ақ ауыл шаруашылығын басқарудың мемлекеттік аппаратын ықшамдау осы сфералардан әйелдердің босатып шығуына әкелді. Жұмыссыздар ішінде жастардың үлкен үлесі ауыл шаруашылығы үшін кадрларды дайындау көлемдерінің қысқаруымен, мамандандырылған кәсіби-техникалық мектептерде агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларының көлемдерін қысқартумен шарттасылған.

Ауылда өндірістік инфрақұрылымды, атап айтқанда аудандық жөндеу –техникалық, агрохимиялық, мелиоративті, құрылыс қызметтерінің, сондай-ақ мемлекет бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерді (бақылау-мал емдеу қызметтері, өсімдіктерді қорғау қызметтері, су шаруашылық құрылыстарын пайдалану бойынша ұйымдар, сұрыпты сынау, тұқым инспекциялары және т.б.) қысқарту жоғары білікті мамандардың, соның ішінде ер адамдардың үлкен бөлігінің жұмыссыз қалуына әкелді. Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік инфрақұрылымын қалпына келтіру оның тек материалдық базасына ғана емес, сонымен қатар кәсіби кадрларды дайындау мен қайта дайындауға қаржы ресурстарының салымдарын талап етеді.

Қала мен ауылдағы өмір сүру деңгейі мен сапасын жақындатуға бағытталған ауыл шаруашылығын жандандырудың мемлекеттік бағдарламасы ауылдағы барлық экономикалық және әлеуметтік қайта құрулардың негізінде ауыл шаруашылық еңбекті индустриализациялаудан, ауыл шаруашылық өндірісті аймақтар бойныша мамандандыру мен оның оңтайлы құрылымынан шығу керек. Республиканы әр түрлі аймақтары әр түрлі дақылдарды өсіруге жарамды құнарлығымен ерекшеленетін ауыл шаруашылық жерлерге, жақсы климаттық жағдайларға, ауыл халқының сақталған агротехникалық тәжірибесіне ие болады. Бұның бәрі жер өңдеудің ұтымды құрылымын жасауда есепке алынуға тиіс. Аулы шаруашылық өндірісінің құрылымын қалыптастыруда мұндай ыңғайды қолдану мемлекеттік бағдарламаны қаржыландырудың негізгі көрі ретінде тек мемлекеттік бюджет шығатындықтан заңдылықты. Ауыл шаруашылықты жандандырудың мемлекеттік бағдарламасы ұзақ мерзімді болып, оны кезең бойынша жүзеге асыру мен нәтижелерін бақылау керек. Ауыл шаруашылықты жандандыру мен дамытудың бағдарламалық шаралары ғылыми негізделген, ауыл шаруашылық өнім өндірісінің қазіргі заманғы технологияларын қолдануға бағытталу керек. Ауыл шаруашылық өніміне бағалардың қалыптасқан деңгейі жағдайында мемлекеттік бағдарлама бағалар жүйесі арқылы түпкілікті тұтынушы – халық қайтара алмайтын ауыл шаруашылық өндірісінің ағымдағы шығындарының белгілі бір бөлігін өтейтін ауыл шаруашылықтың жыл сайынғы дотацияларының көлемі мен бір уақыттағы шығындарды (капитал салымдарын) анықтау керек.

Ауыл шаруашылығында 2007 жылдың 1 ақпанына қарай өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда Маңғыстау облысынан басқа республиканың барлық облыстарындағы шаруашылықтарында ірі қара мал, ешкі мен қой, жылқы санының өсуі байқалады. Маңғыстау облысында ірі қара мал және жылқы саны төмендеді (сәйкеснше 3,5 және 1,3 пайызға).

2007 жылдың қаңтарында 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қызылорда және Маңғыстау облыстарының басқа республиканың барлық облыстарында ет өндірісінің көлемі артқан.

Ең үлкен өсім Алматы (13 пайызға), Павлодар (10,6 пайызға) және Оңтүстік Қазақстан (8,4 пайызға) облыстарында тіркелген. Ал Қызылорда және Маңғсытау облыстарында ет өндірісінің көлемдері 2006 жылдың қаңтарының деңгейінде сақталды.

2006 жылдың қаңтарымен салыстырғанда Батыс Қазақстан, Маңғсытау және Павлодар облыстарынан басқа барлық облыстарда сүт өндірісі артқан. Сүт өндірісінің ең үлкен өсуі Ақтөбе облысына келеді (10 пайызға). Өсудің алыстырмалы жоғары қарқындары Қарағанды (9,5 пайызға), Қызылорда және Алматы облыстарында (әрқайсысында 8,1 пайызға) тіркелген. Төмендеу Павлодар облысында байқалған (2,9 пайызға). Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында сүт өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде қалды.

2007 жылдың қаңтарында жұмыотқа өндірісінің өсуі 2006 жылдың қаңтарымене салыстырғанда Қазақстанның 10 аймақтарында тіркелген. Өсудің ең үлкен қарқыны Алматы қаласында (2 есе), Алматы (15,4 пайызға), Ақтөбе (9,9 пайызға), Павлодар (8,8 пайызға), Солтүстік Қазақстан (8,1 пайызға) облыстарында қол жеткізілген. Төмендеу Ақмола Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында (сәйкесінше 2,8; 4,2 және 7,8 пайыздарға) байқалады. Атырау және Маңғсытау облыстарында жұмыртқа өндірісі 2006 жылдың қаңтарының деңгейінде сақталды.

2007 жылдың қаңтарында негізгі капиталға инвестициялар (қосымша бағалауды ескріп) 147,1 млрд.теңгені құрады, бұл 2006 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,3 пайызға жоғары.

Инвестициялардың өсуі Атырау мен Солтүстік Қазақстан облсытарында басқа республиканың барлық аймақтарында байқалады. Ал аталған облыстарда керісінше төмендеу тіркелген (39,2 және 48,4 пайызға сәйкесінше).

Ең жоғары өсу Маңғыстау (2,8 есе), Жмбыл (2,2 есе) және Батыс Қазақстан (2,1 есе) облыстарында тіркелген. Сондай-ақ үлкен өсу қарқындары Қызылорда (2 есе), Қостанай (75,9 пайызға), Оңтүстік Қазақстан (73,6 пайызға) облыстарында және Алматы қаласында (45,9 пайызға) байқалды.

2006 жылы барлық қаражат көздерінен ауылдық территоияларды дамытуға 66,4 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде 34,1 млрд.теңге республикалық бюджеттен, 26,9 млрд.теңге жергілікті бюджеттен және 5,4 млрд.теңге басқа көздердің қаражаттары есебінен. Бөлінген қаражаттар 1441 білім беру және денсаулық сақтау объектілерін, 224 ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін, 39 км.жолдарды салу мен қалпына келтіруге бағытталды.

Ауыл тұрғындарын әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету нормативтерін жасау жалғасты.

Мәжіліспен жасалған және құпталған және Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына «Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның жобасы енгізілген. Ол ауылдық аудандар территориясында орналасқан қоныстарды енгізу жолымен «ауылдық қоныстанған пункт» түсінігін кеңейтуді көздейді.

Ауыл тұрғындарының табыс деңгейін жоғарылату, кедейшілікті төмендету және жеке отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 28 сәуіріндегі №337 қаулысымен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиеле уүшін микронесиелік ұйымдар желісін дамыту Концепциясы бекітілген. «Ауыл халқын микронесиелеу жүйесін ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жалғасты. Берілген бюджеттік юағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2006 жылы 2,0 млрд.теңге бөлінді.

2006 жылдың 31 желтоқсанында қаражаттарды игеру 657 823 мың теңгені құрады. Осы қаражаттардан 5 859 микронесиелер берілді, соның ішінде 95 305 мың теңге сомасына 1, 462 микронесие табыстары күнкөріс минимумнан төмен үй шаруашылықтарына және сомасы 562 518 мың теңге болатын 4 397 микронесие табыстары орташа деңгейде болатын үй шаруашылықтарына берілді.

Халықтың өмір сүру сапасы – бұл адамның және жалпы қоғам өмірінің әр түрлі жақтарын қамтитын жинақтаушы түсінік. Әдістемелік аспкетіле алдымен көрсеткіштерді таңдау және олардың негізінде ауыл халқының өмір сүру сапасын бағалу керек. Әлемдік тәжірибеде бағалудың екі ыңғайлы қалыптасқан:



  • көрсеткіштер жүйесі арқылы. Әрбір ұлттық жүйе өзіндік ерекшеліктерге ие болады және БҰҰ және әдістемелік нұсқаулықтарына негізделеді;

  • жеке көрсеткіштер негізінде өмір сүру сапасы мен деңгейінің үйлестірлемі индексін анықтау жолымен. Бұл ыңғай халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін елдер арасында салыстыру үішн кең қолданылады.

Өмір сүру сапасын талдау мен бағалаудың кешенділігі барлық негізгі компонеттерді, сондай-ақ үш аспектідегі өмір сүру деңгейін қарастыруда жүзеге асырылады. Үш аспектілер ретінде келесілер шығады: өткен жылдар мен кезеңдермен салыстыру, өмір сүру деңгейінің ғылыми нормаларымен сәйкестендір, басқа территоирялармен салыстыру.

Өмір сапасын халық өмірінің деңгейіне әсер ететін факторлар мен құралдарды өзгерту жолымен басқару мүмкін. Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру сапасын қалыптастыратын факторлар жүйесінде анықтаушы болып әлеуметтік-экономикалық факторлар табылады. Олардың арасында келесілерді ажыратады: экономикалық өсу, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, өнімді жұмысбастылық, мемлекеттік менеджменттің тиімділігі, қоршаған ортаны қорғау, тұтынуға жұмсалатын ЖІӨ көлемі мен құрлымы және оны тарату тиімділігінің дәрежесі, әлеуметтік қорғау жүйесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет