Солтүстік Қазақстан облысы Сартомар орта мектебі Пән: биология Сынып: 8



Дата03.07.2016
өлшемі35.9 Kb.
#173908
түріСабақ
Солтүстік Қазақстан облысы

Сартомар орта мектебі

Пән: биология

Сынып: 8

Пән мұғалімі: Бекишева Гульвира Жұмабайқызы

Тақырыбы: Ағзаның ішкі ортасы. Қан.

Мақсаты: Қан айналым жүйесінің адам тіршілігіндегі маңызы, құрылысы, қызметі, түрлерімен толық танысу. Есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ түсіндіру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тест шешу, интерактивті тақтамен жұмыс, мәтінмен жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар орындау, баяндау, проблемалық сұрақтар шешу, биологиялық диктант, қорытындылау.

Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, мәтін, суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Сабақта жоқ оқушыларды анықтау. 3. Сабақтың мақсатын айқындап, жоспармен таныстыру.

  2. Жаңа сабақ түсіндіру.


А) Электронды оқулықты пайдалана отырып, мәтінді тыңдау.

а) Қан жасушалары, құрылысы және қызметі.

ә) Лейкоциттің түрлері.

б) Фагоцитоз құбылысы.

в) Қанның ұюы, маңызы.

Б) Ой қозғау. Биологиялық диктант.

Организмнің ішкі ортасы деп ... (қан, лимфа, жасуша сұйықтығын) айтады. Қан организмдегі ... (дәнекер) ұлпаға жатады. Лейкоциттер организмге түскен ... (бөгде заттарды) өзіне сіңіріп қорытады. Қан жасушалары ... (сүйек кемігінде) жасалады. Қанның құрамы ... (плазма) және оның ішінде қалқып жүретін ... (жасушаларынан) тұрады. Қандағы ерітінді күйіндегі фибриноген ерімейтін ... (фибрин) талшығына айналады.



Сәйкес сөздерді табу.

  1. Қан оттекті тасымалдайды.

  2. Эритроциттер қан ұйымайтын ауру.

  3. Лейкоциттер қанның қызыл түсті жасушалары.

  4. Тромбоциттер ақ түсті ядролы жасушалар.

  5. Гематолог организмнің айнасы.

  6. Гемофилия қан ауруын емдейтін дәрігер.

  7. Гемоглобин плазмадағы нәруыз.

  8. Фагоциттер қанның ұйығыштығын қамтамасыз ететін

  9. Глобулин жасушалар.

обыр жасушалары.

Топпен жұмыс. Есеп.

Салмағы 57-62-74 кг адамдардың ағзасында неше литр қан болатынын анықтау. (қанның мөлшеріне дене салмағының 7% сай келеді және қанның меншікті салмағы 1,06 г/см.куб)



  1. ЭО-тағы интерактивті тапсырмаларды орындау. №2, №3, №6.

Анимациялар №4, №5;

  1. Тестік жұмыс.

1. Қан қандай ұлпа?

А) дәнекер;

Ә) бұлшықет;

Б) жабын;

В) жүйке;

Г) май.


2. Қан дене салмағының неше пайызын құрайды?

А) 10%;


Ә) 7%;

Б) 15%;


В) 20%;

Г) 25%.


3. Фибриноген нәруызы қайда кездеседі?

А) қанда;

Ә) эритроцитте;

Б) плазмада;

В) тромбоцитте;

Г) лимфада.



4. Дене жасушалары қантамырлармен қалай жалғасады?

А) лимфада;

Ә) қан плазмасы;

Б) тура жалғасады;

В) ұлпа сұйықтығы;

Г) жалғаспайды.



5. Плазманың құрамында неше пайыз су болады?

А) 80%;


Ә) 95-98%;

Б) 70-72%;

В) 85%;

Г) 90-92%.



6. Эритроциттер қайда түзіледі?

А) сүйек кемігінде;

Ә) көк бауырда;

Б) айырша безде;

В) лимфа түйіндерінде;

Г) бауырда.



7. Тромбоциттің 1мм.куб. қандағы мөлшері:

А) 500 мың;

Ә) 250-400 мың;

Б) 400-500 мың;

В) 450-470 мың;

Г) 200 мың.



8. Оксигемоглобин дегеніміз не?

А) СО2 қосылған гемоглобин;

Ә) темірмен қосылған гемоглобин;

Б) оттегімен қосылған гемоглобин;

В) сумен қосылған гемоглобин;

Г) хлормен қосылған гемоглобин;



9. Лейкоциттерді «Обыр жасуша» деп қай ғалым атады?

А) И.И. Павлов;

Ә) Р. Гук;

Б) А. Левенгук;

В) И.И. Мечников;

Г) Ч. Дарвин.



10. Қан ауруын зерттейтін ғылым?

А) кардиология;

Ә) миология;

Б) остеология;

В) гематология;

Г) маммалогия.



IV. Зертханалық жұмыс. №7

  1. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

  2. Үйге: & 29-31, кесте толтыру, 72 - сурет салу.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет