Солтүстік қазақстан облысының флорасындағы жусан (artemisia) туысы



Дата11.06.2016
өлшемі69.05 Kb.
#128134
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФЛОРАСЫНДАҒЫ

ЖУСАН (ARTEMISIA) ТУЫСЫ
Шакеева Ж., Тлеубергенова Г.С., Каракучукова А.Б.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Күрделігүлділер (Asteraceae) тұқымдасы туыстық және түрлік құрамы бойынша Қазақстан республикасының флорасындағы ең ірі тұқымдастардың бірі болып табылады. Қазақстан Флора бойынша тұқымдастың құрамына 717 түрмен сипатталған және 114 туыс кіреді.

Күрделігүлділер (Asteraceae) тұқымдасы Солтүстік Қазақстан облысының флорасындағы ең ірі тұқымдастардың бірі болып табылады. Зерттеу кезінде жалпы биология кафедрасының Гербарий Қорының 1700 кеппешөптер даналары өңделді. Күрделігүлділер тұқымдасының туыстық және түрлік құрамы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында айтарлықтай әр түрлілігімен сипатталған. Кафедра кеппешөбінің сараптамасы бойынша, тұқымдастың құрамына 181 түрмен сипатталған 51 туыс кіреді. Қазақстан Флорасы бойынша тұқымдастың СҚО-ң аумағында 57 туысқа жататын 185 түрі таралған. Сонымен бұл тұқымдастың түрлері Солтүстік Қазақстан облысының аумағында толығымен беріліген.

Күрделігүлділер тұқымдасының құрамына кіретін жетекші туыстарға кіреді: жусанның (Artemisia) – 27 түрі (барлық флораның 33%), аңдыздың (Inula) – 10 түрі (6,2%), гүлкекіренің (Centaurea) – 10 түрі (6,2%), 8 түрден (5%) кіретін түймедақ (Matricaria) және зиягүл (Senecio), 6 түрі кіретін мыңжапырақ (Achillea) туыстары.

Тұқымдастың бұл туыстары берілген тұқымдасқа жататын барлық флораның 69 түрін немесе 43%-ын құрайды.

Кафедрадағы жиналған кеппешөп даналарының саны бойынша ең ірі туыстарға жатады: мыңжапырақ (Achillea) – 263 дана, андыз (Inula) – 213, жусан (Artemisia) – 133 дана.



Жусан (Artemisia) – тұқымдастар ішінде ең көп таралған туысы. Жусанның Қазақстанда 81 түрі өседі. Қазақстан Флора бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аймағында 24 түрі таралған. Кафедра кеппешөбінің ішінде аталған тұқымдастың 27 түрі (жалпы түр санының 33%) бар, ол Солтүстік Қазақстанда кең көлемде таралған.

Жусанның ең көп таралған кеппешөптерінің түрлеріне мыналар жатады: бөрте жусан (Artemisia austriaca Jagd.) – 25 дана, ермен немесе қара жусан (Artemisia vulgaris L.) – 19 дана, ащы жусан (Artemisia absinthium L.) мен сұр жусан (Artemisia glauca Pall.) 17 данадан және жибек жусаны (Artemisia sericea Web.) мен саралжын жусаны (Artemisia pontica L.) 7 данадан (1 кесте).

Жусан екіжылдық, көпжылдық (сирек жағдайда біржылдық) өсімдік болып келеді, жуан сүректенген тамырсабақты, биіктігі 30-150 см-ды құрайтын жартылай бұталы, шөптесін өсімдік. Әдетте тік сабақты. Барлығында дерлік аздаған немесе көптеген қалың ақшылт және сұрғылт өрмелегіштері болады.

Жапырақтары саусақсалалы немесе қауырсынды тілімделген, тұтас жиекті, ұсақ жіңішке бөлікке бөлінген. Жапырақтары бұтақтарына кезектесіп, қарама-қарсы немесе топтасып орналасады, кейде олар жертаған түзіп қатты қысқарады. Төменгі жапырақтары ірілеу, ал ортаңғы мен үстіңгілері ұсақтау.



Гүлдері ұсақ, сары кейде қызғылт түсті, бастары жұмыртқа тәрізді, шар тәрізді диаметрі 1-10 мм-ді құрайтын ұсақ гүлшоғырға жинақталған. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама түзеді. Себеттің үстіңгі беті жазықта, ойыста, дөңесте болуы мүмкін; тікенектермен немесе түктермен жабылған; іші толтырылған немесе қуыс. Гүлшоғыры жіңішке түтік тәрізді үлпек жабынмен қапталған қосжынысты, шеткілері жіп тәрізді даражынысты гүлдерден құралған.
1 кесте. Жусан (Artemisia) туысының кеппешөп түрлерінің саны




Жусан туысының түрлерінің аттары

Даналардың саны

1

Бөрте жусан (A. Austriaca L.)

25

2

Ащы жусан (A. absinthium Jacq.)

17

3

Қара жусан (A. vulgaris L.)

19

4

Биік жусан (A. procera Willd.)

2

5

Жазық жусан (A. campestris L.)

4

6

Шыралжын жусан (A. dracunculus L.)

7

7

Теңіз жағалық жусан (A. maritima L.)

2

8

Армян жусан (A. armeniaca Lam.)

1

9

Гмелин жусан (A.Gmelinii Web.)

2

10

Ақ жер жусан (A. terrae-albae Krasch.)

3

11

Жібек жусан (A. sericea Web.)

7

12

Сұр жусан (A. glauca Pall.)

17

13

Саралжын жусан (A. pontica L.)

7

14

Алмастырушы жусан (A. commutata Bess.)

3

15

Өрмекті жусан (A.tomentella L.)

1

16

Сібірлік жусан (A. sibirica L.)

1

17

Жіпті жусан (A. nitrosa L.)

3

18

Сиверс жусан (A. sieversiana Willd.)

2

19

Біржылдық жусан (A. annua L.)

2

20

Жапырақты жусан (A. latifolia Ledeb.)

1

21

Шыбық жусан (A. scopaeformis Ledeb.)

1

22

Шренк жусан (A. schrenkiana Ledeb.)

1

23

Шашақты жусан (A. scoparia Waldst.)

1

24

Маршалл жусан (A. marschalliana Spreng.)

1

25

Мұз жусан (A. frigida Willd.)

1

26

Ірігүлді жусан (A. macrantha Ledeb.)

1

27

Жырық жусан (A. laciniata Willd.)

1

Себеттері ұзын шашақ, масақ, сыпыртқы тәрізді жинақталған. Кейбір түрлерінде дисктегі шеткі түтік тәрізді аналық гүлдері бір қатар бойымен және көптеген қосжынысты гүлдерден (Artemisia туыс тармағы); ал енді біреулерінде дисктегі гүлдері аталықтар (Dracunculus туыс тармағы) немесе себеттегі түтік тәрізді қосжынысты гүлдерден тұрады (Seriphidium туыс тармағы).

Жемісі тегіс, ұсақ тұқымша, көпжағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары болады.

Жусан (Artemisia) туысының кеппешөп түрлерінің саны пайызы бойынша 1 суретте көрсетілген.

Кафедра кеппешөптері ішінде ең көп таралған түр: бөрте жусан (A. аustriaca Jagd.), ащы жусан (A.absinthium Jacq.), қара жусан (A. vulgaris L.), сұр жусан (A. glauca Pall.)

1 сурет. Жусан (Artemisia) туысының кеппешөп түрлерінің саны

Жусан (Artemisia) туысының Солтүстік Қазақстан облысының флорасы арасында эндем түрі бар, ол құрғақ жусаны (Artemisia semiarida Lavr.), бірақ жалпы биология кафедрасының кеппешөп қорында бұл түр жоқ.

Жусандар орманды-дала, дала, жартастарда, қыраттарда, өнделмеген жерлерде, шалғындықтарда, өрістерде өседі. Шаруашылықтағы маңызы аса зор. Олардың ішінде аса құнды тамаққа пайдаланатын, татымды дәмі бар, дәрілік, бояуылық, сәндік қош иісті өсімдіктер аз емес. Олардың құрамында ащы гликозид абсинтин, смола, органикалық қышқылдар, С дәрумені, және эфир майлары бар. Эфир майлары бар 10 түрлер жатады, олар: (A. frigida Willd., A. pontica L., A. vulgaris L., A. аustriaca Jagd., A. annua L.). Көптеген түрлері өсімдіктер жабынының негізгі компонеттерінің бірі болып табылады (A. marschalliana Spreng., A. schrenkiana Ledeb., A. pontica L.), ал кейбіреулері өте қиын, күресуге бой бермейтін арамшөптер (A. dracunculus L., A. vulgaris L., A. аustriaca Jagd., A. annua L.).



Эстрагон жусаны (Artemisia dracunculus L.) құрамында ащы гликозид абсинтин, смола, органикалық қышқылдар, С дәрумені, және эфир майлары бар.


Әдебиет:

  1. Арыстангалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Қазақстан өсімдіктері. – Қазақ ССР-ның Ғылым баспасы, Алматы, 1977 ж.

  2. Қазақстанның иллюстірлік өсімдіктерінің анықтамасы. Т.2. Алма-Ата,1972 ж

  3. Қазақстанның флорасы. Т.8. [ Solanaceae – Compositae]. Алма-Ата, 1965, 450 б.

  4. Жумабекова С.Д., Тлеубергенова Г.С., Каракучукова А.Б. Күрделігүлділер (Аsteraceae) тұқымдасы өсімдіктердің флоралық анализі/ Родная земля ғылымі конф. матер., СҚМУ, 2013 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет