СоөЖ №3. Тақырыбы: Казак мифтері рәміздері. Дін рәміздері. Зороастризм рәміздері. Тапсырма: Глоссарий құру: «Дін, мораль, өнердің негізгі түсініктері»



Дата18.02.2022
өлшемі18.91 Kb.
#455482
Мәд СРСП 3-апта


СОӨЖ №3.

Тақырыбы: Казак мифтері рәміздері. Дін рәміздері. Зороастризм рәміздері.

Тапсырма: Глоссарий құру: «Дін, мораль, өнердің негізгі түсініктері».

Дін (араб.- сенім, наным, латынша- сенім, құдайшыл, табыну) - дүниетаным не дүниені қабылдау, сондай-ақ Жаратушының барлығына сену негізіне сәйкес өзін - өзі ұстау.

Анимизм (лат.апіта - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин. Бұл терминді ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б Тайлор (1832- 1917) енгізген. Оның пікірінше А. кейінгі дамыған діндерге апаратын баспалдақ есебінде болады. Табиғи құбылыстар да қасиетті мағынаға ие болады, олардың рухы және иесі бар делінеді.

Фетишизм - (франц.тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады.

Тотем (солт - америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиџанкезі Дж. Лонг енгізген.

Миф - бұл ұғымға үш түрлі мағына беріледі: 1) көне аңыз, әңгіме; 2) мифошығармашылық (миф тудыру), мифологиялық космогенез. Әлемнің хаостан жаралуы. 3) тарихи - мәдени шартталған айрықша сана күйі., ол - адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы бітімі.

Деноминация — шіркеу мен секталар арасындағы қарым-қатынаспен айналысатын діндар адамдарды біріктіру формасының бірі.

Догматтар — сынауға болмайтын ақиқат шындық жайында мәлімет беруші діни ілім ережесі.

Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі.

Импрессарио – жеке меншікті кәсіп иесі, ойын – сауықтар мен концерттерді ұйымдастырып жүргізуші, гастрольге шыққан атақты актерлердің атынан шарт жасаушы адам.

Инициатива – қызметке, іске бой ұрғызатын, бастайтын, жетектейтін қабілет.

Көркем мәдениет – көркемдік құндылықтар жиыны, олардың қоғамдағы пайда болуы мен кәдеге асуының тарихи белгіленген жүйесі.

Мәдениет – адамдар өмірі мен қызметін ұйымдастыру жүйесі мен формасында қалыптасқан, сондай – ақ, олардың жасалған материалдық және рухани құндылықтары қалыптасқан, қоғам мен адам дамуының тарихи белгіленген деңгейі.

Мәдениет кәсіпорны – кәсіпорын мүшелері өзара бөлісетін таным, құндылықтар, рәміздер жүйесі.

Мәдени сұхбат – кеңістіктегі әр алуан мәдениеттердің өзара қатынасы мен араласу, рухани жақындасуы, жеке мәдениет бөліктерінің алуан түрі мәдениет үлгілеріне қосылуы тәсілі.

Мәдени мұра – уақыттар сынағынан өткен және кейінгі ұрпаққа еліктену үшін нұсқалы үлгі ретінде ерекше бағаланып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдениет игілігі.

Мәдениеттану – әлемдік және отандық мәдениет теориясы мен тарихының жалпы мәселелері жөніндегі гуманитарлық ғылым. Мәдениеттің алуан түрін, олардың өзара әрекетін, мәдени шығармашылық түрлерін, мәдениеттің құрамы мен қызметтерін, мәдени процестердің заңдылықтарын, материалдық және рухани мәдениеттердің ескерткіштерінен құбылыстарын біртұтас жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Қолданылған әдебиеттер: Ғабитов. Т.Х; Муталипов. Ж.М; Құлсариева А.Т «Мәдениеттану» Алматы қ, 2005ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет