Сабақ №1 Алғашқы қауымдық құрылыс тарихының шежіресі мен дәуірленуі.
Жоспары :
1 Тағылық
2 варварлық
3 цивилизация
Теориялық мәліметтер
Адамзат тарихына бірқатар бірін-бірі дәйекті ауыстырып отырған қоғамдық экономикалық формациялар алғашқы тұрмыстық қауымдық құл иеленушілік, феодалдық капиталистік коммунистік формациялар мәлім. Алғашқы тұрмыс тарихының зерттеу пәні жер бетінде адамның пайда болуына таптық қоғамдар мен мемлекеттердің туына дейін бүкіл орасан үлкен уақыт кезенің қамтитын осы формацилардың алғашқы болып санады.
Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адамның шығуы оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуы мен, оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы қадамдарын зерттейді. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстың қауым құрылысының негізгі ерекшеліктерін анықтап табу, оның қалыптасуының, дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады.
Алғашқы тұрмысты қауым құрылысына өндіргіш күштер дамуьның өте-мөте төменгі дәрежеде болуы тән. Оның бүкіл дамуы бойында дерлік карулар, жасау үшін басты материал болып тас қала берді, бұдан жетудіруге зорға дегенде кенетін тек қаңа ең қарапайымы ғана жасауға болатын еді. Сондай-ақ алғашқы тұрмыс адамдырының еңбек дағдылары мен өндірістік тәжірибелері де мейлінше жетілдірген еді. Техникалық жағынан нашар жабдықталған, өзінің жеке басының күшін нашар білетін алғашқы тұрмыс адамы табиғат алдында бір өзі қорғаныссыз болды. Осыдан келіп алғашқы тұрмыс адамдары тіршілік ету жолында бірігіп күресуі үшін коллективтік еңбек пен еңбек құралдарына және өнімдеріне коллективтік меншіліктін сөзсіз бірігу қажеттігі туды. Алғашқы қоғам жеке меншікті адамды адамның қанауын және халықтан бөлінген күштеу, өкіметін білмеді. Бұл тапқа дейінгі мемлекетке дейінгі немеса оны сондай-ақ В.И.Ленин атағандай, алғашқы тұрмыстық коммунистік қоғам еді.
Алғашқы тұрмыстык кауым қурылысының осы аса маңызды ерекшелігін оны зерттеудің неге тек танымдық қана емес сондай-ақ үлкен дүниеге көзкарастық манызы да болатынын түсінікті етеді.
Алғашқы тұрмыс тарихының шежіресі мен дәуірленуі.
Алғашқы тұрмыстың қоғам тарихы адам пайда болғаннан таптың қоғам туғанға дейінгі кезеңді қамтиды.
Бұл кезеңнің төсенгі шежіресінің шегі шамамен бұдан 1 млн ж.б.д. саналады. Кейбір зерттеулердің пікірі бойынша тіпті әлдеқайда ерте заман деп белгіленеді.
Азия Африкада алғашқы цивилизация б.ғ.д. IV-V мың жылдықтарда Европада б.ғ.д. 1 мың жылдықта әйкумендердің (жер шарының адам мекендеген бөлігі) басқа аймақтарында бұдан да кейінірек пайда болды.
Бұл адамзат тарихын үш ғасырға бөлді.
-
Тас
-
Қола
-
Темір
Тас ғасыры палеолит, мезолит, неолит.
Палеолит. Ерте палеолит б.з.д. 2 млн 140 мың.ж
Орта палеолит б.з.д. 140-40 мың.ж
Кейінгі палеолит б.з.д. 40-12 мың.ж
Ерте палеолит археологиялық дәуірлерге немесе мәдениеттеріне бөлінеді. Шеллые Дейінгі шелль, ашель және мустьер дәуірлеріне болып келеді (бұл аттар алғашқы тұрған орындары болған.)
Орта палеолит Мустьер дәуірі. Кейінгі палеолит әдетте дәуірлерге замандарға Ориньяк, салютрей және мадлен дәуірлері деп бөледі.
1870 ж көрнекті американ этнографы Люис Гечргі Морган. Алғашқы тұрмыстық тарихты үш сатыға бөлді.
Тағылық Варварлық Цивилизация тағылық дәуірді иемденуші жинап – терушісін және аң, балық аулау шаруашылығының уақыты, оның төменгі сатысы. Ең көне адамның пайда болуынан ортаңғысы балық шаруашылығы туып отты қолданудан, жоғарғысы садақ пен жебені ойлап тапқан кезден басталады.
Варварлық заманы егіншілік, мал шаруашылығы (мен суармалы егіншілік ісін жүргізуден жоғарғысы) өндіретін уақыт оның төменгі сатысы қыш ісін ойлап табудан ортаңғысы мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік ісін жүргізуден жоғарғысы темірдің пайда болуынан бастады.
Қазіргі кезде Моргон дәуірлеуін ұстамады. Алғашқы тұрмыс тарихын алғашқы тұрмыстық қауымда қалыптасу, гүлдену, ыдырау деп үш кезеңге бөлді.
1 кезең. Алғашқы тұрмыс адамдар табының дәуірін атайды. Бұл еңбектің жасанды қаруларының пайда болуымен, нашар біріккен өндіріс коллективтерін құраған ең көне адамдардың шығуымен ашылады.
Археологиялық жағымен алғанда бұл дәуірге ерте палеолит Моргон дәуірленуіне тағылық төменгі сатысы сай келеді.
2 кезең. Алғашқы тұрмыстың рулық қауым дәуірін атайды. Бұл дәуір ең алдымен тас қаруларды кеңінен қолданумен, өндіргіш күштердің дамуын да ірі алға басумен көзге түседі.
Археологиялық жағынан алғашқы тұрмыс рулық қауым дәуіріне кейінгі палеолит мезолит және неолит.
Моргон дәуірінде тағылықтың орта және жоғарғы сатысы варварлықтың төменгі және орта сатысы сай келеді.
3 кезең. Ыдырау кезеңі ең алдымен тас орнына металдың пайда болуымен байланысты өндіргіш күштердің дамуында ірі қадам басуымен көрінеді. Бұл кезеңде тез даму арқасында өнім пайда болады, қыры бар байлық үшін тонаушылық соғыстар кеңінен таралады. Рулық қауым семьялық қауымдарға бөлініп кетеді.
Археологиялық жағынан бұл дәуір неолит қола немесе ерте темір дәуірі Моргон дәуірінде варварлықтың жоғарғы сатысы сай келеді.
Бақылау сұрақтары:
-
Алғашқы тұрмыс тарихының пайда болуын жазған ғалымдар?
-
Адамның қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті?
-
Алғашқы қауым адамдардың топқа бірігу себебі?
-
Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы қай кезеңді қамтиды?
-
Алғашқы қауымдық кезеңді коммунистік қоғам деп атаған кім?
-
Жер бетіндегі ең алғашқы адам қалдықтары қай жерден табылды?
-
Алғашқы тұрмыстық қоғам адамының қару жасау үшін қолданған басты құралы?
-
Ең көне және көне заман адамдары қандай екі салаға бөлінді?
СӨЖ тапсырмалары:
-
Алғашқы тұрмыс тарихының пайда болуын жазған ғалымдар.
-
Алғашқы қауым адамдардың топқа бірігу себебі.
-
Жер бетіндегі ең алғашқы адам қалдықтары қай жерден табылды.
-
Алғашқы тұрмыстық қоғам адамының қару жасау үшін қолданған басты құралы.
Әдебиеттер тізімі:
-
Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.
-
Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.
-
Кнышенко Ю.П. История первобытного общества. Издательство Ростовского университета. Ростов на Дону 1973.
-
История первобытного общества. Общие вопросы. Проблемы антропогенеза. М. 1983.
-
История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М. 1985 г.
-
История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.
Сабақ №2 Тақырыбы : Алғашқы тұрмыс тарихи деректер
Жазбаша бақылау
-
Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы қай кезеңді қамтиды?
-
Алғашқы тұрмыстық қоғам туралы Геродоттың жазған пікірі?
-
Адамдардың табиғатпен күресу тәсілдері қалай болды?
-
Тағылық күйден киім – кешекті, баспананы, тамақты т.с.с ойлап тапқанған дейінгі ең көне адамзат дамуының көрінісін суреттеп жазған кім болды?
-
Европада этнографиялық білімдердің қорланып жиналудағы нағыз төңкеріс болған ғасыр?
-
XVIII ғасырдың аяғына дейін алғашқы тұрмыстық халықтар мен таныстықты дамытқан ғалымдар?
-
Алғашқы тұрмыс туралы ғылымның дамуына ынта қою төмендеген ғасыр?
Сабақ №3
Тақырыбы : этнографиялық білімдердің қорланып жиналуы.
Жоспар:
-
Алғашқы қоғам тарихы жайлы.
-
Материялдардың ХІХғ дейінгі қорлануы.
-
Алғашқы қоғам тарихы ғылымының ХІХғ қалыптасуы мен дамуы.
Теориялық мәліметтер:
А:лғашқы тұрмыстық қоғамның тарихы – тарих ғылымының бір шама жас саласы. Ол өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болып әрі, тек жүз жылдай уақыттан бері ғана өмір сүріп келеді. Алайда, бұл бұрын адамдар адамзат тарихының бастапқы кезі туралы ұғымды көз алдына келтіруге әрекет жасамады деген ынта қою адамдарда өз дамуының өте ерте кезеңдерінде-ақ туған. Қалай болған күнде де этнографтар зерттеген ең артта қалған халықтар да өздерінің алыстағы өткеншағы туралы ата бабалары іс әрекеттері мен ерліктері тұралы рулар мен тайпалардың шығуы жайына ауызекі әнгіме-аңызда табылған. Санау ежелгі заманды көршілерінің тіршілік еткен шағын қадағалау олардың өткен шағына көз жіберу әрекеттері де жатады.
Таптық қоғамның пайда болуымен адамдардың ең көне жағдайлары туралы, алғашқы тұрмыстық аңыздар өмірлері жартылай аң тәрізді өткені жайында немесе алтын ғасыр туралы адамдар еңбексіз және қамқорсыз өмір сүрген жауынгерлік пен соғыс дегендерді білмеген.
Варварлық дүние антик авторларға онша мәлім емес еді. Геродот коллективтік меншік бар екендігін байқаған. Геродот мекейліктер ана жағынан үрім-бұтағын тарататындығын бұларда әйелдер өзіне жауынгер екендігін және күйеуге жауды өлтіргеннен кейін ғана барып шығатындығын жазады.
Ежелгі дәуірдің ұлы материалистері Демокрит жер бетіндегі алғашқы адамдар жайылымға шығып және көшіп жүріп олар жердің аса мол табиғи азықтарын және кездейсоқ ағаш жемістерін қорек етіп тағылық және аңша өмір сүрді деп есептеді, өздеріне тамақ табу, жауын-шашын мен аңдардан тасалау қажеттігі адамдарды табиғатпен күресудің тәсілдерін іздеуге мәжбүр етті.
Демокриттің жолын қуушы көне римдік философ және ақын Лукреций Кар (б.ғ.д. 99-55 ж.р затар табиғаты туралы поэмасында “тағылық күйден отты киім кешекті баспананы т.с. ойлап тапқанға дейінгі ең көне адамзат дамуының көрінісін суреттеп жазды.”)
Орта ғасырларда шіркеу мен схоластика ғылымды жаншып басып келді. Осы кезде ежелгі заманға қарағаннан гөрі адамдардың өткен шағы туралы және беймәлім елдердің халықтары жайында, барып тұрған қисынсыз ойдан шығарылған қаусеттер таратылды. Орта ғасырдағы географтар мен шежірешілер ит басты адамдар (киноцефалдар) туралы немесе көрпе сиякты өзінің орасан үлкен құлақтарына оранған фанезийліктер жайындағы аңыздарды шын деп білді. Адамзаттың шығуы жене оның әуел бастапқы тарихи проблемаларыны келетін болсақ, бұл жөнінде бәрі де библия (інжіл) аңыздарында айтылып қойылған деп саналды. Ал, қалайда осы қиын жағдайлардын өзінде де жер және оны мекендеген халықтар жайындағы білім молайып кеңейе түсті. Осы білімдер кейініректе алғашқы тұрмыс тарихын зерттеудің көзі де болды. Араб географтары Шығыс Европа мен Азия халықтарының сипаттамасын құрастырды. XIII ғасырдағы орта азия халықтары туралы тамаша деректертер географ Чан-Чуньнің сапар жазбаларында сақталған. Сауда байланыстарын орнату үшін Шығысқа аттанған саяхатшылар (Плано Корпини, Рубрук, Мерко Поло және басқалары) европалықтардың Шығыс халықтарымен таныстығын кеңейте түсті.
Европада этнография білімдердің қорланып жиналуындағы нағыз төнкеріс ХV ғасыр ұлы география жаңалықтар ашылған кездерден басталады.
Христофор Колумб Америка жағалауларына (1491ж) жетті. 1497 ж Васко до Гама Европадан Индияға баратын теңіз жолын тапты. 1519 – 1921 ж Магелан дүние жүзін аралап саяхат жасады. Осылардан кейін бірен – саран Европаға ондаған және жүздеген артта қалған халықтар туралы толып жатқан сан алуан мәліметтерді әкелген көпестер мен жаулап алушылар тасқыны теңіз сыртындағы елдерге лап қойды. Христиан миммионорлары көптеген бағалы этнографиялық байқаулар жасады.
Француз миссионер – изуиті Жозеф-Франсуа Лафито Америка жергілікті халықтарының этнографиялық мағлұматтарына қарап осы пікірді дәлелдеуге тырысқандардың бірі болады. Ол ирокездер мен гуродардың тұрмысын ұзақ уақыт бойы тікелей бақылады.
XVIII ғасырдың аяғына дейін алғашқы тұрмыстың халықтар мен таныстықта барған сайын үсті-үстіне кеңейте түскен жаңа жерлерде ашу көбейте берді. Кейбір саяхатшылар (Лаперу, Мопертюц, Бугенвилль және т.б.) өздерінің алғашқы жайлы тамаша сипаттамаларын қалдырды.
Ұлы географиялық жаңалықтар ашылулар дәуірінде және кейінгі ғасырларда тез жинақталып, қорланған әрі өсе түскен этнографиялық материал табиғи түрде алғашқы тұрмыс қоғамының қалыптасуының түрлі теорияларының тууына әкеп соқты.
Шотланд философы Адам Фергюсон (1723-1816 жж.) өзінің “Азаматтық қоғам” тарихының очеркінде 1767 жылы белгілі дәрежеде этнографиялық мариалдарын құрып адам мәдениеті дамуының жалпы концепциясын жасауға тырысты. Ол тарихты үш дәуірге тағылық, варварлық, цивилизация дәуіріне бөлді. Тағылық пен варварлық арасындағы шекті Фергюсон жеке меншіктің енуі, аң аулау мен балық аулаудан тамақ табудың басымдық алған тәсілі ретінде егіншілік, мал шаруашылығына көшу деп саналды.
Осындай көзқарастарды адамзат үш сатыдан балалық яғни тағылық күйден, жастық, яғни варварлық күйден және кәмелеттік, яғни мәдени игі ниетті күйден өтті деген қағиданы ұсынған неміс ғалымдары Иоганн Форстер (1729-1798 ж) мен оның ұлы Геогрд (1754-1794) дамытты.
XVIII ғасырдың көптеген басқа философтары мен тарихшылары алғашқы тұрмыстық қоғам туралы өздерінің қорытындыларын тұжырымдауға тырысты.
Артта қалған халықтар мемлекетті де жеке меншікті де білмеді. Демек бұл мекемелер адамзат тарихында түбегейлі мәңгі бақилық болып табылмайды. Мұндай қорытындылар алғашқы тұрмыс туралы ғылымның одан әрі дамуы үшін ерекше маңызға ие болды.
ХІХ ғасырдың І жартысында бұған деген ынта қою күрт төмендеді. Бұл бір жағынан, француз революциясынан кейін буржуазия капиталистік қатынастарды тұрақтандыруға тырысқандығымен түсіндірілетін еді. Этнография тап болған тұрпайы халықтардың даму дәрежесі мәдени азаматтың ата-бабалары үшін тән болып келетіндігіне елеулі дәлелдер ғылым қарамағында әлі жоқ болатын.
ХІХ ғасырға қарай Европаның музейлерінде қазу кезінде табылған еңбек құралдары мен алғашқы тұрмыс адамдарының үй – мүлік заттарының көп коллекциясы жиналған болатын. Олар тарихи зертеулердің обьектісі айналу үшін бұларды классификациялау керек болды. Мұны алғашқылардың бірі болып, дат археологы К.Ю.Томсон (1778-1865) жасауға тырысты. ХІХ ғасырдың 30 жылдарында ол алғашқы тұрмыс ескерткіштері жинағын, олардан жасалған материал бойынша үш топқа: тас ғасыры, қола және темір ғасыры тобына бөлді. 2-ші бір дат археологы И.Я.Ворсо (1821-1885 ж) Томсеннен едәуір ары барды. Ол қола ғасырындағы кісілерді жерлеу салтына қарай бірінен-бірі ажыратылатындығына мұнда мәйіттермен бірге салынған заттар тиісінше әр түрлі екендігіне көңіл аударды.
1871 жылы Дарвиннің “Адамның шығуы және жыныстың сұрыпталу ”деген еңбегі шықты. Мұнда Дарвин салыстырмалы анатомияның зоогеографияның алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының іс жүзіндегі деректерін өте кеңінен пайдалана отырып, негіздеп, біріншіден адамның хайуаннан шыққандығын мұны Т.Тексли жасағаннан гөрі анағұрлым көп жеріне - жете егжей-тегжейлі негізлеп берді, екіншіден осы заманғы адам тәрізді маймылдар эволюциясының бүйір бұтақтары екендігін және адам өзінің шығуының қайсыбір өліп құрып кеткен неғұрлым бейтарап формалардан бастайтынын көрсетті.
Бахофен сол кезде үстемдік еткен алғашқы адамдар семья болып өмір сүрген ал олардың басы ерлер болды деген патриархалдық теорияға өзінің идеяларын қарама-қарсы қойды. Ол алғашқы тұрмыс дәуіріндегі әйелдердің қоғамдық бас болуы тек кейбір халықтардың тарихына ғана тән кездейсоқтық немесе жеке құбылыс табылмайды. Тарихи процестің бүкіл адамзат үшін универсиалды кезеңі болып табылады деп саналды. Алайда Бахофен семья дамуының негізгі діни идеялардың эвалюциясында деп теріс түсінді.
Алғашқы тұрмыс қоғамын зерттеуде бұрын аталып та өткен көрнекті американ ғалымы Льюмус Генри Морганның (1818-1881) аса маңызды еңбегі бар. Ол өзінің ілімін “Көне қоғам” деген еңбекте (1877ж) неғұрлым толық баяндаған сондай-ақ Морганның және осы қасиет системасы (1870 ж) және Американ жергілікті халықтар үйлері және үй іші тіршілігі (1881ж) деген еңбектерінің маңызы зор болды. Оның қорытындылары этнографиядан, археологиядан әрі жер шарының барлық бөліктерінің тарихынан көптеген фактілерге негізделді, бірақ солтүстік американ үндістер ирокездеріндегі қоғамдық қатынастарды Морганның зерттеуі мен ирокез руының реконструкциясы ерекше маңызға ие болды.
1880 ж Маркс алғашқы тұрмыстың қауымдылық формацияның тарихы жөніндегі арнаулы зертеуді бастап, ал ол қайтыс болғаннан кейін Энгельс жалғастырып аяқтады. Бұл 1884 ж шыққан Энгельстің “Семьяның жеке меншікпен мемлекеттің шығуы” деген еңбегі еді. Зерттеудің негізіне Л.Г. Моргоннің көне қоғамы алынған еді. Энгельс Моргон қорытқан Семьяның жеке меншік пен мемлекеттің шығуында Энгельс алғашқы тұрмыстық қауымидық формацияның бастапқы және ақырғы межесін белгілеп берді және оның дамуының негізгі заңдылықтарын ашты.
Алғашқы тұрмыс экономикасы жеке меншіктің тарихи алғы саласы болған коллективтік қауымдық-рулық меншікке негізделді; аналық ру және оған тән топтық және қосақ семья формалары әкелік рудың және патриархалдықтың, ал одан кейін моногамдық семьяның тарихи жағы алдынан келеді.
Мұнымен бірге Энгельстің еңбегі өз дамуында озат және артта қалған халықтардың арасындағы тарихи өзара қатынастарды түсіну үшін методологиялық нұсқау берді.
Бақылау сұрақтары:
-
Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы қай кезеңді қамтиды?
-
Алғашқы тұрмыстық қоғам туралы Геродоттың жазған пікірі?
-
Адамдардың табиғатпен күресу тәсілдері қалай болды?
-
Тағылық күйден киім – кешекті, баспананы, тамақты т.с.с ойлап тапқанған дейінгі ең көне адамзат дамуының көрінісін суреттеп жазған кім болды?
-
Европада этнографиялық білімдердің қорланып жиналудағы нағыз төңкеріс болған ғасыр?
-
XVIII ғасырдың аяғына дейін алғашқы тұрмыстық халықтар мен таныстықты дамытқан ғалымдар?
-
Алғашқы тұрмыс туралы ғылымның дамуына ынта қою төмендеген ғасыр?
СӨЖ тапсырмалары:
-
Алғашқы тұрмыстық қоғам туралы Геродоттың жазған пікірі.
-
Европада этнографиялық білімдердің қорланып жиналудағы нағыз төңкеріс болған ғасыр.
-
Алғашқы тұрмыс туралы ғылымның дамуына ынта қою төмендеген ғасыр.
Әдебиеттер тізімі:
-
Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.
-
Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.
-
Кнышенко Ю.П. История первобытного общества. Издательство Ростовского университета. Ростов на Дону 1973.
-
История первобытного общества. Общие вопросы. Проблемы антропогенеза. М. 1983.
-
История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М. 1985 г.
-
История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.
Бақылау сұрақтары:
-
1884 жылы шыққан Энгельстің қай еңбегі?
-
Маркс қайтыс болғаннан кейін оның еңбегін кім жалғастырды?
-
Диффузионизмнің негізін қалаушы кім?
-
Этнографиялық мектептер нешінші ғасырда пайда болды?
-
Тарихи мектептің негізін салушы лингвист этнограф кім?
-
Алғашқы тұрмыстық қоғамы туралы совет ғылымының дамуына үлес қосқан тіл маманы?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
-
Адамзат қоғамының қалыптасуы.
-
Алғашқы тұрмыстық қоғамы туралы совет ғылымының дамуына үлес қосқан тіл маманы.
Әдебиеттер тізімі:
-
Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобытного общества. Высшая школа 1982 г.
-
Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.
-
Энгельс Ф. Роль труда в процессе превращения обезьяны в человека. К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинение том 20
-
Бромлей Ю.В. Этнос и этнография .М., 1973
.
Сабақ №4 Тақырыбы : Алғашқы тұрмыс тарихы ғылымының шығуы
Тесттер
1 . Еңбек құралдарын жасаудың нуклеуістік әдісі қай дәуірде кең тарады?
А. Мустьер дәуірі
Б. Қола дәуірі
В. Неолит дәуірі
Г. Мезолит дәуірі
Д. Темір дәуірі
2. Кейінгі палеолит қай кезеңді қамтиды?
А. 35-30 мың –12-10 мың жыл бұрынғы
Б. Б.з.б. 15 мың –5 мың жыл
В. Б.з.б. 10 мың –б.з.б. 5 мың жыл аралығы.
Г. 50-40 мың жыл бұрынғы
Д. 10-2 мың жыл бұрынғы.
3 . Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі қалай аталды?
А. Жарып түсіру техникасы
Б. Нуклеуістік тәсіл
В. Ретушьтік тәсіл
Г. Жылтырата тегістеу
Д. Қаптау тәсілі.
4 . Рулық қауым кезінде меншіктің қай түрі қалыптасқан?
А. Ортақ меншік
Б. Жеке меншік
В. Мемлекетттік меншік
Г. Ақсүйектер меншігі
Д. меншік болмаған
5 . “Қытай адамы” қалай аталады?
А. Синантроп
Б. Неандертальдық
В. Австралопитек
Г. Кроманьондық
Д. Питекантроп
6 . Кейінгі палеолит дәуірінде күрделі діни сенімнің болғандығын не көрсетеді?
А. Мәйітке қызыл бояу жағу
Б. Мәйітті өртеу
В. Мәйіттің аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызу
Г. Еңбек құралдарын бірге көму
Д. Діни сенім болған жоқ.
7 . Адам баласы жер бетінде қашан пайда болды?
А. Б.з.б. 2 мил. жыл
Б. Б.з.б. 1 мил. Жыл
В. Б.з.б. 3 мил. жыл
Г. Б.з.б. 4 мил. жыл
Д. Б.з.б. 5 мил. жыл
8 Тас ғасыры қай кезеңмен аяқталды?
А. Неолит
Б. Палеолит
В. Қола
Г. Мустьер
Д. Мезолит
9 . Алғашқы еңбек құралдарының атауы
А. Чоппер
Б. Болас
В. Нуклеус
Г. Гарпун
Д. Ретушь
10 Мустьер дәуірінің хронологиясы
А. Б.з.б. 140 мың –40 мың ж
Б. Б.з.б. 2 мың –800 мың ж
В. Б.з.б. 800 мың –140 мың ж
Г. Б.з.б. 40 мың –10 мың ж
Д. Б.з.б. 10 мың –5 мың ж
11 Гаминид терминінің мәні
А.Гаминидтерге дейінгі адам
В. приматтар отряды
С. Тік жүретін адам
Д. шебер адам
Е. саналы адам
12 . Неандерталец қай жерден табылды
А. Германия
В.Қытайда
С. Олдувей шатқалынан
Д.Африка
Е Еуропада
13 . Гомо сапинес терминінің мәні
А. саналы адам
В.Приматтар отряды
С.Тік жүретін адам
Д. Гаминидтерге дейінгі адам
Е. шебер адам
14 . Презижантроп қай жерден табылды.
А. Африкада
В.Еуропада
С. Қытайда
Д.Азияда
Е. Олдувей шатқалынан
15 .Ежелгі палеолит неше мәдениетке бөлінеді
А.3
В.2
С.4
Д.5
Е.6
16 Ашель уақытының ескерткіштері қайдан табылған.
А. Орталық Қазақстан
В.Солтүстік Қазақстан
С. Оңтүстік Қазақстан
Д.Батыс Қазақстан
Е. Шығыс Қазақстан
17 . Алғашқы тұрмыстық қоғам адамының қару жасау үшін қолданған басты материалы не болған.
А. тас
В. ағаш
С. сүйек
Д.балшық
Е. Темір
18 . Тас ғасыры нешеге бөлінді
А.3
В.2
С.4
Д.5
Е.6
19 Люш Герчрге Маргон алғашқы тұрмыстық тарихты нешеге бөлді.
А.3
В.2
С. 4
Д.5
Е.6
20 . Питекантроп қай жерден табылды.
А. Ява аралы
В. Қытай
С.Германия
Д.Америка
Е. Германия
Сабақ №5,
тақырыбы : Антропогенез процесі және рулық қауымның қалыптасуы.
Жоспары :
-
Адамның пайда болу праоблемасы.
-
Ч. Дарвин жаңалықтары.
Жануарлар дүниесіндегі адам орны
Алғашқы тұрмыс қоғамының заңдылық түсіну адам эволюциясының ен бойында, адамның өзінін, физикалық типінің өзгерістердің, осы өзгерістердің қозғаушы күштің антропогенездің осы заманғы теориясымен таныспайынша мүмкін емес.
Тарихтың тең сәрісінде, Лениннің айтуы бойынша қалыптасып келе жатқан адамдарды физика типі көп жағынан әлі де олардың мүмкіндігін анықтайтын еді. Сондықтанда тарихи дамудын қуатты факторлары ретінде алға шықты. Сол себептен де еңбек қызмет ең көне кезеңде әлеуметтік ұйымдардың қаралуы адамның өзінің биологиялық тарихынана бөлуі болмайды.
Табиғат туралы мәселе Карл Линней оны жануарлар патшасы системасын енгізеді. Әрі адамды сол белгілі кездегі маймылды бірге қосып сүтпен қой кұрамына приматтарды XVIII ғасыр орта шенінде тұнғыш рет ғылыми негізге қойылды.
Айтылғандарды қорытайық. Қазіргі заманғы адам приматтар отряды гоминидтер семьясына жататын Ноmо текті түрін құрайды. Осы заманғы адамзаттың нәсілдері арасындағы морфологиялық айырмашылықтар жай кезге көрінгеніне де қарамастан. Бірақ олар өмірлік бір түрге жатқызылуы мүмкін.
Антропогенез саласындағы білімдердің барлық қорын жинақтаған және эволюциялық теорияның негізгі қағидаларын атап айтқанда табиғи және жыныстық іріктелу туралы ілімін адамға қолдануға әрекет жасаған Чарлз Дарвиннің “Адамның шығуы мен жыныстық сұрыптау” (1971ж) деген кітабында адамның жануарлықтан шыққан тегі айдан анық толық дәлелденіп осы заманғы антропология мен материалистік философияның өзекті тірегіне айналды.Х1Хғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдағы толып жатқан зерттеулер адамның жануарлық шыққан тегі туралы ілімнің дұрыстығының жаңа дәлелдерін әкелді.
Антропоморфты семьялар мен қатар приматтар отрядының барлық классификацияларында дерлік осы заманғы адам мен ең жақын ата-тектерін біріктіретін гоминит семьялары бөлініп шығады. Бұл семьялардың барлық өкілдері үшін өз құрылысының күрделілігі жағынан басқа приматтардың миынан әлдеқайда көп артып түсетін үлкен ми дененің түзулене түскен жағдайы мен екі аяқпен тік жүру, өте қозғалғыш және барлық қалғандарына күрт қарама-қарсы келетін күшті дамыған үлкен саусақты нәзік қимыл жасауға қабілетті қол сүйегі тән болып келеді. Сонымен тіпті анатомиялық көзқарас тұрғысынан қазіргі адам мен оның тікелей ата-тектері оларды басқа приматтардан, тіпті адам тәрізділерден бөлініп тұратын және семьяларда олардың бөлінуін ақтайтын едәуір ерешелікпен сипатталады.
Гоминид семьяларының құрамын түрлі зерттеушілер әр түрлі анықтайды. Көптеген еңбектерінде семьялар құрамында тек бір ғана текті адамның өз басын, оған барлық қазылып табылған формаларды қоса отырып, “Ноmо” тегін және қазіргі адамды бөліп көрсету қабылданған. “Ноmо” тегі шегінде әдетте екі түр – қазіргі түрдің адамы парасатты адам “Хомосабен” тұрпайы адам Хомосабенс болып бөлінеді.
Бұл бөлімшелерден бір жағынан осы заманғы адаммен, 2-ші жағынан оның тікелей ата-тектері арасында соңғылардың арасындағыға қарағанда морфологиялық айырмашылық көп екендігі көрінеді.
Антропогенез процесінде бір гоминид семьялары қалыптасқанда екіншісі қазіргі түрдің қалыптасқанда екі секіріс туралы қағиданы ұсынған Я.Я. Рогинский ең алдымен нақ осы фактілерге сүйенеді. Антропогенез процесінде бұлардың маңызы бірдей емес екендігі түсінікті. Бірінші секіріс морфология сферасында айырықша адамдық ерекшеліктердің көрінуімен сай келеді де ойлау мен тілдің пайда болып әлеуметтік ұйымдардың өркендеуі т.б. құралуымен бір сөзбен айтқанда адамның өзі пайда болуымен көзге түседі.
Екінші секіріс “қалыптасып келе жатқан адамдардан “дайын” адамдардың құралуын ғана көрсетеді”
Кейбір ғалымдар алайда бір жағынан ең ертедегі және ертедегі гоминидтер петекантроптар мен синантроптар және екінші жағынан Неандертальдықтар арасындағы морфологиялық айырмашылықтар неандерталдықтар мен қазіргі адамдар арасындағыдан гөрі аз деп санайды. Тиісінше секірістер саны үшке дейін көбейеді.
Айтылғандарды қорытайық. Қазіргі заманғы адам приматтар отряды гоминидтер семьялығына жататын “Ноmо” текті түрін құрайды. Осы заманғы адамзатың нәсілдері арасындағы морфологиялық айырмашылықтар жай көзге көрінгеніне де қарамастан бірақ олар өмірлік маңызы жоқ екінші дәрежелі белгілерінен де көрінеді.
Антропогенез процесінің қозғаушы күштері.
Адамның шығу процесіне биологиялық заңдылықтарды тарата отырып Дарвин жыныстық сұрыптауға барынша үлкен маңыз берді. Оның теориясына сәйкес приматтармен салыстырғанда адамның физикалық ерекшелігі мынада: белгілі бір ерекшеліктері бар индивидумдарды әйелдердің таңдап алуы салдарында құралған морфологиялық ерекшеліктердің болуында еді, бұл көбейіп өсу процесінде басымдық алды, неғұрлым көп ұрпақ қалдырды. Сөйтіп белгілі бағытта адам тегінің дамуына шешуші ықпал жасады. Ч.Дарвин осы арқылы сол бір заманғы адамның күрт жыныстық диморфизмін денесінде жүн бүркеншігінің толық дерлік жойылуын т.б. түсіндіреді.
Алайда жыныстық сұрыпталуда басқа белгілер емес, нақ сол белгілердің шешуші болғандығының айқын еместігі туралы айтпағанның өзінде жыныстық сұрыптау теориясының көмегімен ми көлемінің өзгерістерін қол бастарының қимылдағыштығын дененің пропорциясын түсіндіру қиын еді, ал нақ осылар адамға анатомиялық ерекшелік берді ғой .Дарвин теориясы тұрғысынан алғанда адамның нақтылап сөйлейтін сөзінің шығуы мен жетіле түсуін түсіндіру қиынға соғады.
Көптеген ғалымдар адам морфологиясының өзгерістеріне анықтаушы ықпал еткен және адамды хайуанаттар дүниесінен бөліп тұрған өтпейтін әңгек болған маймылдан адамға көшуден шешуші қадам ретінде тік жүруді көрсетеді. Басқалары қолды еркін билеп игеру айналадағы табиғатты қайта жасауда адамдардың алдында орасан зор перспектива ашты.Антропогонез еңбек теориясының маңызын Энгельстің өзінің бір сөз тізбегімен алып : еңбек адамның өзін жасады, деп тұжырымдауға болады. Шынында да еңбек алдымен тамақ тауып, жаулардан қорғануға олардың қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың еңбек қызметі төрттік дәуірі кезінде адамның түр –тұрпатын өзгерткен және қоғамды жасаған қуатты стимул болды. Адамның тікелей ата- тектері үштік дәуірдің аяғындағы антропоморфты маймылдар осы заманғы приматтардың көпшілігіне ұқсас қоғамдық хайуанаттар болды. Олар бірігіп азық жинады және жыртқыш хайуанаттардан қорғанды. Бірақ олардың айналадағы табиғатқа ықпал етуінің басқа сүт қоректілердің ықпал етуінен принципиалды айырмашылығы бар еді. Ұсақ жануарларды аулап жеуге жарайтын тамырлады қазып алу ағаштардан жеміс жидектер мен жеке жидектерді қағып түсіру және құрт- құмырсқалардан қорғану үшін, олардың кездейсоқ іріктеліп алынған тастарды таяқшалар мен ағаш бұтақтарын пайдалануы өте ықтимал. Бірақ бұл әлі нағыз қаруларды пайдалану емес еді.
Қаруларды тұрақты қолдану алғашқы адам алдында өз қажеттерін өтеуде, атап айтқанда өзінің тамақтық қорын орасан үлкен дәрежеде ұлғайт уда табиғат ресурстарын анағұрлым едәуір белсенді пайдалану мүмкіндігін ашты.Сондай-ақ жыртқыштарға қарсы күрестен алғашқы тұрмыс коллективтерінің күшін едәуір арттырды. Сонымен (бірге) тілдің пайда болуы еңбек процесінде шықты және еңбек қызметінің салдары болды. Ф. Энгельс теориясы адамның қалыптасуында қоғамдық, әлеуметтік іс шешуші роль атқарғанын атап көрсеткен қоғамсыз адам бола алмайтындығына көзжеткізген барлық қолда бар антропогонез теорияларынан бірден-бір айрықша теория болды, ол ойлау мен сөздің шығуын түсіндіріп берді.
Ф. Энгельс құбылыстың биологиялық жағына да көңіл бөлді. Ол тік жүрудің қалыптасуының гоминид семьялығындағы эволюцияда қол мен мидың прогрессивті дамуының маңызын көрсетеді адам организмі биохимиясының өзгерісінде етті тамақтың ролін т.б. көрсетеді.
3.Адамның ең таяу ата-тектері мен адамзаттың арғы отан проблемалары.
Адамға ең жақын дриопитекті маймылдар тобы болып шықты. Батыс Европаның Африка мен Азияның әр түрлі облыстарының кейінгі үштік жіктерінде дриопитектердің қалдығы табылды. Дриопитектер орташа көлемі жағынан осы заманғы павиондар мен шимпанзені еске түсіретін приматтар болып келеді.
Гоминид семьяларының тікелей арғы тектері туралы нақтылы ұғымды жасау үшін оңтүстік Африкадағы толып жатқан және жақсы сақталған олжалардың мейілінше зор маңызы бар,мұның алғашқы ұғымы 1924ж.жасалған еді.Осы уақытқа қарай оңтүстік Африкада антроморвты маймылдардың бес қазбалық түрі ашылды бұлар үш текті австралопитектерді, паронтроптарды және полнзионтроптарды біріктіреді және австролопитектердің семья тармағына немесе семьялылығына бөлінеді. Олар сірә бойы жағынан дриопитектік маймылдардан айнымайды, бірақ миының біршама ірілігімен (500-600 см)және екі аяқты локомациясымен яғни артқы аяқтары мен жүру арқылы сипатталған.
Ф. Энгельстің пікірін растайды және хайуанаттарды аулау гоминидтердің ата-бабаларында да болсын басым орын алғанын көрсетеді.
Австролотитектік маймылдардың қаруларды пайдалануы туралы мәселе ерекше қойылады. Олармен бірге шөп қоректі хайуанаттардың бас сүйектері, мүйіздері мен сынған түтік сүйектері, сондай-ақ павиондардың сынған бас сүйектері көптеп табылды. Австролопитектер павиондарды аулаған және олардың бас сүйектерін өткір тастардың көмегімен жарған деп болжалады.
-
Ең көне заманғы гоминидтер мен олардың еңбек қызметі.
Адамның хайуандық шыққан тегі туралы теория негізделгеннен кейін ғалымдар алғашқы тұрмыстық маймыл адамдардың тіршілік етуі туралы болжауларды айтып, тіпті олардың морфологиялық тұрпаты жайында көз алдына келтіріп көруге де тырысты.Бұл болжаулар мұндай тіршілік иесінің қазба қалдықтары шынында да Явадағы Соло өзенініңде 1890-1891 жылдары нақтылы тұжырымға ие болды.
Бас сүйегінің қақпағы мен төменгі аяқтарының ұзын сүйектері табылды. Оларды зерттеу негізінде сол тиісті болған тіршілік иесі тік жағдайларда жүріп тұрған деген қорытынды жасалды. Сондықтан питекантроп немесе тік жүретін “маймыл-адам”деген ат тағылды.
Питекантроптар шелль және ашелль мәдениетіне жататын еңбек қаруларымен пайдаланған деген тұжырымға көбірек бой ұруда.
Өте көне гоминидтің морфологиялық типінің эволюциясын түсіну үшін 1927жылдан бастап Солтүстік Қытайда Пекинге таяу Чжоукоудянь үңгірінде аса маңызды жаңалықтар ашылды. Мұнда табылған ең көне аңшылар лагерінің қазбасы орасан үлкен археологиялық материалға қол жеткізді бұл 40-тан астам индивидуумдар ер адамдардың әйелдер мен балалардың сүйек қалдықтары еді.
Питекантроп сияқты синантроп орта бойлы және денесі мығым болып келген .
Бұл қорытындыны қорғауда синантроптардың еңбек қызметінің біршама жоғары дәрежесі жанама дәлел бола алады.Мәселен айталық құралдары сан алуан және шелль тұрғын жерлерінен табылған саймандарының тұрақсыз бір типті .Соққыштар аз әрі бұларда типологиялық бірыңғайлығымен айрықша болып келеді. Синантроп енді бұғы, киік, жабайы жылқы және тіпті мүйіз тұмсық сияқты ірі жануарларды да өлтіретін. Оның үңгірлерде тұрақты мекені болған. Синантроп отты кеңінен пайдаланғаныдығының даусыз дәлелдерін көрсетті үңгір ішіндегі күлдің қабаты бірнеше метрге жетеді.
Көне заманғы гоминидтер және олардың еңбек қызметі.
Германиядағы Дюссельдорф маңынан алғаш табылған олжалардың аты бойынша неандертальдық-адам деп аталған .
Неандертальдықтардың морфологиялық типі ең көне гоминидтердің физикалық ерекшеліктеріне қарағанда әлдеқайда көп жақсы жағынан мәлім. Сүйек тұрпаттарын зерттеу неандертальдықтар орта бойлы және барлық жалпақтық көлемдері сірә осы заманғы адамның осындай көлемдерінен асып түсетін төтенше күшті құрылысты адамдар болғанын көрсетеді көк еттері бекітілген жердегі сүйектердің үстіндегі едәуір рельеф бұлшық еттерінің күшті дамығандығын көрсетеді.Неандертальдың өте оңтайлы да тез жүретін жануарларды аулағандықтарына қарағанда, оның күші жылдамдығымен қосарланғаны көрінеді.Бірақ жылдамдығы барлық мүшелеріне таралмаған болса керек. Мәселен қол басының пропорциясы осы замандағылардікінен өзгеше еді қол басының өзі дөрекілеу де ауырлау болатын нәзік қозғалыстарға оның оралымдылығы мен қабілеті сірә, шектеулі болса керек.Неандертальдықтар миының дамуы қазіргі заман адамдарының миына жақындап келеді. Оның көлемі түрлі формаларда 1200см- тен 600см – ке дейін аралықта ауытқыды.
Неандерталь формалардың бас сүйек құрылысында да көптеген маймылдың белгілері сақталғанды.Бас сүйек қорабының биігінде нашар дамығандығымен көре түсетін қас-қабақ үсті көбесі кейбір жағдайларда тіпті ең көне гоминид бас сүйектеріндегі осындай түзілістерден аса түсіп, орасан үлкен көлемге жететін, иек шығындысы жоқ болатын немесе өте нашар білінетін .
Гоминид семьялығының тарихында неандертальдық типтің орны қандай? Бұлардан бірқатар прогрессивті белгілері мен айырмашылығы болған ерте және плейстоценнің өте көне гоминидтері морфологиялық типтері негізінде оның қалыптасқаны айқын.
Ашель дәуірінің соққы беретін ретушь тәсілі мустьер дәуірінде одан әрі дами түсті қарымта соққы беретін ретушьі ойланып табылды.
Аң аулау неандертальдықтарға сүйек оймыштары үшін мол материал берді. Өндіріс мақсаттары үшін (тас шегелер ретушерлер жүздер) ұсақ үшкірленген қарулар жасап шығару үшін сүйектерді пайдалану басталды.
Айта кетсек жасанды жолмен от табу әдістерін игерген неандерталь адамы үшін отты кеңінен пайдалану тән болып келеді. Бұл сүйектерді жиыстыруды оңайлатып ынталы ете түсті, осы жағдайда көптеген мөлшерде ұсақ сынықтар пайда болды. Бұлардың қайсыбір шаруашылық қажеттеріне қолданылуы да ықтималды.
Бақылау сұрақтары:
-
Еңбек адамның өзін жасады деп тұжырымдаған кім?
-
Ер тедегі адамдарға дейінгі маймылды қалай атаған?
-
Алғашқы қандас туыстық семьясының шығуы және оның алғашқы
формалары туралы атап өткен кім?
-
Парасатты адам деп кімдерді атаған?
-
Антропогонез пайда болу процесінің аталуын көрсетіңіз?
-
Жануарлар әлемінің эволюциясы даму болжамдары?
-
Адамға ең жақын маймылдар тобы?
-
Ең көне заманғы гоминидтер мен олардың еңбек қызметі?
-
Гоминид терминінің мәні?
-
Гоминид семьялылығының тарихында неандертальдық типтің орны қандай?
-
Алғашқы адам өз дамуында қандай негізгі сатылардан өтті?
-
Ежелгі адамдардың жануарлардан айырмашылығы неде?
-
“Епті адамның” питекантроптың (синантроптың) неандертальдықтың сыртқы пішінінің бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
-
Ф.Энгельстің маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі.
-
Адамзат қоғамы қалыптасуының теориялық мәселелері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.
-
Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.
-
Нестух М.Ф. Примотология и антропогенез. М. 1960 г.
-
Семенов Ю.И. Как возникло человечество. М. 1966 г.
-
Алексеев В.П. От животых к человеку. М. 1969 г.
-
Энгельс Ф. Роль труда в процессе превращения обезьяны в человека. К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинение том 20
Сабақ №6 Тақырыбы : Алғашқы тұрмыс тарихының дерек-төркіндері.
Тесттер
1 . Адам және жануарлар патшалығының системасын кім енгізді.
А. Линней
В. Энгельс
С. Дарвин
Д.Маргон
Е. Маркс
2 . Ерте плистоцин дәуірінің адамы қайдан табылды
А. Солтүстік Африкадан
В. Оңтүстік Азиядан
С.Шығыс Африка
Д.Орталық Азия
Е. Орталық Африка
3 Шель және Ашель тұрағынан қай жануардың сүйегі табылды.
А. Піл
В.Арыстан
С. Бұғы
Д.Мүйіз тұмсық
Е.Мамонт
4 . Алғашқы қандас туыстық семьясының шығуы және оның алғашқы формалары туралы атап өткен.
А. Маргон
В.Линней
С. Дарвин
Д. Энгельс
Е. маркс
5 . Қазақстан территориясындағы ежелгі тас дәуірінің ең бірінші тұрағы
А. Тәңірқазған
В. Арыстанды
С.Бөріқазған
.Д..Құдай көл
Е. Обалысай
6 . Ең көне және көне заман адамдары қандай екі салаға бөлінді
А. терімшілік аңшылық
В.Аңшылық егіншілік
С. мал шаруашылығы егіншілік
Д. Егіншілік терімшілік
Е.Аңшылық мал шаруашылығы
7 . Хоме Сабенс нешінші мың жылдықта табылды.
А.40-30 мың жыл
В.500-400 мың жыл
С. 140-40 мың жыл
Д.30-20 мың жыл
Е.150-120 мың жыл
8 . Евразияда қандай адам табылды.
А. Синантроп
В. Зинжантроп
С. Питекантроп
Д.Атлантроп
Е. Презижантроп
9 . Қазақстанда ашельдік ескерткіштер қай қаладан табылған
А. Жезқазған
В. Қарағанды
С.Атырау
Д.Алматы
Е. Орал
10 Адамның қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті.
А.Полеолит
В.Мезолит
С. неолит
Д.Қола
Е. темір
11. Ежелгі палеолит құрал сайман неше топқа бөлінеді
А.4
В.3
С.2
Д.5
Е.6
12. Зинжантроптың жасы
А.1,5
В.0,5
С. 2,5
Д.3,5
Е. 4,5
13 . Гарпундар қай мәдениеттің құралы
А. мадлен
В.салютри
С. оринияк
Д.ашель
Е. Андронов
14 . Явадағы Сола өзеніне ерте плейтоцендік шөгінділер ашылған және олар нешінші жылы тұжырымға ие болды.
А. 1890-1891
В. 1888-1889
С. 1892-1893
Д.1894-1895
Е.1896-1897
15 . Таулы аудандарда алғашқы тұрмыстық адамы аң аулауда қайсы жануарды аулау басым болған.
А. тауешкі бұғы
В.арыстан жолбарыс
С.ешкі қой
Д.бұғы сиыр жылқы
Е. жылқы,қабан, аю, бұғы
16 . Палеолит,мезолит, неолит қай ғасырға жатады.
А.тас
В. қола
С.ағаш
Д.темір
Е. мыс.
17. Ертедегі аналық рулық қауымдық шектерде иемденуші іс әрекетті неше дәйекті кезеңге бөлді.
А.2
В.3
С.4
Д.5
Е.6
18. Ең тамаша мадлен құралы
А. гарпун
В.найза
С. қырғыш
Д.бумерант
Е. шапқы
19 .Алғашқы қауым адамдарының топқа бірігу себебі
А. бірлесіп қорғану және аң аулау
В. егін егу
С..аң аулау
Д.ерімшілік
Е. еңбек құрал жасау
20 . Алғашқы тұрмыстық қоғам тарих қай кезеңде қамтиды.
А. Адам пайда болғаннан таптық қоғам
В. Адам пайда болғаннан рулық қауым
С. Адам пайда болғаннан тас ғасыры
Д.Адам пайда болғаннан қола дәуір
Е. Рулық қауым қола дәуірі
21 Алғашқы қауымдық кезеңді комунистік қоғам деп атаған кім
А. Ленин
В. маргон
С. энгельс
Д.Дарвин
Е. Маркс
Сабақ №7
Достарыңызбен бөлісу: |