Созылмалы периодонтиттің хирургиялық емдеу тәсілдері



бет3/3
Дата17.04.2024
өлшемі255.93 Kb.
#499023
1   2   3
ПЕРИОДОНТИТ ХИР ЕМІ

3. Гемисекция.
Негізінде көптүбірлі тістерге қолданылады. Бұл операция кезінде әртүрлі себептер-мен консервативті емдеуге болмайтын жағдайда жасалынады:
1. Түбір өзегінде саңылаудың болмауы;
2. Емдеу кезінде түбір өзегінің қабырғасы немесе түбірлерінің бифуркациясын (айрықшасын) тесіп алу;
3. Түбір өзегінде пульпоэксрактордың, бордың қалып қоюы.

Гемисекция операциясы эндотониялық емдеу мен тіс сауытының қуысын пломбылағаннан кейін жасалады. Жансыздандыру жасағаннан кейін сепарациялық дискімен төменгі жақ сүйегіндегі тістің сауытын екіге бөледі де түбірімен бірге элеватормен немесе қысқашпен жұлады. Тіс түбірі аралық пердесін және тіс сегментін қоршаған сүйек тінін сақтап қалу керек. Егер жоғарғы азу тістің таңдай түбірін алу қажет болса, тіс сауытын сагитальды жазықтықта кеседі, ал ұрт түбірін алу қажет болса „Г" әрпі тәрізді кеседі. Операциядан кейін қалған тістің жартысы жасанды сауытпен қапталуы тиіс.





4. Ампутация .
Бұл операция көптүбірлі тістерде бір түбірін бифуркацияға дейін кесіп алу.Бұл операцияны жасауға болатын жағдайлары жоғарыда айтылған гемисекция операциясындай, сондықтан қайталамаймыз.
Жансыздандыруды жасағаннан кейін жақ сүйектің ұрт не болмаса таңдай, тіл жағынан кілегей және сүйектің сыртқы қабықтарын кесіп, трапеция не доғалдап сүйектен сыдырып, тіс ұясының сыртқы қабырғасын бормен ойып алады. Жалаңаштанған тіс түбірін фиссурлы алмаз бормен бифуркациясының деңгейінен кесіп, элеватормен не қысқашпен алады, гранулденген тіндерді қырнап алып, антисептикпен жуып кілегейлі жақ сүйек, арты қабықтарының қиындысын қыйып кеттугпен тігеді.




ЛИТЕРАТУРА:
1. Максимовский Ю.М., Митронин А.В. Терапевтическая стоматология / М.: Гэотар-Медиа, 2012.
2. Терапевтическая стоматология: учебник: в 3 частях. Ч.3. Заболевания слизистой оболочки полости рта, – под ред. проф. Г. М. Барера. - Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2010- - 245 с.
3. Хирургическая стоматология: учебник. Афанасьев В.В. М.: Гэотар- Медиа, 2011
4. История медицины: учебник Ю. П. Лисицын М.: Гэотар- Медиа, 2011
5. Биоэтика: учеб. пособие для студентов мед. вузов / Ю. М. Хрусталев М.: Медицина, 2011
6. Научно- исследовательская работа кафедры хирургической стоматологии и челюстно-лицевой хирургии: монография Ивасенко П.И. и др. Омск: Изд-во ОмГМА, 2007
7. Терапевтическая стоматология. Болезни пародонта: учебник: в 3 ч. / Под ред. Г. М. Барера. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013. - Ч. 2. - 224 с.: ил. ЛИТЕРАТУРА

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет