Speciality 6D110400 – pharmacy қр мжмбс 10. 003-2009 Ресми басылым



Дата07.07.2016
өлшемі385.28 Kb.
#183777



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА

МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Докторантура
МАМАНДЫҒЫ 6D110400 – ФАРМАЦИЯ

СПЕЦИАЛЬНОСТЬ 6D110400 – ФАРМАЦИЯ

SPECIALITY 6D110400 – PHARMACY

ҚР МЖМБС - 7.10.003-2009

Ресми басылым


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана

Алғы сөз
1 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығының медициналық және фармацевтикалық білім беру жөніндегі оқу әдістемелік секциясы ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ енгізген.
2 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қазандағы № 533 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН.
3 АЛҒАШ рет енгізілген
4 Осы стандартта Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі №1290 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу, бекіту және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы» қаулысының және ҚР МЖМБС 5.04.034-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Докторантура. Негізгі ережелердің» нормалары іске асырылған.
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен 10 қыркүйектегі № 26-01-4/3-8286 КЕЛІСІЛГЕН.

Осы стандартты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара көбейтуге және таратуға болмайды.



Мазмұны


1

2

3



4

5

6


7
8
9

Қолдану саласы …………………..…………………………………..….......

Нормативтік сілтемелер …………………………………………..………...

Терминдер мен анықтамалар ………………………………………............

Докторантты дайындау бағыттарының жалпы сипаттамасы..…..………

Докторантураға түсетін тұлғаларға қойылатын талаптар ……..…………

6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша докторлық бағдарламаның негізгі міндеттері ..…………………..……………………

6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша докторлық білім беру бағдарламасының мазмұны ..……………………………………………….

Докторлық білім беру бағдарламасының әзірленуіне және шарттарына қойылатын талаптар .....…………………………………………………….

Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғалардың

дайындық деңгейіне қойылатын талаптар………………………..............

А қосымшасы (міндетті) ……………………………………………..........

Б қосымшасы (міндетті) ……………………………………………...........




1

1

1



2

4
4
5


12
16

17

18




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА


МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

ДОКТОРАНТУРА
МАМАНДЫҒЫ 6D110400 – ФАРМАЦИЯ

Енгізу күні 2010.09.01.
1 Қолдану саласы
Осы стандарт докторантураның білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумына және докторантураны бітірушілерді дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарттың ережелерін докторанттар дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым ұйымдары, олардың ведомстволық бағыныстылығына, ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, қолдануға және оны сақтауға міндетті.

Стандартты мемлекеттік басқару органдары, аккредиттеу органдары, білім беру және ғылым ұйымдарын лицензиялау және аттестаттау комиссиялары, мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциялар (кеңестер), тапсырыс берушілер мен жұмыс берушілер қолдана алады және докторанттарды дайындау сапасын сараптауға негіз болып табылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;

ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер»;

ҚР МЖМБС 5.04.034-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Докторантура. Негізгі ережелер»;

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, ҚР МЖМБС 5.04.033, ҚР МЖМБС 5.04.034 сәйкес қысқартулар, терминдер мен анықтамалар қолданылған. Сонымен қатар, бұл стандартта төмендегідей қысқартулар пайдаланылған:
Ресми басылым

НП – негізгі пәндер;

БП – бейіндік пәндер;

ДҒЗЖ – докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы;

ДЭЗЖ – докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы;

ДӨЖ – докторанттың өзіндік жұмысы;

ДОБӨЖ – докторанттың оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы.
4 Докторантты дайындау бағыттарының жалпы сипаттамасы
4.1 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасы, ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, осы мамандық бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.

4.2 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша фармация докторларын және философия докторларын (PhD) дайындау:

- осы стандартқа;

- Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторына;

- оқу-бағдарламалық және әдістемелік құжаттарға;

- докторанттардың жеке жұмыс жоспарына;

- белгіленген тәртіп бойынша бекітілген басқа да құжаттарға

сай іске асырылады.

4.3 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша докторантурада фармация докторларын және философия докторларын (PhD) дайындау жүзеге асырылады.

4.4 Фармация докторын (бейінді докторантура) дайындайтын білім беру бағдарламасы іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік дайындықты және фармацияның нақты бағыты бойынша пәндерді тереңдете оқытуды көздейді.

Бейінді докторантураның білім беру бағдарламалары қолданбалы сипатымен ерекшеленеді.

4.5 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша философия докторын (PhD) (ғылыми және педагогикалық докторантура) дайындайтын білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытты ұстанады және іргелі білім беру, әдіснамалық, зерттеушілік дайындықты, сонымен қатар жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін қажетті фармация пәндерін тереңдете оқытуды көздейді.

4.6 Бейінді докторантураның білім беру бағдарламасын толық игерген тұлғаларға «фармация докторы» академиялық дәрежесі беріледі.

Ғылыми және педагогикалық докторантураның білім беру бағдарламасын толық игерген тұлғаларға 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша «философия докторы» (PhD) академиялық дәрежесі беріледі.

4.7 Осы стандарт ережесінің негізгі мақсаттары:

- докторанттардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті талаптарды сақтай отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің жоғары сапасына қол жеткізу;

- докторанттарды дайындауды жүзеге асыратын білім беру және ғылым ұйымдары жұмысының тиімділігін бақылау жүйесін құру;

- докторантурада білім алушылардың құқықтары мен жауапкершілігін реттеу, докторанттардың өз бетімен оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және кәсіптік қызметтерін ынталандыру;

- Қазақстан Республикасының «фармация докторы» және «философия докторы» (PhD) академиялық дәрежелерін беру туралы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және еңбек нарығында мойындалуын қамтамасыз ету.

4.8 Кәсіптік қызмет объектілері.

Докторлардың кәсіптік қызмет объектілері.

Фармация докторлары:

- фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындарда;

- фармацевтикалық қадағалау, дәрі-дәрмектерді стандарттау және сертификаттау органдарында;

- денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында;

- - химиялық-токсикологиялық бөлімдерде (лабораторияларда);

- фармацевтикалық ақпарат беру органдарында қызмет атқара алады.

6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша философия докторлары (PhD):

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында;

- ғылыми ұйымдарда;

- фармацевтикалық қадағалау, дәрі-дәрмектерді стандарттау және сертификаттау органдарында;

- денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында қызмет атқара алады.

4.9 Кәсіптік қызмет түрлері.

Фармация докторлары кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлері);

- ғылыми-зерттеу (ғылым ұйымдарының қызметкерлері);

- бақылау-рұқсат беру (сапаны бақылау, стандарттау және сертификаттау жөніндегі сынақ орталықтарының, лабораториялардың қызметкерлері);

- талдау (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);

- сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).

- өндірістік (фармацевтика ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлері).

6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша философия докторлары (PhD) кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- педагогикалық (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары);

- ғылыми-зерттеу (ғылым ұйымдарының қызметкерлері);

- әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлері);

- талдау (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);

- сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).

4.10 Оқу мерзімі

6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы – 3 жыл.

4.11 Докторантурада білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі – докторанттың кем дегенде 90 кредитті меңгеруі.

Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін докторантурадағы білім беру процесінің аяқталуының критерийі –теориялық оқудан докторанттың кем дегенде 30 кредитті меңгеруі.

4.12 Қазақстан Республикасында ресми танылған ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар докторант зерттеулерінің негізгі ғылыми нәтижелерін алыс шетелдің кем дегенде екі ғылыми басылымында жариялауы тиіс. Бұл докторантураның білім беру бағдарламасының ғылыми компонентін есептеуге негіз болады.

5 Докторантураға түсетін тұлғаларға қойылатын талаптар


5.1 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасын игеруге тілек білдірушілердің алдыңғы білім деңгейі – докторантураның бейініне сәйкес келетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе медицинадан жоғары білім.

5.2 Докторантураға азаматтарды қабылдау тәртібі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелерімен белгіленеді.
6 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша докторлық бағдарламаның негізгі міндеттері
6.1 «Фармация докторларын» дайындау бойынша білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

кәсіптік қызмет аясындағы проблемалар мен міндеттерді тиімді шешуге қабілетті және фармация саласы бойынша ХХI ғасырдың талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау;

ғылыми зерттеулерді жүргізуге қабілетті және фармациядағы практикалық қызметін ғылыми превенция негізінде іске асыра алатын мамандарды дайындау;

мамандардың фармация саласынан толық және сапалы білім алуы, кәсіптік біліктілікті меңгеруі, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдетуі;

дайындықтан өткен мамандардың білімі мен икемділігінің деңгейі фармацевтика саласында ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда, сонымен қатар фармацевтика ұйымдарында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы практикалық жұмыста олардың басым орынды алуына жеткілікті болуы тиіс;

оқыту мен зерттеу қызметі арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз ету, фармациядан ауқымды ғылыми-практикалық және әдістемелік дайындықты іске асыру.

6.2 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша «философия докторларын (PhD)» дайындау бойынша білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

кәсіптік қызмет аясындағы проблемалар мен міндеттерді тиімді шешуге қабілетті және фармация саласы бойынша ХХI ғасырдың талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау;

ғылыми зерттеулерді жүргізуге қабілетті және фармациядағы практикалық қызметін ғылыми превенция негізінде іске асыра алатын мамандарды дайындау;

мамандардың фармация саласынан толық және сапалы ғылыми-педагогикалық білім алуы, кәсіптік біліктілікті меңгеруі, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдету;

дайындықтан өткен мамандардың білімі мен икемділігінің деңгейі фармацевтика ұйымдарында ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда, сонымен қатар фармацевтика ұйымдарында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы практикалық жұмыста олардың басым орынды алуына жеткілікті болуы тиіс;

оқыту мен зерттеу қызметі арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз ету, фармациядан ауқымды ғылыми, білім беру және әдістемелік дайындықты іске асыру;

оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің академиялық икемділігін қамтамасыз ету.

        1. 7 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша докторлық білім беру бағдарламасының мазмұны

7.1 Докторлық білім беру бағдарламасының құрылымы өзара тең мағынадағы екі компоненттен: білім беру, ғылыми компоненттерден тұрады.

Докторантураның білім беру бағдарламасы білім беру мазмұнын анықтайтын жұмыс түрлерінен құралады және олардың арақатынасын, өлшемі мен есебін айқындайды.

Оқу және ғылыми жұмыстардың еңбек сыйымдылығы игерілген материал мөлшерімен анықталады және кредиттермен өлшенеді.

Сонымен бірге, докторантурада алдыңғы білім алу деңгейінде игерілген кредиттерді есепке алатын кредиттік жинақтау жүйесі әрекет етеді. Пән кредиттердің толық мөлшеріне тең көлеммен бағаланады.

7.2 Докторантурада оқу жылы ұзақтығы 20 апта академиялық кезеңдерден (семестрлер, триместрлер, тоқсандар), ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыстарынан, аралық аттестаттау/қорытынды бақылау кезеңінен, практикадан, қорытынды аттестаттаудан және каникулдан тұрады.

7.3 Докторантурада оқыту күндізгі оқу түрі арқылы ғана жүзеге асырылады.

7.4 Теориялық оқыту негізгі пәндер циклінен және профильдік пәндер циклінен құралады. Негізгі пәндер цикліне міндетті компонент пәндері және таңдау компоненті пәндері кіреді. Бейіндік пәндер циклі таңдау компоненті пәндерінен ғана тұрады. Таңдауы бойынша пәндер тізімін және кредиттердің оған сәйкес ең аз көлемін, жұмыс берушілердің сұранысына және еңбек нарығының талаптарына сәйкес ғылым және білім беру ұйымы дербес белгілейді.

7.5 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны ғылым бағытына қарай 1-кестеге сәйкес белгіленеді:
1-кесте


р/с

Пәндердің атауы

Кредит көлемі

Дайындық бағыты

Фармация докторы

PhD

докторы

1

2

3

4

1.

Негізгі пәндер циклі (НП)

15

15

1.1

Міндетті компонент (МК)

6

6




БиостатистикаWeek 16: Statistical Methods in Drug Devlopmen

Биостатистикаға кіріспе. Өлшем теориясы элементтері. Өлшем шәкілі. Ұйғарынды түрленулер. Біріктірілген және кешенді бағалар. Статистикалық жиынтықты салыстыру әдістері. Корреляциялық талдау. Кері талдау. Дисперсиялық талдау. Құбылыстардың серпінін талдау әдістері. Параметрлік емес критерийлер. Компьютерлік статистикалық бағдарламаларды қолдану. Денсаулық сақтау саласындағы мақалалар мен диссертациялық зерттеулерде статистикалық әдістердің қолданылуын 2



2

2

1-кестенің жалғасы



1

2

3

4




талдау. Фармацевтикалық қызмет статистикасы. Халық денсаулығының статистикасы. Денсаулық сақтау жүйесінің статистикасы. Медициналық-биологиялық зерттеулер статистикасы. Биомедициналық және фармацевтикалық зерттеулердің бағдарламаларын жоспарлау және талдау үшін статистикалық және математикалық әдістерді әзірлеу және қолдану. Денсаулық сақтауда үлгілеу мүмкіндіктері.










Ғылыми зерттеулер әдістемесі

Ғылым және ғылыми зерттеу. Фармациядағы ғылыми зерттеулердің ерекшелігі. Ғылыми зерттеулердің ережесі мен принциптерін реттеуші халықаралық және ұлттық стандарттар және басқа нормативтік-құқықтық актілер. Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді этикалық тұрғыдан реттеудің тәртібі мен принциптері. Зерттеу жобасы элементтері. Зерттеудің тақырыбын, мақсатын, міндеттерін тұжырымдау. Фармациядағы теориялық, эксперименттік зерттеулердің дизайны мен әдістемесі. Ақпарат жинау. Деректерді өңдеу. Теориялық-эксперименттік зерттеулерді талдау және қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау. Ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша есептің жазылуына қойылатын жалпы талаптар және ресімдеу тәртібі. Ғылыми зерттеу жұмыстарын рецензиялау және сараптау. Ғылыми материалды баспасөзде жариялауға дайындау. Әдістемелік сапасын бағалау, ғылыми зерттеулерде кездесетін негізгі қателер.



-

2




Дәлелдемелі медицина

Дәлелдемелі медицинаның негізгі ұғымдары мен әдістері. Фармацевтика практикасындағы дәлелдемелі медицинаның рөлі мен орны. Дәлелдемелі медицина көзқарасы бойынша медицина мен фармациядан ақпарат жинау әдістемесі, жарияланымды талдау. Медицина мен фармациядағы дәлелді медицина мен жарнама. Дәлелдемелі медицинадағы зерттеу сатысы. Фармациядағы зерттеулердің әдістемелік сапасының дизайны және оны бағалау. Дәлелдемелі медицина әдістері және оларды фармацевтика практикасында қолдану. Рандомизацияланған бақыланатын сынақтар. Жүйелі шолу мен мета-талдаудың сыни бағасы. Клиникалық нұсқаулар мен ұсыныстарды әзірлеу және бағалау. Дәлелдер мәні. Дәлелдену деңгейі.



2

-

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4







Медициналық аудит.













Эпидемиология

Эпидемиология және фармакоэпидемиология пәні және олардың міндеттері. Эпидемиологиялық және фармакоэпидемиологиялық зерттеу әдістері. Сандық эпидемиология, эпидемиялық процесті үлгілеу. Дәрі-дәрмектердің тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу әдістері. Дәрі-дәрмектерді қолдану жиілігін зерттеу әдістері. Эпидемиологиялық талдау: ақпаратпен қамтамасыз етілуі және оны жүргізу әдістері. Эпидемиологиялық диагноз. Эпидемиологиялық зерттеулердегі ықтимал қателер. Эпидемиологиялық зерттеулердің этикалық аспектілері. Клиникалық және популяциялық эпидемиология, қоғам денсаулығын зерттеу әдістері. Экологиялық эпидемиология. Эпидемиологиялық зерттеу әдістерін теориялық және практикалық медицинада қолдану. Жұқпалы ауруларды бақылауды ұйымдастыру. Жұқпалы емес аурулар және олармен күрес.

2

2




1.2

Таңдау компоненті

9

9




2

Бейіндік пәндер циклі (БП)

15

15




3

Зерттеу практикасы

-

10







Кәсіптік практика

10

-




4

Аралық аттестаттау










5

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (ДҒЗЖ)

-

30







Докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (ДЭЗЖ)

30

-




5.1

Докторлық диссертацияны орындау

30

30




6

Қорытынды аттестаттау

4

4




6.1

Кешенді емтихан

1

1




6.2

Докторлық диссертацияны қорғау

3

3







Барлығы

90

кем емес

90

кем емес




Е с к е р т у –

Практика мен қорытынды аттестаттауға бөлінетін кредит саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінетін кредит санын көбейте алады.





7.6 Білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті докторанттың эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысынан, ғылыми жарияланымнан және докторлық диссертацияны жазудан құралады.

7.7 Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын игерген және 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша «фармация докторы» немесе «философия докторы» (PhD) академиялық дәрежесін алу үшін дайындаған дисертациясын табысты қорғаған жағдайда докторантқа, оқу мерзіміне қарамастан, жоғары академиялық ғылыми дәреже беріледі.

7.8 Бейінді докторантураны бітірген докторант педагогикалық саладағы пәндер циклін игерген және педагогикалық практиканы өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады. Аталған цикл (егер оқу жоспарында қарастырылмаса) қосымша академиялық кезеңде игеріледі және оны бітірген соң негізгі дипломға қосымша сертификат беріледі.

7.9 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша доктордың негізгі біліктілігіне қойылатын талаптар.

Фармация докторының:

- бейіндік дайындықтың таңдаған бағыты шеңберінде фармацияның басым даму бағыттары мен өзекті проблемалары туралы, оларды шешудің қазіргі тиімді әдістері туралы;

- фармация саласындағы кәсіптік жұмысының негізгі міндеттері, мәні мен әлеуметтік маңызы туралы;

- медицина мен фармациядағы қазіргі ғылыми медициналық ақпарат, ғылыми негізделген практиканың принциптері мен әдістері туралы және оларды өзінің кәсіптік қызметінде қолдану туралы;



  • деректерге статистикалық талдау жасаудың қазіргі әдістері туралы және кәсіптік қызметі саласындағы негізгі процестерді бағалау және мониторингі үшін оның маңызы туралы;

  • өзінің кәсіптік қызметі саласындағы басқару шешімдерін қабылдау әдістері туралы түсінігі болуы керек;

білуі тиіс:

- фармациядағы зерттеулерді жоспарлаудың, ұйымдастырудың ережелері мен принциптерін және зерттеу әдістерін;

- дәлелдемелі медицинаның теориялық және практикалық негіздерін, фармацевтика практикасында дәлелдемелі медицинаның орны;

- бейіндік дайындықтың таңдаған бағыты аясындағы кәсіптік қызметінің теориялық және практикалық негіздері;

- фармацевтикалық және биомедициналық зерттеулердегі сандық және сапалық талдау әдістері;

- тиімді қарым-қатынас әдістерін, денсаулық сақтау ұйымындағы дауларды, торығуды және инновацияны басқару үшін психология сұрақтарын;

- қазіргі эпидемиологияның және биоэтиканың теориясы мен практикасының негіздерін;

- басқарудың, диагностиканың, талдаудың, проблеманы шешудің және оларды практикада жүзеге асырудың қазіргі әдістері;

- кем дегенде бір шетел тілін еркін меңгеру деңгейінде, оның ішінде медициналық және ғылыми ақпаратты еркін түсінетін деңгейде;
істей білуі керек:

- кәсіби қызметінің әр деңгейінде басқару шешімдерін талдауды жобалауды және қабылдауды;

- денсаулық сақтау және фармация саласындағы зерттеу қызметінің ұлттық, халықаралық стандарттарына және дәлелді медицина принциптеріне сүйене отырып, зерттеу міндеттерін шешуді;

- кәсіптік қызмет саласының пәнаралық, сектораралық кешенді проблемаларын шешуді;

- өзінің алдағы кәсіби дамуын жобалауды;

- жеке басының деформациясына және кәсіптік деформацияға қарсы тұруды;

- мамандардың корпоративтік жұмысын үйлестіруді;

- білімдерді интеграциялауды және оларды сыпайы, қисынды байланыстырып ауызша және жазбаша формада жеткізе алуды;



машықтары болуы қажет:

- қисынды және сыни ойлау, шешіміне сендіру және дәлелдеу, өз пікірін ауызша және жазбаша түрде дұрыс және қисынды құрастыру;



- кәсіптік міндетін жүзеге асыруға байланысты мақсатты қоя алу және міндеттерді тұжырымдау;

- кәсіптік қызметі саласындағы практикалық проблемалар мен міндеттерді шешу;

- кәсіптік қызметі аясында түрлі процестер мен құбылыстардың үлгілерін құрастыру және болжау жасау;

- кәсіптік қызметі саласында кешенді жобаларды басқару;

- кәсіптік міндетін өз бетінше, шығармашылықпен орындау, өзін, өзінің еңбек нәтижесін әділ бағалау;

мына жұмыстарда білікті болуы тиіс:


  • фармацевтикалық және биомедициналық зерттеулерді жоспарлаудың, ұйымдастырудың және жүргізудің қазіргі жүйесінде;

- бейіндік дайындықтың таңдаған бағыты шеңберінде қолданбалы кәсіптік проблемаларды шешуде;

- жеке және кәсіптік өсуге дайын болып, ақпараттық іздестіру проблемасын шешуде.


6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша философия докторының (PhD):

- фармациядағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары және көкейтесті міндеттері туралы;



  • фармациядағы педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінің қазіргі әдістемесі туралы;

  • фармациядағы ғылым мен инновацияның рөлі туралы;

- бейіндік дайындықтың таңдаған бағыты шеңберінде фармацевтика саласындағы негізгі процестерді ғылыми талдау, мониторингін жасау және бағалау үшін статистикалық әдістердің маңызы туралы;

- қазіргі ғылыми ақпарат, ғылыми негізделген практиканың принциптері мен әдістері және оларды өзінің кәсіби қызметінде қолдану туралы түсінігі болуы тиіс;



білуі тиіс:

- фармацияның негізгі жетістіктері және даму үрдістерін;

- фармациядағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің әдістері мен жоспарлау, ұйымдастыру принциптерін;

- жоғары мектепте фармация пәндерінің оқытылу әдістемесін;

- фармациядағы кәсіптік қызметтің теориялық және практикалық негіздерін;

- қазіргі эпидемиология мен биоэтиканың теориясы мен практикасының негіздерін;

- фармацевтикалық және биомедициналық ғылыми зерттеулердегі сандық және сапалық талдау әдістерін;

- кем дегенде бір шетел тілін еркін меңгеру деңгейінде, оның ішінде медициналық ақпаратты еркін түсінетін деңгейде;



істей білуі керек:

- өзінің кәсіптік, ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметін, сонымен қатар ұжым қызметін жоспарлауды және жүзеге асыруды;

- іргелі ғылымдардан білімін өзінің практикалық жұмысында фармациядағы нақты зерттеу, ақпараттық-іздестіру, әдістемелік міндеттерді шешу үшін қолдануды;

- әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерді ғылыми тұрғыдан талдадыу;

- фармациядағы ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдануды;

- білімін интеграциялауды және оны жазбаша және ауызша формада қисынды байланыстырып, сыпайы жеткізуді;



машықтары болуы қажет:

- дербес зерттеу жұмысын жазу, ортақ зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру;

- қисынды және сыни ойлау, шешімдерге сендіру және дәлелдеу, өз пікірін ауызша және жазбаша түрде дұрыс және қисынды құрастыру;

- жаңа ақпараттық және білім беру технологиясы көмегімен кәсіби білімін толықтыру;

- кәсіби қызмет аясында түрлі процестер мен құбылыстардың үлгілерін құрастыру және болжау, зерттеушілік және педагогикалық стандартты міндеттерді шешу;

- білім алушылар және мамандар аудиториясымен жұмыс;

- кәсіптік міндетін өз бетінше, шығармашылықпен орындау, өзін, өзінің еңбек нәтижесін әділ бағалау;

мына жұмыстарда білікті болуы тиіс:

- фармациядағы ғылыми және педагогикалық қызмет мәселелерінде;



  • фармацевтикалық және биомедициналық ғылыми зерттеулерді жоспарлаудың, ұйымдастырудың және жүргізудің қазіргі жүйесінде;

  • ғылыми нәтижені баяндауда және ресімдеуде, ғылыми ақпаратты іздестіруде және ақпарат алмасуда;

  • тиімді кәсіби өсуді жүзеге асыруда.


8 Докторлық білім беру бағдарламасын әзірлеуге және оның шарттарына қойылатын талаптар
8.1 6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасын білім беру және ғылым ұйымдары дербес әзірлейді және бекітеді.

8.2 Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұнын:



  • негізгі және бейіндік пәндерді игеру бағытындағы теориялық оқыту;

  • кәсіптік/педагогикалық практика;

  • эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысы;

  • докторлық диссертацияны орындау және қорғау;

  • аралық және қорытынды аттестаттау құрайды.

8.3 Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны оқу жұмыс жоспарымен, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізінде әзірленген бағдарламалармен және типтік оқу жоспарлары мен типтік бағдарламалармен анықталады.

8.4 Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымында өзіндік жұмысқа маңызды орын бөлінеді.

Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді – докторанттың оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы (ДОБӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмысы (ДӨЖ).

ДОБӨЖ – докторанттың оқытушымен байланыста өткізетін аудиториядан тыс жұмысы, ол оқу сабақтарының кестесінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс. ДОБӨЖ сағаттарына үй тапсырмасын, курстық жобаларды (жұмыстарды), семестрлік және бақылау жұмыстарын, есептерді және МӨЖ тапсырмаларының басқа да түрлерін орындау жөніндегі консультациялар кіреді.

ДӨЖ – докторанттың дербес өзі орындайтын аудиториядан тыс жұмысы. ДӨЖ оқу-әдістемелік әдебиетпен, ұсыныстармен қамтамасыз етілген және өз бетімен оқуға бөлінген тақырыптардың белгіленген тізімі бойынша орындалады. Ол жұмыс тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, есеп беру жолымен және білімді бақылаудың басқа да формаларымен тексеріледі.

Өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі ДОБӨЖ мен ДӨЖ арақатынасын білім беру және ғылым ұйымы өзі белгілейді. Теориялық оқытуда ДОБӨЖ көлемі өзіндік жұмыстың жалпы көлемінің 1/6 бөлігінен кем болмауы керек, зерттеушілік жұмыста өзіндік жұмыстың жалпы көлемінің 1/7 бөлігінен кем болмауы керек.

8.5 Докторант ғылыми кеңесшінің көмегімен құрылатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.

8.6 Докторанттың жеке жұмыс жоспары оқу мерзімінің барлық кезеңіне жасалады.Ол төмендегі тарауларды қамтиды:

- жеке оқу жоспары (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);

- эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысы (зерттеу тақырыбы, бағыты, есеп беру мерзімі мен түрі);

- практика (бағдарлама, негіз, есеп беру мерзімі мен түрі);

- докторлық диссертация тақырыбы, оған дәлелдемесі және құрылымы қоса беріледі;

- докторлық диссертацияны орындау жоспары;

- ғылыми жарияланымның және тағылымдаманың, оның ішінде шет елдердегі жарияланым мен тағылымдаманың жоспары.

8.7 Докторант типтік оқу жоспары мен элективті пәндер катологының негізінде, эдвайзердің көмегімен, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды. Оған міндетті компоненттің барлық пәндері енуі тиіс, олардың көлемі МЖМБС бекіткен көлемнен кем болмауы керек.

Таңдау компоненті бойынша пәндерді докторант өзі анықтайды. Докторант игеретін таңдау компоненті кредиттерінің жалпы мөлшері МЖМБС бекіткен көлемнен кем болмауы керек.



8.8 Докторанттың білім жетістіктері бақылаудың және аттестаттаудың түрлі формаларын қолдану арқылы бағаланады, ол формалар Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүзеге асыру жөніндегі Ережелермен анықталған.

Білім алушылардың білім жетістіктерін бақылау нәтижелерінің халықаралық білім кеңістігінде танылуына қол жеткізу үшін білімді бағалау балдық-рейтингілік әріптік жүйемен жүргізіледі

8.9 Практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Практика ғылыми, кәсіби қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатымен ұйымдастырылады.

Докторантураның білім беру бағдарламасында:


  • бейіндік докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін - кәсіптік практика;

  • философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін - зерттеу практикасы болуы қажет.

Фармация докторының кәсіби практикасы оқу үрдісінде алынған теориялық білімдерді бекіту және кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.

Кәсіптік практика фармацевтика ұйымдары мен кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда өткізіледі.

6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша философия докторының (PhD) зерттеу практикасы отандық ғылым мен шетел ғылымындағы жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерді зерттеу, сонымен қатар қазіргі ғылыми зерттеу әдістерді практикада қолдану дағдыларын нығайту, диссертациялық зерттеулердегі эксперименттік мәліметтерді өңдеу және түсіндіру мақсатында жүргізіледі.

Зерттеу практикасы фармацевтика ұйымдары мен кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда өткізіледі.

8.10 Кәсіптік практика мен зерттеу практикасының мазмұны докторлық диссертацияның тақырыбымен анықталады.

8.11 Практикалардың барлық түрі оқу жоспарында анықталған мерзімде, жеке жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

8.12 Фармация докторы бағдарламасы бойынша білім алушының эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.

Докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы:



  • докторлық диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемаларына сәйкес болуы тиіс;

  • өзекті, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы болуы керек;

  • ғылымның, техника мен өндірістің қазіргі жетістіктеріне негізделуі және кешенді, қызметаралық сипаттағы басқару міндеттерінің дербес шешімдері, нақты практикалық ұсыныстары болуы қажет;

  • озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы орындалуы қажет;

  • негізгі қорғалатын қағидалар бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) тарауларынан құрылуы керек.

8.13 6D110400 – «Фармация» мамандығының философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы:



  • докторлық диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемаларына сәйкес болуы тиіс;

  • өзекті, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы болуы керек;

  • ғылым мен практиканың теориялық, әдістемелік және технологиялық қазіргі жетістіктеріне негізделуі тиіс;

  • компьютерлік технологияларды қолдану арқылы мәліметтерді өңдеудің және түсіндірудің қазіргі әдістеріне негізделуі керек;

  • ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдану арқылы орындалуы тиіс;

  • негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) тараулардан құрылуы керек.

8.14 Эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін докторант әрбір академиялық кезеңнің соңында қысқа есеп түрінде береді.

Докторлық диссертация докторанттың эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы болып табылады.

Докторанттың докторлық диссертациясының негізгі нәтижелері отандық белгілі ғылыми журналдарда және шетелдік ғылыми журналдарда кем дегенде жеті рет жариялануы тиіс (оның ішінде алыс шетелдік журналдарда кем дегенде бір мақала жариялануы немесе диссертациялық зерттеудің нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау жөніндегі комитетінің ұсынысымен кем дегенде 4 мақала) және басқа да ғылыми басылымдарға ұсынылуы қажет, сондай-ақ халықаралық ғылыми конференцияларда баяндалуы қажет.

8.15 Диссертацияның мазмұнына және ресімделуіне, оны дайындауға және қорғауға қойылатын талаптар білім саласының өкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

8.16 Кадрлармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Докторантураның білім беру бағдарламаларын білім беру қызметін атқаруға лицензиясы бар және шетелдердің жетекші оқу-ғылыми орталықтарымен ғылыми серіктестік туралы келісімі және ғылыми мектептері бар, докторантураның аккредиттік бағдарламаларын іске асыратын білім беру және ғылым ұйымдары жүзеге асырады.

8.17 Докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру және ғылым ұйымдарында білім алушыларды ғылым докторлары мен кандидаттары, бейіні бойынша докторлар, философия докторлары (PhD) оқытуы тиіс. Мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық және бейіндік пәндері циклдерінен сабақ беретін штаттағы профессор-оқытушылар құрамы 50% кем болмауы шарт, оның ішінде кем дегенде үш ғылым докторы болуы тиіс. Сонымен қатар, тиісті мамандық бойынша бейіндік доктор және философия докторы (PhD) дәрежесі бар шетелдік ғалымдар тартылуы қажет.

Бейіндік докторантурада сабақ өткізу үшін мамандық бейініне сәйкес маман-практиктер шықырылуы тиіс.

     8.18 Ғылыми-мектептер ел аумағында немесе халықаралық деңгейде танылған болуы қажет. Жоғары импакт-факторлы ғылыми басылымдардағы жарияланымдар, шетелдік әріптестерімен бірге орындалған халықаралық және отандық ғылыми жобалар танылудың негізгі индикаторлары болып табылады.

8.19 Оқытушы кадрлар қазіргі интерактивті әдістерді, оқыту технологияларын меңгерулері және оларды оқу үрдісінде қолданулары тиіс.

8.20 Докторанттарға ғылыми жетекшілікті, білімнің осы саласында белсенді қызмет жасайтын және ғылыми жетекшілік тәжірибесі бар ғылым докторлары мен кандидаттарынан, (PhD) философия докторларынан тағайындалған және құрамында кем дегенде екі адам бар консультациялық комиссия жүзеге асырады, консультациялық комиссияның бір мүшесі, әдетте, шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымы болуы шарт.

8.21 Докторантты дайындаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және оған қоса ғылыми-зерттеулерді дайындауға қойылатын талаптар.

6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша фармация докторларын және философия докторларын (PhD) дайындау бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру және ғылым ұйымдары қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды (оқудың жұмыс жоспарын, оқу пәндері мен практикалар бағдарламаларын, эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламаларын және т.б.) әзірлейді және бекітеді.

8.22 Оқу пәндерінің бағдарламаларын докторантураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру және ғылым ұйымдары осы стандарт негізінде әзірлейді.

6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша докторлық білім беру бағдарламаларының кәсіпке дайындау бөлігі фармациядағы «философия докторларын» (PhD) немесе «фармация докторларын» дайындау бойынша аккредиттелген бағдарламаларды жүзеге асыратын шетелдік жоғары рейтингілі оқу орындары мен ғылыми орталықтардың тәжірибелерінің негізінде әзірленуі тиіс.

8.23 Оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілу талаптары:

Оқу үрдісін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету докторантураның білім беру бағдарламаларын сапалы игеру мүмкіндігіне кепілдік беруі тиіс. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру халықаралық ақпараттық желілерге, деректердің электрондық қорына, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

8.24 Материалдық-техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Докторантура бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру және ғылым ұйымдары, қазіргі санитариялық-техникалық нормаларға сәйкес келетін, оқу жоспарына сай, теориялық және практикалық дайындықтың барлық түрін жүзеге асыруға және диссертацияны дайындауға жағдай жасайтын материалдық-техникалық базаны (аудиториялар қорын, компьютер кластарын, зертханаларды, құралдар-жабдықтарды, материалдар қорын) иеленуі тиіс. Жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдар зерттеу нәтижесінің жариялануына көмектесуі керек.
9 Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
9.1 Жалпы талаптар

Докторантураны бітірушілердің іргелі ғылыми немесе кәсіптік дайындығы болуы тиіс және ол қазіргі ақпараттық технологияларды, оның ішінде ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін игеруі, қазіргі ғылыми және практикалық проблемаларды тұжырымдай және шеше алуы, таңдаған бағыты бойынша эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырып, жүргізуі, зерттеу және басқару қызметін табысты атқара алуы керек.

9.2 Арнаулы пәндер бойынша докторантураның білім беру бағдарламасын меңгеруге қойылатын талаптар сол пәндердің оқу бағдарламасымен анықталады.
     

А қосымшасы

(міндетті)

6D110400 – Фармация мамандығының

Типтік оқу жоспары

(бейіндік бағыт) 


Оқу мерзімі: 3 жыл

Академиялық дәрежесі: Фармация докторы




Пәндер циклі

Пән коды

Пәннің аты

Кредит саны

Семестр

Бақылау формасы

1

2

3

4

5

6

НП

Негізгі пәндер циклі

15







МНП

Міндетті компонент

6







01 МНП

Bio 8201

Биостатистика

2

1

Емтихан

02 МНП

DM 8202

Дәлелді медицина

2

1

Емтихан

03 МНП

Epi 8203

Эпидемиология

2

1

Емтихан

ТНП

Таңдау компоненті

9

1




БП

Бейіндік пәндер циклі

15

2




Практика

  Кәсіптік

10

2,3,4

 

Эксперименттік-зерттеу жұмысы




30

3-4




Докторлық диссертацияны орындау




30

5-6

 

Қорытынды аттестаттау




4

6

 




1. Кешенді емтихан

1

6

 

2. Докторлық диссертацияны қорғау

3

6




 

Барлығы

90 кредиттен кем емес

 

 

Е с к е р т у –

Практика мен қорытынды аттестаттауға бөлінетін кредит саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінетін кредит санын көбейте алады.



Б қосымшасы

(міндетті)

6D110400 – Фармация мамандығының

Типтік оқу жоспары

(ғылыми-педагогикалық бағыт) 


Оқу мерзімі: 3 жыл

Академиялық дәрежесі: философия докторы (PhD)




Пәндер циклі

Пән коды

Пәннің аты

Кредит саны

Семестр

Бақылау формасы

1

2

3

4

5

6

НП

Негізгі пәндер циклі

15







МНП

Міндетті компонент

6







01 МНП

Bio 8201

Биостатистика

2

1

Емтихан

02 МНП

MNI 8202

Ғылыми зерттеулер әдістемесі

2

1

Емтихан

03 МНП

Epi 8203

Эпидемиология

2

1

Емтихан

ТНП

Таңдау компоненті

9

1




БП

Бейіндік пәндер циклі

15

2




Практика

 Зерттеу

10

2, 3,4

 

Ғылыми-зерттеу жұмысы




30

3-4




Докторлық диссертацияны орындау




30

5-6

 

Қорытынды аттестаттау




4

6

 




1. Кешенді емтихан

1

6

 

2. Докторлық диссертацияны қорғау

3

6




 

Барлығы

90 кредиттен кем емес

 

 

Е с к е р т у –

Практика мен қорытынды аттестаттауға бөлінетін кредит саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінетін кредит санын көбейте алады.


__________________________________________________________________



УДК 37:006.354.(574) МКС 03.180
Негізгі ұғымдар: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; кредит; оқытудың кредиттік жүйесі; фармация докторы; философия докторы (PhD); докторантура (PhD); докторант; докторантураның (PhD) білім беру бағдарламасы; философия докторларын дайындау мамандығы, докторантураның (PhD) білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар; докторантураның (PhD) білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар; міндетті компонент; таңдау компоненті.
___________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет