Географиялық карталардың лабораториялық дайындау үрдісі және әдістің құрастыру мен зерттеуі



бет1/7
Дата12.12.2022
өлшемі56.25 Kb.
#467054
  1   2   3   4   5   6   7
Карталармен атластарды ұйымдастыру




Кіріспе

Картографиялау дегеніміз – жаңа карталарды құрастыру үрдісі. Оның екі түрі бар: шынайы түрдегіні суретке түсіру (натура); картаны лабораториялық жағдайда жасау.


Суретке түсіру немее түсірім (далалық картографиялау) жергілікті жердің қартографиялық құбылысын зерттеу. Әр түрлі құралдарды қолданып зерттеуші түсірім кезінде нақты фактілерді жинайды, графикалық түрде олардың кеністіктегі орнын анықтайды, сонымен қатар оларды өндеп бір жүйеге әкеледі. Ол үшін арнайы белгілерді пайдаланады, сосын жаңа географиялық картаны құрастырады. Мысалы, топограф жер бедерінің кейбір нүктелерідің биіктігін өлшейді, сосын интерполяция арқылы арасындағы
нүктелерді тауып, көрсеткіштерімен белгілейді де горизонтальдар туралы түсініктіні пайдаланып, сосын жер бедерінің суретін шығарады. Сол сияқты, басқа да карталарды сол әдіспен шығарады.
Лабораториялық жағдайда картаны дайындау - жиналған мәліметтердің өнделу негізінде немесе бұрыңғы карталардың қайта өнделуіне және жаңартылыуына негізделеді. Сонымен, географиялық карталардың лабораториялық дайындау үрдісі және әдістің құрастыру мен зерттеуі – курстың пәні болып сналады. Бұл жерде карталардың түпнұсқасын дайындау туралы айтылады немесе алғашқы экземпляры алынады да, сол арқылы карталар көбейтіледі. Қазіргі уақытта картографияда географиялық карталар туралы әр түрлі пікірлер пайда болды. Шет елдерде – карта коммуникацияның бір құралы ретінде қабылданады немее адамнан адамға ақпарат беру деген. Шынай түрде, карталар кеңістіктегі құбылыстардың образын көрсетеді, сол арқылы білім береді. Карталар арқылы олар жақсы көрінеді. Жергілікті жер туралы карталар арқылы көптеген мәліметтер алуға болады. Бірақ географиялық карталардың құндылығы тек ақпарат берумен шектелмейді. Түсіріс барысында бақылайтын фактілерді бір нақты жүйеге әкелі және өндеу – бұл картаға түсіретін құбылыстарды жаңа сапалы ғылыми түрден зерттеу деген. Сол сияқты картаның лабораториялық өнделуі мен жаңартылу мақсаты – (производные) еркін карталар дайындау, бұрыңғы карталарда көрінбеген образдарды көру. Ал, дайын карталарды талдау арқылы жаңадан білім алуға болады. Бұл – картографиялау және карталардан әртүрлі әлеуметтік-экономикалық және табиғи құбылыстардың жағдайын,
таралуын, динамикасын және кеңістіктегі байланыстарын зерттеп ғылыми білім алудың тиімді әдісі.
Картаны дұрыс құрастыру екі жағдайға байланысты:
1) картаның мақсаты негізінде оның міндеттерін дұрыс анықтау және онда
көрсетілетін құбылыстар мен үрдістерді жақсы түсіну керек;
2) картографиялық ғылым принциптері, тәртібі және нормасы бойынша үлгі
құрастыру.

2. Картаны жобалау және құрастыру, карта түпнұсқасын лабораториялық құрастыруында екі негізгі деңгейін құрайды:


1) Картаны жобалау – картаның түпнұсқасын дайындауға қажет құжаттарды жинау,
жұмысты ұйымдастыру;
2) Картаны құрастыру – картаның түпнұсқасын графикалық түрде құру. Осы әрбір саты тағыда кезеңдерге, үрдістерге бөлінеді. Жобалаудың негізгі нәтижесі – бұл картаның бағдарламасы.
Картаның бағдарламасы дегеніміз – бұл картаның мақсатын, түрін, типін, оның математикалық негізін, мазмұнын, бажалау принципін, графикалық белгілерді көрсету тәсілін және жүйесін, пайдалану тәртібін, сондай-ақ, картаның дайындау технологиясын белгілейтін құжат. Ал, техникалық және экономикалық есептермен, сметалармен т.б. толықтырылған бағдарлама – картаның жобасын құрайды.
Картаны жобалаудың ерекше саты:
1) бағдарламаның алғашқы түрін құрастыру (набросок);
2) ақпарат көздерін жинау, талдау және бағалау;
3) карта мазмұныныа кіретін картаграфиялатын аймақтың құбылыстарын
зерттеу;
4) нақты картаның бағдарламасын құрастыру.
ақпарат көздерін дайындау және өндеу карта құрастыру деңгейінде жүреді.
Картаның алғашқы түпнұсқасы тұтынушылардың талаптасырна сай келмеуі
мүмкін, сондықтан, қазіргі кезде, картаграфиялық өндірістерде екінші түпнұқасын құрастырады да оны көбейтеді. Әдеттегідей, осы картаны баспаға дайындау сатына кейбір полиграфиялық жұмыстарды қамтамасыз ететін қосымша жұмыстар кіреді.
Карта құрастыру бойынша жұмыстардың толық циклына картаны баспадан шығару саты кіреді. Бұл полиграфиялық немесе басқа да әдіспен шығарылатын картаны қайта қалпына келтіру және көбейту. Бұл саты тағы да екі сатыдан тұрады: басылатын түрін дайындау (печатные формы) және карталарды басу (печатание карт).
Картографиялық өндірісте карталар әртүрлі мамандар ұжымен дайындалады, сондықтан бұндай жұмыстың ұйымдастырылуы кезінде ғылыми-техникалық басшылығы қажет болды, оны картаның редактіленуі деп атайды.
Тағы да басқа да бір процесс – бұл корректура – барлық сатыда картаның сапасын тексеру.[1]
Картаны жобалау, құрастыру және басып шығару
(негізгі кезеңдері мен деңгейлері)



Карта құрастыру кезеңдері

Жұмыстардың деңгейге бөлінуі

Жұмыстың әр деңгейдегі нәтижесі



Жобалау

Картаға талап қою, алдын-ала бағдарлама құрастыру көздерін жинап, талдау, баға беру. Картографиялық құбылысты зерттеу. Картаның бағдарламасын құрастыру

Карта бағдарламасы


(жоба)



Құрастыру

Көздерді дайындау, өндеу.
Алғашқы нұсқасын дайындау (математикалық негізін, мазмұнын, көшіру, бейнелеу, безендіру)

Картаның түпнұсқасын дайындау



Басып шығаруға дайындау

Басып шығатын түпнұсқасын дайындау. Полиграфиялық жұмыстар бойынша қосымша жұмыстар орындау. Штрихті және бояу түрін дайындау.



Басып шығару түпнұсқалары және қосымша макеттер



Басып шығару

Басылған түрін дайындау және алғашқы түрін шығару. Басылған карта.



Карта оттискалары







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет