Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Спорт және Өнер» факультеті
«Дене тәрбиесі және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде
Тобы:БӘД-211
Орындаған:Мұсабекова Жібек Қабылдаған:Қосжанова Ұлболсын
Түркістан 2024
Ж О С П А Р
КІРІСПЕ БӨЛІМ…………………………………………..1
Сана туралы түсінік…………………………………………1.1
Психика туралы ұғым……………………………………….1.2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ……………………………………………2
Адам психикасы……………..………………………………2.1
Сана психиканың жоғары формасы………………………..2.2 ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………….................3 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………...............4
КІРІСПЕ 1.1.Сана туралы түсінік
Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Сана – адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал мана тек адам миының ғана жемісі. Бұл - өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді.
Сана (ағылш.mind) – өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағытталып, оны қайта бейнелей алатын, өз-өзіне айқын менталдыфеномендерді(mental phenomena) әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені. Бұл қабілеттерге ойлау, қиял,жады,ерікжәнесезімқатарлылар жатады.Олар
түйсіну ауырсыну тәжірибесі,сенім,аңсар,ниетжәнеэмоциясекілді түрлі рухани феномендерді әйгілейді.
Менталды феномендердің түрлі қабаттағы өзара байланысты әртүрлі классификациялары ұсынылды. Әдетте олар сезімдік, болжамдық, ниеттенулік (intentional),ар-намыстықжәне кездейсоқ болуына орай түрлі топтарға жіктеледі. Сана дәстүрлі мәдениеттерде ерекшесубстанцияретінде түсіндірілді, дегенмен қазіргі заман перспективасы көбінесе сананы адам мен жоғары деңгейлі жануарларға тән ішкіқасиетжәнеқабілетретінде қарастырады. Сана проблемасындағы өзекті сауал ретінде "адамнан басқа болмыстың санасы бар ма?" және "дене мен сананың байланысы қалай болады?" қатарлыларды айтуға болады. Ал, оларға берілген адами анықтама адам таңдауына үлкен әсер етеді. Сана, немеседіләдетте адам денесіне,материяға, немесе физикалық затқа салыстқарамалы айтылады. Бұл салыстырмалықтың табиғаты, әсіресе сана менмиарасындағы байланыс мәселесі - тарихтағы әйгілі пікірталас түйіні болғансана-денепроблемасыдеп аталады. Дәстүрлі көзқарастар негізінен зердені бейфизикалық деп санайтындуализмге, немесеидеализмгекөбірек негізделеді. Заманауи көзқарастар көбінесефизикализмге,
немесефункционализмгенегізделеді, олар бойынша сана мимен қарайлас нәрсе, немесе сананынейрондар белсенділігісекілді физикалық құбылыстарғаредукциялауғаболады.
Дегенмендуализмменидеализмніңжақтаушылары әлі де көп.
Сананың, немеседілдіңнақты табиғаты жайында әртүрлі бәсекелес анықтамалар ұсынылған.
Таным негізіндегі анықтама, немесе Епистемологиялық анықтама - сананың сыртқы объекттің мидағы елесін ғана емес, субъектке тән түрлі ішкі көңіл күйлерді де танымдық қабылдау екендігі сынды ерекшелігіне назар аударады;
Танымдық қабылдау "Тікелей", "Жекелік" және "Мүлтіксіз" деп сипатталады. "Тікелей қабылдау" сананың бейтұжырымдық тану екеніне қаратылады. Егер біреу ауырса, ол өзінің ауыру сезімін тікелей сезе алады, осы үшін ол дене мүшесіндегі өзгерістерден тұжырымдап шығарып жүрмейді. Дегенмен адам сезіну арқылы ағаш, немесе мысық секілді сыртқы объектілер туралы да бейтұжырымдық білім қалыптастыра алады, ол ағашты, не мысықты бірден көреді, ешқашан оны көруін тұжырымдап шығармайды, демек бұл критерийді тәптіштеп қарау керек. Сананың түрлі әлеуметтік сыртқы фактілерден тағы бір маңызды айырмашылығы, оның "Жекелік қабылдау" болуы. Мысалы, құлаған ғаш адамның аяғын жаншып кетсе, жәбірленушінің ауырсынуы екінші бір адам үшін мүлде жабық жеке өзілік сезім ғана болады, ауырсынуды ол тек өзі ғана сезіне алады, ал оның қасындағы адамның оны аңғаруы тек жәбірленушінің айғайлауы, түрінің бұзылуы секілді қиналған көріністерден тұжырымдап шығару ғана болады, бірақ ол ешқашан жаны қиналушының тегі қалай қиналғанын тіке сезе алмайды. Дәстүрлі таным бойынша, бізде өз психикалық күйлеріміз туралы "мүлтіксіз білу" бар, яғни олар еш қатесіз, қалай болса дәл солай білінеді. Мысалы, біреудің алақаны қышыса, ол бұл сезімнің шынымен болып жатқаны туралы қателесуі мүмкін емес деген сөз. Адам әдетте тек менталсыз себептер туралы қателесуі мүмкін, мысалы, бұл қышу жәндіктің шағуынан ба, әлдеинфекцияданба, әлде басқа себебі бар ма, зерттеуіне тура келеді. Дегенмен, Мүлтіксіздік туралы мәлімдемелерге әртүрлі қарсы мысалдар да ұсынылды, сондықтан бұл критерий қазіргі заманғы философияда толық қабылданбайды. Эпистемологиялық анықтама, немесе танымдық анықтама негізінен саналы күйлерге көбірек назар аударады, бірақ бейсаналық күйлерді жоққа шығарады. Мысалы репрессияланған аңсарды танымдық тұрғыдан анықтау өте қиын.
Зерде(Consciousness) негізіндегі анықтама - зерденің саналы сипатына айырықша назар аударып,бейсанафеноменін де зерденің бір белгісі ретінде қарастырады;
Интенционалдықанықтама бойынша, объекіткеқатыстылықжәне заттар мен құбылыстарды бейнелеу қуаты менталдылық белгісі болып табылады.
Бихевиоризманықтамасы бойынша, субъектте сананың бар-жоғы оның сыртқы ынталандыруға жауап ретінде қандай қылық жасайтынына байланысты болады;
Алфункционализманықтамасы менталды күйлерді олардың себептік рөлі мен әсері тұрғысынан анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |