Спорт және өнер факультеті



бет1/2
Дата05.07.2023
өлшемі22.86 Kb.
#475549
  1   2
САЯСАТТАНУ Лета


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті

Спорт және өнер факультеті

БӨЖ

Тақырыбы: Саяси жүйелердің құрылымдары, типтері, даму заңдылықтарына талдау жасаңыз.


Қабылдаған: Гулфариза Сыздықова


Орындаған: Балабеков Рамазан
1.Саяси жүйелердің құрылымдары,типтері,даму заңдылықтарына талдау жасаңыз.
Бұл ұғымды ХХ ғасырдың ортасында Т. Парсонс, Г. Алмонд сияқты ғалымдар айналымға енгізген, ол кезде бұл үшін белгілі бір ғылыми алғы шарттар құрылған, ал саясат елдер мен халықтардың өмірінде үлкен рөл ойнаған, бұл дегеніміз оны талдау үшін ғылыми әдістерді пайдалануды талап етті. Саясатты жүйелілік тұрғыдан зерттеп білу саяси өмірді адамдар іс-әрекетінің жүйесі ретінде ұғынуға, саяси әрекеттердің, қылықтардың саяси институттар мен құрылымдардың сипатына әсер ету механизмін анықтауға мүмкіндік берген. Жүйелілік көзқарас саясаты тұтастық ретінде түсінуді, қоршаған ортамен өзара әрекеттің тәсілін, формасын талдауға мүмкіндіктер ашады, қоғамдық организмнің бірлігін, тұтастығын қамтамасыз етеді. Қоғамның саяси жүйесі саяси билікті ұйымдастыруды, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынасты қамтиды, процестердің жүруін, саяси өмірдің жағдайын, саяси шығармашылықтың деңгейін сипаттайды, саяси қатысу мен институтциональдық емес қатынастарды сипаттайды.
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі компоненттері:
1. саяси институттар (мемлекет, партиялар, кәсіподақтар, ассоциациялар, бірлестіктер және т.б.);
2. саяси қатынастар;
3. саяси нормалар, құқық және т.б.;
4. саяси мәдениет.
Осылайша, қоғамның саяси жүйесі – қоғамның әмбебап, басқарылатын жүйесі, оның компоненттері саяси қатынастармен байланысқан және мемлекеттік билікті пайдалану негізінде қоғамның тұрақтылығын және белгілі бір әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ете отырып, түбінде әлеуметтік топтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейді. Қоғамның саяси жүйесі демократияның даму дәрежесін объективті түрде көрсетеді. Бұл дегеніміз, егер демократияны халық билігі ретінде қабылдайтын болса, демократия дәл қоғамның саяси жүйесінде іске асырылады. Түрлі елдердің саяси жүйесі бірдей емес, алайда олардың ұқсас белгілері бар, осы арқылы оларды жүйелеуге болады. Қоғамның саяси жүйесін саралау үлкен әр алуандығымен ерекшеленеді және түрлі өлшемдердің айтарлықтай мөлшеріне негізделген. Саяси режимдер бойынша өлшем барынша кең таралған болып табылады. Саяси режим – мемлекеттің белгілі бір типі үшін тән саяси қатынастардың, билік қолданатын құралдар мен әдістердің, билік пен қоғамның қалыптасқан қатынастарының, идеологияның үстемдік етуші формасының, әлеуметтік және таптық өзара қарым-қатынастың, саяси мәдениет жағдайының жиынтығы. Қоғамның саяси жүйесінің қызметін жүзеге асыруда заңдылық жұмыс істейді: қызметтің төменгі деңгейінде әдетте, айқын болады, яғни мақсат пен ниет жасырын болмайды, әрекет алға қойған мақсатқа сәйкес келеді. Жоғарғы деңгейде ниет пен шынайы салдары арасында айтарлықтай айырмашылық болуы мүмкін. Барлық қызметтері бір-бірімен өзара байланысқан және бірін-бірі толықтырады. Олар өзгермейтін болып табылмайды, олар өзгереді, жетілдіріледі, олардың мазмұны күрделене түседі.
Қазіргі заманғы саясаттануда саяси жүйе ұғымы екі мəнге ие:
а) саяси жүйе түрлі саяси феномендердің қасиеттерінанықтауға,сипаттауға көмектесетін теориялық, ойлау құралы ретінде түсіндіріледі. Осы тұрғыда бұл категория саясишынайылықтың өзін көрсетпейді, саясатты жүйелік талдау құралы болып табылады (партиялар, мемлекет, саяси мəдениет жəне т.б.);
б) саяси жүйе — ол қоғамдағы биліктің қалыптасуы менқызмет етуінің шынайы күрделі механизмі. Бұл механизм мемлекеттен, партиялардан, саяси бірлестіктерден, БАҚ, электораттан жəне т.б. тұрады.Саяси жүйе» категориясы «саяси ұйым» ұғымынан кеңірек, себебі саяси жүйе саяси ұйыммен қатар өзіне саяси сана, мəдениет, коммуникация, саясатқа қатысу сияқты құрылымдық элементтерді қосады. Саяси жүйе қоғамдық жүйе жиынтығының бір жүйешесі болып табылады. Саяси жүйе жалпы қоғамның жүйешелерінің бірі бола тұра, өзіне тəн ерекшеліктерімен сипатталады:
а) саяси жүйе басқа жүйелерден басым тұрады. Дəл соның көмегімен қоғамдағы саяси билік жүзеге асады. Ол қабылдаған шешімдер барлық жүйелер үшін міндетті.
б) қоғамның əлеуметтік кластық құрылымы мен қоғамдық ортаның сипатынан бөліну;
в) салыстырмалы түрдегі жеке даралығымен. Сонымен қатар белгілі бір дəрежеде оның шеңберіндегі қарым-қатынастар құқықтық жəне саяси нормалармен реттеліп, қадағаланып отырады. Саяси жүйені құрылымдық құраушыларын зерттеудегі барлық келтірілген тəсілдер негізінде мынадай қорытындыға келеміз: қоғамның саяси жүйесі - ол бүтін, күрделі, ықтимал жəне ашық жүйе. аяси жүйенің демократиялық түрі мыналармен сипатталады:
а) саяси əрекетке қатысушылардың əлеуметтік базаларын кеңейтумен, олардың құқығы мен еркін қамтамасыз етумен, жоғарғы өмір сүру деңгейімен, орта кластың басым рөлімен;
б) саяси бəсекелестікпен, саясатқа қатысудың жарыстық түрімен жəне басқарудың көп партиялық түрімен, билікті жүзеге асыруда биліктің институттарының жəне көптеген адамдардың қатысуымен;
в) халық еркін парламент арқылы білдірумен, заң шығару органдарының сайлануымен жəне олардың төмен жақтан жоғарыға дейін есеп беруімен;
г) азшылықтың құқығы мен қызығушылықтарын сыйлай отырып, саяси шешімдерді көпшіліктің қабылдауымен;
д) дамыған азаматтық қоғаммен, бұқаралық қоғамдық бірлестіктер мен одақтардың құрылуымен.
Жалпы алып қарастырғанда, саяси жүйенің авторитарлық түрінде атрибут ретінде биліктің орталықтануы, оппозициялық партиялар мен ұйымдардың іс- əрекетін шектеу, азаматтардың құқығы мен еркін шектеу болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет