Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет127/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   222
Жинак республ docx

АХМЕТ БАЙТҦРСЫНҦЛЫ– 
ҚАЗАҚ ҦЛТШЫЛДЫҒЫНЫҢ РУХАНИ КӚСЕМІ 
 
Исмайлова Уркия Курбантаевна 
Шымкент қаласы, №28 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінің мҧғалімі, п.ғ. магистрі, халықаралық тренер
Аңдатпа 
Мақалада ұлтымыздың рухани кӛсемі А.Байтұрсынұлының Алашорда үкіметін 
қалыптастырудағы орны, «Қазақ» газеті кӛтерген мәселелер, қазақ тілі мен 
әдебиеттанудағы ӛшпес мұрасы, ағартушылық қызметі қарастырылған. 
Тҥйін сӛздер: қазақ ұлтшылдығы, «Қазақ» газеті, ұлттық терминқор, 
ағартушылық қызмет. 
Аннотация 
В статье раскрывается роль духовного лидера нации при формировании 
правительства Алашорды, реформатора орфографии казахского языка и 
основателя теории казахской литературы А.Байтурсынова, а так же его 
просветительская деятельность и проблемы, освещенные газетой «Қазақ». 
Ключевые слова: казахский национализм, газета «Қазақ», национальная 
терминология, просветительская деятельность. 
 
« Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан, телегей-
теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты
ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден
басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың «рухани
көсемі». 
Мұхтар Әуезов 
Қазақ тарихындағы ұлтшылдықтың қайнар бастауында Алаш қозғалысы 
қайраткерлері тұрғаны баршаға мәлім. Осы саяси-рухани құбылыстың тууында 
Ахаңның ӛз тұлғасының да, шығармашылығының да, күресінің де орны ерекше 
екендігі ақиқат. Ӛйткені Ахаңның ұлтшылдығы – қазақ болып қалуға, қазақтың 


басын қосуға, қазақ болып ӛркендеуге, қазақтың мәдениет басқышына 
кӛтерілуіне, қазақтың дербес мемлекетін қалыптастыруға негізделген табиғи 
ұлтшылдық болатын. Осы ұлтшылдық барша қазақты оятты, намысын қайрап 
елдікке шақырды. Саясат майданындағы қайраты да, қаламынан туған 
еңбектері де – Ахаңның ұлтына деген зор махаббатының кӛрінісі.
Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт-азаттық қозғалыстың кӛсемі, «Алаш» 
партиясы мен «Алашорда» ұлттық кеңесінің, «Алашорда» үкіметінің негізін 
қалаушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы, қазақ тілі 
мен әдебиеттанудың негізін қалаушы лингвист, «Қазақ» газетінің 
ұйымдастырушысы әрі шығарушысы А. Байтұрсынұлы қазақ елінің тарихында 
зор бетбұрыс жасаған ұлы ӛзгерістердің ұйытқысы болды.
Алаш қозғалысы Ахаң бастаған зиялылардың біріге алатындығын, азаттық 
жолында күресе алатындығын паш етті. Алаш қайраткерлері қазақтың ұлттық 
мемлекеті орнатылмайынша, ұлттың мәселесі толық әрі түпкілікті 
шешілмейтіндігін терең түйсінді.
Кеңестік 
диктатура 
Алаш 
автономиясын 
мойындамай, 
зорлықпен 
таратқанымен Алаш мұраттарына берілген Әлихан Бӛкейхан, Ахмет 
Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедұлы, 
тағы да қаншама абзал азаматтар ӛздерінің ұлтшыл платформаларында қалды. 
Оған Ахаңның «Қазақ қалам қайраткерлерінің жайынан» атты мақаласында « 
Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық, зорлығын кӛріп отырып, қазақ 
қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілдету, ауырын азайту 
жолына жұмсамасқа мүмкін емес. ... жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны 
ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа 
тағы мүмкін емес. ... Қазақ баласын ұлтым, жұртым, бауырым деп үйреніп 
қалған қазақтың бауырмал қалам қайраткерлері октябрь ӛзгерісі болғанда 
бірден интернационал (бибауырмал) болып ӛзгере алмады, ӛзгелердей 
«алымсақтан бері» коммунист, интернационалист едім деп айтуға аузы бара 
алмады», – деп жазғаны дәлел. 
Әрбір ұлт ӛзінің ұлы адамдарымен, үлкен оқиғаларымен, ірі кезеңдерімен 
мақтана алады. Біз сан ғасырлық қазақ тарихына кӛз салғанда ӛзге де айбынды 
кезеңдерімізбен бірге Алаш дәуірімен мақтана аламыз. Ӛйткені, қазақ 
ұлтшылдары жасаған Алаш дәуірі – қазақ баласының бойындағы күрескерлік 
күшті, рухани қуатты, бостандыққа деген сенімді паш еткен, ең бастысы ұлттың 
азаттығына ұмтылған ұлы кезең. 
Кең сахараны, тұтас ұлтты ояту үшін газет керек еді. Ахмет Байтұрсынұлы бас 
болып, Алаш қаламгерлері бірнеше жыл әрекет етіп, 1913 жылы «Қазақ» газеті 
қазақ зиялыларының басын қосып, саяси күреске үндеуде ұлы миссияны 
орындады. Әсіресе, Ақпан тӛңкерісінен кейінгі кезеңде облыстық, уездік қазақ 
сиездерін ұйымдастыруда, қазақ комитеттерін ашуда, Бірінші, Екінші 
жалпықазақ сиездерін ӛткізуде осы шынайы ұлт басылымының орны да, рӛлі де 
айрықша болды.
Тақырып жағынан келгенде «Қазақ» газеті кӛтерген мәселе де қадау-қадау: 
біріншісі– халқымыздың хал-ахуалы, тұрмыс-тіршілігі, рухани және 
материалдық құндылықтары, екіншісі – Жер, жер және жер мәселесі, үшіншісі 


– оқу, білім, дін, съезд, партия құру, империялық һәм әлемдік дамуда Қазақ 
Елінің ӛз орнын табуы, т.б.
«Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек» деп, алдына нақты мақсат 
қойып жарыққа шыққан «Қазақ» газеті ұлтты Алаш ұранына топтастырып, 
дамытуды 
ойлады. 
Ағартушылықтың 
жан-жақты 
болуын 
жақтады. 
«Милләттің» қазаққа түсінікті «жұрт», «ұлт», «алаш» нұсқаларын актив 
қолданысқа түсірді. Осы орайда, А.Байтұрсынұлының сӛзімен айтқанда: «Ӛз 
тілімен сӛйлескен, ӛз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы 
құрымай жоғалмайды», – деген тоқтамға келді. 
Ахаңдар ұлтшылдықты халықты ұйыстыруға, ӛзінің абыройын білуге 
пайдаланды. Сондықтан, ол кездегі қазақ ұлтшылдығы ешқандай саяси 
доктрина емес немесе ұлттық астамшылық емес, тәуелділіктегі ұлтының 
жағдайын кӛтеру, оны бостандыққа жеткізу мұраты болатын. Олар ешқашан 
қазақтың ӛзгеден артықшылығын, ерекше болуын насихаттаған да емес, 
ӛзгелерге үстемдік етуді де мақсат етпеген. Ұлт кӛсемінің бір де бір еңбегінде 
қазақ халқы орыстан, я болмаса татардан, басқадан артық демейді. Ол қазақтың 
«қалпын» да, «салтын» да сынмен бағалап, халқын білімге, мәдениетке үндейді. 
Білімге, мәдениетке үндеу Ахаңда және басқа да алаштық қайраткерлерде ХІХ 
ғасырдың ағартушыларынан ӛзгерек сипатта. Ӛйткені Ахаң қазақты ӛзгелермен 
білім мен мәдениет теңестіретінін, олардың ұлттың қаруы мен қорғаны 
екендігін жақсы сезінген. Оның ойынша: «Мәдениеті жоғары халық – 
мәдениеті тӛмен халықты аз-кӛбіне қарамай жем қылатыны айдан анық, күндей 
жарық ақиқат». «Азаттық асылы мәдениетте, мәдениет күшеюінің тетігі оқу 
мен әдебиетте» деп білген А.Байтұрсынов қоғам ӛміріндегі әдебиеттің алатын 
орнына айрықша мән берген. 
Бүгінгі күнде Ахаңның қазақ тілі мен әдебиеттанудағы ӛшпес мұрасын тек 
қарапайым халық қана емес, әдебиеттің алып ӛкілдері, әлем жұртшылығы 
мойындап отыр десек артық айтпағандығымыз. «Жаңа жазу, жаңа әліппе. 
Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. 
Тұңғыш терминология мен әдістеме. Тіл ашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл 
жұмсарлар. Ұлттық тіл біліміне түпкілікті темір қазық болар мәңгілік үлестер. 
Кейде күллі бір ұлттың талай ұрпағының қолынан келе бермейтін келелі істерді 
бір-ақ адамның тындырғаны таңданбасқа болмайтын жәйт», – деп жазады Әбіш 
Кекілбаев.
А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл ғылымының теориялық негізін орнықтырған, қазақ 
әдебиеттануының дамуына тікелей атсалысқан ғалым, қазақ әдебиетінің 
теориялық мәселелері белгілі бір жүйеге салынып, әдеби ұғымдарға терең 
ғылыми талдау берілген тұңғыш еңбектің авторы. Осы орайда Р.Нұрғалидің 
пікіріне жүгінер болсақ, ғалым «Әдебиет танытқышта» Ахмет Байтұрсынов 
әдебиеттанудың әлемдік терминологиялық стандарт деңгейіне кӛтеріліп, шет 
сӛзді араластырмай, қонымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас 
ұғымдардың тұтас, ұлттық қазақы жүйесін жасап берді. Олардың басым 
кӛпшілігі автор репрессияға ұшырап, кітаптың тыйым салынғанына қарамастан 
әдеби тілге кіріп кетті» дейді. 
Академик З.Қабдолов: «Әдебиет терминдерінің басым кӛпшілігінің 
баламалары: кӛріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, 


әсірелеу, шендестіру, дамыту, арнау, қайталақтау, түйдектеу – осылардың 
бәрінің түп-тамыры Ахаңда жатыр. Әдебиет танытқыштың ең басты бағалығы 
әдеби терминдерді қазақша қалыптастырғандығы» десе, академик З.Ахметов 
«қазақ ӛлеңінің ырғақтық құрылыс жүйесін айқындай, бунақ, тармақ, шумақ 
ұғымдарын қалыптастырды», – деп жазады.
А.Байтұрсыновтың әдебиет жайлы еңбектерінің ішінде Абай туралы жазылған 
«Қазақтың бас ақыны» мақаласының тарихи маңызы ерекше. Абай хақында 
Ахаңа дейін де бірлі-жарымды мақалалар жазылып, оның ақындығын жоғары 
бағалағандығы белгілі. Бірақ оның қазақтың ұлы ақыны екендігін жан-жақты 
терең талдап, дәлелдеп жазған А.Байтұрсынов болды. Абайдың ӛлеңдерін 
оқығанда түсінуге ауырлау соғатынын «ол ауырлық Абайдың айта 
алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете 
алмағанынан болатын кемшілік» деп түсіндіреді. «Абай сӛздері дүниеде 
қалғаны қазаққа зор бақ» деп санайды. «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс 
білуі керек» дей келіп, ақынның ӛлеңдерін, ел арасына тарату, насихаттау 
міндеттерін алға қояды. 
Тумысында ұстаз-педагог А.Байтұрсынов ақындық қабілетін де ағартушылық 
жолында пайдаланды. Ол ӛзінің «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында : 
«Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге 
десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі... Қазақ ішіндегі
неше түрлі кемшіліктің кӛбі түзелгенде, оқу ісімен түзеледі»,– деп жазып, 
оқудың қоғамдағы ӛзгертуші күш екендігін, әділетсіздіктің кӛбі білімсіздіктен 
туындап отырғандығын тап басып, дұрыс кӛрсетеді.
Ұлт кӛсемі А.Байтұрсыновтың ағартушылықты қазақ халқын жарқын 
болашаққа бастаудың сара жолы деп білгенін оның «Алашорда» үкіметінің 
басшылары құрамында оқулықтар жӛніндегі комиссияға сайлануы, 1912-1925 
жылдары Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби 
комиссияның тӛрағасы міндеттерін атқаруы айғақтайды.
Қазақ баласының ӛз ана тілінде сауат ашуына негіз қалаған, ұлттық білім беру 
ренессансының бастауы болған Ахаң осы мақсатта «Оқу құралы», «Тіл 
құралы», «Әліпби», «Жаңа әліппе», «Баяншы» атты тұңғыш оқулықтар, Т. 
Шонанұлымен бірге «Оқу құралы» деп аталатын әдістемелік оқу құралдарын 
жазды.
Түйіндей айтар болсақ, Ахаң ашқан қазақ мектебі, түрлеген ана тілі, ол салған 
әдебиеттегі елшілдік ұран, «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 
жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, ӛнер-білім, саясат 
жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер.
Мұны, Алаш қайраткерлерінің іс-әрекетін жоғары бағалап, оларды қазақтың 
нағыз жанашырлары, патриоттары, ел басқарар ұлы тұлғалары деп таныған 
үкімет басқарған Сәкен Сейфуллиннің жазғаны тағы бір растайды. Ол 
«Еңбекші қазақ» (02. 02. 1923 ж.) газетінде былай деп жазды: «Ахмет 
Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі, оқығандардың арасынан ӛз 
заманында патшаның арамқұлықты атарман-шабармандарының қорлығына, 
мазағына түскен халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кісі… Қазақ 
халқын байға, кедейге бӛлмей, намысын бірге жыртты, арын бірге жоқтады. … 
Ӛзге оқыған замандастары ӛз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм 


имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, ӛзінің ойға алған ісі 
үшін бір басын бәйгеге тіккен… Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтын шын сүйген 
ұлтшыл. …бірақ байын, кедейін айырмай, қазақты ғана сүйетін адал жүрек таза 
ұлтшыл».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет