- жаттығу әдісі - ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, ӛз-
бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элементтерін
пайдалану жұмысы.
- сӛздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып,
әңгіменің сипаты,
кӛлемі, ұзақтығы ӛзгереді.
Түсіндіру - жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, кӛрнекі құралдардың
жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, қазақ тілі сабағында
жаңа мәтінді ӛтер алдында оқушыларға жаңа сӛздердің мағынасы түсіндіріледі.
Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа кӛрнекі құралдарды
сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға
түсіндіреді.Сондықтан да, түсіндіру әдісі қазақ тілін үйренуде маңызды болып
саналады.
Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен кӛзбе-кӛз
кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сӛйлесім әрекеті
де іске аспайды. Оқушылардың жеке-дара
ерекшеліктерін ескере отырып,
оқушының тілдік қорын дамыту, іс жүзінде ауызша сӛйлей білуге үйрету.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту,
тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау кӛзі. Олар: кӛрнекі құралдар,
оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, оқу
кабинеттері, нақты объектілер, ӛндіріс, құрылыс.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың мақсаты - коммуникативтік,
тілдік, мәдени-танымдык біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік
туғызу. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша,
жазбаша сауатты сӛйлеу, қоғамның ӛзге ӛкілдерімен дұрыс қарым-қатынас
жасау, яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру
мәселелерін шешуге міндеттіміз. Тілді мазмұнсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін
емес. Тіл
арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-
дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы танылады.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты.
Орыс топтарында оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты - оқушыларға
қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде
сӛйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын
танып талаптандыру,
тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды,
табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс - тіршілігімен жан-жақты терең
таныстыру.
Қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану ӛрісі
жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен кӛркемдігі, оралымдығы жағынан
алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша
және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің, мемлекеттік
мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.
Біздің мақсатымыз ӛзге ұлт ӛкілдерін қазақ қылып шығару емес, оларға
мемлекеттік тілді түсініп,
әдет-ғұрпымызды сыйлап, алған білімдерін іс-
жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу. Үйренушіге жалаң сӛздермен сӛз
тіркестерімен жаттанды сӛйлеуге қалыптастырмай, үйренген сӛздерін сӛйлеуде,
әңгімелескенде дұрыс қолдана білуге жаттықтыру.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл -
еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым -қатынастың
ұйытқысы. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу -
Қазақстанда тұратын барлық халықтардың негізгі міндеті. Тіл - халықтың
жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен ӛмір сүру салтының
кӛрінісі.
Мектепте оқытылатын «Қазақ тілі» (екінші тіл ретінде - Т2) пәні білім
деңгейі, ой-ӛрісі дамыған, ӛз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді
шеше білетін, ӛмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз болады. Бүгінгі
қоғам еліміздің білім беру жүйесінде кӛптілді меңгерген дара тұлғаны
қалыптастыруды талап етуде. Бұл үш тілді қатар білуге арналған тіл саясатына
сәйкес мемлекеттік тілді меңгертуді жетілдіруді қажет етеді. «Қазақ тілі» (Т2)
пәніне арналған кіріктірілген бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін
халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздегі қоғамдық-әлеуметтік,
ұлттық т.б. ерекшеліктерді ескеріп және тілді үйретудің
тиімді жолдарын
жетілдіруді кӛздейді.
Бастауыш сынып оқушыларына тілді сӛйлесім әрекеті арқылы мәдениаралық
қатысым құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сыни тұрғыдан және
креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру, олардың әлеуметтік-кӛпшілік
ортада ӛзін еркін сезінуіне мүмкіндік туғызу негізгі ұстаным болып табылады.
Қазақ тілі пәнін оқыту тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері
арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін әңгіме оқу,
мәтінмен жұмыс жасау, ӛлеңдерді жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау,
постерлермен жұмыс істеу, сахналық
қойылым дайындау барысында
оқушылардың сӛздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі
пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері және қоршаған ортаны
қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі.
«Қазақ тілі» (Т2) пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сӛз
байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді және оқушының ойлау
қабілеттері
мен
дүниетанымдық
дағдыларын
кеңейтуді
кӛздейді.
Бағдарламаның білім мазмұны оқушыларды қазақ халқының мәдениеті,
әдебиеті, салт-дәстүрімен таныстырады және алған білімдерін ӛмірде қолдана
білуге үйретеді.
«Қазақ тілі» (Т2) пәні оқушыларды армандары мен мақсаттарын қазақ тілінде
еркін жеткізуге, ӛз ойымен бӛлісуге үйретеді. Аудио, визуалды материалдарды
тыңдап, түсініп, негізгі ойды анықтайды және ӛз кӛзқарасын білдіреді. Кӛркем-
әдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мәтіндерді ӛз мақсатына сай іріктеп,
талдап, ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға
дағдыланады.
Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» (Т2) пәні бойынша оқушылардың білім,
білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы
еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) негізге ала
айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген.
«Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқытудың мақсаты - мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның
қоғамдық мәнін түсінетін
және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін
дара тұлғаны қалыптастыру.
«Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқу арқылы оқушылар:
·сӛздік қоры мен сауатты сӛйлеу дағдысын дамытады;
·ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады;
·жағдаятқа сай қарым-қатынас жасауға дағдыланады, ӛзгелермен еркін қарым-
қатынасқа түседі;
·тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді; тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым дағдыларын дамытады; оқушылар бойында мемлекеттік тілге және
Қазақстан халқына деген сыйластық қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: