Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет52/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   146
вирус

Жітілеу ағымда ауру зілсіз өтеді, 6-7 күннен кейін дене қызуы қайтып, ауыздың кілегей 
қабықтарындағы эрозиялар мен жаралар жазылып, асқазан-ішек жолдарының зақымдану 
белгілері басылып, 2-3 аптадан кейін мал сауығып кетеді. Бұл ағымдағы ауру малдардың 20-
40%-ы өлімге ұшырайды (әдетте жас малдар).
Аурудың абортивті түрінде қысқа уақыт дене қызуы көтеріледі, іші өтеді. Ауырға 
малдарда некротикалық ошақтар байқалмай, олар сауығып кетеді.
Патологоанатомиялық балауы. Өлекселер жүдеу, жамбасы мен құйрықтарының айналасы 
нәжістермен ластанған. Тері асты клетчаткалары ісініп, қанаталаған. Қаны күңгірт, нашар 
ұйыған болады. Ауыздың, көмей мен жіңішке ішектің кілегейлі қабықшасында көптеген 
некротикалық ошақтар мен эрозиялар, эндокард пен эпикардтың ісінгендігі, мезентериальды 
лимфа бездері ұлғайған. Тік ішектің кілегейлі қабығы гиперемияланған. Көк бауыры аздап 
ұлғайған, капсуласының асты қанталаған, бауыры босаңсыған, былжыраған. Бүйректері 
бұзылған, зәрі қан араласқан болады. Өкпесі ісінген, гиперемияланған, қабынған. Бас миында 
гиперемия мен ісік байқалады.
Дифференциалдық балауы. Ірі қара обасын аусылдан, вирустық диареядан, жұқпалы 
ринотрахеиттен, қатерлі катаральды қызбадан, везикулярлы стоматиттен, сальмонеллезден, 
некробактериоздан, паратуберкулезден ажырату қажет.
Зертханалық балауы. Материалдарды алу және зерттеуге дайындау. Патологиялық 
материал ретінде стерильді гепарин қосылған қан, көк бауыр, жауырын және мезентериальды 
лимфа бездері, көзі мен мұрындарынан аққан сұйықтықтар алынады. Алынған үлгілерді мұзы 
бар термостарға салып зертханаға жібереді.
Гепаринделген қанды түтіктерге құйғаннан кейін 15-20 минут бойы 2500 айналымда 
центрифугалап, эритроциттер мен плазманың ортасындағы лейкоцит қабатын Пастер 
түтікшесінің көмегімен стерильді ыдысқа құйып алады. Қоректік ортамен эритроциттерден 
шайылған және ұсақталған лейкоциттер суспензиясымен немесе жасуша өсінділерін 
жұқтырады.
Жасуша өсінділеріне жұқтыру. Ірі қара оба вирусы бұзау, қозы мен сиыр эмбрионының 
бүйрегінен алынған алғашқы жасуша өсінділерінде, макрофагтарда және тұрақты жасуша 
өсінділерінде жақсы көбейеді.
Бұзаулардың бүйрегінен дайындалған жасуша өсінділерін қоректік ортадан бөліп алып
вирусы бар материалды жұқтырғаннан кейін 2 сағат бойы +37
о
С-де ұстайды (вирустардың 
жасушаға адсорбциялануы үшін). Содан кейін оған 2,5% бұзау қан сарысуы қосылған қоректік 
ортаны қосып термостатта 9-18 күн бойы ұстайды. Жасуша өсінділерінде вирустардың өсіп-
өнуін цитопатогенді әсерінің байқалуынан біледі. Вирустарды идентификациялау үшін БР, 
гемагглютинациялаушы қасиетін анықтау үшін ГАР қолданылады.
Сезімтал жануарларға жұқтыру. Ауру малдардан алынған қанды немесе 10 мл лимфа 


бездерінен дайындалған 10-20%-ды суспензияны бұзаулардың тері астына жұқтырады. 
Жұқтырылған жануарлардың дене қызуы 5 күннен соң көтеріліп, аурудың клиникалық 
белгілері байқалады да, олардың 90%-ы шығынға ұшырайды. Ал сауыққан жануарлардың 
организмінде телімді антиденелердің түзілуімен сипатталады.
Биосынама. Оба вирусын идентификациялау анықтау үшін вакциналанған жануарларды 
12 күннен кейін және вакцина егілмеген жануарларды көк бауыр, лимфа бездерінің 
суспензиясы немесе қан үлгілерімен жұқтырады. Біраз уақыт өткеннен кейін вакцина егілмеген 
жануарлардың дене қызуы көтеріліп, аурудың клиникалық белгілері байқала бастайды, ал 
вакциналанған жануарларда ондай көріністер байқалмаған жағдайда реакция оң деп есептеледі. 
Ауруға шалдыққан немесе өлген жануарлардан үлгілерден телімді антигендерді КБР және ДПР-
мен анықтайды.
Вирустардың идентификациясы мен вирус антигендерін анықтау үшін вирустарды 
бейтараптау реакциясы, комплементті байланыстыру реакциясы, диффузиялық преципитация 
реакциясы, гемагглютинацияны тежеу реакциясы, иммунофлуоресценция реакциясы, жанама 
гемагглютинация реакциясы және иммунды ферменттік талдау қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет