преципитация реакциялары мен иммунды ферменттік талдау пайдалануға негізделген.
Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі 8 күннен 21 күнге (орта есеппен 12 күн)
дейін созылады. Ауру субклиникалық (тасты және абортивті), папулезді-везикулярлы
(жарақаттарының бір-біріне қосылған) және нодулярлы (геморрагиялық немесе қара шешек)
түрде өтеді. Бұл жағдайда малдар жүдейді, анарексия болады, дене қызуы 41-42
о
С-ге дейін
көтеріледі.
Қабақтары ісінеді, конъюнктивит, жарықтан қорқады, көздерінен жас ағады,
танауларынан серозды-кілегейлі сұйықтық ағады, дыныс алуы қиындайды. Шешекке тән
бөртпе ошақтары қызарып, 1-4 күннен кейін жүні аз жерлерінің терісінде (енінде, желінінде,
ерінінде, тұмсығында,
көз айналасында, құрсағы мен аяқтарының ішкі беткейлерінде) жақсы
байқала бастайды. 1-2 күннен соң қызарған бөртпелер дөңгеленген, тығыз папулаларға
айналады. Кейбір жануарларда папулалар некрозға ұшырап, құрғап, қабыршаққа айналып, 3-6
күннен кейін түсіп қалады. Түсіп қалған қабыршақтарының орындары ашық қызыл немесе
қызғылт түсті болып тыртықтанады. Шешекке шалдыққан жануарлардың шамамен 15-25%-
ында патологиялық процесс созылып, 3-5 тәуліктен кейін папулалар везикулаларға айналады.
Шешек бөртпелері қатты қышып, патологиялық процесс терінің басқа жеріне жайыла бастайды.
Везикулалар мен пустулалар бір-бірімен қосылып, үлкен іріңді жарақатқа айналады. Аурудың
бұл ағымдарында дене қызуы қатты көтеріледі, жағдайы қиындап, малдардың көпшілігі өлімге
ұшырайды. Терілерінде терең жарақаттанған жағдайда қан тамырлары зақымдалып, сау
терілері, кілегей қабықшалары, папулалар, везикулалар мен пустулалар қанталайды. Бөртпелер
беттері қабынып, іріңді экссудат жиналып, беттері қараяды (геморрагиялық түрі). Бұл жағлайда
мұрындарынан, тістің қызыл иегінен қан ағады, қан аралас іші өтеді. Малдар тез әлсірейді, дене
қызуы қатты көтеріледі,
организм уланады, жұдеп, өледі. Аурудың абортивті түрінде
малдардың өлімге ұшырауы 2-5%-дан аспайды, ал геморрагиялық немесе қара шешек түрінде
жануарлардың өлімі 70-100%-ға дейін жетеді. Ешкілерде бөртпелер негізінен желін терісінде
болады, ал лақтарда ауыз және мұрын қуыстарының кілегейлі қабықтары зақымдалады.
Патологоанатомиялық балауы. Патологоанатомиялық өзгерістер клиникалық белгілерінің
пайда болуына, аурудың ағымы мен ұзақтығына, сонымен қатар аурудың асқынуына немесе
аралас инфекцияның болуына байланысты болады. Өлексе жүдеу, сусызданған, жүндері
тікірейген, терісі әр түрлі сатыдағы экзантемаға ұшыраған. Ауыз, мұрын, трахея, үлкен қарын,
ұлтабар кілегей қабықтарында, қынабы мен ұрық бездерінде, желін үрпілерінде
эрозия мен
жаралар байқалады. Өкпесінің беткейінде лимфа бездеріне ұқсас көптеген сұрғылт-ақ түсті
ошақтар, жиі жағдайда крупозды пневмония мен гангренаға ұшыраған бөліктері байқалады.
Лимфа бездері ұлғайған, гипрермияланған,
серозды қабықшалары ісініп, қанталаған. Бауыры,
жүрегі мен бүйректерінің паренхиматозды дегенерацияланғандығын көруге болады.
Дифференциалдық балауы. Ұсақ мүйізді малдардың шешегін аусылдан, везикулярлы
стоматиттен, қой мен ешкілердің контагиозды эктимасынан, қойлардың катаральды
қызбасынан, ұсақ малдар обасы мен жұқпалы есес экзема этиологиясынан ажырату қажет.
Зертханалық балауы.
Шешек вирусын бөліп алуға және идентификациялауға қажетті
Достарыңызбен бөлісу: