кететін, грам-теріс, көлемі 0,2-0,8 мкм болатын микроорганизм.
Микробтың сыртқы орта әсеріне төзімділігі нашар. Оларды құрғақшылық пен күн сәулесі
5-24 сағатта жояды. Шіріген материалдарда микробтар (+4-8
о
С-де) 8-9 тәулікке дейін, ал құрсақ
қуысындағы ошақтарда 12-14 айға дейін сақталады
.
Қатырылған өкпеде микоплазма 1 жылға,
ал лиофильденгенде 5 жылға дейін сақталады.
Дезинфектанттардың (күйдіргіш натрий, қышқылдар, күкіртті крбол қоспасы,
хлорамин,
хлорлы және жаңадан сөндірілген әк) тиісті концентрациялары ауру қоздырушысын тиімді
залалсыздандырады.
Ірі қара малдың контагиозды плевропневмониясының таралуына себепші болып ауру,
әсіресе аурудың созылмалы ағымындағы мал саналады. Бұл категориядағы жануарлар өте
қауіпті, оларда аурудың клиникалық белгілері көрінбей, микоплазматасымалдаушы болып, сау
малдарға тез арада (негізінен респираторлы жолмен) жұқтырады.
Ауруды балау эпизоотологиялық деректерге (тек
ірі қара малдар шалдығады, ауру баяу
өрбиді), клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне,
зертхана жағдайында
бұзауларға биосынама қоюға, бактериологиялық және серологиялық (КБР, ИФТ, ЖГАР, ДПР,
ИФР) әдістермен зерттеуге негізделген.
Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі 2-4 апта, кейде 4-6 айға дейін созылады.
Ауру ағымы –өте жіті, жіті, жітілеу, созылмалы және атипті түрде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: