қышқылы мен хлорлы препараттар қолданылады.
Рифт алқабының қызбасын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне,
патологоанатомиялық өзгерістеріне және зертхана жағдайында вирустарды бөліп алуға, вирус
антигенедеріннің идентификациясына негізделген.
Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі 24 сағаттан 3-7 күнге дейін созылады. Ірі
қара мал, енеке және түйелерде ауру симптомсыз өтіп, буаз малдар жаппай іш тастайды (85%),
сүті азаяды, кейде қан аралас іші өтеді. Бұл малдардың өлімге ұшырауы 10%-дан аспайды.
Адамдарда бұл аурудың симптомы тұмауға ұқсас өтеді. Ауру ағымы өте жіті, жіті және жітілеу
түрде өтеді.
Өте жіті ағымында қозылар мен лақтарда бірінші тәуліктің
өзінде аурудың алғашқы
симптомы байқалып, жүрек жұмысының қызметі кенеттен төмендеп (коллапс), төлдердің 95-
100%-ы, ересектерінің 50%-ы өлімге ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: