Срсп№2: Қр еңбек кодексінің негізгі басты ережелері мен заңдық актілері



бет1/2
Дата03.04.2024
өлшемі18.5 Kb.
#497576
түріКодекс
  1   2
еңбек гигиенасы.СРСП2



СРСП№2: ҚР Еңбек кодексінің негізгі басты ережелері мен заңдық актілері.

1.Еңбек туралы заңнама. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау.
2.Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің нормативтікқұқықтық базасы.
3.Санитарлық-гигиеналық және экологиялық нормативтер арасындағы айырмашылықтар.


1.Еңбек туралы заңнама. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау.

Еңбекті қорғаудын негізгі занды құжаттары


Еңбек коргаудың заңдылықтарына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен баска да мемлекеттік актілері, кәсіподақтарының орталық кеңесінің заңдылық актілері және кәсіподақ ұйымымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай - ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.
Еңбек қорғау мәселелері Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, кәсіпорынның еңбек қорғау кызметі туралы ережесінде айкындалған. Қазақстан Республикасының Енбек кодексі 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады.

Бірінші бөлім


Жалпы ережелерді қамтиды, оның ішінде осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар, Казакстан Республикасы енбек заңнамасының мақсаты мен принциптері, мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті, еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген.
Екінші бөлім
Еңбек қатынастарына, яғни еңбек шартын жасасу, еңбек төртібін қамтамасыз ету, жұмыс жене тынығу уақыттары, еңбекке ақы төлеу, жұмыска орналастыру, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі және жеке еңбек дауларын қарау мәселелеріне арналған.
Үшінші бөлім
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері, атап айтқанда, жасөспірімдермен әйел адамдардың еңбегін реттеу, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері сараланған.
Тертінші Бөлім
Еңбек саласындағы өлеуметтік пен ұжымдық қатынастарды ұйымдастыру мен өзара келісімдер жасасу төртібі, ұжымдық шарттың мазмұны және ұжымдық еңбек дауларын қараудың төртібі белгіленген
Бесінші бөлім
Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғауға бағытталған. Онда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға байланысты мемлекеттік саясат, қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың талаптары, жазатайым оқиғалар мен өзге де зақымдануларды тергеп-тексеру мен есепке алудың жолдары заңдастырылған.
Алтыншы бөлим
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылаудың талаптары заңдастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет