Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет103/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   157
Қазақстан археологиясы

Моғолстан мемлекеті. Моғолстан мемлекеті ХІҤ ғасыр ортасында 
Қазақстанның Оңтҥстік-Шығыс аумағында қалыптасты. Оған Орта Азия 
солтҥстік-шығысы, Жетісу мен Шығыс Тҥркістан аумақтары кірді.
Моғолстанда аса ірі дулаттар тайпасының әмірі Болатшы бастаған 
феодалдық тектілер 1347-1348 жылдары жаңа мемлекеттің хан тағына 
Шағатай ҧрпағы Тоғлық Темірді отырғызады, ол Моғолстан билеушілері 
әулетінің негізін салады. 
«Моғолстан» тарихи-географиялық термині «моғол» атауынан шыққан. 
«Моңғол» есімі Орта Азия мен Қазақстанда тҥрік және парсы тілдеріндегі 
тарихи туындыларда «моғол» деп айтылып, жазылатын болған. Оңтҥстік-
Шығыс Қазақстанның, Қырғызстанмен Шығыс Тҥркістанның теріскей 
бӛлігіндегі орасан мол аймақты Шағатай ҧлысының кезінде де тап осылай 
деп атайтын, ӛйткені отырықшы-егінші Мауераннахрға қарағанда, мҧнда 
кӛшпелілердің салт-дәстҥрі берік сақталғанды және бҧл араға ауып келген 
моңғолдар саны басқа аудандардан гӛрі кӛбірек болатын. 
Моғолстан мемлекетінің шекаралары ол ӛмір сҥрген кездері ҥнемі 
ӛзгеріп тҧрды. Олар батыстағы Ташкент пен Тҥркістан уәлаяттарынан 
шығыстағы Баркӛл мен Хами қаласына шейін, солтҥстікте Балқаш, 


275 
Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтҥстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді 
аймақтарына дейін созылып жатқан «7-8 айлық жол» еді.
Моғолстан халқының қҧрамында тҥрік (дулаттар, қаңлылар (бекшіктер), 
керейіттер (керейлер), ҥйсіндер және т.б.) және тҥріктенген моңғол 
тайпалары бар болатын, олар «моғолдар» атты тҥрік тілді этникалық-саяси 
қауымдастықты қҧрайтын. Мемлекеттің ӛзегін ҧзақ уақыт дулаттар қҧрады. 
Дулат әмірлері Моғолстан хандарынан «он екі артықшылықтар» алған.
Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, 
кӛрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылықтарды тойтару жағы 
ӛте кӛп болған. Әсіресе Темірдің шапқыншылығынан жиі қорғануға тура 
келді.
Темір жаулаушылығына қарсы жҥргізілген қанды кҥресте әл-дәрменнен 
айрылған Моғолстан еншіліктерге бӛлініп кетеді. Елдің шығыс шебіне 
ойраттар шабуыл жасауды жиілетеді (моңғолдардың батыс бӛлігі; Орта Азия 
деректерінде «қалмақ» деп аталады). Уәйс-хан (арада ҥзілісі бар 1418-1428 
жылдары ел билеген) олармен сан рет шайқасады. Ол ӛз ордасын Тҧрфаннан 
Жетісудағы Ілебалық деген жерге кӛшіруге мәжбҥр болады.
Уәйіс-ханнан соң кҥн ӛткен сайын Моғолстаннан азып-тозу белгілері 
кӛріне бастайды. Ішкі кҥрес-тартыста дулат бастаған ақсҥйектер тобы 
жеңіске жетеді де, олар Уәйіс-ханның ҧлы Есенбҥғыны (1433-1462) 
қолдайды. Есенбҧғы тҧсында, ХҤ ғасырдың 50-60 жылдары Шығыс Дешті 
Қыпшақтан Жетісуға қазақтың Жәнібек пен Керей бастаған қалың бір бӛлегі 
кӛшіп келеді. Сӛйтіп, уақыт ӛте келе Моғолстан жері Қазақ хандығының 
алтын бесігіне айналды. Осында тҧрақтаған олар Әбілхайыр хандығынан 
келген ру-тайпаларды қабылдап, кейіннен жеке мемлекет қҧрады.
Ал, Моғолстан иеліктер ҥшін ҥнемі болып тҧрған соғыстар салдарынан 
келесі ғасырда толық кҥйреді. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары 
біршама уақыттардан соң Қазақ хандығының қҧрамына енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет