Күні: 15.02.2024
Тақырыбы: Құстар бізде қонақта.
Міндеті: - Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстарға деген қызығушылығын, тілдерін дамыту,сөздік қорын молайту.
- Баланы еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа баулу
- Айналасындағы адамдармен еркін қарым –қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;
- Таным процестерін: зейінді, есті, қабылдауды, сөйлеу тілін, сөздік қорын, ұсақ моторикасын дамыту;
- Баланың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаға эстетикалық қызығушылығын арттыру;
Әдіс тәсілдер: сыни ойлау, бала үнін тыңдау, миға шабуыл, өрмекші әдісі.
Ресурстар: АКТ, HOLOGRAM, суреттер, тыныс алу тренажеры, ноутбук, KAHOOT.
І. Сабаққа психологиялық дайындық. Кіріктіру тәсілі арқылы балалармен көңілді амандасу. Музыка жетекшісінің әуенді сүйемелдеуімен сәлемдесу арқылы оқу қызметін бастау.
ІІ. Артикуляциялық жаттығулар Мақсаты: тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіру.
Балалар, қазір біз интербелсенді тақтадан видеороликтегі Балапанмен бірге артикуляциялық жаттығуларды жасайтын боламыз.
Қоршау - жабық тістері бар күлімсіреп, ернімізді бір ашып, бір жауып отырамыз.
Күлімсіреу - еріндер күлімсіреп тұрады, тістер көрінбеуі керек.
Түтікше– ернімізді дөңгелете алдыға қарай шығарып, қайтадан бастапқы қалыпқа келтіреміз.
Әткеншек - жалпақ тілді бір жоғары бір төмен түсіреміз.
Логопедтің түсіндірмесін тыңдайды, сұраққа жауап береді.
ІІІ. Қимылдық ойын Мақсаты: балалардың қозғалыс арқылы жалпымоторикасын дамыту.
Балалар енді біз сендермен өте қызықты ойын ойнайтын боламыз. Біздің кабинетте түрлі құстар жасырынып қалды, соларды бірге тауып ортаға жинастырайық.
Жаңа сабақты түсіндіру.Табылған құстар арқылы қысқаша түсінік беру. Мысалы,
ІV. Сергіту сәті Ұс- ұс- ұс
ұшып жүр қоңыр құс
Аз- аз- аз
каркылдайды үлкен қаз
Іт- іт-іт
қияда ұшты бүркіт
Ға- ға- ға
қара түсті қарға V. Тыныс жаттығуы Мақсаты: Балалардың тыныс алу жолдарының дұрыс қалыптасуына, тұтықпаның алдын алуға, дұрыс тыныс ала білуге үйрету.
Құстар түрінде жасалған Тыныс алу тренажерын үрлеу арқылы астыққтарды үрлеп ауыздарына кіргізу тынысымызды ретке келтіріп алайық.
Сұраққа жауап беру арқылы жануарларды орналастыру.
Балалар өлеңнің ырғағы бойынша қимылдық әрекеттер жасайды.
Рефлексивті түзетушілік
Қорытынды. Балалар енді біз, KAHOOT бағдарламасы арқылы бүгінгі өтілген тақырыпты қорытындылаймыз.
Олай болса дайынбыз ба? Ендеше бастаймыз!
Ойынның шарты: мен сендерге берілген сұрақтарды оқимын, ал сендер дұрыс нұсқаны таңдайсыңдар. Балалар, сендерге төрт нұсқа берілген
Үш бұрыш немесе қызыл түс
Дөңгелек немесе көк түс
Сопақша немесе сарғыш түс
Шаршы немесе жасыл түс.
Осы нұсқаларға сәйкестендірілген суреттерді белгілейміз. Соңында жеңімпаздар алаңы арқылы кімнің ең жақсы түсінгенін білетін боламыз?!
Марапат. Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметіне керемет қатыстыңдар. Сол себепті сендерге бүгін тосын сыйын бергім келіп отыр.
Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: Құстарды топтастығын үйренеді
Түсінеді: Құстар туралы түсінігі кеңейді.
Қолданады: Құстар атауын орнымен қолданады