Стилистикалық қате және оның түрлері



Дата10.12.2022
өлшемі33.75 Kb.
#466990
лекция-1


Стилистикалық қате және оның түрлері
1. Стилистикалық қателерге сипаттама
2. Стилистикалық емес қателер:
а) лексикалық қателер,
ә) фразеологизмдерді қолдануда кететін қателер,
б) морфологиялық қателер,
в)синтаксистік қателер
3. Стилистикалық қателер: а) Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің садарынан болатын қателер, ә) тілдің стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер, б) функционалды стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер
1) Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Тілді жұмсауда күнделікті өмірде түрлі нлрмадан тыс ауытқулар болып жатады. Мысалы, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық тұлға-бірліктерді өзінің негізгі мағынасына сәйкес өз орнымен қолданбаудан болатын қателіктер т.б. Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық нормаларының сақталмауынан болатын тілдік қатенің түрлері. Стилистикалық қате көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады. Тілдік талғам – тілді, сөзді жұмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында – тілдік талғамсыздықтың көрінісі болуында. Сол себептен де стилистикалық қатенің болмаын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық сапаларының қатарына жатады. Стилистикалық қателердің алдын алып, олармен үнемі күрес жүргізіп отыру жалпы халықтың сөйлеу мәдениеті мен стилистикалық сауаттылығын көтереді. Халықтың тілді қолдана білу мәдениеті күллі қоғамның рухани сауаттылығының көрінісі әрі өлшемі болып табылады. Тілде неғұрлым жиі ұшырасатын нормадан тыс ауытқулардың алдын алу үшін стлистикалық және стилистикалық емес қате түрлерін ажыратып алу қажет.
2) Стилистикалық емес қателер: а) лексикалық қателер:
- сөздің мағынасын білмей тіркестіру: «Кеше ғана университет есігін аттағанда»;
- сөздің мағынасының нақты қолданылмауы, күңгірт болуы: «Жігіт жігерлене жұтынды», «... ұйқылы көзбен сабақққа келіп, аузын ашып сабақ айтады, айтпаса ол да жоқ»;
- Паронимдердің (дыбысталуы жақын, бір түбірлес, жалпы грамматикалық белгілері ортақ, қолданылуында мағыналық ерекшеліктері бар сөздер) қолданысы: «Төсек жаңартты» (жаңғыртты).
ә) фразеологизмдерді қолдануда кететін қателер:
- тұрақты тіркес мағынасының контекске сай келмеуі: «Қысылтаяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендей ерге, елге медет болып, адамның ақиқат пен шындыққа, ақылдылық пен қайраттылыққа меңзеп отырады.
б) морфологиялық қателер:
-зат есімдерге септік жалғауының дұрыс жалағанбауы: «ХХІ ғасырдың мақсаты осы, өмірде сау сәбиді өмірге келтіру, ішімдік пен есірткіден аулақ болу»;
-сын есімнің шырайларын орынсыз қолдану: «Мен оны өте қатты сыйлаймын».
в)синтаксистік қателер
- сөз тіркестірудің нормаларының сақталмауы, бағыныңқы мен басыңқы сыңарлардың араларының тым алшақ болуынан мағына байланысының нақтылығының болмауы;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталмауы: «Көшеде бір қарапайым өзімен-өзі кетіп бара жатқанда адамды бір полиция қызметкерлері көріп қалады»;
-есімдіктерді орынсыз қолданудың себебінен сөйлемнің мағынасының күңгірттенуі: «Қазіргі кезде қылмысты жасайтын адамдар олар негізінен жас балалар», «Халық жоқтықта өмір сүрсе, ол өзіне керек затты алу үшін әр түрлі әрекеттерге барады, кейде адам өлтіруге дейін де барады»;
- бастауыштың қайталанып, үстемеленіп жұмсалуы: «Менің Ы.Алтынсарин шығармаларынан алған жерім, яғни Ы.Алтынсариннің бізге қалдырған өнеге-өсиеті бізге үлкен бір ғанибет»
- құрмалас сөйлем компоненттерінің арасында логикалық-грамматикалық байланыстың болмауы;
-құрмалас сөйлем компоненттерінің тым шұбалаңқы болуы;
-дәйек сөздерді қолдана алмаудың салдарынан болатын қателер: «... сол үшін ата-бабамыз айтпақшы, «Болар бала боғынан» демекші, бала жастайынын әке-
шешесіне сыйластықты, ар-намысты, отанға деген сүйіспеншілікті, сабырлықты, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген түсіністікпен тәрбие алып өсуі керек»;
- мәтін ішіндегі сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық-грамматикалық байланыстың болмауы, соның салдарынан ойдың күңгірттенуі: «Қазақ табиғатында ақын, шешен халық. Оның осы бір ерекшелігі тілінде айқын көрініс тапқан. Ендеше, осындай қасиеті ерте заманнан бері жетіліп, дамып, жылдан-жылға өркендеуде. Бұл – тіл табиғатындағы заңды құбылыс». Осындағы «ендеше» сөзінің орынсыз қолданысы сөйлемдердің тұтас логикасын бұзып тұр.
3) Стилистикалық қателер:
а) Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің садарынан болатын қателер:
-Сөздік қорының жетіспеуі: «Осы жерден басталып екеуіміздіңтаныстығымыз басталды», «Біз бұл өмірде баққыты болу үшін туылдық, сол себептен біз өзімізді бақытты қылуымыз керек;
- плеоназм (мағынасы жақын сөздердің тіркесін білдіретін стилистикалық термин. Мысалы, қара-күйе, құр-бекер) мен тавтологиялық сөз қолданыстарының (қайталақтау мыс. Мұнар да мұнар, мұнар тау) салдарынан сөйлеу тілінің көріксіз, кедей болуы. «Мысалы, оған біреудің мүлкіне қол сұқса, ұрласа, тонаса, біреудің өміріне нұқсан келтіру жатады немесе қылмысқа әрекетсіздік жатады. Мысалы, дәрігер науқас адамға жәрдем етіп көмектеспесе, соның нәтижесінде науқас қаза болса»;
-қыстырма сөздерді орынсыз қолдану: «Ауыр қылмыс негізінен үлкен жауапты құқықбұзушылық болғанда, яғни ауыр қылмысқа жаза пайдаланылады.
Негізінде жеңіл қылмыс немесе құқық бұзушылық үшін де негізінде елімізде адамның белгілі бір құқығынан айырады»;
- тілдің көріктеу құралдарын керекті жерінде пайдаланбау: «Әрине, әр елдің біртуар, қайта келмес даналары болады. Бұл адамзаттар елі үшін күрескен,
сонымен қатар бізге туындыларын қалдырып кеткен данышпандар болмақ».
ә) тілдің стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
- бояма сөздерге құмар болу: «Осы өлеңді оқысымен жүрегім дүр сілкінді», «Мақал-мәтелді оқығанымда сөздің құдіретін терең меңгеріп қана қоймай, санамызда мәңгілікке жатталады»;
-сындық мәні бар сөздерді дұрыс таңдай алмау: «Осы жолмен жүріп келе жатқан әрбір елдің достығы биік шыңда», «Ол болашақта өз мүдделері және күллі азамат мүдделері үшін тиімді еңбек етеріне шынайы үміттенміз». -әдемілік үшін ойланбай қолданылған сәтсіз метафоралар мен теңеулердің, бейнелі сөздердің болуы: «Кеудесін керіп, төсін төңкере жайылған кең жазық бетінде де көз тірер бір нүкте болсашы»; -түрлі стильдердің лексикасын пайдалану: «Бас хатшының баяндамасы проблеманың барынша тереңдігін және байыптылығын алғаш көрген БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің ерен әсерін туғызғанын атап өткен ләзім».
б) функционалды стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер: -ресмилік мәні басым сөздерді орынсыз қолдану: «Бұл жылдар сені аңсай сағыну, тосу жылдары еді. Мен бұл кезеңде адамдардың жүрегінде мәңгі-бақи өшпейтін бір сезім болатынын, ол – махаббат сезімі екенін ұқтым»: -ғылыми емес мәтіндерде термин сөздерді орынсыз қолдану: «Ананың мейірімі мен махаббаты шексіз. Ақын-жазушылардың романдарын оқығанда ананың жанашырлығы, балаға деген сүйіспеншілігі әсерлі суреттеледі. Себебі оның бір элементі болса да өмірден алынған»: -өзге стиль элементтерін орынсыз қолдану: «Үлкендердің алдын-ала ойластырып жасаған бұл жоспарының тамаша нәтижесі болғаны жұртқа жақсы белгілі», «Ұстаздардың адамдық пен аярлыққа, әділетсіздік пен жалғандыққа, крепостнойлық тәртіпке қарсы ащы сындар айтып, мысқыл сөздерді боратуы кадеттердің ой-өрістерінің дамуына едәуір ықпал етті». Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер: Бұған, әсіресе, шығарма мазмұнының функционалдық-стильдік тұтастығына қатысты қателіктер жатады: шығарма мазмұнының тақырыпқа не не тақырып атауына сәйкес келмеуі, тақырыптың ашылмауы т.б.
Әдебиеттер
1. Сулименко Н.Е. Стилистические ошибки и пути их устранения. М-Л.1966.
2. Вионградов В.В. Проблемы русской стилистики. М.1981
3. Шалабай Б.Қазақ тілінің стилистикасы. А.2006

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет