Стоматология факультеті


Қан плазмасының бейорганикалық құрамы, маңызы, қалыпты мөлшері, қалыпты жағдайдан өзгеру себептері



бет23/35
Дата01.06.2022
өлшемі266.17 Kb.
#458867
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
биохимия Мухиддин (2)

44.Қан плазмасының бейорганикалық құрамы, маңызы, қалыпты мөлшері, қалыпты жағдайдан өзгеру себептері.
Қан плазмасының бейорганикалық құрамы, маңызы, қалыпты мөлшері, қалыпты жағдайдан
өзгеру себептері.
Қан плазмасы (гр. плаора) - қанның сұйықтық бөлімі, ақуыздар коллоидты ертіндісі.
Оның құрамына (90-92%) органикалық және бейорганикалық заттар (8-10%)
кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі ақуыздар (орта есеппен 7-8%) - албуминдер,
глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды). Одан басқа,
қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт
қышқылы, ферменттер, гормондар т.б. болады. Бейорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін
құрайды.? Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы
физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді.
Медицинада физиологиялық сұйықтық ағзаға сұйықтық жеткізу үшін пайдаланады.
Қан плазмасында ерітілген ақуыздар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын
белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөл атқарады. Ақуыздар плазмаға
тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөл атқарады. Қан плазмасының
құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз; 0,12% глюкоза 0,7-0,8% май 0,9% тұз болады.
16.6. Қанның қышқылды- сілтілі жағдайының көрсеткіштері.
98
Қан плазмасының қышқылды-сілтілі балансы минералдық заттармен қамтамасыз
етіледі, сау адамның ағзасындағы олардың мөлшері төмендегідей:
калий - 3.4-5.3 ммоль/л
натрий - 130-150 ммоль/л
кальций- 2.3-2.75 ммоль/л
темір - 12-32 мкмоль/л
фосфор - 1-2 ммоль/л
хлоридтер- 97-108 ммоль/л
магний - 0.7-1.2 ммоль/л
бикарбанаттар 21-25 ммоль/л
буферлі негіздер 40-60 ммоль/л
Қанның қышқылды- сілтілі жағдайының басты көрсеткіштері мыналар:
қан рН 7,36-7,44
pO2
90-100мм сынап бағанасы
pCO2 36-44мм сынап бағанасы
Сутектік көрсеткіш - қан рН-ы. Қалыпты жағдайда қан плазмасының рН-ы 7.36-7.44
(сутегі иондарының концентрациясы 44-36нмоль/л). pH жоғарылауы (алкалиемия)
метаболитикалық немесе тыныс алу компенсацияланбаған және субкомпенсацияланған
алкалоз кезінде байқалады. рН төмендеуі (ацидемия) метаболитикалық немесе тыныс алу
компенсацияланбаған және субкомпенсацияланған ацидоз кезінде байқалады.
45. Нуклепротеидтердің алмасуы, нуклепротеидтердің соңғы өнімі, бұзылыстары.
Нуклепротепдтердін алмасуы, нуклепротепдтердін соңғы өнімі,
бұзылыстары.
Нуклеопротеидтер - нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі
құрамалар. Құрамына
кіретін нуклеин
қышқылыныңтүріне
байланысты
нуклеопротеидтер дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып
бөлінеді.дНП барлық
торшалар
ядроларының, митохондрийларының құрамына
кіреді, сперматозоидтардың басынан табылады. РНП рибосомалардың, информасомалардың және
вирустардың кұрамына кіреді. ДНП белоктары гистондар мен протаминдерден тұрады да, ДНҚ қос
оралымы арасындағы саңылауларға орналасып, құрылымды бекіндіреді және негіздік қасиетін
бақылайды. РНП құрамында бір немесе бірнеше молекула РНП және бірнеше кейде ондаган белок
болады. Белоктар әрі кұрлыс заттарының ролін атқарады, әрі РНП құруға катынасады.
Нуклеопротеиндердің екі түрі кездеседі. Олар - ДН-протеиндер мен РН- протеиндер. Бұл
протеиндер қарында және ішекте ыдырап, белоққа және нуклеон қышқылдарына ( ДНҚ мен
РНҚ) жіктеледі. Қарында белоктар мен нуклеин қышқылдарының арасындағы байланысты
пепсин ферменті немесе HСI үзеді, ал ішекте ондай байланысты трипсин үзеді.
НК-протеин гидролиз белок+ нуклеин қышқылы
Бұдан әрі қарай қарын мен ішекте белок әдеттегідей протеолиттік ферменттердің көмегімен
ыдырап, амин қышқылдарына айналады да организмге сіңеді.
Нуклеотидтер және олардың туындылары организмде келесі атқаратын функциялармен
манызлы:
1) Нуклеин қышқылдарының құрылымдық компоненті ретінде ДНҚ және РНҚ - ның синтезіне
қатысып,тұқым қуалау белгілерін сақтайды және оны ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырады;
2) Кейбір коферменттері түзуге қатысады ( НАД,НАДФ,ФАД,ФМН,КоА);
3) Жоғары энергетикалық қосылыстарды ( АТФ,УТФ,ЦТФ,ГТФ ) түзе отырып, энергияның
трансформаиялануына қатысады;
4) Циклді нуклеотидтер ( ЦАМФ,цГМФ) гормандардың өсу факторларының,
нейромедиаторлардың және басқа да реттеуші қосылыстардың әсер ету механизміне
қатысады.
5) Көптеген қосылыстардың активті формаларын (канттар, азотты
негіздер, сульфаттар,метионин) түзуге қатысады.
Нуклеин қышқылдары нуклеопротеидтердің белоктық емес бөлігін (простетикалық тобын)
құрайды. Нуклеопротеидтердің белоктық компоненті белоктардың метаболизмінде әртүрлі
өзгерістерге ұшырайды. Нуклеин қышқылдары алмастырылмайтын тағамдық факторлар емес
және энергиялық материал ретінде маңызды роль атқармайды.
Нуклеон қышқылдарының ыдырауы.
Күйіс қайыратын малдағы зат алмасуда нуклеин қышқылдарының қорытылуы ерекше
маңызды орын алады. Қарынға баратын микрооганизмдер азотының жалпы мөлшерінің 20%
нуклеон қышқылының үлесіне тиеді.
Азықтық және бактериялық ДНҚ мен РНҚ-ның ыдырап айырылуы ұйқы безінің ферменттері
нуклеазалардың әсерімен он екі елі ішекте өтеді. Ұйқы безінің рибонуклеаза ферменті РНҚ-ны
гидролиздеп, ыдыратады да, мононуклеотидтерге және олигонуклеотидтерге айналдырады.
Дезоксирибонуклеаза ферменті қатысқан кезде ДНҚ-ға шабуыл жасап олигонуклеотидтерге
айналдырады. Ішектің жалқаяқ қабатында диэстераза ферменті бар. Сол фермент
олигонуклеотидтерді ыдыратып, мононуклеотидтерге айналдырады деген болжам бар. РНК
ыдырауы нәтижесінде негізінен терт мононуклеотид ( нуклеотид) түзіледі. Олардың екеуі
пурин қатарына жатады. Олар аденозинмонофосфат ( АМФ)пен гуанозинмонофосфат ( ГМФ).
Екеуі пирмидин қатарына жатады,олар- уридинмонофосфат (УМФ),цитидинмонофосфат (
ЦМФ). ДНҚ гидролизі кезінде де негізгі төрт мононуклеотид түзіледі - АМФ,ГМФ,ЦМФ,ТМФ,
бірақ құрамында рибоза орнына дезоксирибаза болады. Мұнда нукдеотидтерді белгілеу үшін
алдына д әрпін қояды (дезосирибаза). Мысалы: дАМФ.
Ағзада осы нуклеопротеидтердің алмасуының бұзылуының нәтижесінде ағза несеп
қышқылдары көптеп жиналып қалып олардың тұздарының клеткаларға шөгуінен организм
подагра, бүйрек тас ауруына сонымен қатар несеп қышқылды диатезге және несеп-қышқылды
инфарктісіне шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет